Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып:Тұқымқуалаушылықтың цитологиялық негіздері.




Клетканың тұқымқуалаушылыққа қатысы.

Жыныстық жолмен көбейетін организмдерде тұқым қуалаушылыққа қажетті материалдың ата-анадан ұрпаққа берілуі ұрықтану процесінде, яғни аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылуы кезінде жүзеге асады. Өсімдіктер мен жануарлар клеткасының құрылысында кейбір өзгешеліктер болғанымен, олардың барлығы да цитоплазма мен ядродан тұрады. Цитоплазманың құрамында органоидтар болады. Олар митохондриялар, рибосомалар, лизосомалар, Гольджи комплексі, эндоплазмалық тор және тек өсімдік клеткаларында ған кездесетін пластидтер.

Митохондрияның пішіні таяқша немесе түйіршік тәріздес, ұзындығы 5-7 мкм болып келеді. Негізгі қызметі клеткадағы заттардың алмасуы үшін қажетті энергияның қорын жинақтайды. Ал оның көзі – мейлінше энергияға бай қосылыс АТФ.

Рибосомалар негізінен эндоплазмалық тор мен ядро қабықшасының сыртқы қабатында орналасатын шағын денелер. Химиялық құрамы белок пен РНҚ-дан (рибонуклейн қышқылы) тұрады. Рибосомада ДНҚ мен РНҚ-ның қатысуында белок синтезі жүреді.

Лизосомалар – сыртқы липопротеидті мембранамен қоршалған, диаметрі 0,4 мкм-дей бөлшектер. Оладың құрамында клетканың ішіндегі заттарды ыдыратуға қатысатын ферменттер жинақталады.

Гольджи комплексін ең алғаш рет 1898 жылы Италия оқымыстысы К. Гольджи тапқан, сондықтан ол соның есімімен аталады. Онда заттар алмасу процесінде бөлінетін және клеткадан сыртқа шығарылуы тиісті ыдырау өнімдері - секреттер, кейбір улы заттар т.б. жинақталады.

Эндоплазмалық тор цитоплазманы торлап жататын әр түрлі ұзынды-қысқалы түтікшелерден тұрады. Ол клетканың ядросы мен бүкіл органоидтарын бір-бірімен байланыстырып тұратын заттардың алмасу процесіндегі бірден-бір реттеуші жүйе болып табылады.

Цитоплазмадағы аса маңызды органоид жасыл өсімдіктердің барлық клеткаларында кездесетін пластидтер. Ол үш түрлі болып келеді: фотосинтез процесіне қатысатын жасыл түсті пигмент хлорофилл түзетін хлоропластар,

түссіз – лейкопластар және әр түрлі пигменттер түзетін хромопластар.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных