Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Басылым үшін құжаттарды іріктеу. 1-сағат.




Дәріс мақсаты: Басылым үшін құжаттарды іріктеу ашып көрсету.

Тірек сөздер: іріктеу принциптері, таңдау тарихилық, кешендік, жанжақтылық және турашылдық принциптері

Негізгі қарастырылатын мәселелер және қысқаша мазмұны:

1. Құжаттарды баспаға шығару үшін мемлекеттік мұрағаттар жұмыстарының негізгі ережелері мен іріктеу принциптері.

2. Материалдардың іріктеу мәселелері. Іріктеудің принциптері мен оған қойылатын талаптар.

Жариялау үшін құжаттарды іріктеудің методологиялық негізі: таңдау тарихилық, кешендік, жанжақтылық және турашылдық принциптері болып табылады.

Құжаттарды іріктеуде жарияланым үшін:

1) құжатты оның нақты тарихи дәуірде пайда болу себептерін есепке алып және оның орындайтын қызметінің нәтижесі ретінде қарастыру керек;

2) зерттелетін мәселелердің дамуын көрсету;

3) әрбір тарихи үрдіске тән жалпы және ерекше арақатынасты табу;

4) тарихи құбылыстарды рет-ретімен баяндайтын өзара байланысты құжаттардың кешенін көрсету керек.

Турашылдық принцип тарихи құбылысты зерттеудің барлық күрделілігін, көпқырлылығын және қарама-қайшылылығын болжай отырып, шындықтың түрлі жақтары мен оған құжат авторларының бағасын көрсететін әртүрлі құжаттық деректерді іріктеу жолымен іске асырылады.

Басылымды дайындау кезінде баяндалған әдіснамалық принциптер мен міндеттер негізінде анықталған құжаттарға, оларды жариялау үшін іріктеу мақсатында ғылыми және тәжірибелік құндылығына деректанулық талдау жүргізіледі. Яғни түпнұсқалығын анықтау, уақытын, орнын, шығу жағдайын және сыртқы ерекшеліктерін, оның ішінде техникалық, құжаттың, авторлығын, мәтіннің шығу жағдайын, дұрыстығын, толықтығын, көрнекілігін, ғылыми маңызын, ақпарат дерегіндегі жаңалықтарын, сақталу дәрежесі мен құжаттың мәтінін қайта жаңғырту әдістері қолданылады. Жүргізілген талдаудың негізінде нақты басылымның тақырыбы мен міндеттеріне байланысты құжаттарды іріктеу өлшеміне сәйкестілігі анықталады, жинақтағы әрбір құжатты пайдалану туралы мәселе (толық немесе үзінділерді жариялау, ғылыми-анықтамалық аппаратта пайдалану) шешіледі. Іріктеу кезінде жарияланымда деректердің түрлері мен әралуанын толық беру ескеріледі.

Жариялау үшін құжаттарды іріктеу кезең-кезеңмен: іздестіру барысында алдын ала және барлық құжаттар кешені табылғаннан кейін және басылымның құрылымы анықталған соң соңында жүргізіледі.

4 параграф. Ғылыми түрдегі басылымдар үшін құжаттарды іріктеу

Тарих ғылымының деректер қорын кеңейтуге қызмет ететін ғылыми басылым үшін айрықша таңдап алынған маңызды деректерді бейнелейтін басылымда тарихи құбылыстың немесе үрдістің мазмұнын құрайтын құжаттар жиынтығы іріктеліп алынады.

Тақырыптық басылым үшін іріктеу, тақырып бойынша өзара іштей байланысқан, оны рет-ретімен және шын бейнелейтін құжаттар жиынтығының құрамын қамтамасыз ететін болу керек. Бұл міндеттің шешуі құжаттық деректерді кешенді зерттеуді және тақырыптың әрбір басты мәселелесі бойынша дәйекті деректердің әралуан түрлерін іріктеу, бастамашыл (нормативтік құқықтық құжаттар), атқарушылық (ақпараттар, қатынастар, баяндау хаттар және басқалары), қорытынды сипаттағы (шолулар, есеп берулер, есепті баяндамалар және басқалары) құжаттардың тергеу-себептік байланыстарын орнату.

Бастамашыл (нормативтік құқықтық) құжаттарды жариялағанда, оларды жүзеге асыру үрдісін көрсететін құжаттарды басылымға қосу керек. Егер жинақтың көлемі, бұл құжаттардың жүзеге асырылуы туралы маңызды құжаттарды жариялауға мүмкіндігі болмаса, оларды пайдаланылған құжаттардың іздеу мәліметтерін көрсете отырып, түсіндірмелер құрастыру үшін пайдалану керек.

Атқарушылық сипаттағы құжаттардан, олардың пәрменділігін және шын мәнінде қажеттілігін куәландыратын бастамашыл (нормативтік құқықтық) құжаттарды жүзеге асыратындарынан іріктеп алу керек. Егер атқарушылық сипаттағы құжаттардың ақпараты қорытынды сипаттағы құжаттарға енген болса, онда артықшылықты атқарушылық сипатпен қатар көптеген құжаттардың аналитикалық-синтетикалық қайта өңделуін, сонымен бірге ведомствоға қарасты мекемелер мен құрылымдық бөлімдердің есеп беру-қорытынды құжаттамаларын көрсететін қорытынды сипаттағы құжаттарға беру керек.

Статистикалық деректерді жариялау үшін, статистикалық деректердің ақырғы мәтіндері іріктеліп алынады, бұнда зерттелетін үрдістің қозғалысын талдау үшін ондағы өзара байланысты мәліметтерді салыстыру мүмкіндігі ескеріледі. Жарияланған статистикалық мәліметтер олардың анықтығы тексерілгеннен кейін ғана таңдап алынады. Толық жариялау мүмкіндігі жоқ бұқаралық статистикалық деректер репрезентативтік іріктеуді таңдауды құрастыру үшін таңдап алынады.

Әскери құжаттарды іріктеуде әскерлерді басқару жөніндегі өкім құжаттармен және әралуан сипаттағы есеп беру-ақпараттық құжаттардың ара қатынасын ескеру керек.

Әскери құжаттардан жедел нұсқаулар, операциялардың мақсатын ашатын әскери бұйрықтар және оны орындаудағы бөлімдердегі жедел міндеттер және жоспардағы маңызды өзгерістер (бірен-саран өзгертілген құжаттар ескертпелерде пайдаланылады), есеп беру ақпараттық құжаттардан – жедел мәліметтер, баянаттар, жағдай туралы ақпарат беретін хабарламалар, аға бастықтарға хабарламалар (баяндаулар), ақпараттардан бөлек тікелей байланыспен жасалған сөйлесу жазбалары, жағдайдың бағалануы, операциялардың мақсаты және қабылданған шешімдер, өздерінің және қарсыласының әскерлерінің жағдайларының сипаттамасы; есеп берулер, ұрыс (әскери) қимылдарының журналдары және шолулар, тарихи, кезекшілік және радиотелеграф журналдарының фрагменттері таңдап алынады.

Әдетте, жалпы жедел немесе стратегиялық жоспардың бір бөлігін орындайтын бөлімдер, құрамалар, бірлестіктердің әскери қимылдары туралы құжаттарды іріктегенде, жалпы міндетті орындау және ұрыс операциясын нәтижелі өткізуде, құраманың (бірлестіктің) орны мен рөлін көрсететін 1-2 саты жоғарғы штабтардың құжаттарының ескертпелерін немесе мәтіндер түрінде қосу керек.

Егер олардың басылымдары мерзімді басылымда ресми болса немесе егер бұл құжаттардың түпнұсқалары жоқ болса, күнделікті басылымдарда жарияланған құжаттар жарияланым үшін таңдап алынады. Мерзімді басылымда жарияланған құжаттардың түпнұсқалары болған жағдайда мәтіндерді салыстыру қажет.

Мерзімді басылымның жеке (түпнұсқалық) ақпарлары, белгілі тарихи кезеңде шешетін және оларды іске асыратын нақты жолда (түрі), қоғам өмірінің маңызды мәселелерін рет-ретімен көрсету үшін таңдап алынады. Бұл жағдайда ақпарлардың жанрдың қай түріне жататындығы ескеріледі, себебі әрбір жанр тек өзіне ғана тиісті нақты міндетін орындайды. Оқиғаның шын жағын қалпына келтіру үшін, ақпараттық жанрдың мәліметтері таңдап алынады. Қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, рухани жағын сипаттау үшін аналитикалық және әдеби-көсемсөз жанрларының мәліметтері таңдап алынады.

Мерзімді басылымдардың ақпарларын іріктеуде, тек ғылыми құндылығы, толықтылығы, дұрыстығы ғана емес, сонымен бірге және олардың алғашқы жарияланымы да ескеріледі. Бұл бір хабарламаның әртүрлі газеттерде бірнеше нұсқаларының болуы кезінде өте маңызды.

Мерзімді баспасөздің жеке мәліметтерінің түпнұсқасы болған кезде, мұрағаттардан табылған мәтіндерді салыстыру қажет. Басылымға мерзімді баспасөзде жарияланған мәтін қосылады.

Басылымның мақсатына тәуелділікке байланысты нақты оқиғаны суреттейтін шығу тегі жеке, сонымен бірге және қор құрушыны, оның шығармашылық немесе өндірістік қызметін, ол араласқан тұлғаларды немесе жеке тұлғаны сипаттайтын құжаттар таңдап алынуы мүмкін. Бұл жағдайда құжаттар авторының бұл оқиғаға қатысу дәрежесі, оның ақпарат алу деректері, айғақтарды жинақтап қорыту мүмкіндігі ескеріледі. Бірінші кезекте өзінің ерекшелігіне қарай ресми деректерде айтылмаған мәліметтері бар құжаттар таңдап алынады.

Картографиялық құжаттарды таңдауда, тақырыптық кешеннің толық құрамын рет-ретімен және оқиғаның тарихын егжей-тегжейлі айрықша қамту керек. Тақырыптық басылым үшін, зерттелетін құбылысты құратын кеңістіктік дамуын және пайда болуын, сонымен бірге картографияның дамуы шындықты бейнелейтін әдіс екенін көрсететін картографиялық құжаттар таңдап алынады.

Картографиялық құжаттар көп болған кезде, баспа үшін іріктеліп алынатын құжаттар құрамы жаңадан табылған, бірақ тізбе нысанындағы жарияланбайтын карталар туралы мәліметтермен толықтырылады.

Ғылыми-техникалық құжаттаманы іріктеуде техника мен технологияның жаңалық дәрежесі, инженерлік шешімдердің, жобалардың, нысандардың, бұйымдардың, пікірлердің, болжамдардың ұтымды ойлары ескеріледі, сызбаларда, бекітілген эскиздерде, схемаларда, формулаларда және басқа графикалық және мәтіндік құжаттарда анықталады. Таңдау барлық ҒТҚ (ғылыми-зерттеу, жобалау, конструкторлық, технологиялық) жүйелерімен, графикалық және мәтіндік құжаттарымен үйлестіре отырып, сонымен бірге басқару құжаттарымен және сурет құжаттарымен жүзеге асырылады, келелі мәселелерді зерттеу барысын, жобаны, нысанды, келбетін, ғылыми-болжамдарды ашуда және соған ұқсастарды кешенді үйлесуді жетілдіре қамтамасыз етеді.

Басылымның типіне және түріне байланысты, бір жанрдың деректерін, бір тұлғаға тиісті белгілі тақырыпты немесе оқиғаны баяндайтын дыбыс-бейнелік құжаттарды іріктеу, жарияланатын коллекцияның немесе оның бөлігінің, құжаттардың толық құрамын қамтамасыз ету керек.

Дыбыс-бейнелік құжаттаманы іріктеу кезінде сахналау элементтерінің, фотомонтаждың бар болуы, шын мәліметтердің арақатынасы, авторлық түсіндірулер және басқалары ескеріледі. Фоноқұжаттарды іріктеу кезінде сонымен бірге тікелей факторлар немесе болмыстың жанама бейнеленуі (трансляция, студиядағы жазу) ескеріледі. Олардың өз даусымен сөйлеген сөздерінің немесе алдын-ала дайындаған мәтіннің негізінде жасалынғанының маңызы бар. Өнер туындысы ретінде дыбыс-бейнелік құжаттаманың құндылығын анықтайтын белгілеріне: көркемдік сапасы, композициялық-сюжеттік бүтіндігі, мәнерлілігі, түп нұсқалылығы, түрінің өзгешелігі, орындау шеберлігі және тағы басқаларына назар аударылады.

Дыбыстық жарияланым үшін фоноқұжаттарды таңдау кезінде, жақсы сапалы дыбыс шығарған құжаттарға артықшылық беріледі. Егер бұл қажет болса, алдын-ала қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Фоноқұжаттарды типографиялық әдіспен басып шығару үшін, археограф тыңдау тәсілімен оның мәтінін қағазға түсіреді, сол үшін оларды әрі қарай тыңдау дәстүрлі әдіспен жүргізіледі.

Дыбыс-бейнелік құжаттаманы іріктеуді олардың түпнұсқасымен (негативімен, слаидпен, диапозитивпен, балауыз валикпен, шоринофондық жазулармен, граммофондық түпнұсқамен, магниттік лентадағы жазулармен және тағы басқалары) немесе сурет өңделгенін немесе монтаждалғанын анықтау мақсатында көшірмелері бойынша жүргізу керек.

Ғылыми қорлар басылымы үшін іріктеу, жарияланатын қордың немесе оның бөлігінің құжаттарын неғұрлым толық құраммен қамтамасыз ету керек. Қор құрушының қызметін толық көрсету үшін, басқа қорлардан және мұрағаттардан табылған оған тиісті құжаттар таңдап алынады. Бұл жағдайда жарияланатын қор құжатына тиісті екендігін анықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Бұрын жарияланған, қайталанатын ақпараты және болмашы маңызы бар мәлімет үшін жіберілген құжаттар мәтінге қосылмауы мүмкін, олар тек ғылыми-анықтамалық аппаратта (ескертпелерде, тізімдемелерде, таблицаларда және тағы сол сияқты) пайдаланылады.

Басылым мақсатының тәуелділігіне байланысты бір түрлі құжаттарды басу кезінде, қор тиістілігіне байланысты іріктеу белгісіне сәйкес дайындалған барлық құжаттар немесе олардың бір бөлігі осы басылым үшін таңдап алынады.

Жеке тұлғаның құжаттарын жариялау басылым мақсатына байланысты, бұл тұлғаның (оның ішінде өзінің қатысуымен дайындалған материалдар) қызметі мен өмірі туралы табылған қор қатыстылығына байланысты барлық құжаттар немесе бұл тұлғаның өмірі мен қызметінің қандай да бір қырын сипаттайтын құжаттардың бөлігі қосылады.

Жеке тұлғаның барлық құжаттарын жариялау, табылған құжаттардың (баспа және қолжазба түрінде) ғылыми-сыни зерттелуіне, бірінші кезекте олардың белгісіне, яғни авторлығына, уақытына және жазылған орнына негізделеді. Іріктеу жинақтағы табылған құжаттарды пайдалану мүмкіндігін анықтауға алып келеді.

Құжаттардың бір бөлігі ғана жарияланған жағдайда, басылымның алға қойған мақсатына байланысты, тұлғаның өмірі мен қызметінің қырын көрсету үшін, оларды іріктеу маңыздылығымен анықталады.

Ғылыми басылымдарда ертеде жарияланған құжаттарды іріктеу төмендегідей жағдайларда рұқсат етіледі:

1) бір қор басылымдарында, біртекті құжаттар және жеке тұлғаның басылымдарында;

2) егер басылым шеңберінде барлық құжаттарды толық жариялауға міндет қойылса;

3) жинақта жаңа құжаттармен, онда көрсетілген оқиғалардың себеп-салдарлы байланыстары толығырақ анықталған жағдайда;

4) оқиғаның арқауынан жекелеген дәлелдерді алып тастауға мүмкіндік бермейтін, қажет болған жағдайда оқиғаны рет-ретімен құжатпен баяндайтын;

5) егер мерзімді басылымдарда жарияланған құжаттың түпнұсқасы жоқ болған жағдайда;

6) егер бұрынғы жарияланым қол жетерлік болмаған жағдайда;

7) егер алдыңғы басылымдарда құжат бұрмаланып немесе толықтай жарияланбаса, сонымен бірге құжатты қате бағалаған жағдайда оған қосып берілген түсініктемелер және ескертулерімен қоса;

8) егер құжат ертеректе басқа тілде жарияланса.

5 параграф. Ғылыми-көпшілік және оқу түрлеріндегі

құжаттарды басу үшін іріктеу

Ғылыми-көпшілік және оқу типтеріндегі басылымдар үшін құжаттарды іріктеу тәсілі, ғылыми түрдегі басылымға құжат іріктеу тәсіліне ұқсас.

Ғылыми-көпшілік типіндегі басылым үшін оқырман қауымға әсер ететін мәнді ақпараты бар және танымдық қызығушылық тудыратын қолжетімді жарияланатын тақырып негізгі, түйінді мәселелер бойынша қоғамдық маңызы зор құжаттар іріктеліп алынады. Ғылыми-көпшілік типіндегі басылым үшін құжаттарды таңдау кезінде мыналарға көңіл аудару керек:

1) құжаттардың әр түрлеріне назар аударып, сонымен бірге мазмұны бойынша неғұрлым айқынырағына орын беру керек;

2) қандай да бір шараның, бастаманың нақты нәтижесін көрсететін бастамашыл және қорытынды сипаттағы құжаттарға артықшылық беру керек және сол сияқты;

3) көлемі жағынан үлкен емес құжаттарға бейімделу керек, осыған байланысты және құжаттардан үзінді (143-тармақты қарау керек) алу туралы мәселені шешу керек;

мәтіндік құжаттардың жиынтығы, адамдарға үлкен сезімдік әсер ете отырып тақырыптың кейбір мәселелерін ғана емес, сонымен бірге мәтіндік материалды суреттеп сипаттай алатындай болып, сурет құжаттарына және басқа бейнелеу материалдарына бейімделуі керек.

Оқу типіндегі басылымдар үшін оқу бағдарламасының тақырыбына сәйкес, оқушылардың түсінуіне қол жетімді, негізінен жарияланған құжаттар таңдап алынады.

Басылымға таңдап алынған статистикалық материалдар, әртүрлі құбылыстардың сандық өзгерістерін көрнекі көрсете білу керек және өзара салыстырмалы болу керек.

Мерзімді баспасөз материалдарын іріктеу. Мерзімді баспасөзде жарияланған (қаулылар, қарарлар, хаттар және тағы басқа) ресми құжаттармен бірге мерзімді материалдар (ақпараттар, корреспонденциялар, статьялар) іріктеледі.

5. Толық жарияланымы мүмкін емес статистикалық деректер репрезентативтік топтама құрастыру үшін іріктеледі.

Бақылау сұрақтары:

1. Құжаттарды баспаға шығару үшін мемлекеттік мұрағаттар жұмыстарының негізгі ережелері мен іріктеу принциптерін анықтау.

2. Материалдардың іріктеу мәселелерін көрсету.

3. Іріктеудің принциптері мен оған қойылатын талаптарды анықтау.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Добрушкин Е.М. Основы археографии: Учеб.пособие. М., 1992.

2. Добрушкин Е.М. История отечественной археографии. Современные проблемы и задачи изучения. Учеб.пособие. М., 1989.

3. Королев Г.И. Археография: Учеб. пособие. –М.: РГГУ, 1996.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных