Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Терминологиялық сөздіктен




Армата – зеңбірек

Валка – ұрыс

Вепр – қабан

Врадник (врядник, урядник) – лауазымды тұлға

Инстигатор – Реч Посполитадағы сотта істі баяндайтын, айыптаушы қызметін атқаратын сот шенеунігі

Капитул – епископтың қасындағы діни кеңес.

 

(Социально-политическая борьба народных масс Белоруссии. Конец ХІV в. – 1648 г. Мн., 1988. Т. 1. С. 279–293)

Қысқарған сөздер тізімі басылымда кездесетін қысқартылып жазылған сөздердің әліпбилік тізімі болып табылады. Оған құжат мәтінінде кездесетін қысқарған сөздермен қатар археограф енгізген сөздер енгізіледі. Тізім қысқарған сөздердің толық атауымен қоса беріледі. Бір рет қана кездесетін қысқартулар бет астындағы түсініктемелерде ашылып, тізімге енгізілмеуі мүмкін. Қысқартылған сөздердің екіұшты түсінігі болмауы тиіс:

ВКЛ – Великое княжество Литовское (Ұлы Литва князьдігі)

ВНУ – Вышэйшая навучальная установа

м. – местечко

оп. – опись

фольв. – фольварк

Арнайы түсіндіруді талап етпейтін жалпыға ортақ қабылданған: т.т., т.б., т.с.с., обл., г., кг. және басқалар сияқты салмақ, ұзындық, уақыт өлшемдерін белгілейтін екіұшты түсінік тудырмайтын сөздер, сондай-ақ ауызша және жазбаша түрде әбден сіңісті болып кеткен райком, нархоз, т.б. сияқты сөз тіркестері қысқартылған сөздер тізіміне енгізілмейді. Белорус археографтарының тәжірибесінде жарияланатын құжаттар мәтіндерінде нақ осы екі тілдің басым екендігін ескеріп, белорус және орыс тілдерінде қысқарған сөздер тізімін жасау дәстүрге айналған.

Ғылми және көпшілікке арналған басылымдарда жарияланатын құжаттар тізімі болуы керек. Олар не «ХVІІ ғ. екінші жартысындағы орыс-белорус байланыстары (1667 – 1686 жж.)» жинағындағы сияқты кіріспеге енгізілуі, немесе дербес берілуі тиіс (мысалы, «Белоруссиядағы Ұлы Октябрь социалистік революциясы» екі томдығындағы сияқты). Тізімдегі мақала элементтері мына тәртіппен орналастырылуы тиіс: реттік нөмірі, датасы, құжат тақырыбы, құжат орналасқан басылым беттері. Тізімде құжаттар басылым құрылымына сәйкес (бөлім бойынша) немесе хронологиялық ретпен орналастырылуы мүмкін. Екінші принцип ғылыми типтегі басылымдарға тән, мысалы, ішіндегі құжаттар қатаң хронологиялық тәртіпте жүйеленбеген кітап толық басылып шыққан жағдайда. «Беларуский архів»-тің 2-томының құрамындағы Литва метрикасы жазбаларының 16-кітабын (онда құжаттардың хронологиялық реттілігі сақталынбаған) басылымға даярлау кезінде Д. И. Довгялло осылай еткен. Ол негізді түрде бірінші орынға құжаттың датасын шығарған, ал құжаттың басылым ішінде белгіленетін нөмірін соңына, тақырыптан кейін орналастырды.

Ғылыми басылымдарда анықталған, бірақ басылымға енгізілмеген құжаттар тізімі де берілуі мүмкін. Бұл басылымның ақпараттылығын арттыра түседі. Мұндай тізімдер мақалаларының сипаттамалық құрылымы мынандай: датасы, тақырыбы және құжаттың іздеу деректері:

20 ақпан 1939 ж. Гомель облпланының үшінші бесжылдықта облыс энергетикасын даыту перспективалары туралы анықтамасы.

ГА Гомель обл. Қ. 1071. Оп. 1. Іс 30. Б. 21–26. Көшірме.

 

(Индустриализация Белорусской ССР (1926 – 1941 гг.) Мн., 1975. С. 461)

Зерттеушілерге ғылыми айналымға енгізілген ғылыми типтегі басылымдардағы дереккөздер туралы ақпарат беру мақсатында бұрын жарияланған құжаттар тізімі жасалуы мүмкін. Оларда датасы, құжаттың тақырыбы және ол бұрын жарияланған басылым атауы келтіріледі:






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных