Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Психикалық аурулардың этиологиясы мен патогенезі.




Ауруларлы тудыратын себептерді ішк і және сыртқы деп екіге бөледі.

Ішкі себептерге: сыртқы ортаның қолайсыз әсеріне қарсыласу деңгейі төмендеуі немесе психикалық қорғану жүйесінің нашарлауы, организмнің жағдайы жатады.

Сыртқы себептерге әр түрлі инфекциялар, улану, физикалық және химиялық зақымдану жатады.

Аурудың пайда болуына маскүнемдіктің, нашақорлықтың, уқұмарлықтың, әр түрлі химиялық препараттарды көп әрі жөн-жосықсыз қолдана берудің (әсіресе екіқабат кезде) әсері зор. Нәрестелер үшін босану кезіндегі зақымдану, оттегі жетіспей мидың органикалық өзгеруі өте зиянды.

Ішкі себептер.

 

Психоздардың пайда болуына психиканы бұзатын жүрек-қан тамырлары,бауыр,бүйрек аурулары,ревматизм, ішкі секреция бездері аурулары себеп болады.

Психикалық аурулар көбіне қарқынды өсу,гормональды қайта құрылу психологиялық өзгерістер болатын жаста пайда болады. Құрсақтағы нәресте және өмірінің бірінші жылының екінші жартысында ми оңай зақымданады.

Бірінші кризистік 2-4 жаста шизофрения,қояншық белгілері пайда болуы мүмкін.

Екінші кризистік жаста (7-8 жас) невротикалық және шекаралық жағдайлар байқалуы мүмкін.

Үшінші дағдарыс (кризис) 11-16 жаста клиникалық ерекшеліктері бар шизофренияға әкелуі мүмкін.

Ал, 50-60 жастан кейін кері дамуға (инволюция) байланысты криз болады.

Қазір белгілі болғандай тұқым қуалайтын аурулардың саны 1,5 мыңнан асты. Соның ішінде психикалық аурулардың алатын орны жоғары. Бір жағынан отбасында тұқым қуалайтын ауруы бар адамдар міндетті түрде психикасы бұзылып ауырмайды. Екінші жағынан тұқым қуалайтын ауруларды зерттеу, олардың мутация арқылы пайда болатының көрсетті. Бұл мутациялар мутагендердің арқасында пайда болады. Мысалы, клеткаларға сәулелердің, химиялық заттардың әсері тиіп өздерінің қалыпты қызметін жояды, өзгереді. Артынан бұл өзгерістер тұқым қуалайды, ауру тудыратын фенотип пайда болады.

Экологиясы нашар аудандарда,мысалы, Семей ядролы аймағында туған балалардың арасында тұқым қуалайтын,соның ішінде психикалық аурулардың саны көп.

Сонымен қатар ,сыртқы себептер организмнің тұқым қуалайтын ауруларды тез қабылдауын анықтауға үлкен көмек көрсетеді.

Тұқым қуалағыштық жағдайдың бәрінде де ауру пайда болу міндет емес, тек 3-тен 1-де ауру пайда болып,үштен екісінде ауру дамымайды. Ауру пайда болу үшін сыртқы себептердің жиынтығы қажет. Соңғы мәліметтер бойынша тұқым қуалау себептерінің мәні әсіресе бала кезде зор.

10 жасқа дейінгі шизофрениямен ауырған балалардың жақындарының 51 пайызы осы аурумен зақымданған.

40 жастан кейін ауырғандарда бұл 19 пайызға дейін төмендейді.

Жас ұлғайған сайын тұқым қуалаушылық себептің әсері азайып, ал сыртқы факторлардың әсері жоғарылайды.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных