ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Жаттарды жүйелеу, оның бағытталуы және маңызы. 1-сағатДәріс мақсаты: Құжаттарды жүйелеудің ерешеліктерін ашып көрсету. Тірек сөздер: Құжаттарды жүйелеу, құжаттарды топтау Негізгі қарастырылатын мәселелер және қысқаша мазмұны: 1 Құжаттарды жүйелеу, оның бағытталуы және маңызы. 2 Археографиялық басылымның құрылымы. 3 Басылым элементтерінің құрамы. Құжаттарды топтау принциптері. Деректі басылым құрылымы деректі жарияланым типіне, түріне, нысанына, жарияланып отырған құжаттардың тақырыбы мен сипатына байланысты болады. Бір томдық ғылыми типтегі басылымдарда алғысөз (тарихи және археграфиялық бөлімдер), құжат мәтіндері, мәтінге не мазмұнына байланысты ескертулер, сілтемелер, қысқартулар тізімі, жарияланып отырған дереккөздер тізімімен бірге мазмұны қамтылады. Оқиғалар хроникасы, библиография және қосымшалардың қосылуы әр жинақ үшін жеке шешіледі. Көп томды немесе сериялық басылымдар үшін бірінші том барлық басылым үшін ортақ кіріспені қамтиды. Басылымда арнайы том болған жағдайда серияға енген жекелеген томдардың бөлімдері жинақталады. Бұл жағдайда том алғы сөзден, құжат мәтіндерінен, мәтін мен мазмұнына байланысты ескертулерден, қосымшалардан, қысқартулар тізімінен, сілтемелерден, қысқартылған сөздердің тізімінен, жарияланып отырған құжаттар тізімінен, мазмұнынан құралады. Оқу типтегі деректі жинақтар қысқаша алғы сөзден, бөлімдерге, сабақ тақырыптарына, құжат топтарына немесе жекелеген тарихи дереккөздерге түсініктеме мәтіндерден, құжат мәтіндерінен, мәтін мен мазмұнына байланысты ескертулерден, терминологиялық сөздік пен ұсынылатын библиографиядан, мазмұны және жарияланып отырған дерекөздер тізімінен құралады. Өлкетану мазмұнындағы басылымдар есімдер, географиялық атаулар көрсеткішін, библиографияны қамтуы тиіс. Құжаттар басылымының жекелеген бөлімдері келесі тәртіпте орналасады: алғы сөз, құжат мәтіндері, қосымшалар, қысқартулар тізімі, мазмұны бойынша ескертулер, хроника, көрсеткіштер, пайдаланылған дереккөздер тізімі, библиография, безендірулер тізімі, жарияланған құжаттар тізімі, мазмұны. Құжаттарды жүйелеу Жарияланымда құжаттарды жүйелеу басылым тақырыбы, құжаттар құрамы мен сипатына байланысты жүзеге асады. Құжаттарды жүйелеудің келесі түрлері бар: хоронологиялық, тақырыптық, географиялық, номиналдық (құжат түрлері бойынша), авторлық және тілшілік. Жинақтағы құжаттарды жүйелеу бiрнеше белгiлерi бойынша жүзеге асырылады (тақырыптық-хронологиялық, номиналды-хронологиялық тағы сол сияқты). Құжаттарды жүйелеу принциптері басылымның жоспар-проспектісінде анықталады. Басылымда құжаттарды орналастыру реттік нөмірмен бекітіледі. Басылымның хронологиясын құру кезiнде қатаң хронологиядан ауытқуына келесi жағдайларда жол беріледі: құжат кезеңдi жалпылау сипаттамасына (бағалауына) ие болса, ол кезеңге байланысты құжаттар тобының басында орналастырылады; Әр түрлi, бiрақ хронолиялық жағынан жақын бiрнеше құжат бiр оқиғаға (фактіге) қатысты болса, олар топтық тақырыппен бірiктіріледі; құжаттың құрылуы мен қарастырылу уақыты сәйкес келмесе. Хронологиядан ауытқудың барлық жағдайлары ескертуде немесе алғы сөзде көрсетілуі керек. Мекемеге келіп түскен немесе бекіту уақыты ғана бар статистикалық кестелер сол уақыт бойынша орналасады. Уақыты белгіленген мұрағаттық құжаттар бойынша дайындалған статистикалық кестелер осы құжаттардың соңғы мерзіміне қарай мерзімделіп, алғашқы күні бойынша орналасады. Қорытынды статистикалық деректер әр бөлімнің соңында уақытына байланысты орналаса береді. Айы немесе жылы ғана көрсетілген құжаттар, уақыттың сәйкес аралығының соңында, нақты мерзімделген құжаттардан кейін орналасады. Егер құжаттың шамамен бірнеше күн, ай немесе жылға сай мерзімі анықталса, мұндай құжаттар бастапқы мерзімі бойынша нақты мерзімделген құжаттардан кейін орналасады. Қосымшалардың мақсаты мен құрамы. Барлық типтегi құжаттар басылымы қосымшалармен болады, олардың мақсаты – жарияланып отырған құжаттардың мазмұнын толықтыратын мәлiметтердi хабарлау. Қосымшаларда құжаттар, сонымен қатар жариланбайтын құжаттар мен деректер негiзiнде археограф құрастырған материалдар; бұрын жарияланған құжаттардың тiзiмi; ғылыми жұмыстар тiзiмi, қайта аталған көшелер мен аудандардың, архитектуралық және археологиялық ескерткiштердiң, сақталмаған және табылмаған хаттардың, кәсiпорынның, мекемелер мен ұйымдардың тарихы туралы анықтамалар, анықтама-досье; кестелер енгiзiледi. Кесте түрiнде цифрлық құжаттар ғана емес, сонымен қатар көп мөлшерде жарияланбаған құжаттардан алынған мәлiметтер берiледi. Жарияланған құжаттардың қосымшаларында карталар мен сызбалар кіргізілуі мүмкін, мысалы, түрлі саяхатта маршруттардың сызбасы, әскери операциялардың карталары мен сызбалары. Бақылау сұрақтары: 1. Құжаттарды жүйелеу, оның бағытталуы және маңызын анықтау. 2. Археографиялық басылымның құрылымын көрсету. 3. Басылым элементтерінің құрамын анықтау. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Валк С.Н. Советская археография. Москва.,1948. 243с. 2. Добрушкин Е.М. Основы археографии, Москва., 1992. І раздел. С. 7-26. 3. Козлов В.П. Русская археография конца ХVІІІ-первой четверти ХІХ века // Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора историчес- ких наук. С. 3-48. 5. Эпштейн Д.М. История археографии в дореволюционной России. Москва., 1977. 6. Королев Г.И. Археография. Москва., 1996. 256с. ДӘРІС- 29 Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|