Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Артайған кездегі психикалық аурулар




(инволюциялық психоздар)

 

Қартайған адамдардың психикалық бұзылуларын зерттейтін ғылым геронтологиялық психиатрия немесе гериатрия деп аталады.

Бұл психоздарды қартайғанға дейінгі (пресенильді) 45-65 жастағылардың ауруы және 65-70 жастардан кейін кездесетін кәрілік (сенилді) психоздары деп екіге бөледі.

Пресенилді психоздар 45-65 жаста басталып, инволюциялық деп аталады. Адамның жасына байланысты эндокриндік бездердің қызметінің бұзыла бастауы немесе климакстік өзгерулермен байланысты болуы мүмкін. Мазасыз, ызақор, шүбәланғыш әйелдер арасында жиі кездесіп отырады.

Аурудың пайда болуы үшін психикалық зақымданудың, үйреншікті өмір жағдайларының ауысуы әсер етеді. Көбіне қартайғанда дамитын шизофрения және маниакальді-депрессивті психоздар кездеседі.

Пресинилді депрессия (инволюциялық меланхолия) кезінде көңіл-күй төмендеп, өмірдің кішкене өзгерістеріне мазасызданады. Бір бақытсыздық болатын сияқты көрініп, өзінің және тумаларының жағдайларына көп көңіл бөледі. Өздерін қоярға жер таппай зарығып, қайғы шегеді. Аяқ-қолдары сырқырап, дауыс көтеріп жылай бастайды.

Кінәлар мен кемсіту туралы сандырақ ойлар пайда болып, бүкіл жамандықтың бәрін өздерінен көріп, жазалауды талап етеді. әлемнің құрып, жалпы апат болғаны туралы ойлар айтып, өздерінің ағзалары шіріп кеткенін, жоқ екенін дәлелдейді. Бұл француз ғалымы жазған – Котар синдромы.

Пресенильді сандырақ (инволюциялық паранойя) кезінде аурудың ойы бойынша көршілері,туыстары өзіне жамандық ойлап,бүлдіріп,өртеп,ұрлап немесе пәтерін тартып алуға әрекеттер жасайды деп сенеді.Осы ойларына байланысты сақтануға,қорғануға әрекеттер жасайды. Есігіне неше түрлі кілттер салып түнімен ұйықтамай шығады.Кейбіреулері әйелін жөнсіз қызғанып,оларды ұстап, әшкерелеу үшін барын салады. Ауру ұзақ жылдарға созылады.

Инволюциялық истерия психогенді әсерден әйелдердің климаксі кезінде пайда болатын қызу және патологиялық түрде өтетін невроз. Ауру жылауық,мінезсіз,қыңыр және эмоционалды болады.

Емдеу күрделі және ұзақ болуы керек.

Депрессия кезінде тәулігіне 25-300мг амитриптелин,150-300мг пиразидол беріледі.

Мазасыз қозу (ажитация) кезінде қысқа мерзімге тәулігіне 150-300мг аминазинді антидепресанттармен бірге қатар беру керек. Аминазин мен тизерцинді түнге қарай аурудың жағдайына байланысты ішуге немесе бұлшық етке жібереді.

Кейде электро шок емі қолданылады. Паранояны емдеуде тәулігіне 5-60мг триптазин,5-40мг галоперидол беріледі.

Истерияда транвилизатор ретінде седуксен (реланиум), феназепам, элениум, психотерапия, ине рефлексотерапия қолданылады.

Инволюциялық депрессия мен паранойяның ұзаққа созылған түрлерінде ІІ-ші не І-ші топ мүгедектігі беріледі,алгистерияда мүгедектік берілмейді.

Сенилді (кәрілік) психоздар ақыл кемістігі күшейген кезде білінеді. Атрофиялық процестер барлық ішкі ағзаларда,әсіресе мида басым болады.

Миды микроскоппен қарағанда өлген жүйке жасушаларының орнына «сенилді друз» аталатын өлі ошақтар (некроз) пайда болады. Ақыл кемістігі 70-75 жастан кейін әйелдерде жиірек дамиды.

Жай кәріліктегі ақыл кемістігі басталуы адамның бұрыңғы әдеттері жойылып, менмендік белгілері дамып, дөрекіленіп күлкілі түрге ауысады. Ұрысқа, сараң,ұсақ-түйекшіл,,қаңғыбас, даукестіктен бара-бара ақыл кемістігі дамиды. І-ші ес бұзылады, өткен оқиғаларды есіне сақтап,қазіргілерді ұмытып қалады. Психикалық дамуы тоқтап,таныс адамдарының аттарын ұмытып, тұрған үйін таба алмайды.Өзінің жасын білмей,сұрағандарға 17-демін,әйел аламын,күйеуге шығамын деп шатасады. Өзін-өзі айнадан танымай, басқа біреу деп күлкілі жағдайларға ұшырайды.

Амнезилық афазия,өмірден түңілу психикалық ыдырауға алып келеді. Ақыл кемістігінің делириозды түрі-сананың өзгеруі бұрыңғы өткен оқиғалардың үзінділері кезкейсоқ,пассивті түрде еске түсірумен тең.

Жасы ұлғая келе психоз физикалық және психикалық алжасу маразмға әкеледі. Емдеу тек симптоматиялық және күтумен шектеледі. Ата-анаға деген қамқоршылықты, адамгершілікті талап етеді.Кәріліктегі ақыл кемістігі және оның ерте түрі Альцгеймер ауруынан Пик ауруын айыра білу қажет.

Альцгеймер ауруында біртіндеп амнестиялық, сенсорлық, маторлық афазия дамып артынан апраксия болады. Мидың шүйде мен самай бөліктерінің бұзылуы байқалады. Әуелі ес жоғалып,қоршаған ортамен қатынасы тоқтап,соңынан қозғалысы бұзылады (апраксия). Сөздері түсініксізденіп, ойлау қабілеті бұзылады. Қояншыққа ұқсас құрысу,сандырақтар қалыптасады. Көбіне 60 жастан кейін басталады.

60 жасқа дейін дамитын Пик ауруында адамның жеке басы өзгереді. Жоғары да күрделі адамдардың қарым-қатынасы бұзылады, мінезі өзгереді. Ес және психикалық қызметтер бұзылады. Ми қабығы ыдырау процесі басталады.

Пик ауруымен ауырғандар жалқау,әрекетсіз,ештеңеге араласпайтын топас болады. Эндогенді, дегенеративті-атрофиялық тұқым қуалайтын ауруларға жатады.

Аурудың ұзақтығы 6-8 жыл болып соңы маразмға алып келеді

Пик ауруындағы сөйлеудің бұзылулары Альцгеймер ауруындағыға ұқсамай алдымен агнозия (танымау),апроксия(күрделі қозғалыс бұзылуы) болып, артынан сенсорлық афазия (сөйлеудің бұзылуы) дамиды.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных