ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Неоваскулярлы глаукомаØ ТОВ ишемиялық тромбозында неоваскулярлы глаукома 25-60% жағдайда дамиды Ø ТОВ және оның бұтақтарының ишемиялық емес тромбозында - 1% жағдайда. NB! Неоваскулярлы глаукома даму қатері мен мерзімі капиллярлы перфузиясы жоқ аймақтың аумағына байланысты. Ø Неоваскулярлы глаукома ТОВ тромбозынан кейін 2 аптадан соң дамуы мүмкін; Ø көбінесе 3 – 6 ай өткен соң пайда болады («жүзінші күн» глаукомасы). Ø Неоваскулярлы глаукома – бұл екіншілік глаукома, оның себебі – нұрлы қабықта және АКБ жаңадан түзілген тамырлардың және фиброзды тіннің пролиферациясы. Ø Фиброваскулярлы мембрана даму барысында қысқарып, таралған гониосинехиялар түзілуіне әкеледі (АКБ-дағы жабыспалар) де қалыптаспайтын КІҚ жоғарылауына әкеледі. М.В. Schields (1992) бойынша неоваскулярлы глаукоманың саттары: Преглаукома саттары. Ø Жаңадан түзілген тамырлар клиникалық түрде нұрлы қабықта және ашық алдыңғы камера бұрышында анықталады. Ø Офтальмотомус бұзылысы байқалмайды (қосымша біріншілік ашық бұрышты галукома болмаса). Екіншілік АКБ ашық глаукома саты. Ø Жаңадан түзілген тамырлар нұрлы қабық бетінде және әлі ашық алдыңғы камера бұрышында тығыздау орналасқан. Ø Көз ішкі қысымы жоғары, жиі гифема болады. (бұл клиникалық көрініс бұрын геморрагиялық глаукома ретінде баяндалды). Ø Бұл сатта нұрлы қабық пен алдыңғы камера бұрышын жауып келетін фиброваскулярлы мембрана көз ішкі сұйықтығының шығуына кедергі болып, көз ішкі қысымының көтерілуін түсіндіреді. Екіншілік алдыңғы камера бұрышы жабық глаукоманың саты. Ø Фиброваскулярлы мембрана қысқаруынан нұрлы қабық бетінде және алдыңғы камера бұрышында өзгерістер пайда болады. Нұрлы қабық алға ығысқан, стромасы жалпақтанған, пигментті қабықтың сыртқа айналуы байқалады және қарашықтың механикалық кеңеюі. Ø Гоноскопия жасағанда нұрлы қабық шеткі бөлігінің алға ығысуы, көз ішкі сұйықтығының шығуын қыйындататын жартылай немесе толық гониосинехия анықталады. Ø Бұл сат едәуір аурсыну синдромымен қосталады. Неоваскулярлы глаукоманың емі Рубеоз сатында Ø ПРЛК; Ø транссклералды криоретинопексия; Ø оларды бірге қосып жасау. Екіншілік АКБ ашық глаукома сатында: Ø ПРЛК жене/немесе транссклералды криоретинопексия (егер де алдын жасалмаса); Ø дәрі-дәрмекті (бета-блокаторлар; карбоангидраза ингибиторлары, кортикостероидтар); Ø фистула жасау операциялары, ережедегідей, онша әсерлі емес, сұйықтық шығу аймақтарының фиброваскулярлы тінмен жабылуы себебінен (сол кезде импланттар қолдану мүмкіндігі бар). Екіншілік АКБ жабық глаукоманың емі Ø дәрмекті (бета-блокаторлар; карбоангидраза ингибиторлары, кортикостероидтар, атропин); Ø циклодеструктивті араласулар (криодеструкция немесе диодлазерлі циклодеструкция); Ø шыны тәрізді дене ішіне кристталды кортикостероидтарды енгізу. NB! Неоваскулярлы глаукомада пилокарпин тамызуға тиым салынған!!! Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|