Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ысқартулар тізімі




АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Г.П. Аринова

ТОР ҚАБЫҚ ПЕН КӨРУ НЕРВІСІНІҢ ТАМЫРЛЫ АУРУЛАРЫ

 

Оқу-әдістемелік құрал

АРАҒАНДЫ 2010


ӘОЖ 617.735

КБЖ 56.7я 7

А77

РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

М.М. Курмангалиева – Қазақстан медицина университетінің офтальмология кафедрасының профессоры, м.ғ.д.

Н.С. Асылбеков - Қарағанды мемлекеттік медицина универститетінің реаниматология мен көз, ЛОР аурулары кафедрасының доценті, м.ғ.к.

К.Я. Абдрахметов - ОМО «Көздің микрохирургиясы» бөлімінің меңгерушісі, Қарағанды облысының штаттан тыс бас офтальмологы

 

А77 Аринова Г.П. Тор қабық пен көру нервісінің тамырлы аурулары. - Оқу-әдістемелік құрал.- 2010. – 76 б.

 

 

КБЖ 56.7я7

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің көз аурулары кафедрасында құрастырылған осы оқу-әдістемелік құралында тор қабық тамырлы жүйесі жөнінде, тор қабық пен көру нервісінің жедел тамырлы ауруларының клиникасы, диагностикасы, емделуі жөніндегі сұрақтар талданған.

Оқу құралы студенттерге, интерн-дәрігерлерге арналған.

 

 

ҚММУ Әдістемелік Кеңесі мәжілісінде талқыланған және қабылданған

(__09.06_ 2010 ж. №_10 Хаттама)

ҚММУ Ғылыми Кеңесімен шешімі бойынша бекітілді және басылымға ұсынылды. № _11_хаттама_01.07. 2010 ж.

 

Г.П. Аринова, 2010 ж.


Мазмұны

Қысқартулар тізімі  
Кіріспе  
Тор қабық тамырларының құрылыс ерекшеліктері  
Тор қабық веналарының тромбозы  
Тор қабық орталық артерисы мен оның бұтақтарының бітелуі (окклюзиясы)  
Алдыңғы ишемиялық нейропатия  
Артқы ишемиялық нейропатия  
Тестілік сұрақтар  
Жауаптар эталоны  
Әдебиеттер  

ысқартулар тізімі

АКБ-алдыңғы камера бұрышы

АҚ-артериялдық қысым

ДЗ – дәрі-дәрмек заттары

ІКТ – ішкі күре тамыры

ҚЖБ – қан айналымының жедел бұзылысы

КЖД – көру жүйкесінің дискісі

КІҚ – көз ішкі қысымы

ПРЛК-панретиналды лазеркоагуляция

МРТ- магнитті-резонанстық томография

ПТ – плазмокоагуляциялық тромбофилия

ТОА – тор қабық орталық артериясы

ТОВ – тор қабық орталық венасы

ТТ – тамырлы тромбофилия

УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу

ФАГ – флюлресценттік ангиография

ЭОГ – электроокулография

ЭРГ- элетроретинография

 


Кіріспе

ӘДҰ мәліметтері бойынша әлемде көруінің едәуір бұзылыстары бар адамдар 150 миллионды құрайды; соның ішінде көзі көрмейтіндер саны 40 миллион. Соңғы жиырма жыл ішінде көрмейтіндер саны 12 миллионға көбейді [12].

Науқастардың көруден айырылуына және мүгедектікке әкелетін, жалпы және жергілікті қан айналымы бұзылыстары себебінен болған тор қабық пен көру жүйкесі патологиясының негізгі түрлері кәзіргі заманғы офтальмологияда алдыңғы орынды иеленеді [1,8,13]. Офтальмологиялық сырқаттарды диагностикалау және емдеу әдістерінің дамуына қарамастан, тор қабық пен көру жүйкесінің тамырлы генезді зақымданулары бар науқастар саны өсе түсуде. Көз түбінің жедел және созылмалы тамырлы бұзылыстарына әкелетін себептер ішінен артериялдық қысым көтерілуін, атеросклерозды, жүрек ишемиялық ауруын және қант диабетін белгілеген жөн. Бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан белсеңді ғылыми зерттеулерге қарамастан, жүре-тамыр ауруларының санының өсуін байқауға болады[10,11].

Статистикалық мәліметтер бойынша, тор қабығының тамырлы зақымданулары басты орындарының біріне ие, көру бойынша мүгедектік құрамында 11- ден 29 ға дейін пайызды құрайды. Қазақстанда тамырлы офтальмопатологияның жалпы таралуы 1 мың адамға 8, 5 адамды құрайды[2,3].

Көру жүйкесі мен тор қабық қан айналымының жедел бұзылыстарын ерте диагностикалап, патогенетикалық негіздеп емдеген жағдайда, 70 пайыздан асқан жағдайларда тор қабықтағы тамырлы бұзылыстарды дамытпай, болмақ соқырлықты тоқтатуға болады [10]. Көптеген дәрі-дәрмектер, емдеудегі жетістіктерге қарамастан, көру жүйкесі мен тор қабық тамырлы ауруларының диагностикасы мен емдеу мәселелері

өзектігін жоғалтқан жоқ






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных