Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Психикалық ауруларды зерттеу тәсілдері.




 

Тексерудің негізгі тәсілі ретінде сол адаммен әңгімелесу және оның жүріс-тұрысын бақылау қолданылады. Оның өмірі мен анамнезімен танысып, ол туралы барлық мәлімет ауру тарихына не емханалық картасына жазылады.

Аурудың туыстары мен оның айналасындағылар туралы, ата-анасы мен жақындарында психикалық аурулар, маскүнемдік, нашақорлық, уқұмарлық,улану, соматикалық аурулар болған-болмағаны туралы деректер қажет. Анасының екіқабат кезіндегі жағдайы мен босануы, аурудың бала кезіндегі физикалық және психикалық дамуы, қандай жаста отыруы,жүруі,сөйлеуі, оқуы ескеріледі.

Бала кезінде және мектеп жасында қандай аурулармен ауруы, зақымдануы, улануы. Жыныстық және отбасылық өмірі, психикалық зақымдануы,соматикалық аурулары. Ми бассүйек зақымдануы, олардың ауырлық деңгейі,зиянды әдеттері. Тұрмыс және материялдық жағдайы толық қамтылуы қажет.

Анамнезімен танысқанда оның алғашқы белгілері, артынан білінген белгілері туралы толық мәлімет керек. Қандай ем қабылдағаны, оның қалай әсер еткені туралы сұрап, ауруханада жатса, қалай емделді, ауруынан жазылды ма, жоқ па, жұмыс істеді ме, оқыды ма - бәрін білуге тырысу керек. Аурудың өзінен алынған деректер жеткіліксіз болғандықтан ол туралы жақын туыстарынан сұрап білген дұрыс.

Аурудың өзінің айтқандары

- субьективті ал, туыстарының айтқандары - обьективті анамнез деп аталады.

Бұлардан басқа ауруды толық соматикалық тексеруден өткізу қажет. Зәр мен қанның жалпы анализі,биохимиясы, жұлын сұйығын зерттеу, бас сүйектің рентгенографиясын, электроэнцефалограммасын (ЭЭГ), реоэнцефалограммасын РЭГ, мидың компьютерлік томографиясын, патанатомиялық зерттеулерін дұрыстап тексеру қажет.

Ауру адамның психикалық жағдайын дәрігер өз сөзімен жазуы керек. Оның сырт пішінін,қозғалып жүріп-тұруын, санасын, сезімін, қабылдауын, ойының бұзылу-бұзылмауын толық жазу қажет.

Тәжірибелік психологиялық тексерулер жеке адам туралы қосымша және құнды мәліметтер береді.

Ауру адамды күту процесінде мейіркештердің ролі өте жоғары. Мейіркештердің өздері тұлға ретінде қалыптасқан болуы керек.

Ауруды сынап мінемей сол қалпында қабылдауы тиіс. Оны түсініп ауруынан жазылып шығуына бар ынтасын салуы қажет. Кейбір жағдайларда ауруларымен қарым-қатынас мүмкін болмайды. Сондықтан оларды «фармокологиялық байлауға» тура келеді,басқаша айтқанда дәрімен қозғалтпай тастау. Кейде басқалардың көмегімен ауруды төсекке байлап тастайтын да кездер болады.

Дисфория, апатия, депрессия жағдайындағы ауруларды көзден таса қалтыруға болмайды,әр түрлі сылтауларменен аурудың қасында болуға тырысу керек.

Күнделікті бақылау дәптеріне:

- жаңа түскен ауруларды,

- қатты бақылауды талап ететін аурулардың жағдайын,

- инсулинді-коматозды ем алушылардың жағдайын,

- мінез-құлқы, тәртібі өзгерген ауруларды,

- психотроп дәрілерін алып жатқан аурулар жағдайын,

- тамақтан бас тартқан ауруларды,

- басқа ауруларға немесе медперсоналға тиісіп күш көрсетпек болған ауруларды жазып отырулары керек.

Ауруларға дауыс көтеріп ұрсып сөйлеу оларды қоздырып, кейде тіпті өзін өзі өлтіруіне алып келуі мүмкін. Мед персонал өздері сөйлескенде орынсыз қатты күлуге, сыбырласуға, ашық-шашық киінуіне болмайды. Палаталардың кілттері кез - келген жерде жатпауын бақылау қажет. Аурулардың қалтасында, жататын орнында,тумбочкаларында кездесетін тесетін, ұратын ауыр заттар болмауын бақылау дұрыс.

Емдеу манипуляциялары кезінде аурулардың дәріні мейіркештің көзінше ішуі қажет. Аурулардың уақытында жуынып-шайынуын,тамақ ішуін,ем алуын, жеке гигиенасын мейіркеш кіші медперсоналдың көмегімен атқаруы тиіс. Таза ауаға шығып, қыдырған кездерінде де аурулар көзден таса қалмаулары керек.

 

II - тарау

 

Қояншық

 

Қояншық ауруы – эпилепсия – денені құрыстырып, психиканы бұзатын, созылмалы ауру. Грек тілінен аударғанда «ұстаймын, шабуыл жасаймын» деген мағынаны білдіреді. Әбу-Әли-ибн-Синаның ұсынысымен ерте заманнан эпилепсия деп аталады.

Аурудың нақтылы және симптоматикалы қ деген екі түрі болады.

Нақтылы түрі – идиопатиялық, генді осы ауруға тән клиникалық көріністерімен байқалады.

Симптоматикалы қ түрінде ми ісігінің, жарақатының және энцефалиттің әсері байқалады.

Құрысудың клиникасы үлкен және кіші болып екіге бөлінеді.

Үлкен қояншықтық құрысу:

Аурудың алғашқы белгісі ретінде бірнеше сағат немесе күн бұрын бас ауырып, көңіл-күй төмендеуі байқалады.

Бұл аура - леп соғу деп аталады. Адам көру, иіс сезу, есту елестеушілігін басынан өткізеді.

Вегетативтік құбылыстар – қызару, терлеу, жүрек соғысының жиілеуі де байқалуы мүмкін. Аураның ұзақтығы бірнеше секундқа созылады, кейде болмауы да кездеседі. Құрысу тоқтағаннан кейін аура есте қалып, аурулар айтып отырады.

Аурадан соң құрысудың екінші кезеңі

тоникалық құрысу басталады. Бұлшық еттер бір мезгілде тоникалық түрде тартылып, ауру толығынан есінен танады. Дыбыс саңылауының күрт тарылуынан (голосовые складки) ауру құлар алдында айқайлап дыбыс шығарады. Құлаған кезде қатты жарақат алып, қансырап қалуы мүмкін. Кейде кіші немесе үлкен дәреті жүріп кетуі кездеседі. Жарты не бір минутқа созылған құрысуда тыныс алуы тоқталады, көз қарашығы кеңіп, жарыққа әсер етпейді. Терісі көгеріп, еріндерінде цианоз байқалады.

Бір минуттай уақыттан кейін аурудың үшінші кезеңі:

- клоникалық құрысу басталады. Бұлшық еттер кезек-кезек жиырылып, ауру басын, аяқ-қолдарын еденге, жарға ұрғылай бастайды. Қосымша жарақаттар алуы да мүмкін.

- Құрысу кезеңдерінде тілі тістеліп, аурудың ауызынан қан аралас көбік ағады. Клоникалық құрысу 2-3 минутқа созылады.

-Талмадан кейін адам қатты шаршап, әлсізденіп терең ұйқыға (кома) кетеді.Бұл құрысудың үшінші кезеңі болып есептеледі.

Егер бір құрысудан кейін үсті-үстіне құрысулар қайталана берсе (эпилептикалық статус), ауруды дереу ауруханаға жеткізу керек немесе дәрігерлік көмек қажет. Кейде дұрыс дамымаған құрысу, яғни өсіп-жетілмеген құрысу да кездеседі. Бұл жағдайда құрысу кезеңдері сатыланбай шала дамиды. Бұл балаларда көп кездесетін абортивті түрі. Балаларда клоникалық құрысу мүлде болмайды.

Кішкене қояншықтық құрысу - бірнеше секундтан 1-2 минутқа дейін созылатын, ауру есінен айырылғанымен тоникалық құрысу болмайтын эпилепсияның жеңіл түрі. Клоникалық кезең қысқа болғанымен амнезия толық болады.

Абсанс – сана аз уақытқа жойылып, қозғалыс құрысуларының болмайтын түрі.

Қояншық ауруында психикалық бұзылулар кездеседі. Сананың қарауытып бұзылуы кенеттен пайда болып, күшті психикалық бұзылуға алып келеді.

Бірінші түрінде сананың елестеушілік-сандырақ бұзылуында ауру қоршаған ортадан бөлініп, өзінің кім екенін, қайда екенін, қанша уақыт болғанын білмейді. Көру, есту елестеушіліктері пайда болады. Ұрыс майданында болғандай болып, зәресі ұшып қорқады. Қоршаған ортаға өте қауіпті.Жалған қуғыншылардан қорқып, қашып немесе оларға қарсы шабуыл жасауы да мүмкін. Бұл өте қауіпті жағдай. Тез көмек көрсетпесе қайғылы аяқталады. Психоздан кейін ауру болған жағдайды толық ұмытады.

Екінші түрі амбулаториялық автоматизмдер деп аталады.

Бұл да кенеттен басталып, бірнеше сағат, не күннің ішінде бірден аяқталатын психоз. Елестеушілік пен сандырақ болмағанмен, сананың терең бұзылуы байқалады. Сырттай қарағанда адамның жүріс-тұрысы дұрыс сияқты көрінеді, бірнеше түрі кездеседі.

Транс – бірнеше сағатқа (күндерге) созылатын естен тану.

Басқа көшеге, қалаға кетіп қалып, есін жиғанда қайда келгенін білмеу.

Сомнабулизм (ұйқысырап жүру) көбіне жас балаларда кездесетін, түнде сыртқа шығып, төбеге, балконға шығып кетіп, ұзақ жүру. Ертеңіне не болғанын білмейді. Сыртқы әсерлерге көңіл бөлмейді, ояту мүмкін емес.

Дисфория – ешбір себепсіз болатын ашу-ыза. Сана бұзылмайды. Ауру сәл нәрсеге ашуланып, төбелес бастайды, ештеңені ұмытпай бәрін есте сақтап қалады. Қояншық ауруы көбіне ақылдың кемістігіне алып келеді. Бір мәселенің айналасына тоқырап, бір тақырыптан екіншіге көше алмай, тәптештеп, болмашы нәрсеге әбден тоқталады. Ашуланшақ, ешкімге сенбейтін әрі шағымшыл болады. Ұсақ, бірақ өте ұқыпты келеді. Жарамсақтық, екіжүзділік, алдамшылық, қатыгездікпен қатар жүреді.

Аурудың ағымы әртүрлі болады, кейбіреуде күніне бірнеше рет ұстаса, біреулерде жылына бір-ақ рет болуы мүмкін. Ұстамасының жиілігінен аурудың қаншалықты ауыр екенін анықтауға болады. Бірақ ұстамасы сирек кейбір ауруларда ақыл кемістігі көп те, ұстамасы жиі болатындарда ақыл кемістігі кездеспеуі мүмкін.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных