ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тік ішектің құрылысыТік ішектің қабырғасы жиектік ішектің қабырғасын құрайтын қабықшалардан тұрады. Тік ішектің жамбас бөлігіндегі шырышты қабықшаның үш көлденең қатпарлары бар. Бұл қатпарларды түзеуге шырыш асты негіз және бұлшық етті қабықшаның айналмалы қабаты қатысады. Бұл қабаттардан төмен қарай 8-10 бойлай орналасқан қатпарлар бар, олардың арасында ойықтар болады. Ішектің анальды бөлігінде 3:- бағаналы, аралық және терілік аймақтар бар. Бағаналы аймақта бойлық қатпарлар тік ішек бағаналарын құрайды. Аралық аймақта бұл түзілімдер бірігеді де ені 1 см шамасындағы шеңбер түріндегі тегіс беті бар шырышты қабықша аймағын қалыптастырады. Тік ішектің шырышты қабықшасы эпителиден, меншікті және бұлшық етті табақшалардан тұрады. Эпителий тік ішектің жоғарғы бөлігінде – бір қабатты призмалық, төменгі бөлігінің бағаналы аймағында – көп қабатты текшелі, аралық аймағында-көп қабатты жазық мүйізденбейтін, терілік аймақта - көпқабатты жазық мүйізденетін болып келеді. Көпқабатты текшелі эпителидің көпкабатты жазық эпителиге ауысуы иректелген аноректальдық сызық түрінде күрт жүзеге асады. Тері түріндегі эпителиге айналу бірте-бірте өтеді. Тік ішектің эпителиінде жолақты жиегі бар бағаналы эпителиоциттер, бокал тәрізді экзокриноциттер және эндокриндік жасушалар кездеседі. Соңғылары әсіресе бағаналы аймақта көп болады. Тік ішектің жоғарғы бөлімінде эпителий ішек криптілерін түзейді. Олар жиекті ішектілердегіге қарағанда ұзынырақ, бірақ саны жағынан аз. Ішектің төменгі бөлігінде криптілер біртіндеп жойылады. Меншікті табақша тік ішек қатпарларын қалыптастыруға қатысады. Бұл жерде жекелеген лимфа түйіндері мен тамырлар орналасады. Бағаналы аймақ төңірегінде бұл табақшада жұқа қабырғалы қан лакуналарының торы жатады. Бұлардан қан геморроидальдық веналарға ағады. Бұл аймақтың меншікті табақшасы арқылы шырыш асты негізде орналасқан бездердің өзектері өтеді. Аралық аймақта шырышты қабықшаның құрамында эластикалық талшықтардың, сондай-ақ лимфоциттер мен ұлпалар базофильдердің көп мөлшері бар. Бұл жерде жекеленген май бездері де қоныстады Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|