Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Офтальмологиялық зерттеу




Визометрия

Келесі зақымдануларда көру жітілігі аздап төмендейді:

Ø ТОВ мұрын бұтақтарының зақымдалуында;

Ø екінші және үшінші қатар бұтақтарының тромбозында;

Ø ТОВ және оның бұтақтарының претромбозында.

Келесі тромбоздарда көру жітілігі 0,1 жоғары болады:

Ø ТОВ самай бұтақтарының ишемиялық емес тромбозында

Ø ТОВ өзінің ишемиялық емес тромбозында.

Келесі тромбоздарда көру жітілігі 0,1 төмен және жүзден бір, мыңнан бір ге дейін төмендейді:

Ø ТОВ самай бұтақтарының ишемиялық тромбозында:

ü жоғарғы самай бұтағының;

ü жоғарғы самай бұтағының макулярлы бұтақшасының;

Ø ТОВ өзінің ишемиялық тромбозында.

NB! Орталық скотома кезінде көру орталықтан тыс болуы мүмкін.

Тонометрия

Міндетті:

Ø тәулікті тонометрия тағайындау;

Ø ауру барысында КІҚ бағалау:

Тор қабық веналарының тромбозы жиі біріншілік глаукомамен қосталады;

Тор қабық веналараның тромбозы екіншілік глаукомамен асқынуы мүмкін.

NB! Ауру басталғанынан бірінші тәулікте тор қабық веналарының тромбозы бар көзде КІҚ жұп көзге қарағанда 2-4 с.б.мм –ге төмен болуы мүмкін, ол артериалдық арнада қан айналымы бұзылуына байланысты екені айқын.

Периметрия

Әдетінде ТОВ тромбозында келесі өзгерістер анықталады:

Ø орталық немесе ортадан тыс скотома (салыстырмалы; толық).

Сирек жағдайларда ТОВ тромбозында:

Ø Көру алаңының концентриялық тарылуы анықталады.

ТОВ бұтақтарының тромбозында:

Ø скотомалар орналасуы тор қабық зақымдалған жеріне сәйкес

Ø скотомалар тығыздығы:

ü қанталаулар көлеміне байланысты

ü ишемиялық фокустарына байланысты.

NB! Көру алаңын компьтерлік тексерумен анықтаған жөн. Бұл әдіс сезімтал және ауру барысында көру қызметтерінің қалыптасуын (немесе нашарлауын) бақылауға болады.

Биомикроскопия

► Тор қабық веналарының тромбозынан кейін бірінші тәулікте алдыңғы камера саяздануы мүмкін (венозды ағым нашарлауы себебінен болуы мүмкін).

► Ауыр ишемиялық процестерде нұрлы қабықтың неоваскуляризациясы ерте пайда болады, алдымен қарашық жиегінде.

► ТОВ ишемиялық тромбозында салыстырмалы афферентті қарашықты кемістік болуы мүмкін (Маркус-Гун қарашығы).

► Шыны тәрізді денеде қан элементтері; қан ұйықтары болуы мүмкін.

► Тромбоздың қабынулы этиологиясында – шыны тәрізді денеге экссудат түсуі мүмкін (көбінесе артқы қабаттарына).

Флюоресценттік ангиография (ФАГ)

ФАГ – бұл тор қабық тамырлары зақымдалған науқасты зерттеуінің негізгі әдісі.

ФАГ көмегімен келесі өзгерістер жөнінде білуге болады:

Ø Окклюзия болған жердің орналасуын;

Ø окклюзия дәрежесін (толық; жартылай);

Ø тор қабық веналары окклюзиясының басталған уақытын;

Ø вена қабырғасының жағдайын;

Ø капиллярлы перфузия жағдайы жөнінде;

Ø артериялдық арнаның патологиялық өзгерістері жөнінде;

Ø анастомоздар барын немесе жоқтығын (вено-венозды, артериовенозды, артериоартриалды);

Ø макула аймағындағы өзгерістерді (фовеола айналасындағы капиллярлы тордың сақталу дәрежесін бағалауға, тор қабық ісіну дәрежесін анықтауға);

Ø КЖД жағдайы жөнінде

Ø неоваскуляризация жөнінде,

Ø хориоидея, тор қабық тамырларындағы қан айналымы жөнінде.

NB! ФАГ-ті пациенттің қабылдауға бірінші келгенінде жасаған жөн.

ФАГ келесі жағдайларда көрсетілмеген:

Ø Оптикалық орталардың мөлдірлігі жоқ жағдайда;

Ø ФАГ-ты талдауын қиындататын тор қабықтағы көптеген қанталаулар болса.

NB! ФАГ-ті келесі де 3 ай өткеннен кейін жасаған жөн:

ü Ем әсерін бағалау үшін, лазеркоагуляцияның мақсатты жасалғанын анықтау үшін.

Электрофизиологиялық зерттеу:

Ø а-толқынының амплитудасы, хориоидалды тамырлардан коретенетін фоторецепторларының қызметін көрсетеді және тор қабық веналарының окклюзиясында а-толқынының амплитудасының төмендемеуі мүмкін.

Ø Оң «b»-толқын Мюллер клеткаларының және тор қабықтың ішкі қабаттарының белсеңділігін көрсетеді, ал веналар тромбозы оның төмендеуіне әкеледі.

Ø «b»-толқын төмен боған сайын тор қабық ишемиясы айқын, сонымен бірге көру жағынан және неоваскулярлы асқынуларға байланысты болжамы нашар. Бұнда сонымен қоса толқын латенттігінің жоғарылауы белгіленеді. Осцилляторлық потенциалдар болмауы мүмкін.

Ø Макулярлы ісінуде саутшалық жүйенің жауабын бағалау ұшін ритмикалық ЭРГ жасау мағыналы (әсіресе 30 Гц жиілікті қызыл қоздырығышпен).

Ø Веналар тромбозындағы тор қабық пигментті эпителиінің жағдайын бағалау ұшін ЭОГ жасалады – қасаң қабық пен көз алмасының артқы бөлігі аралығындағы тыныш потенциялын өлшеу. ЭОГ өзгерістерінің айқындығы ишемия дәрежесіне байланысты. ТОВ бөлек бұтақтарының ЭОГ нәтижелері қалыпты болуы мүмкін.

Ø Тор қабық веналарының окклюзиясының ишемиялық түрінде ЭРГ мен ЭОГ едәуір өзгерістері анықталады. ЭРГ мен ЭОГ негізгі зерттеу протоколына қосымша зерттеу ретінде қолданылады – ишемия айқындығын дәлелдеу ұшін, процесс барысындағы өзгерістерді және болжамын анықтау ұшін.

 

Офтальмоскопия

ТОВ және оның бұтақтарының тромбозындағы офтальмоскопиялық көрініс

Ø КЖД шекарасы анық, сирек жағдайларда басталып келе жатқан перипапиллярлы ісіну себебінен жеңіл көмескілену байқалады.

Ø Веналар кеңейген, ирелең, бірқалыпсыз, қанға толған.

Ø Артериялар склерозданған, Салюс-Гун І,ІІ,ІІІ симптомдары жиі байқалады (әсіресе жоғарғы-самай квадрантында).

Ø КЖД-де және тамырлы аркадалар бойымен бірең-сараң қанталаулар (сызықшалы, домалақ) байқалады.

Ø Зақымдалған венула бассейнінде тор қабықтың транзиторлы ісіну байқалады, сол себебептен мезгілімен көруі төмендеуі және заттар бейнесінің қисайып көрінуі болады.

ТОВ ишемиялықемес тромбозындағы офтальмоскопиялық көрініс.

Ø КЖД ісінген шекарасы көмескі болуы мүмкін, бірақ барлық кезде емес.

Ø Веналары кең, ілмектеніп иреленген, бірқалыпсыз калибрлі.

Ø КЖД жанында, тамырлы аркадалар бойында, сирек кезде макула аймағына таралатын ісіну.

Ø Артқы полюсте (нерв талшықтары қабатында) жалау тәрізді қанталаулар.

Ø Көз түбінің орта және шеткі жиектерінде ұсақ, домалақ қанталаулар.

ü Тамырлы қабырғасының бұзылуында тостаған тәрізді преретиналды қанталаулар.

NB! Әдетінде, ТОВ ишемиялық емес тромбозында қанталаулар аз болады, көз түбінің шеткі жиектерінде және веналар бойымен болады.

Ø Тамырлы бұтақша бойымен домалақ, сарғыш плазморрагиялар.

Ø Нерв талшықтар қабатындағы мақтатәрізді ақ ошақтар (тор қабық инфаркті) сирек кездеседі.

ТОВ ишемиялық тромбозындағы офтальмоскопиялық көрініс

Ø КЖД ісінген, күнгірт-қызыл түсті, шекарасы көмескі. Экскавация мен вена пульсы жоқ. Кейде КЖД орналасатын жерін ірі тамырлар шыққан жерінен анықтауға болады.

Ø Тамырлар ісінген тор қабыққа батып жатады.

Ø Веналар күрт кеңіген, бірқалыпсыз, ирелең.

Ø Жалау тәрізді қанталаулар көбінесе көз түбінің артқы бөлігінде орналасады.

Ø Шеткі жақтарында көп ұсақ және көлемді қанталаулар.

Ø Қанталаулар өте көлемді, барлық квадранттарында, КЖД шеткі жиектеріне дейін таралады – «езілген қызамық» симптомы.

Ø Көптеген мақтатәрізді ақ түсті ошақтар – тор қабық инфарктінің фокустары.

Ø Макула аймағында тез аралықта кистозды ісіну пайда болады, ол тарала бастағанда «тығыз» экссудат жиналады, кейде «жұлдыз пішініне» ұқсайды.

ТОВ самай бұтақтарының тромбозындағы офтальмоскопиялық көрінісі

КЖД жиегіндегі венаның окклюзиясы

Ø КЖД жиегіндегі венаның окклюзиясы тор қабықтың перипапиллярлы ісінуі себебінен шекарасының көмескіленеді.

Ø Тромбтанған бұтақ кеңейген, патологиялық иреленген, таспиқтәрізді, түсі қоңыр-қызғылт, микроаневризмалар болуы мүмкін.

Ø Сәйкес артерия көбінесе тік, тарылған, «күміс» және «мыс» сым симптомы айқын.

Ø Тамырлы бұтақ барысында көптеген шеткі жиектеріне дейін жететін ала қанталаулар.

ТОВ самай бұтақтарының тромбозындағы офтальмоскопиялық көрінісі

Ø Зақымдалған вена бассейнінде тор қабық ісінген, ишемиялық тромбозда «жұмсақ» экссудат ошақтары – тор қабық инфаркті зоналары.

q Макула аймағында:

Ø ұсақ нүктелі қанталаулар.

Ø жиі ісіну пайда болады, оның ыдырауында «жұлдыз пішінді» «тығыз» экссудат жиналады.

Ø 1-2 апта өткен соң диффузды макула ісінуі кистаға айналуы мүмкін.

ТОВ самай бұтақтарының тромбозындағы офтальмоскопиялық көрінісі

q КЖД алыс арақашықтықтағы вена окклюзиясы.

Ø КЖД шекарасы анық түрінде сақталады.

Ø Әдетінде окклюзия аймағы артерио-венозды қиылысқан жерінде орналасады, стеноз аймағына немесе ТОВ бұтағының бітелген жеріне дәл түседі.

Ø Венаның дисталды бөлігі көрінетін өзгерістерге ұшырайды.

Ø Бітелген тамыр бассейнінде көптеген қанталаулар байқалады.

Ø Тор қабық ісінуі макула аймағына дейін таралады, бірақ ол жерге жетпеуі де мүмкін.

ТОВ жоғарғы-самай бұтағының макулярлы бұтақшасының тромбозы.

Ø Макуланы әдетінде, ТОВ самай бұтақтарына немесе КЖД-дегі венозды бұтақтарына түсетін 4-6 венула қанын алып кететді.

Ø Венулалар самай веналарына, бітелген аймақтан, төмен түскенде макуладан қан кету едәуір нашарлайды, ол ісінумен, қанталаулармен көрнектеледі.

Ø Венулалар самай веналарына бітелген аймақтан жоғары немесе КЖД венозды бұтаққа дәл түссе, макула аймағы зардап шекпеуі де мүмкін.

Ø Макулярлы аймақтың қалыпты қызмет атқаруы капиллярлы перфузиясының өзгеру дәрежесіне байланысты. Ол болмаса немесе бұзылса көптеген «жұмсақ» экссудат ошақтары түскен ишемиялық ісіну пайда болады.

Тор қабық самай веналарының макулярлы бұтақшасының тромбозы.

Ø ТОВ жоғарғы-самай бұтағының бұтақшасы 61% жағдайда зақымдалады.

Ø ТОВ төменгі-самай бұтағының бұтақшасы 39% жағдайда зақымдалады.

Ø Байқалатын өзгерістер аумағы үлкен емес.

Ø Үнемі процесске сары дақ аймағы қосылады.

ü бұл аймақтағы тор қабық ісінген;

ü қанталаулар бар;

ü «жұмсақ» экссудат ошақтары.

ТОВ мұрын бұтақтарының тромбозындағы офтальмоскопиялық көрініс

Тор қабық веналары тромбозының осындай орналасуы:

Ø өте сирек кездеседі;

Ø орталық көру бұзылуына әкелмейді;

Ø пациенттер офтальмолог қабылдауына сирек барады.

NB! ТОВ мұрын бұтағының бітелуі кейде, кездейсоқ, жүрек-тамыр жүйесінің аурулары бар науқастардың кәсіби тексерісінде анықталады;

Ø офтальмоскопиялық көрініс самай бұтақтарының тромбозындағы көрініске ұқсайды.

ТОВ гемисфералық және гемицентралды тромбозындағы офтальмоскопия-лық көрініс

Ø Тор қабық веналарының гемисфералық және гемицентралды тромбозында тор қабық веналарының анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты, тор қабықтың немесе жоғарғы, немесе төменгі бөліктерінен қан ағымы бұзылады.

Ø 20% жағдайда тор қабығының жоғарғы және төменгі веналары тор қабық пластикансына енуден бұрын қосылмайды, бөлек бұтақтардан тұрады.

Ø олардың біруі бітелгенде тор қабықтың жоғарғы немесе төменгі жағынан венозды ағым бұзылады.

Гемицентралды тромбоз (ТОВ жоғарғы бұтағының тромбозы)

Ø Сирек жағдайларда ТОВ мұрын бұтақтары болмайды, жоқ тамырлардың қызметін самай бұтақтары атқарады.

Ø Егер де, КЖД жанында орналасқан ТОВ жоғарғы-самай бұтағы бітелсе, тор қабықтың барлық жоғарғы бөлігінде қан қайтып ағуы бұзылады.

Ø Төменгі-самай бұтағы бітесе тор қабықтың сәйкес төменгі бөлігі зардап шегеді.

Ø Осындай тромбоз гемисфералық деп аталады.

Тромбоздың екі түрінде көбінесе сары дақ аймағы процесске қосылады, ол жерде келесі өзгерістер байқалады:

ü ісіну;

ü қанталаулар;

ü бара-бара киста түзіледі.

Басқа өзгерістер тор қабық веналарының тромбозындағы басқа жерлердегі өзгерістеріне ұқсас болады.

Тор қабық орталық венасының флебитімен қабаттас болатын тромбозындағы офтальмоскопиялық көрініс (КЖД васкулиті, папиллофлебит, нейроретиноваскулит)

Ø ТОВ эндофлебиті – жас адамдардың сырқаты.

Ø Этиологиясы әр түрлі болады

Ø Тамыр қабырғасының қабынуында ТОВ тромбозы дамуын туғызатын жағдайлар пайда болады (көбінесе толық емес тромбоз)

Офтальмоскопиялық көрініс

ü КЖД қызарған, ісінген, көптеген жалаутәрізді қанталаулармен;

ü макула аймағында бүкіл көз түбінде көптеген домалақ пішінді ұсақ қанталаулар.

ü Венулалар бойымен және КЖД-де – экссудат.

Ø Венулалар күрт кеңейген, ирелең, калибрі бір қалыпсыз, экссудат тамыр айналасында муфта сияқты орналасқан.

Ø Парамакулярлы аймақта «жұмсақ экссудаттар» фокустары болуы мүмкін.

Ø 1/3 науқастарда макула аймағында кистозды ісіну түзіледі, ол сорылғанда, соңында «жұлдыз пішінді» «тығыз экссудат» қалады.

Ø Тор қабық флебиттері көбінесе үнемі шыны тәрізді денеге экссудация шығуымен қосталады.

Тромбоздан соң дамитын ретинопатиядағы офтальмоскопиялық көрініс.

Ø Венозды қан айналым, әдетінде, тор қабық веналарының бітелуінен кейін 3 ай өткен соң шунттер мен коллатеральдар түзілу арқасында тамырлар ашылып қалыптасады.

Ø Коллатеральдар – бітелген капиллярлар аймақтарға жақын жерлерін айналып өтетін тор қабықтың бұрын болған капиллярлары.

Ø Коллатеральдар бітелген тамырдың проксималды және дисталды бөліктерін қосып, венозды дренажды қамтамасыз етеді.

Ø Шунттар – артериовенозды байланыстыратын тамырлар, олармен қан қалыпты кездегідей капилляр торымен өтпей, артериядан дәл венаға түседі.

Ø Шунттар тор қабықтың әртүрлі аркадаларының тамырлары арасында түзілуі мүмкін (мысалы, жоғарғы-самай және төменгі-самай аркада арасында) сонымен бірге ретиналды және КЖД жанындағы цилиарлы тамырлар арасында (оптоцилиарлы шунттар).

Ø 2-3 ай өткен соң: венозды тамырлар ирелеңдігі қалыптасып, бұрынғы калибріне қайта оралады.

Ø Капиллярлы өрмектің кеңеюі көпке дейін сақталады.

Ø Пайда болған микроаневризмалар 3 айдан соң жойылуы мүмкін.

Ø КЖД шекарасы анықталады, тор қабықтың перипапиллярлы бөлігінің ісінуі «қайтады».

Ø «Жұмсақ» экссудаттар фокустары жойылады.

Ø Дақ және нүкте тәрізді қанталаулар көп уақыт сақталады (кейде бір жылдан аса), олар көз түбінің шеткі жақтарында орналасады.

Ø Сызықтар, жағындар, жала тәрізді қанталаулар, әдетінде, тез сорылады.

Ø Макула аймағында диффузды ісіну сақталады немесе киста түзіледі.

Ø Ісіну қайтқанда макулада «тығыз» экссудат жиналады.

Ø Эпиретиналды мембрана болса және ол қысқарса, макула аймағында тесікті кемістік пайда болуы мүмкін.

Ø Ишемиялық тромбоздан кейін әдетінше КЖД –де немесе ишемия зонасының шекарасында, нұрлы қабықта, НҚБ-да неоваскуляризация байқалады.

NB! Жоғарыда айтып өткен өзгерістер толығымен немесе жартылай көрнектелуі мүмкін, немесе мүлдем болмауы мүмкін. Бұл тор қабық веналарының бітелген жерінің орналасуына және ишемиялық процесстің айқындығына, сонымен бірге өткізілген емнің тиімділігіне байланысты.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных