ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Созылмалы ишемиялық ретинопатияØ Көрудің бірте төмендеуіне, қысқа уақытты көрмей қалу ұстамаларына, мезгілімен көз алдында «дақ» пайда болуына, қосарлануға, көз шарасы түбіндегі аурсынуға шағымдар болады. Ø Есте сақтау қабілетінің нашарлауына, есітуінің нашарлауына, құлағының «шуылдауына» жиі шағымданулар. Ø Екі қолындағы артериалды қысымның ассемитриясы, аурған көз жағында сыртқы күре тамыры және самай артериясындағы пульсациясының төмендеуі. Аускультация кезінде сыртқы күре тамыры аймағында уілдеген шу анықталу. Ø Офтальмодинамометрия жасағанда шаралық артерияда қан қысымының төмендеуі.
Допплерографияда келесі өзгерістер анықталады: ü Ұйқы және шығыршық үстілік артериялардағы ұзындық жылдамдығының ассиметриясы (35%ға және одан аса) ü Жиі жағдайда вертебробазилярлы жүйедегі бұзылыстармен қосталатын, ұйқы артерияларының дөрекі бітелетін зақымдану себебінен болатын шығыршықүстілік артериялардағы ретроградты немесе өзгермелі қан ағымы. ü Патологиялық компрессионды сынаулар. ü Көз түбінде (көрініс ишемиялық процесстің аурлығына байланысты) – артериялар склерозы, олардың жартылай босап қалуы, венозды тамырлардың кеңеюі, орталық және шеткі жиектерде – көптеген нүктелі қанталаулар. Ø Ауыр түрінде – тор қабықтың ісінуі, «жұмсақ» экссудаттарының көптеген фокустары, түрлі көлемді қанталаулар, микроаневризмалар, жаңадан тамырлар түзілу. Ø Созылмалы ишемиялық ретинпатияның орта дәреже түрінде өзгерістер көз түбінің 1-2 секторларында орналасады, ауыр түрінде – барлық төрт квадрантында.
Флюоресценттік ангиография Ø Сырқаттың ауыр түрінде – перфузияланбайтын капиллярлардың көлемді аймақтары. Ø Веналардың кеш қанға толуы. Венозды тамырлар өткізгіштігі сақталған, бірақ ағымы баяу. Ø Веналар күрт кеңейген, калибрі бірқалыпсыз, тамыр қабырғасы флюоресцеинге боялады, контрассты зат тамыр сыртына шығуын байқауға болады. Ø Неоваскуляризация (жаңадан түзілген тамырлар) болса – сәйкес жерлердің гиперфлюоресценциясы анықталады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|