Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Клетка биохимиясы мен физиологиясы ілімінің негізгі принциптері мен мәселелері. Қысқа тархы және дамуы.Морфогенез бен физиологияның байланысы.




Морфогенез, морфогения, пішін қалыптасу (гр. morphe — пішін, түр және генез) — организмнің жануарлар түрлеріне, туысына, отрядына, сыныбына (класына), типіне байланысты дене бітімі мен пішінінің қалыптасу процесі. Пішінқалыптасу процесін биология ілімінің үлкен саласы морфология зерттейді. Жануарлар организмінің құрылысы мен пішінқалыптасу процесін эмбриогенездің: органогенез, системагенез кезеңдерінен бастап организмдік деңгейде және пішіңдік эволюциялық даму деңгейінде қарастырады.Жануарлардың ұрықтық дамуы кезеңінде (эмбриогенезінде) ұрық жапырақшалары (эктодерма, энтодерма, мезодерма) мен біліктік мүшелерден (жүйке түтігі, хорда, ішек түтігі) ұлпалар мен органдардың дамуы нәтижесінде организмдегі белгілі қызметті атқаруға маманданған мүшелер жүйесі қалыптасады. Әр түрлі жануарлар организмдерінің, олардың тіршілік орталарына сәйкес ішкі дене құрылысының дамуы мен сыртқы дене бітімінің қалыптасуын — биологияның салыстырмалы морфология саласы зерттейді. Филогенез бен онтогенездің түрлі сатысында Морфогенез ерекшеліктерін зерттеу — организмнің биол. дамуының биогенетик. заңдылықтарын тереңірек білуге мүмкіндік береді.Өсімдіктерде Морфогенез деп, жабын, түзгіш, өткізгіш ұлпалардың, сондай-ақ, олардың органдарының (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жемістің) түзілуі

2. Тірі ағзаның химиялық құрамы.Белок,тұз,көмірсу,липидтер. Жасуша құрамындағы органикалық заттар. Олардың құрылысы мен атқаратын қызметі Органикалық қосылыстар тірі организм жасушасының 20-30%- ын құрайды. Оларға биологиялық полимерлер — нәруыздар, нуклеин қышқылдары және кемірсулар, майлар мен бірқатар маңызды молекулалар — витаминдер, гормондар, пигменттер, органикалық қышқылдар, аминқышқылдары, нуклеотидтер, спирттер, т.б. жатады. Жануарлардың, өсімдіктердің және микроағзалардың органикалық құрамы жағынан айырмашылықтары бар. Мысалы: өсімдіктер жасушасында күрделі көмірсу — полисахарид, жануарларда — нәруыз бен майлар, ал микроағзаларда нәруыздар басым болады. Осылай бола тұрса да, өр түрлі жасушаларда осы органикалық заттар тобы өзара ұксас қызмет атқарады.

Көмірсулар. Көмірсулар немесе сахаридтер — жалпы формуласы Сn(Н2On) болатын органикалық заттар. Көптеген көмірсулардың құрамындағы сутек атомдарының саны өттек атомдарынан екі есе кеп болады, сондыктан да бұл заттар көмірсулар деп аталған. Жануарлар жасушаларында көмірсулар мөлшері көп емес, 1—2%-дан 5%-ға дейін (бауыр жасушаларында) болады. Өсімдік жасушалары көмірсуларға бай, олардың құрғақ салмағының 90%-ын көмірсулар құрайды (жүзім жемісі, карбыз). Көмірсуларды қарапайым және күрделі деп бөледі. Қарапайым көмірсулар моносахаридтер деп аталады. Молекуласындағы кеміртек атомының санына байланысты моносахаридтер триоза (3 атом), тетроза (4 атом), пентоза (5 атом) және гексоза (6 көміртек атомы) деп аталады.

Липидтер маңызды энергия көзі болып табылады. 1 г май С02 мен Н90-ға дейін ыдырағанда, көп мөлшерде энергия бөлініп шығады — 38,9 кДж. Жануарлардың май ұлпасында, өсімдіктердің жемістері мен тұқымдарында жинақтала отырып, майлар энергияның қосымша көзі ретінде қызмет атқарады.Жылуды нашар өткізетіндіктен, майлар ағзада жылу сақтау қызметін де атқарады. Арктика жануарларында, мысалы, киттердің май ұлпаларының қалыңдығы 1 м болады.Бейорганикалық заттар немесе Анорганикалық қосылыстар, бейорганикалық қосылыстар — хим. элементтердің өзара және бір-бірімен байланысуынан шығатын заттар. Бұған тізбек түзе байланысатын көміртек қосылыстары яғни органик. және полимерлік қосылыстар кірмейді.

Жасушаның 80%-ы судан тұрады. Тұздар. Сумен бірге тұздар да жасушаның бейорганикалық заттарына жатады. Жасушаның тіршілік процестері үшін тұздардың құрамына енетін кальций, натрий, калий, магний, және фосфат иондарының маңызы зор. Жасушаның қалыпты қызмет атқаруы және жасуша ішінде үнемі реакция жүруі үпгін де иондардың маңызы ерекше.

Ақуыз, нәруыз, белок — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі ағзаларга тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан күралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер. Ақуыз ағзалар тіршілігінде олардын құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әр алуан өте манызды қызмет атқарады. Ақуызды зат құрамында міндетті түрде азоты бар күрделі органикалық қосылыс.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных