Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Негізгі генетикалық ұғымдар. Генетикалық символика. Будандастырудың жазылу тәртібі




Тұқымқуалаушылыққа генетикалық талдау жасағанда көптеген ұғымдар терминдер мен символикалар жиі қолданылады. Генетикада көп қолданылатын ұғымдардың қатарына "белгі", "қасиет" деген ұғымдар жатады. Ол ұғымдар бір организмді екінші организмнен ажыратуға болатын морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық және т.с.с. басқа ерекшеліктерді де білдіреді.

Жынысты көбеюде жұп белгілердің тұқым қуалауына генетикалық талдау жасау үшін әртүрлі жынысты екі организмді будандастыру керек. Сол мақсатта алынған ата-аналық организмдерді латынның Р әрпімен (латынның Parent - ата-ана деген сөзінің бірінші әрпі) белгілейді. Генетикада будандастыруды көбейту - X белгісімен көрсетеді. Будандастыру схемасын жасаған кезде бірінші орынға аналық организмді, ал екінші орынға аталық организмді жазады да, екі аралығына будандастыру белгісін қояды. Аналық жынысты ♀ (Шолпан айнасы) белгісімен, аталық жынысты ♂(Марс қалқаны және найзасы) белгісімен белгілейді.

Альтернативті белгілері бар екі организмді будандастырудан алынған ұрпақты гибридтік (будандық) ұрпақ деп, ал оның жекелеген дараларын -гибрид (немесе будан) деп атайды. Ықшамдылық үшін гибрид ұрпақты Ғ әрпімен (латынның Ғilia - ұрпақ деген сөзінің бірінші әрпі) белгілейді, ол әріпке индекс қойылады және ондай индекс гибрид ұрпақтың реттік нөміріне сәйкес қойылады. Мысалы, бірінші ұрпақты Ғ1 арқылы белгілейді, егер гибрид даралар өзара будандастырылса онда олардың екінші ұрпақтары Ғ2, ал үшінші ұрпақтары Ғ3 деп белгіленеді.

Хромосоманың белгілі бір бөлігінде орналасқан, тұқым қуалайтын белгі -қасиеттерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін тұқым қуалау ақпаратының генетикалық өлшем бірлігі ген деп аталады. Альтернативті жұп белгілерді анықтаушы жұп гендерді аллеломорфты жұп деп, ал жұп болып келу құбылысының өзін аллеломорфизм немесе аллелизм деп айтады. Әр ген екі түрлі жағдайда болады және олар бір жұп түзеді, ал ол жұптың әр мүшесі аллель деп аталынады. Мендель тұқым қуалайтын альтернативті жұп белгілерді латын алфавитінің әріптерімен көрсетуді ұсынды. Мысалы, А және а, В және b тағы сол сияқты.

Аллельді гендер гомологты хромосомалардың ұқсас бөлімінде орналасады, ал олардың орналасатын орнын локус деп атайды. Гомологты жұп хромосоманы параллель қос сызық (=) арқылы көрсеткен кезде, онда орналасқан аллельді гендерді бірінің астына бірін, мысалы, және – деп жазу керек, ал оларды хромосомасыз көрсеткенде АА, Аа және аа делініп жазылады.

Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы зигота деп аталатыны белгілі. Егер зигота бірдей аллельдері бар жыныс клеткаларының қосылуынан түзілсе, оны гомозигота деп, ал әртүрлі аллельдері бар екі жыныс клеткасының қосылуынан түзілсе, оны гетерозигота деп атайды. Мысалы, және -гомозиготалар, ал гетерозигота.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных