Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






БССР МАБ(мемлекеттік мұрағаттық басқармасы)басқа мекемелермен бірлесіп бұрын жариялаған құжаттар тізімі




(Народное образование в БССР. Сб. документов и материалов. Т. 1. 1917 – 1928. Мн., 1979)

Қысқарған сөздер тiзiмі басылымда кездесетін қысқартылып жазылған сөздердің әліпбилік тiзiмі болып табылады. Оған құжат мәтінінде кездесетін және онда сақталған қысқартулармен қата,р археограф енгізген қысқартулар да жатады. Тізім қысқарған сөздердің толық атауымен беріледі. Бір реттен артық кездеспейтін қысқартулар жолма-жол ескертулерде беріледі.
Қысқартуларды археограф ғылыми-анықтамалық аппарат құрамында жиі қайталанатын сөздер үшін орынды үнемдеу мақсатында және құжат мәтінін бергенде біркелкілікке жету үшін енгізеді.
Сөздердiң қысқартулары екiжақты түсiнiкті болдырмайды.
Арнайы түсiнiктеме талап етпейтiн жалпы қабылданған қысқартулар (т. б., т.т., т.с.с., обл. және басқалар, салмақтың, уақыттың, кеңістіктің атауларын белгілейтін, санға гемесе қандай да бір атауға жатқызылатын, екі жақты түсінік тулырмайтын – кг, мин., см., м., км), сондай-ақ, жазба және ауызша тіл нормаларына енген, мынау сияқты, ревком, райком, исполком, колхоз қысқартылған сөздер тізіміне енгізілмейді.
Жарияланымда шет тіліндегі мәтіндер көп болғанда шет тіліндегі мәтіндерде қабылданған арнайы қысқартулар тізімі құрастырылады.

Ғылыми және ғылыми-көпшiлiк типiндегi басылымдар жарияланатын құжаттардың тізбесін мазмұндайды. Жарияланатын құжаттардың тiзбесі мазмұнына енгiзiледi, немесе бөлек бөлiм болады.
Тiзiмнiң элементтерi мынадай тәртіппен орналасады: реттiк нөмiрі, күні, құжат атауы, құжат жарияланған басылым беттері. Тiзiмдегi құжаттар басылым құрылымына сәйкес (тараулар, бөлiмдер бойынша және сол сияқты) немесе хронологиялық тәртіппен орналастырылады. Тiзiмнiң хронологиялық құрылымы ғылыми басылымдарда пайдаланылады, онда құжаттар хронологиялық емес, қандай да бір басқа тәртіппен (тақырып бойынша, корреспонденттер бойынша, дереккөздер түрлерi бойынша, тағы сол сияқты) орналасады, бірінші орынға күні қойылады, ал құжат нөмірі атауының соңында көрсетіледі.
Егер құжат мазмұны атауында көрсетілмесе (мысалы, эпистолярлық басылымдарда, хаттамалар жинағында, дипломатиялық хат алмасуларда) жарияланатын құжаттардың аннотацияланған тізімін құрастыру қажет.

Анықталған, бiрақ жарияланбаған құжаттардың тiзбелерi ғылыми типтегi басылымдар үшiн, зерттеушiге басылым тақырыбы бойынша барлық табылған, бiрақ жарияланбаған материалдар туралы мәлiмет беру мақсатында жасалады. Тiзiбелердi құрастыру әдiсi табылған құжаттардың сипаты мен көлемiне байланысты әр түрлi болады. Тiзбеде бiр құжат бойынша да, құжаттарды топтап та сипаттама жасалынады.
Құжаттардың саны аз болғанда тiзбеде мынадай мәлiметтер берiледi: күнi, әрбiр құжаттың немесе бiркелкi құжаттар тобының атауы мен iздестiру мәлiметтерi, кейде – мазмұнының аннотациясы.
Тiзбелерде құжаттар жинақтың құрылымы (бөлiм мен тарау бойынша) сәйкес жүйеленеді, болмаса басқа белгiлерi бойынша жүргiзiледi, мысалы, хронологиясы, тақырыптық айдарлары немесе сақталу орны бойынша.
Құжаттардың бір түрін (хаттамалар, бұрыштамалар және тағы сол сияқты) қамтитын жинақтарда олардың атауларының мазмұны ашылмаса, құжаттар жинағына кірмеген құжаттарға аннотацияланған тізім құрастырылады.
Тізімдерде құжаттарды жүйелеу жинақтың құрылымына (бөлім мен тарау бойынша) сәйкес келуі мүмкін, болмаса басқа белгілері бойынша жүргізіледі, мы

Бұрын жарияланған құжаттардың тiзбесi ғылыми басылымдар үшiн зерттеушiлердi айналымға енген құжаттар туралы ақпараттандыру мақсатында жасалады. Бұндай тiзбелерде құжаттың күнi, атауы (қажет болған жағдайда – аннотациясы) және құжаттың бұрын жарияланған басылымының атауы, шығарылым деректерi мен беттерi көрсетiле отырып берiледi. Тiзбедегi құжаттар жинақтың құрылымына сәйкес немесе хронологиясы бойынша жүйеленедi.
Тізбеге бірнеше жинақта жарық көрген құжаттар енгізілгенде, бұл жинақтар атауы кіші атау ретінде беріледі, сосын хронологиялық ретпен бұрын жарияланған құжаттардың атауына енгізіледі.

 

Егер басылым үшін дереккөздер саны көп тартылған болса, мұрағаттық және жарияланған пайдаланылған дереккөздер тізімін жасаған тиімді болмақ. Ғылыми типтегі басылымдар үшін ол міндетті. Мұндай тізім болмаған жағдайда, анықталған құжаттар дереккөздері жайлы мәліметтер басылымның алғысөзінде келтіріледі.

Құжаттары жарияланған басылым тізімінде мұрағаттық қорлар мұрағат бойынша топтастырылады. Қорлар нөмірлерінің өсуі ретімен тізімделеді:






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных