Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Хроника, оның міңдеттері, құрамы 1-сағат




Дәріс мақсаты: Басылымдар хрониканың алатын орнын және ерешеліктерін ашып көрсету.

Тірек сөздер: хроника, тарихи хроника, биографиялық хроника

Негізгі қарастырылатын мәселелер және қысқаша мазмұны:

1. Хроника оның міңдеттері.

2. Хрониканың құрамы.

. Хрониканың мынадай түрлері бар:

тарихи (басылымда көрсетілген кезеңге немесе тақырыпқа қатысты оқиғалар, фактілер хроникасы,);
биографиялық, белгілі бір тұлғаның өмірі мен қызметі қатысты.
Тарихи хроника құжаттама басылымының барлық түрiнiң ғылыми-анықтамалық аппаратының бөлігі болып табылады. Онда тақырып бойынша белгiлi фактiлер жиынтығын көрсетіледi, оқиғалардың ретi мен өзара байланысын белгiленедi.
Биографиялық хроникамен негізінен қоғам қайраткерлерінің, ғылым, өнер, мәдениет өкілдерінің әдеби және шығармашылық мұрасының ғылыми басылымдары жабдықталады.
Ескерту. 253-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.11.2013 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Хрониканың әрбір мақаласы күнінен, факті, оқиғаның белгілеуінен және деректерді көрсетуінен тұрады.
Ғылыми типтегі басылымда белгілі бір есептер жүргізуге болатын, салыстырмалы түрде қорытынды жасауға болатын егжей-тегжейлі хроника құрастырылады.
Ғылыми-көпшілік және оқу басылымындағы хроникаларға осы жинақтың тақырыбына немесе хронологиялық кезеңіне қатысты негізгі фактілер, оқиғалар енгізіледі.
Оқу басылымындағы хрониканың әрбір мақаласы фактінің күнінен және белгісінен тұрады. Онда құрастыру деректері көрсетілмейді.
Хроникадағы күні осы Қағидалардың 190 тармағында белгіленген құжаттардың күнін қою қағидаларына сәйкес атауында көрсетіледі. Бір жылдың ішінде фактілер саны көп болып, оларды санамалап шыққанда күні және айы көрсетіледі, ал жылы жалпы атауына шығарылады. Факт, оқиға нақты және қысқа беріледі, бірінші орында оның ішкі мазмұны тұрады. Бір хроникада мақалалардың редакциялық стилі біркелкі болуы шарт.
Хроника деректерi болып жарияланымға енген және енбеген мұрағаттық құжаттар, осы тақырып бойынша бұрын басылып шығарылған құжаттар, мерзiмдiк басылымдар және әдебиеттер табылады. Дереккөзге сілтеме хрониканың әрбiр мақаласына қосақталып жүредi. Оған кiретiндер: мұрағаттық құжаттар үшiн – шифр, жарияланған құжаттар үшiн – жинақтың атауы, құжат бетi және нөмiрi, әдебиеттер үшiн – атауы, шығарылу деректері, беттерi.
Ескерту. 256-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.11.2013 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Хроника мақалаларын жүйеге келтіру. Хроникада тізбелену барысында бір күнде болған фактілер, оқиғалар, олар сағат бойынша рет-ретімен орналасады (егер сағаты белгілі болса) немесе маңыздылығы бойынша (алдымен фактілердің жалпы маңызы, сосын жеке, біріншіден орталықтағы оқиға, сосын басқа орындарда).
Хроникада шамамен күні қойылған фактілерді жүйелеу тәртібі осы Қағидалардың 196 тармағына сәйкес жүргізіледі.
Егер оқиғаның, фактінің күні көрсетілмей тек ай атауы берілсе, хрониканың осы мақаласы осы айдың нақты күндері көрсетілген мақалалардан кейін орналасады.
Егер оқиға ұзақ уақыт болып жатса, онда ол хроникаға алғашқы күні бойынша енгізіледі.
Хроникадағы мақалалар саны көп болғанда нөмірлеу ұсынылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Хрониканың басылымда алатын маңызын анықтау.

2. Хрониканың құрамын көрсету.

3. Хрониканың қажеттілігін айқындау.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Валк С.Н. Советская археография. Москва.,1948. 243с.

2. Добрушкин Е.М. Основы археографии, Москва., 1992. І раздел. С. 7-26.

3. Козлов В.П. Русская археография конца ХVІІІ-первой четверти ХІХ века //

Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора историчес-

ких наук. С. 3-48.

5. Эпштейн Д.М. История археографии в дореволюционной России.

Москва., 1977.

6. Королев Г.И. Археография. Москва., 1996. 256с.

ДӘРІС-23-24






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных