Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Белорус-Литва армия командашысының армияның орналасқан негізгі шебін нығайту туралы бұйрығы.




№ 0472/ құпия, Смоленск 8 мамыр 1919 ж. 13 сағ. 30 мин.

 

(Борьба за Советскую власть в Белоруссии 1918–1920 гг. Мн., 1971. Т.

2. С. 118)

Жарияланатын құжаттардың басылым түрі мен сипатына қарай тақырып қою тақырыптың жалпы элементтерін алғысөздің археографиялық бөлігіне, басылым атауына, оның бөлімдері атауына, топтық тақырыптарға шығару арқылы қысқартылуы мүмкін.

Бір түрдегі немесе бір әртүрліліктегі құжаттарды даярлауда олар туралы ескерту тақырыпқа қойылмайды, өйткені ол жинақ тақырыбына енгізіледі, мысалы, жинақтың аты: Письма трудящихся Белоруссии В. И. Ленину. 1917–1924. 3-е изд., перераб. и доп. Мн., 1980 (ішіндегі тақырыптарда құжаттың түрі (хат) пен адресат (В. И. Ленин) қайталанбайды).

Бір адамның хаттары мен басқа да құжаттарының тақырыбында құжат түрі мен авторы қойылмайды, ал бірнеше адамдардың бір адамға жазған хаттарында – құжат түрі мен адресат қойылмайды.

Егер басылымға кіретін материалдарды жүйелеу кезінде бір-бірімен қандай да бір белгілері бойынша байланысты жекелеген құжат топтары бөлектеніп алынса, оларға топтық тақырып беріледі. Ол тақырыпқа осы топ құжаттарының барлығына ортақ элементтер шығарылады, олардың соңғы датасы көрсетіледі, ал тақырып алдынан – осы басылымдағы құжаттардың соңғы нөмірлері қойылады. Ал осы топ құжаттары тақырыбының құрамына топтық тақырыпқа енбеген элементтер ғана енгізіліп, әр құжаттың өз нөмірлері көрсетіледі:

№ 108–117

 

Барлау тобының басшысы И. Х. Марковтың БК(б)П Логой жасырын райкомына 1943 ж. 28 қыркүйектен 28 қазанға дейінгі Минск темір жол торабынан неміс-фашист эшелондарының өтуі туралы хабарламалары.

30 қыркүйек – 30 қазан 1943 ж.

№ 108

Хабарлама

30 қыркүйек 1943 ж.

 

№ 117

Хабарлама

30 қазан 1943 ж.

 

(В непокоренном Минске: Документы и материалы. Мн., 1987. С. 130–136)

 

Бірнеше хаттарға топтық тақырып берілген кезде әрбір хаттың тақырыбында тек қана нөмірі мен датасы ғана көрсетіледі. Бұл туралы алғысөздің археографиялық бөлігінде ескертіледі.

Мәтінді беру мәселесіне арналған дәрісімізде атап өткеніміздей, редакциялық тақырып берген кезде құжаттың меншікті тақырыбы толықтай немесе жартылай пайдаланылуы мүмкін. Декреттер, қаулылар, жарғылар, ережелер, сондай-ақ үндеулер, арнаулар, үнпарақтар, авторлық туындылар сияқты ресми құжаттардың меншікті тақырыптарына келер болсақ, олар жарияланатын құжаттардың негізгі мәтінінде берілгеніне қарамастан редакциялық тақырыпқа да енгізіледі. Оларға қажетті түсіндірмелер (бекіту датасы, айналымға енгізілуі, т.б.) мәтінге түсініктемеде келтіріледі.

№ 9






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных