ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын зерттеуде қолданылатын әдістерТабиғатта тіршілігі мен құрылыс ерекшеліктері сан алуан түрлер тіршілік етеді. Сол түрлерге жататын жекелеген организмдер жынысты немесе жыныссыз көбею нәтижесінде өздерінің ерекшеліктерін (морфологиялық, анатомиялық, физиологиялық, биохимиялық т.б.) тұқым қуалаушылық арқылы өз ұрпақтарына береді. Тұқым қуалай отырып, ұрпақтан-ұрпаққа берілуі нәтижесінде өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдердің нақтылы түрге тән ерекшеліктері мен белгілері сақталады. Тұқым қуалау заңдылықтарын зерттеу тірі табиғат құрылымының әр түрлі деңгейлерін (молекулалық, хромосомалық, клеткалық, организмдік және прпуляциялық) қамтиды. Осыған байланысты тұқым қуалауды зерттеуде бірнеше әдістер (гибридологиялық, цитологиялық, популяциялық биохимиялық және т.б.) қолданылады. Осы ғылыми әдістердің бәрі тұқым қуалау құбылыстарына генетикалық талдау жасауға мүмкіншілік береді. Тұқым қуалауды зерттеу үшін қолданылатын генетикалық әдістердің ең бастысы гибридологияяық талдау. Бұл организмдердің жеке қасиеттері мен белгілерінің тұқым қуалау зандылықтарын ашуға және оларға талдау жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ будандастыру жүйесін жасауда, сол сияқты гендердің өзгерісі мен олардың комбинациясынан пайда болатын өзгергіштерді зерттеуде де үлкен роль атқарады. Тұкым қуалау заңдылықтарын зерттеудің алғашқы негізін салған 1865 жылы Грегор Мендель. Мендель қолданған тұқым қуалауды зерттеудің жаңа гибридологиялық әдісінің негізгі ерекшеліктері мыналар: 1. Тұқым қуалаушылығы зерттелмекші болып отырған ата-аналық формалар бір-бірімен оңай будандаса алатын бір түрге жататын организмдер болуы қажет. Ата-аналық формалардың әрқайсысы өздерінің белгілерін бірнеше ұрпақтар бойы тұрақты (константты) түрде беруі қажет. Өйткені болашақ будандастырулар үшін тек белгілері "таза" организмдер ғана пайдаланылады. Мендель өз зерттеулерінде бір түрге жататын, өздігінен тозаңданатын және белгілері бірнеше ұрпақтар таза берілетін бұршақ өсімдігін таңдап алды. 2. Будандастырылатын организмдердің көзбен айқын көруге болатын бір немесе бірнеше жұп альтернативті белгілері болуы тиіс. Будандастырудан алынған ұрпақтардағы әр жұп белгілердің тұқым қуалауына талдау жасау керек. Мендель өз зерттеулерінде альтернативті жұп белгілері бар, мысалы, гүлдерінің түсі қызыл және ақ, тұқымының түсі сары және жасыл, тұқымының пішіні тегіс және бұдыр т.с.с. белгілері бар өсімдіктерді будандастырды және әр ұрпақ бойынша осы жұп белгілердің тұқым қуалауын жеке-жеке есепке алды, 3. Альтернативті жұп белгілері бар ата-аналық формаларды будандастырудан алынған гибрид организмдердің бірнеше ұрпақтарына сандық талдау жасалуы керек. 4. Мендель зерттеулерінің төртінші ерекшелігі - әр будан өсімдіктен шыққан ұрпақтарға жеке-жеке талдау жасалуы керек. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|