ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Терминологиялық сөздік, оның міңдеттері. Қысқартылған тізім. 2-сағатДәріс мақсаты: ҒАА жүйесінде терминологиялық сөздік және қысқартылған тізімнің ерешеліктерін ашып көрсету. Тірек сөздер: ҒАА, терминологиялық сөздік, тізім Негізгі қарастырылатын мәселелер және қысқаша мазмұны: 1. Терминологиялық сөздік, оның маңызы 2. Қысқартылған тізім: жарияланатын деректердің тізімі, анықталған деректердің тізімі. ҒАА құрамына сондай-ақ қажет жағдайда жасалуы мүмкін терминологиялық сөздік те кіреді. Терминологиялық сөздiк көнерген терминдерді, сонымен бiрге, аз қолданылатын немесе қолданыстан шыққан сөздерді түсiндiредi. Мұндай терминдер болған жағдайда саны аз болса оларды мазмұны бойынша ескертулерде түсіндірген абзал. Терминдер терминологиялық сөздiктерде әліпбилік тәртіппен орналасады және олардың мәнi көрсетiледi. Ол ескірген терминдерге, аз қолданылатын сөздерге, полонизмдерге, германизмдерге, белорусизмдерге (орыс тіліндегі деректік басылымдар үшін), русизмдерге (белорус тіліндегі басылымдар үшін) түсінік береді. Олардағы терминдер әліпби бойынша олардың мәні ашылып орналастырылады: Полонизм сөздігінен, көнерген сөздер мен сөйлемдер Абвадовы – учаскелік полицейский «Зубры» – Батыс Белоруссияда ірі жер иеленуші магнаттарды осылай атаған Інтэрпеляцыя – сейм депутаттарының үкіметке сұрау салуы
(Борьба трудящихся Западной Белоруссии за социальное и национальное освобождение и воссоединение с БССР. Документы и материалы в двух томах. Мн., 1972. Т. 2. С. 533–534) Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|