Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Асқазанның дамуы мен құрылысы




Дамуы. Асқазан, құрсақ ішілік дамудың 4-ші аптасында пайда болады. Ал екінші айдың кезінде оның барлық негізгі бөлімдері қалыптасады. Асқазанның бірқабатты призмалық эпителийі ішек түтігінің энтодермасынан жетіледі. Асқазан шұқырлары ұрықтың дамуының 6-10-шы аптасынды түзіледі, ал бездер асқазан шұңқырларының табанында бүршіктер түрінде пайда болады, қарқынды өсе келіп, одан әрі шырышты қабықшаның меншікті табақшасында орналасады. Ең әуелі оларда – париетальдық жасушалар, одан соң – басты және шырышты жасушалар қалыптасады. Дәл осы кезде (6-7 апта) мезенхимадан алдымен – бұлшық етті қабықшаның айналмалы қабаты, содан кейін – шырышты қабықшаның бұлшық ет табақшасы дамып шығады. 13-14 аптада бұлшық етті қабықшаның сыртқы бойлай және сәл кейінірек ішкі қиғаш қабаты түзіледі.

Құрылысы. Асқазанның қабырғасы шырышты қабықшадан, шырыш асты негізден, бұлшық етті және сірі қабықшадан тұрады. Асқазанның шырышты қабықшасының бетінде үш түрлі түзілім: қатпарлардың, алаңдардың және шұңқыршалардың болуының салдарынан тегіс емес. Асқазан қатпарлары шырышты қабықшадан және шырыш асты негізден құралады. Асқазан алаңдары шырышты қабықшаның өзара жыралар арқылы бөлектенген аймақтары болып келеді. Олардың пішіні көпбұрышты және көлденең ені – 1 мм-ден 16 мм-ге дейін болады. Алаңдардың болуы келесі құрылымдарға байланысты: асқазан бездері бір-бірінен дәнекер ұлпаның қабатшаларымен бөлінген топтар түрінде орналасады. Асқазан шұңқырлары – эпителийдің шырышты қабықшасының меншікті табақшасындағы тереңдемелері. Олар асқазанның бүкіл бетінде кездеседі. Шұңқыршалардың саны асқазанда үш миллионға дейін жетеді. Асқазанның шұңқыршалары өте кіші көлемді болып келеді, бірақ олардың шамалары асқазанның әр бөлігінде әртүрлі. Асқазан шұңқыршалараның табанында шырышты қабықшаның меншікті табақшасында жатқан бездердің өзектері ашылады. Асқазан мен шұңқыршалардың шырышты қабықшасының бетін жауып тұрған эпителий – бір қабатты призмалық. Бұл эпителийдің өзгешелігі – оның бездік сипатында, асқазанның барлық үстіңгі эпителиоциттері үнемі мукоидты секрет бөледі. Әр безді жасуша айқын екі: базальды және апикальды бөліктерге бөлінеді. Базальды мембранаға жанамалас базальды бөлікте - сопақша пішінді ядро, ал оның үстінде Гольджи комплексі орналасады. Жасушаның апикальды бөлігі мукоидты секреттің түйіршіктері немесе тамшыларымен толтырылған. Адамдар мен жануарлардағы үстіңгі эпителиоциттерінің өнімінің ерекшелігі көмірсулық компонентінің құрамымен анықталады, ал белокты бөлік болса, гистологиялық белгілерінің ортақтығымен сипатталады. Көмірсу компоненті асқазанның шырышты қабықшасының асқазан сөлінің зақымдаушы әсеріне қарсы қорғаныш реакциясында елеулі қызмет атқарады. Асқазанның үстіңгі эпителиоциттерінің маңызы шырыш түзеуден көрінеді. Ол ас түйіршіктерінің механикалық әсерінен ғана емес, сонымен бірге асқазан сөлінің химиялық ықпалынан қорғайды. Асқазандағы шырышты мөлшері оған тітіркендіруші заттар (алкоголь, қышқыл, қыша т.б.) түскен жағдайда күрт көбейеді.

Шырышты қабықшаның меншікті табақшасында араларында борпылдақ талшықты дәнекер ұлпаның жұқа қабатшалары жатқан асқазан бездері орналасқан. Онда әрқашан азды – көпті мөлшерде диффуздық инфильтраттар түріндегі немесе, көбінесе асқазанның ұлтабарға өтер тұсында орналасатын, солитарлық лимфа түйіндері түріндегі лимфа элементтерінің шоғырлары бар.

Шырышты қабықшаның бұлшық етті табақшасы жазық бұлшықет ұлпасынан түзілген үш: ішкі және сыртқы айналмалы және ортаңғы бойлық қабаттан тұрады. Бұлшықетті табақшадан жекелеген бұлшық етті жасушалар шырышты қабықшаның меншікті табақшасының дәнекер ұлпасына өтеді. Шырышты қабықшаның бұлшықет элементтерінің жиырылуы оның қозғалтқыштығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ секреттің асқазан бездерінен бөлінуіне септеседі. Асқазан бездерінің үш түрін ажыратады, олар: меншікті, пилорикалық және кардиальдық бездер. Саны жағынан асқазанның меншікті бездері көп. Олар асқазанның денесі мен түбінде орналасады (фундальдық). Кардиальдық және пилорикалық бездер асқазанның сол аттас бөліктерінде орналасқан. Асқазанның меншікті бездері бәрінен де көп болып келеді. Адамда олардың саны шамамен 35 млн. Әрбір бездің ауданы 100 кв.мм-ге жуық. Фундальдық бездердің жалпы секреторлық беті өте үлкен – 3-4кв.м. шамасында. Бұл бездер құрылысы жағынан қарапайым тармақталмаған кейде өте нашар тармақталған түтікшелі бездер болып келеді. Бір бездің ұзындығы шамамен – 0,65мм., диаметрі 30-50 мкм аралығында болады. Бездер топ-топ болып асқазан шұңқырларына ашылады. Әр бездің қылтасын, мойынын, денесін және түбін ажыратады. Денесі және түбі бездің секреторлық бөлімін, ал мойыны мен қылтасы оның шығарушы өзегін құрайды. Бездердегі саңылау өте жіңішке және препараттарда аса көріне қоймайды. Асқазанның меншікті бездерінде безді жасушалардың негізгі 5 түрі бар. Олар: экзокриноциттер, париетальды экзокриноциттер, шырышты мойындық мукоциттер, эндокриндік (аргирофильдік), жетілмеген (дифференцияланбаған) эпителиоциттер.

Басты экзокриноциттер негізінен бездің денесі мен түбінде орналасады. Бұл жасушалардың дөңгелек пішінді ядролары жасушаның орталық аймақтарында орналасады. Жасушаның базальдық бөлігіне айқын базофилиялық тән. Апикальды бөлікте белокты секреттің түйіршіктері байқалады. Базальды бөлікте жасушаның жақсы жетілген синтетикалық аппараты қоныс тепкен. Апикальды бетте қысқа микробүрлер бар. Секреторлық түйіршіктердің диаметрі – 0,9-1 мкм. Басты жасушалар профермент (зимоген) – пепсиногенді бөліп шығарады. Ол тұз қышқылының қатысуымен белсенді түрі – пепсинге айналады. Сүт белоктарын ыдырататын химозин де басты жасушаларда түзіледі деген болжам бар. Басты жасушалардың секрециясының әртүрлі фазаларын зерттеу барысында секрет түзу мен жинаудың белсенді фазасында бұд жасушалар үлкен көлемді болып, онда зимоген түйіршіктері жақсы анықталатындығы белгілі. Секрет бөлінген соң жасушаның көлемі мен түйіршіктердің мөлшері олардың цитоплазмасында әжептәуір азаяды. Кезбе нерв тітіркенген кезде жасушалар пепсиногеннің түйіршіктерінен тез босанатындығы тәжірибе жүзінде дәлелденген.

Бездің екінші жасушалары – париетальдық экзокриноциттер базальды шеттерге тығыз жанаса отырып, басты және шырышты жасушалардан гөрі тысқары орналасады. Олар басты жасушалардан үлкенірек, қисық дөңгелек пішінді. Париетальдық жасушалар жеке-жеке орналасып, негізінен бездің денесі мен мойыны төңірегінде шоғырланады. Бұл жасушалардың цитоплазмасы күрт оксифильді келіп, түйіршікті құрылысқа ие. Әрбір жасушада цитоплазманың орталық бөлігінде орналасқан, дөңгелек пішінді бір немесе екі ядро болады. Жасушалардың ішінде көптеген микробүрлері бар, жасушаішілік түтікшелердің ерекше жүйесі құрала отырып ірге тебеді де, басты және шырышты жасушалардың арасында жатып, мүшенің саңылауына ашылатын жасушааралық түтікшелерге жалғасады. Жасушалардың апикальды бетінен микробүрлер шығады. Париетальдық клеткаларға көптеген митохондриялардың болуы тән. Асқазанның меншікті бездерінің париетальдық жасушаларының маңызы хлоридтерді бөліп шығаруынан көрінеді. Олардан тұз қышқылы түзіледі.

Бездерде шырышты жасушалардың екі түрі бар. Олардың біріншілері меншікті бездердің денесінде орналасып, жасушалардың базальды бөлігінде тығыздалған ядроға ие. Бұл жасушалардың апикальды бөлігінен көпген дөңгелек және сопақша түйіршіктер, митохондриялардың шағын мөлшері мен Гольджи комплексі табылған. Басқа шырышты жасушалар (мойындық) тек меншікті бездердің мойынында ғана орналасады. Олардың жазықтанған, кей кезде қисық үшбұрыш пішінді ядролары әдетте жасушалардың табанында жатады. Бұл жасушалардың апикальды бөлігінде секреторлық түйіршіктер жайғасады. Мойындық жасушалар бөлетін шырыш негізгі бояулармен нашар боялады, бірақ муцикарминмен жақсы айқындалады. Асқазанның үстіңгі жасушаларымен салыстырғанда мойындық жасушалардың көлемдері кіші және құрамдарында шырыш тамшыларының мөлшері едәуір аз болады. Олардың секреті құрамы жағынан асқазанның безді эпителиі бөліп шығаратын мукоидті секреттен өзгеше. Фундальдық бездердің басқа жасушаларындай емес, керісінше, мойындық жасушаларда көбіне митоз денелері байқалады. Бұл жасушалар бездердің секреторлық эпителиінің де, асқазан шұңқырларының эпителиінде де регенерациясының көзі болып табылатын жіктелмеген эпителиоциттер деп болжанады.

Эндокриндік жасушалар төменде суреттелген. Жоғарыда айтылғандай, пилорикалық бездер асқазанның ұлтабарға ұласар аймағында орналасқан. Олардың саны 3,5 млн. шамасында. Пилорикалық бездер меншікті бездерден бірқатар белгілерімен ерекшеленеді: олар сирегірек орналасқан. әлдеқайда көбірек тармақталған, саңылаулары кең, көпшілігінің париетальдық жасушалары жоқ.

Пилорикалық бездердің аяққы бөлімдері негізінен меншікті бездердің шырышты жасушаларын еске салатын жасушалардан тұрады. Олардың ядролары қабысыңқы және жасушалардың табанында орналасады. Бояудың арнаулы әдістерін қолданған кезде цитоплазмада шырыш айқындалады. Пилорикалық бездердің жасушалары дипептидазаларға бай. Пилорикалық бездер бөліп шығаратын секрет сілтілік реакцияға бейім. Бездердің мойынында сондай-ақ аралық-мойындық жасушалар қоныстанады. Олар бұған дейін асқазанның меншікті бездерінде сипатталған.

Шырышты қабықшаның құрылысы пилорикалық бөлікте кейбір ерекшеліктерге ие: асқазан шұңқыршалары осы арада асқазан денесіндегіден гөрі тереңірек және шырышты қабықшаның бүкіл қалыңдығының жартысындайын алып жатады. Асқазаннан шыға берісте бұл қабатта анық білінетін айналмалы қатпар бар. Оның пайда болуы пилорикалық сфинктерді құрайтын бұлшық етті қабықшаның қуатты айналмалы қабатына байланысты. Ал сфинктер тамақтың асқазаннан ішекке өтуін реттейді.

Кардиальдық бездер – аяққы бөлімдері қатты тармақталған қарапайым түтікшелі бездерге жатады. Бұл бездердің қысқа шығарушы өзектері (мойындары) призмалық жасушалармен жабылған. Жасушаларының қысыңқы ядролары олардың табанында жатады, цитоплазмасының түсі ашық. Муцикарминмен арнайы боялған кезде онда шырыш анықталады. Шамасы бұл бездердің секреторлық жасушалары асқазанның пилорикалық бездерін және өңештің кардиальдық бездерін жауып жатқан жасушаларға ұқсас. Олардан дипептидазалар да табылған. Кардиальдық бездерде кей кезде шағын мөлшерде басты және париетальдық жасушалар кездеседі.

Асқазанда морфологиялық, биохимиялық және функциональдық белгілері лойынша эндокриндік жасушалардың бірнеше түрі сараланған. ЕС – жасушалар – ең көбі, бездердің денесі мен түбі аймағында басты жасушалардың арасында орналасады. Бұл жасушалар серотонин мен мелатонин бөліп шығарады. Серотонин ас қорыту ферменттерінің секрециясына, шырыштың бөлінуіне, қозғалғыштық белсенділігіне жәрдемдеседі. Мелатонин функциональдық белсенділіктің фотомерзімділігін реттейді (яғни жарық циклінің әсеріне тәуелді). G (С) –жасушалар (гастрин өндіруші) да көп және негізінен пилорикалық, сондай-ақ кардиальдық бездердің дене және түбі, кей кезде мойын аймақтарында орналасады. Олар бөліп шығаратын гастрин – басты жасушалардың песиноген бөлуін, париетальдық жасушалардың қышқылын өндіруін күшейтіп, сонымен бірге асқазан моторикасына ықпал жасайды. Асқазан сөлінің гиперсекрециясы кезінде адамда G – жасушалар санының ұлғаюы байқалады. Бұл жасушалар, гастриннен басқа, эндогендік морфиндердің бірі болып табылатын энкефалинді бөліп шығарады. Оған ауыру медиациясы қызметін таңады. P-, ECL-, Д-, Д1-, А- және Х жасушалардың саны аздау. Р-жасушалар тұз қышқылы мен ферментке бай панкреаттық сөлдің бөлінуіне септесетін әрі өт қалтасының тегіс бұлшықетінің жиырылуын тездететін бомбезинді өндіреді. Д-және Д1-жасушалар негізінен пилорикалық бездерден табылады. Олар белсенді полипептиттерді өндірушілер. Д-жасушалар белок синтезін тежеитін соматостатинді бөледі. Д1- жасушалар қан тамырын кеңейтіп, артерия қысымын төмендететін, сондай-ақ ұйқы безі гормондарының бөлінуін қуаттайтын вазоинтестинальдық пептидті (ВИП) түзеді. А- жасушалар глюкагонды синтездейді, яғни қызметі жағынан ұйқы безі аралшықтарының А-жасушаларына ұқсас. Х-жасушаларының қызметі анықталмаған.

Асқазанның шырыш асты негізі құрамында эластиқалық талшықтардың көп мөлшері бар, борпылдақ пішінделмеген дәнекер ұлпадан тұрады. Онда артерия және вена өнімдері, лимфа тамырларының торы шырыш асты нерв өрімі орналасқан.

Асқазанның бұлшықетті қабықшасы оның түбінде нашар жетіліп, денесінде жақсы білінеді де, кіре берісінде (привратникте) ең жоғарғы даму шегіне жетеді. Бұлшық етті қабықшада жазық (тегіс) бұлшықет жасушаларынан түзілген үш қабатты ажыратады. Сыртқы бойлық қабат өңештің бойлық бұлшық етті қабатының жалғасы болып табылады. Ортаңғы – айналмалы қабат та өңештің айналмалы қабатының жалғасы ретінде көрінеді де, пилорикалық аймақта жетілу шегіне жетіп, сол жерде қалыңдығы 3-5см пилорикалық сфинктерді құрайды. Ішкі қабат қиғаш бағыттағы тегіс бұлшықет жасушаларының шоғыры түрінде болады. Бұлшық етті қабықшаның қабаттары арасында бұлшық ет аралық нерв өрімі және лимфа тамырларының шоғыры қоныстанады.

Асқазанның сірі қабықшасы оның қабырғасының сыртқы бөлігін құрайды

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных