Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Б. Мейоздың биологиялық маңызы




Мейоздың нәтижесінде жетілген жыныс клеткаларында хромосомалар саны гаплоидты болады, ал ұрықтанған кезде нақты сол түрге тән хромосомалардың диплоидты саны қайтадан қалпына келеді. Мейозда гомологты хромосомалар бір жыныс клеткаларына ажырайды және ұрықтану кезінде гомологты хромосомалардың жұбы қалпына келеді. Демек әр түр үшін хромосомалардың диплоидты жиынтығының және ДНҚ санының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

Мейоз кезінде хромосомалардың әр жұбының тәуелсіз таралуы, бөлімдер алмасуы және сол хромосомалардың айқасуы нәтижесіңде түзілетін клеткалардың хромосомалар жиынтығы ұқсас болмайды. Мейоз комбинативтік өзгергіштікті камтамасыз етеді.

Хромосомалардың мейоз барысындағы жай-күйін және ұрықтану кезіндегі жағдайын салыстыра отырып 1903 жылы У.Сэттон бұл құбылыстарды тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы негізіне жатқызды.

Шындығында, гаплоидты гаметаларда әр жұп хромосомалардың біреуі ғана және соған сәйкес менделъдік факторлар немесе аллеломорфтар да бір-бірден болады.

Гаплоидты гаметалардың бірігуі әрбір ата-аналық гомологты хромосомалардың бір-бірімен қосылуына мүмкіндік туғызады. Егер олардың құрамындағы бір геннің аллельдері бойынша өзгешелік болса, онда гтерозигота (Аа) түзіледі. Мейозда хромосомалар санының редукциясы жүреді. І-ші анафазада биваленттердің гомологтары тәуелсіз таралады, сол сияқты гендердің әр жұбы да (АаВв) тәуелсіздік көрсетеді және нәтижесінде гаметалардың төрт түрлі типтері: АВ, Ав, аВ, ав түзіледі. Егер А және В гендері гомологты емес хромосомаларда орналасса, онда хромосомалар мен гендердің ажырауы бір-біріне толық сәйкес келеді.

Сонымен, жануарлар мен өсімдіктердің жынысты көбеюінде ұрпақтар арасындағы сабақтастылық тек жыныс клеткалары арқылы ғана қамтамасыз етіледі. Жануарлар мен өсімдіктердің аталық және аналық жыныс клеткаларының бір-бірінен недәуір өзгешеліктері болады. Жануарлар мен өсімдіктердің жыныс клеткаларының даму жолдары, сол сиякты ұрықтану процестері де әртүрлі, бірақ екеулеріне де жыныс клеткаларының дамуы негізінде эмбриондық клеткалардың жалпы дифференцияциялану процесі мен мейоздағы хромосомалар санының азаю механизмі жатыр. Жыныс клеткаларының даму сатылары және фазаларымен қоса алғанда мейоз жынысты көбею процесінің тек бір ғана кезеңі болып табылады. Мейоздан кейін жетілген жыныс клеткалары - гаметалардың түзілуі кезеңі басталады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных