Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ТОР ҚАБЫҚ ВЕНАЛАРЫ ТРОМБОЗЫНЫҢ ЛАЗЕРМЕН ЕМДЕЛУІ




Тор қабықты лазермен күйдіру (лазеркоагуляциясы)

ТОВ тромбозындағы панретиналды лазеркоагуляция (ПРЛК) жасалуы үшін көрсетілімдер:

Ø тор қабықта неоваскуляризация (жаңадан тамырлар түзілуі) болуы;

Ø көру жүйкесі дискісінің (КЖД) неоваскуляризациясы;

Ø нұрлы қабық пен алдыңғы камера бұрышының неоваскуляризациясы;

Ø NB! ТОВ тромбозында неоваскуляризация (әсіресе нұрлы қабық пен алдыңғы камера бұрышында) тез үдее дамуы мүмкін.

Жүйелі мезгілімен биомикроскопия (тар қарашықта), гониоскопия, офтальмоскопия жасап тұру қажет.

Тексеру жиілігі: 4 ай бойы айына бір рет, содан соң бір жылы бойы 2 айда бір рет.

Ø КЖД аймағында ТОВ тромбозынан кейін әдетінде ретиналды тамырлар мен цилиарлы тамырлар арасында коллатеральдар түзіледі (оптоцилирлы шунттар).

Ø Мұқият биомикрскопия және ФАГ оптоцилиарлы шунттар мен неоваскуляризцияны ажыратуға мүмкіндік береді.

Ø Ажыратпалық диагностикасы өте мағыналы, өйткені ТОВ тромбозында ПРЛК жаңадан түзілген тамырлар пайда болмастан бұрын жасалмайды.

Ø Бұрын кең қолданылатын алдын ала ПРЛК жасау әсерлі емес, кей-бір жағдайларда зиянды болады.

Ø Алдыңғы бөліктің неоваскуляризациясында ПРЛК жедел түрде жасалуы қажет, 2-3 апта ішінде, ол тез үдею қатеріне байланысты.

Ø Тор қабық неоваскуляризациясында ПРЛК 4-6 апта ішінде жасалу қажет.

 

ТОВ мен оның бұтақтарының тромбозындағы ПРЛК жасау стандартты схемасы:

Ø Тор қабықтың орталық шетінде 2-3 сеанс ішінде 1500-2500 күйік түсіріледі, КЖД мұрын жағынан 1 МД, жоғарыда 3МД және самай жағына макула орталығынан 4 МД қашықтықта бос аймақ қалдырылады.

Ø Коагулянттар арасындағы қашықтық коагулянттың жарты диаметріне тең.

Ø Күйдіру бірте-бірте, тор қабықтың орталық аймақтарынан шетке қарай жасалады.

Ø Ретиналды неоваскуляризация аймақтары қуаты жоғары қосылатын коагулянттармен өңделеді.

Ø Бірінші сеанста ең азы 750-1000 коагулянт салыну қажет.

Ø Коагулянттар интраретиналды қанталаулардың айналасына (үстіне емес) салу қажет, әсіресе ұзындығы жасыл толқындар қолданғанда, олардың қуаты қанмен сорылмайды, сол себептен тор қабықтың ішкі қабаттарының зақымдалуына әкеледі.

Ø Тор қабықта көп қанталаулары бар науқастарда қызыл толқындар немесе диодты (инфрақызыл) лазер қолданылуы мүмкін.

Ø Лазеркоагуляциядан кейін мидриатиктер, кортикостероидтар, қажетті болса гипотензивті препараттар тағайындалады.

NB! Операциядан кейін көз ішкі қысымының көтерілуі ишемияны күшейтуі мүмкін

Ø Алдыңғы бөліктегі жаңадан түзілген тамырлар әсерлі емнен кейін 4 апта ішінде қайта пайда болуы мүмкін.

Ø ПРЛК біткен соң пациенттер ай сайын тексеріледі (нұрлы қабық пен алдыңғы камера бұрышы қарашық кеңейтілместен бұрын қаралады!)

Ø Неоваскуляризация үдее келсе, әрі қарай емдеу көрсетілген.

Ø Қосымша коагулянттар алдында салынғандар аралығына салынады.

Ø ТОВ бұтақтарының тромбозынан кейін болған неоваскуляризацияда лазеркоагуляция зақымдалған аймақ шегіне жасалады.

Ø Пациенттер 6-8 аптадан соң тексеріледі.

Ø Неоваскуляризация қайталамаса, қосымша лазеркоагуляция қажет.

Ø ТОВ бітелуіндегі макула ісінуінде резорбцияны тездету ұшін «тор» тәрізді лазеркоагуляция қолдану мақсатқа сай емес.

Ø ТОВ бұтағының тромбозы бар және көруі макула ісінуі бар науқастарда «тор» тәрізді лазеркоагуляция – бітеліден кейін 3 ай өткен соң жасалу қажет, өйткені макула ісінуі бір мезгілде қайтуы мүмкін.

Ø Бұндай лазерлі ем көру өткірлігі 0,5 төмен болса жаслады.

Ø Лазермен емдеу алдын ФАГ жасау қажет және фовеолярлы тамырсыз аймақты және сіңіп шығу аймағын анықтау қажет.

«Тор» тәрізді лазеркоагуляция жасаудың стандартты схемасы:

Ø Коагулянттарды (100 мкм фоволярлы тамырсыз аймақ шегімен, 200 мкм шетке) диаметрі 1 коагулянт диаметріне тең қашықтықта салынады.

Ø Клиникалық көрінеті ісіну аймағына, және ФАГ көрінетін сіңіп шығу аймақтары күйдіріледі.

Ø Басында фовеолаға жақын зақымдалған аймағы өңделеді, соң сол аймақтан шеткі жерлері күйдіріледі.

Ø Пациент 3 айдан соң тексеріледі.

Ø Ісіну сақталып көру төмендегенде, қосымша лазерлі ем жасалуы мүмкін – тағы ФАГ жасаған соң, ол қайталап сіңіп шығу аймақтарын анықтауға мүмкіндік береді.

Ø 3 сеанс күйдіру жасауға болады.

Ø Кей-бір пациенттерде емдеуге қарамастан ісіну сақталады.

 

 

Транссклералды криоретинопексия

Ø Транссклералды криоретинопексияға көрсетілімдер - мөлдір орталардың бұлыңғырлануында ишемияланған аймақтар болуы.

Ø Тор қабықтың суықтық транссклералды деструкциясы келесі өзгерістерге әкеледі:

ü Ишемияланған аймақтардың атрофиясына;

ü Сақталған тор қабықта зат алмасу процесстерінің және қан айналуының жақсаруына.

ü Тор қабықтағы, нұрлы қабықтағы, алдыңғы камера бұрышындағы жаңадан түзілген тамырлардың сорылуына.

Ø Криотерапия, айқын жарық және кең қарау ауқымына мүмкіндік беретін бинокулярлы офтальмоскоп бақылауымен сәтті жасауға болады немесе хронометриялық бақылау арқылы.

Ø Криоәсер үшін мағыналы көрсетілімнің бірі – лазеркоагуляциядан әсер болмауы (неоваскуляризация әрі қарай жалғасады, әсіресе алдыңғы камера бұрышы мен нұрлы қабықтың).

Ø Панретиналды криоретинопексия ЛК түспеген ишемиялы аймақтарға тез және тиімді әсер ететін әдіс.

Ø Бұндай жағдайда көбінесе тор қабықтың алдыңғы бөлігінң криоретинопексиясы таңдалады.

Операцияның негізгі этаптары:

Ø конъюнктива тілініп барлық төрт квадрантта склерадан бөлектілінеді;

Ø әр 4 бұлшықетаралық квадрантқа шахмат кезегімен 9 криоапликация салу, лимбтан 9, 13, 17 мм қашықтықта.

Ø шамамен криоәсер ету аймағының ортасында беткелі кесінді (4х4 мм) астында диаметри 2,0 мм трепанымен склераның трепанациясы жасалады;

Ø беткелі склера кесіндісіне және конъюнктиваға тігіс салу.

Қарсы көрсетімдер

NB! Бұл әдіске қарсы көрсетілім айқын фиброз, өйткені криоретинпексия фиброваскулярлы пролиферацияның белсеңделуі себебінен тор қабықтың тракциялы сырылуына әкелуі мүмкін.

Операциядан бұрын міндетті түрде көзге ультрадыбыс зерттеу жасау қажет.

 

ТОВ және оның бұтақтарының тромбозында фраксипаринмен қоса вена үстімен қанды лазермен сәулелендіру.

Әдіс мағынасы:

Ø парабульбарлы 0,07 мл фраксипарин салынады да вена үстімен қанды лазермен сәулелендіру жасалады. Сәулелендіру қуаты 2 мВТ, экспозициясы 10 мин, сеанс саны 5[3].






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных