Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Талдаушы будандастыру




Біз қарастырған мысалымызда аналық ретінде рецессивті жасыл тұқымдары ірі бұршақ өсімдігін алдық. Ал егер доминантты белгі болса, тұқым қуалаудың 3:1 немесе 1:2:1 сипаты өзгеруі мүкін бе? Бұл сұраққа жауап беру үшін реципрокты будандастыру жүргізу керек. Реципрокты будандастыру деп доминантты және рецессивті белгісі бар организмдері аналық ретінде де, аталық ретінде де пайдалануды айтады. Реципрокты будандастыру кезінде туpa және кері будандастырулар жүргізіледі. Мысалы, АА х аа - тура, ал аа х АА - кері будандастыру.

Көпшілік жағдайда реципрокты будандастырудан бірдей нәтижелер алынады, яғни бірінші гибрид ұрпақ Ғ1 біркелкі, сол сияқты Ғ2 кезіндегі белгілердің ажырауында да ешқандай айырмашылық болмайды. Белгілердің тұқым қуалауының хромосомалық механизмі бұл заңдылықты да оңай түсіндіре алады.

Белгілердің тұқым қуалауын гибридологиялық анализ әдісімен зерттеуде кейде қайыра будандастыру немесе беккросс деп аталатын будандастырулар қолданылады. Ол бірінші гибрид ұрпақ Ғ1-ді гомозиготалы (доминантты немесе рецессивті) формалар мен будандастыру болып табылады және осындай будандастырудан алынған ұрпақты Ғa деп белгілейді. Оны былайша жазуға болады: Аа х АА немесе Аа х аа. Генетикалық талдау және селекция жұмыстары үшін осы екі будандастырудың маңызы бірдей емес. Бірінші гибрид ұрпақ Ғ1-ді доминантты аллельдер бойынша гомозиготалы формамен қайыра будандастырған кезде оның ұрпақтары генотипі жағынан 1AA: Іаа болғанымен фенотипі бойынша белгілердің ажырауы байқалмайды. Ғa кезінде барлық өсімдіктерде тек сары түсті тұқым пайда болады.

Генетикалық талдау үшін де, сол сияқты селекция жұмыстары үшін де Ғ1 ұрпағын рецессивті аллельдер бойынша гомозиготалы формамен будандастырудың үлкен маңызы бар. Будандастырудың мұндай жолын талдаушы (анализдеуші ) будандастыру деп атайды.

Рецессивті гомозиготалы форма (aа) бір типтес гаметалар (а) түзеді ал гетерозиготалы гибрид (Аа) екі сортты А және а гаметаларын түзеді. Аналық жыныс клеткаларының әрқайсысы бірдей мүмкіндікте ұрықтанған жағдайда Аa және аа генотиптері 1:1 қатынасында болып шығады. Қайыра будандастырудың осындай жолымен алынған Аа ұрпағы тұқымының сары, аа ұрпағы тұқымының түсі жасыл, яғни фенотиптері бойынша ұрпақтардың ажырауы 1:1 қатынасында болады. Сонымен, Ғ1 кезінде гендердің ажырау ерекшеліктеріне қарап гибридтің генотипін, гибридтер түзетін гаметалар типін және олардың арақатынасын анализдеуге (талдауға) болады. Сондықтан да гибрид организмді рецессивті гомозиготамен будандастыруды анализдеуші деп айтады. Анализдеуші будандастырудың көмегімен организмнің белгісіз генотипін анықтауға болады. Мысалы, тұқымның түсі сары өсімдіктерді жасыл тұқымды өсімдіктермен будандастырған кезде алынған ұрпақтың тұқымдарының бәрінің түсі сары болса, онда будандастыру үшін алынған өсімдік тұқымының генотипі АА, яғни доминантты гомозиготалы болғаны. Егер дәл осындай будандастырудан алынған сары және жасыл тұқымды өсімдіктердің арақатынасы 1:1 қатынасында болса, онда анықтауға алынған сары тұқымды өсімдіктердің генотипі Аа, яғни гетерозиготалы болғаны. Талдаушы будандастырудың практикалық жұмыста да маңызы зор.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных