ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Генетиканың зерттеу әдістеріТұқым қуалау мен өзгергіштікті зерттеуде бірқатар әдістер қолданылады. Олардың ең негізгісі генетикалық талдау болып табылады. Жынысты көбеюде организмдердің жеке қасиеттері мен белгілерінің тұқым қуалауын және тұқым қуалау заңдылықтарын талдауға мүмкіндік беретін будандастыру жүйесін сол сияқты гендердің өзгергіштігі мен олардың комбинаторикасын зерттейтін әдісті гибридологиялық талдау деп атайды. Бұл генетикалық талдаудың ішіндегі ең негізгісі. Бұл әдістің мәні бір немесе бірнеше белгілері арқылы бір-бірінен ажыратылатын организмдерді будандастыру (гибридизация) болып табылады. Осындай будандастырулардан алынған ұрпақтар гибридтер болып табылатындықтан, бұл әдіс гибридологиялық әдіс деп те аталады. Сонымен, гибридологиялық талдау генетиканың ең негізгі және арнайы әдісі болып табылады. Оған сонымен қатар математикалық статистиканың элементтері де енеді. Математикалық әдіс, әдетте, будандастыру бойынша жүргізілген тәжірибелердің нәтижелерін өңдеу, белгілердің өзгергіштігін зерттеу және зерттелген белгілер арасындағы байланыстарды табу үшін қолданылады. Семьялардағы немесе туыс адамдар арасындағы тұқым қуалаушылыққа талдау жасау арқылы олардың белгі қасиеттерінің ұрпақтарға берілуін зерттеуге мүмкіндік беретін генетикалық әдістің бір түрін генеалогиялык деп атайды. Бұл әдіс көптеген тұқым қуалайтын аурулардың себебін табуға мүмкіндік берді. Хромосомалар құрылысының ерекшеліктері цитологиялық әдістің көмегімен зерттелетінін ерекше атап айтқан жөн. Хромосомалар функцияларына және олардың жаңадан өзін өзі өндіру механизмдеріне талдау жасау үшін тұқым қуалаудың цитохимиялық, биохимиялық және цитогенетикалық әдістері де кең түрде қолданылады. Геннің әсері және организмнің жеке дамуы процесіндегі оның көрінісі онтогенетикалық әдіспен зерттеледі. Онтогенетикада гендер әсерін талдаудың алуан түрлі тәсілдері қолданылады: тұқым қуалау қасиеттері әр түрлі тканьдерді трансплантациялау, бір клетканың ядросын екінші клеткаға ауыстыру, тканьдерді өсіру әдісі, клеткалық селекция, эмбриологиялық, иммунологиялық және талдау жасау т.б. Молекулалық биология мен молекулалық генетиканың дамуы биополимерлерді зерттеудегі физика-химиялық әдістердің кең қолданылуына байланысты болды. Қорытындылап айтқанда генетика тұқым қуалаушылықты және тұқым қуалайтын өзгергіштікті негізгі үш бағытта зерттейді: 1) организмнің көбею процесіндегі гендердің жағдайы; 2) геннің материалдық құрылымы; және 3) геннің онтогенез барысындағы өзгергіштігі мен қызметі (әсері). Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|