Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Моңғолия Ұлттық орталық мұрағатынан анықталған деректер жайында




Археографиялық экспедиция құрамы Ұлан-Батыр қаласындағы Монғолия Ұлттық орталық мұрағатында көне моңғол, манжұр, кытай тілдеріндегі деректерді іздестіру, тексеру, анықтау жұмыстарын жалғастырды. Аталмыш мұрағатта Манжұр-Цин дәуірінің (1723-1911 жылдары), Боғда хандық моңғол дәуірінің 300 дана тарихи құжаттары карастырылды. Олардың ішінен Қазақ хандығы, Алтай-урианхайлықтар, Тарбағатай өлкелеріндегі қазақтар жайлы жазылған 48 парақ ксерокөшірме алынды. Алайда, бұл алынған ксерокөшірмелер Монғолия Ұлттық орталық мұрағатының ұшан-теңіз құжаттарының бірсыпырасы ғана екенін, зерттеулерді жалғастыру қажеттілігі бар екенін аңғартады.

Сонымен қатар, Қазақстан тарихы мен мәдениетіне байланысты аса мол құжаттардың түпнұсқалары Моңғолия ұлтық тарих мүрағаты мен Моңғолия Сырткы істер министрлігінің мұрағатында сақтаулы және олар бұрын толық зерттелінбеген.

Бұл құжаттарда қазақ-жоңғар қатынастары, қазақтардың хан, сұлтандары мен басқа да билік иелерінің хаттары, Іле, Тарбағатай, Қобда өңірінің елдері туралы, Манжұр-Цин империясы кезіндегі (1723-1911 жылдары) Кобда, Улиастай амбаны тарапынан жазысқан хат кұжаттары, қазақ, урианхай елдерінің жері мен елі, шекара аралық қатынастары туралы, Ресей мен Моңғолияда көшіп қонып жүрген қазақтар жайлы, Боғда ханның тұсындағы қазақ, бейс, тайжы, ғүң секілді билік өкілдерінің хат құжаттары, т. б. құнды деректер қамтылған.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных