ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Аш ішектің қызметтері1. Асты қорыту. Аш ішекте қоректік заттардың барлық түрлері – белоктар, майлар мен көмірсулардың химиялық қайта өңделуі жүреді. Белоктарды қорытуға қарапайым белоктарды ыдырататын энтерокиназа, киназоген және трипсин ферменттері, пептидтерді амин қышқылдарына дейін ыдырататын эрепсин (пептидазалардың қоспасы) және күрделі белоктар – нуклеопротеидтерді қорытатын нуклеаза қатысады. Көмірсулардың қорытылуы – амилаза, мальтаза, сахароза, лактоза және фосфатаза, ал майлардың қорытылуы – липаза ферменттері арқылы қамтамасыз етіледі. 2. Асты сіңіру Аш ішекте сондай-ақ белоктың, майлар мен көмірсулардың ыдырау өнімдерінің қан және лимфа тамырларына сіңірілу процесі жүзеге асады. 3. Механикалық Ішектер сонымен қатар механикалық қызмет атқарып, химусты каудальдық бағытта жылжытады. Бұл қызмет ішектердің бұлшықетті қабықшасының перистальтикалық жиырылуының арқасында орындалады. 4. Секреторлық Арнаулы секреторлық жасушалар атқаратын эндокриндік қызмет биологиялық белсенді заттар – серотонин, гистамин, мотилин, секретин, энтероглюкагон, холецистокинин, панкреозимин, гастрин және ингибиторын өндіруден көрінеді. 5. Экскреторлық Зат алмасу қалдықтарын сыртқа шығару да ішекте жүреді. 6. Эндокриндік Эндокриндік қызмет биологиялық белсенді заттар – серотонин, гистамин, мотилин, секретин, энтероглюкагон, холецистокинин, панкреозимин, гастрин және ингибиторын өндіруден көрінеді. 7. Тосқауылдық-қорғаныштық Дамуы. Аш ішек эмбриогенездің 5-ші аптасында дами бастайды. Аш ішектің бүрлерінің, криптілерінің және дуоденальдық бездерінің эпителийі ішек энтодермасынан құралады. Жіктелудің алғашқы кезеңдерінде эпителий – бір қатарлы текшелі, одан соң – екі қатарлы призмалық болып келеді де, ақыры 7-8-ші аптада бір қабатты призмалық эпителий түзіледі. Эмбриональдық дамудың 8-9-шы аптасында бүрлер мен криптілер (тереңдемелер) пайда болады. Дамудың 20-24-ші аптасының ішінде айналмалы қатпарлар қалыптасады. Бұл кезге қарай дуоденальдық бездер де дамиды. 4-апталық ұрықтың ішек эпителийінің жасушалары әлі жіктелмеген және жоғары пролиферативтік белсенділікпен сипатталады. Эпителиоциттердің жіктелуі дамудың 6-12-ші аптасында басталады. Бағаналы (жиекшелі) эпителиоциттер пайда болады. Оларға резорбциялық бетті үлкейтетін микробүрлердің қарқынды дамуы тән. Гликокаликс эмбриондық кезеңнің аяғы – ұрықтық кезеңнің басына қарай жетіле бастайды. Бұл кезде эпителиоциттерде резорбцияның ультрақұрылымдық белгілері – везикулалардың, лизосомалардың, мультивезикулярлық және мекониальдық денешіктердің көп мөлшері байқалады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|