Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Индикаторлы құралдар




Операторлардың электрондық жүйелермен байланысқанда тексерілетін жүйенің әр түрлі параметрлерімен шамаларын сан мәндері туралы ақпарттар білуге тура келіп отырады. Ол ақпараттар көбінесе электрлік сигналдар ретінде электронды жүйелерден келеді, осы сигналдардың мәндерін немесе олардың санды немесе әріпті түрде көрсетуге арналған құралы индикатор болып табылады.

Индикаторлық құралдарды – санды немесе әріпті ақпараттарды көрсетуге арналған визуалдық құрылымдар болып табылады, олардың әр түрлі сандар және ақпараттық дәрежесі болуы мүмкін. Мысалы: көптеген ақпараттарды жүгірме қызыл жазулар арқылы жолаушыларға вокзалдарда және сауда кешендер мен офистерде анақтама таратады. Электронды құралдарды жүйеге қосқанда немесе ажыратқанда индикаторда «Сеть» және «Вкл» немесе «питание» деген жарықша көрсетіледі, ал ЭВМ құрылымдарында оған күрделі индикатор құралдары – дисплейлер арқылы жұмыс істейді, олар электронды сәулелі индикатор болып келуі де мүмкін. Индикаторлардың негізгі мақсаты электр сигналдарын көрінетін сандар немесе жазулар түрінде айналдыруға немесе келтіруге арналған.

Жартылай өткізгішті индикаторлардың жұмыс істеу әсері оның р-п асу аймағына тура кернеу берілгенде заряд тасушылардың рекомбина-цияланғандағы жарық кванттарының шығуларына негізделген.

Жартылай өткізгішті индикаторларға жататын негізгі аспап жарық диодтар – оларға жартылай өткізгіш диодтардың р-п асулары аймағында жарық шығару шыны қораптан көрінуге жағдайын жасаған. Жарық диодының әр түрлі жарық шығаруы оның жасалған материалына байланысты болады. Мысалы: GaP – Zn – қызыл жарық, GaP – висмут көгілдір т.б.

Жарық диодының нүктелік дискреті түрі ақпараттарда, қондырғыларда, ал сегментті түрі әріп пен сандарды өрнектеп көрсетуге арналады.Жарық диоды тура кернеуде 2-6 В, тоғы 1-4 мкА, қуат 0,1 Вт. (3,31-сурет).

 

 

Сурет 3,31

 

Бұлар көбінесе өлшегіш құралдарда, автоматикалық құрылымда және есептеу техникаларында қолданылады.

Фотоэлектрлік құралдарға – фотоэлемент, фотодиод, фоторезистор-лар, фотокөбейткіштер жатады.

Фотоэлемент деп – оптикалық диапазондағы сәулелік энергияның әрекеті оның электрлік қасиеттерін өзгертуге әкеліп соғатын электровакуумдық, шала өткізгіш немесе иондық аспап айтылады.

Фотоэлектрлік құралдар деп – оптикалық сәулелер энергиясын электр энергиясына айналдыратын құралдарды айтады.

Оптикалық жарықтануға – ультрафиолеттік көрінетін және инфрақызыл сәулелердің 10 нм-ден ондық миллиметрлік бөлігіндегі толқын ұзындығы жатады. Фотоэлементтік құралдар жұмыс істеу тәртібіне қарай сыртқы және ішкі фотоэлементтерге бөлінеді.

Сыртқы фотоэффект немесе фотоэлектрондық эмиссия мынадан тұрады: сәулелену көзі электрондардың бір бөлігіне олардың заттың ішінен қоршаған ортаға (вакуумге немесе сиретілген газға) шығуына жеткілікті қосымша энергия береді.

Сыртқы фотоэффектімен жұмыс істейтін құралдар: фотоэлементтер, фотокөбейткіштер.

Ішкі фотоэффект мынадан тұрады: жарық энергиясының сәулелік көзі заттың электрондарының бір бөлігінің энергиясының өсуін, атомдарының ионизациясы мен жаңа заряд тасушылардың (электрондар мен кемтіктердің) тууын болдырады, осының себебінен жарықталған материалдың электрлік кедергісі кішірейеді.

Егерде сыртқы фотоэффектіде электрондар жарықталған заттың ішінен сыртына шығатын болса, ал ішкі фотоэффектіде олар оның ішіне қалып, тек электр зарядын тасушыардың мөлшерін көбейтеді. Ішкі фотоэффектісі бар фотоэлементтер фоторезисторлар деп аталады. Олардың өзі электр кедергісі оларға тусірілген жарық сәлеленуінің әрекетінен шұғыл өзгеретін жартылай өткізгіш аспаптар болып табылады.

Фотодиодтар оның құрылымы, сипаттамасы, жұмыс тәртібі қосылу схемасы және қолданылуы. Фоторезисторлар. Фототеристорлар.

Фотодиод деп – екі шықпадан және ішкі фотоэлектрлі жартылай өткізгіш құралды айтады.

Фотодиодтар екі тәртібінің бірінде жұмыс істейді:

1) ішкі электр энергия көзінсіз (фотогенератор тәртібі);

2) сыртқы электр энергия көзінсіз (фотоайналдыру тәртібі).

Бірінші тәртіпте фотогальваникалық эффектісі қолданылады, ол біртексіз жартылай өткізгішті жарықтандырғанда ішкі фотоэффектіге байланысты потнециал айырымы пайда болады. Фотодиодтар кәдімгі жартылай өткізгіш диодтар сияқты әр текті болады, олар Si, GaAs, AsJn, S және т.б. заттардан жасалынады. п-р текті фотодиод құрылымын қарастырайық.

Фотодиодқа жарық ағыны түскенде, (47.а-сурет) бір қабаттан өткенде, электрондарға энергия беріп өткізгіш зонасына өтуге жағдай жасайды. Сөйтіп екі тектік шек арасындағы электронда – кемтіктер тасушыларына жол ашады, ол фотодиодтың шықпаларына потенциал айырымын пайда болдырады немесе фотоэлектр қозғаушы күшін тудырады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных