ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Майдан армияларының жаппай шабуылға шығуы туралы директива.(Директивы командования фронтов Красной Армии. М., 1974. Т. 3. С. 483, раздел сборника: Южный фронт) Армия әскерлеріне Белая өзенінің оң жағалауындағы жаудың ізіне түсіп өкшелей қуу туралы бұйрық (В боях рожденная. 1918–1920. Боевой путь 5-армии. Иркутск, 1985. С. 119) Әскери құжаттар тақырыбында авторын немесе адресатын көрсеткен кезде мекемелер, ұйымдар, құрамалар, бөлімдердің толық немесе жалпыға белгілі қысқартылған атаулары, сондай-ақ құжаттың кімнен шыққаны және кімге арналғаны туралы инициалы мен фамилиясы, лауазымы, атағы көрсетіледі: Главком, ПУР, Реввоенсовет, Беллитармия. Тақырыпта мекеме, ұйым, кәсіпорынның ресми (толық немесе қысқартылған) атауы, қажет болған жағдайда бағыныштылық реті көрсетіледі. Толық ресми атауы қайталанатын жағдайда бірінші рет толық беріліп, одан әрі қысқартылған атауы берілуі мүмкін. Тақырыпта қолданылған мекемелердің жалпыға ортақ қысқартылған атауы қысқартылған сөздер тізімінде таратылып беріледі: ТБШ – Таварыства беларускай школы. Тақырыпта мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар атауы қазіргі кездегі формасында беріледі. Ертедегі құжаттарда тұлғалар жайлы сөз болғанда олардың атағы (маршалок, рада паны), лауазымы (наместник, воевода, тиун), әлеуметтік жағдайы (земянин, шляхтич, мещанин), титулы (князь, боярин), немен айналысатыны, т.б. егер аудармасы қиынға түспейтін болса, қазіргі басылым формасында беріледі. Құжат жасалған кезеңге сәйкес лауазымдар, шендері мен атақтары көрсетіледі. Қазіргі заман құжаттарының тақырыптарында автор мен адресаттың фамилиялары мен инициалдары олардың лауазымдары немесе қоғамдық жағдайы көрсетіліп беріледі. Тақырыпта бұл адамдар бірнеше рет қайталанатын жағдайда соңғысында не алғашқысында аты-жөні лауазымдарымен алмастырылады: БССР Мәдениет министрлігінің кітапханалар мен мұражайлар бөлімінің инспекторлары З. А. Коренкова мен Р. Р. Нестеровалар республикадағы аудандық және селолық кітапханаларды орталықтандырылған жинақтау туралы анықтамасы 20 мамыр 1956 ж.
(Библиотечное дело в БССР. Документы и материалы. 1941–1956 гг. Мн., 1984. С. 183) Тұлғалардың лауазымдары мен қоғамдық жағдайлары жайлы мәліметтер бөлек атаулар көрсеткішіне енгізілген жағдайда тақырыпта көрсетілмесе де болады. Ұжымдық авторлар құжаттарының тақырыбына «шешімдер, қаулылар, резолюциялар, т.б.) автор ретінде құжат шығатын мекеме, кәсіпорын немесе ұжым көрсетіледі: Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|