Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ТОР ҚАБЫҚ ВЕНАЛАРЫ ТРОМБОЗЫНЫҢ ЕМДЕУ ТӘСІЛДЕРІ




Тор қабық веналары тромбозының консервативті емі[14]

Консервативті ем принциптері.

Ø Вена саңлауын жауып тұрған тромбты сорылдыру ұшін, тромболитикалық препараттар қолданылады.

Ø Тромбоз қайталуын алдын алу ұшін тромбтануға қарсы заттардың түрлі класстары қолданылады: тромбоциттер қызметіне әсер ететін және тромбинді - қан ұйудың негізгі ферментін бұзатын заттар қолданылады.

Ø Көрсетілімдер болса аталған ем, тромбозға әкелетін сырқаттарды емдеумен қосталу қажет.

Ø Ем, әр бір бөлек клиникалық жағдайда дара түрде тағайындалуы қажет, және терапевт, қажет болса гематологпен келісімденген жөн. Тромболитикалық препараттар сырқат басталғанынан бірінші жеті күн ғана қолданған мақсатқа сай келеді.

Ø Шамамен жеті күн өткен соң тромбтың қойылып тығыздануы басталады. Ол коллаген пайда болу себебінен тығызданып қатаяды. Бұ кезде тромболитиктерді қолдану қажетті әсер бермейді.

Ø Белсеңділген плазминоген плазминге айналады, ол өз орнына фибринге әсер етіп оның еріп кетуіне әкеледі.

§ Тік әсер етпейтін плазминогенді белсеңдеткіштерге стрептокиназа, оның туындылары – стрептодеказа мен целиаза жатады.

§ Бұл дәрілерді жергілікті қолданғанда жалпы және жергілікті аллергиялық реакция байқалуы мүмкін, сол себептен оларды қолдану шектеледі.

§ Қанда табиғи плазминогенді белсеңдеткіштер (тіндік және урокиназды) жеткілікті болса, тромболитик ретінде донор қанынан алынатын плазминогенді қолдануға болады.

§ Плазминогенді және оның тік әсер етпейтін белсеңдеткіші – стрептодеказаны бірге қолданатын емдеу схемалары бар. Бұндай емдеу тәсілі табиғи белсеңдеткіштер жетіспегенде қолданған мақсатқа сай.

Плазминогенді тік белсеңдеткіштер

Ø Кәзіргі уақытта рекомбинантты жолмен жасалған тромболитиктер қолданылады: тіндік плазминогеді белсеңдеткіш (актилизе), урокиназа және проурокиназа (гемаза). Плазминогенді тік белсеңдеткіштерді қолдану тәсілдері мен дозалары 2 кестеде көрсетілген.

Ø Бұл препараттардың ұтымды жағы- улағыш әсерінің төмендігі, төмен аллергендігі, гемостаздың жалпы жүйесіне әсер етуіне байланысты жағымсыз әсерлерінің жоқтығы.

Ø Олар фибринолиз процессін ұйықтың бетінде ғана белсеңдетеді.

Ø Тор қабық веналарының тромбозын емдеуінде, тромболитикалық препараттар дәнекер қабық астына, көз жанына, кей-біреулері – шынытәрізді дене ішіне енгізіледі.

Ø NB! Осындай енгізу тәсілдері тиімді және қатерсіз болып табылады!

Ø NB! Кәзіргі уақытта офтальмологиялық тәжірибеде актилизе қолдануына ресми рұқсат берілген жоқ..

2 кесте. Плазминогенді тік белсеңдеткіштерді енгізу тәсілдері мен мөлшерлері.

Препараттар Енгізу тәсілдері мен мөлшерлері
Конъюнктива астына Ретробульбарлы (парабульбарлы) Шынытәрізді дене ішіне
Плазмингеннің тіндік белсеңдеткіші(актилизе 25 мкг 10 енгізуге дейін   50 мкг бір рет
Рекомбинантты проурокиназа (гемаза) 5000 МЕ 10 енгізуге дейін 5000 МЕ 10 енгізуге дейін 500МЕ бір рет
Стрептодеказа   30000-45000 ЕД 5 күн аралығымен, ем курсы 2-10 апта  
Целиаза   25000-50000 ЕД 3 күн аралығымен, ем курсы 4-5 енгізуге дейін  
Плазминоген   1000-2000 ЕД тәулігіне 2 мезгіл, 4-5 енгізуге дейін  

3 кесте. Антиагреганттар.

Препараттар тобы Сауда атауы Қолдану тәсілдері мен мөлшерлері
Циклооксигеназаны ингибиторы (СОХ-1) -аспирин -тромбо АСС Тәулігіне 75- 150 мг тамақтан соң ішу, 3-6 ай, және одан аса; 50 мг күніне 2 мезгіл немесе 100 мг күніне бір мезгіл 3-6 ай, және одан аса
Тромбоциттер рецепторларын жабушылар Тиенопиридиндер – тиклопидин (тиклид); -клопидогрель (плавике) 250 мг күніне 2мезгіл ішу 3-4 ай; 75-100 мг күніне 1 мезгіл 3-4 ай және одан аса.
Рецепторларының антагонисттері -абсибксимаб (Reo Pro) Болюсты енгізу 0,25 мг/кг мөлшерінде және әрі қарай инфузия 10 мг/кг 12 сағат ішінде (жедел тромбоздар емінде тромболитиктермен қоса қолданылады)

Антиагреганттар

Препараттар тобы Сауда атауы Қолдану тәсілдері мен мөлшерлері
Комплексті әсер етуші препараттар: эндотелиопротекторлар   Пентоксифиллин (трентал)   50-200 мг тамыр ішіне тамшылы, 5 инфузия күнара; 300-600 мг тәулігіне (2 ай); Ретробульбарлы 0,5 мл (10мг) кортикостероидтармен қоса 5 енгізу күнара (тор қабық ісінуінде тағайындалмайды!)

Антиоксиданттар. Тор қабық тромбозының емі үшін қолданылатын мөлшерлер, 4 кестеде көрсетілген.

4 кесте. Антиоксиданттар.

Препарат Қолдану тәсілі Мөлшерлер
эмоксипин Ретробульбарлы тәулігіне 1 рет 10-15 күн; Конъюнктива астына күніне 1рет күнделікті 15 күн 0,5 мл 0,2-0,5 мл
токоферол Ішуге күніне 1-2 рет 1-1,5 ай ішінде 100-200 мг
цитофлавин Тамырға күнара, 10 инфузияға дейін 10 мл 5% глюкоза ертісінде
милдронат Ретробульбарлы 10 енгізуге дейін, конъюнктива астына 10 енгізуге дейін, тамырға 5 енгізу (күнара) 0,5 мл 500 мг

Жоғарыда атап өткен тромболитиктер келесі жағдайларда көрсетілмеген:

Ø геморрагиялық диатезде;

Ø жаңа қанталауларда, соның ішінде көз ішіне, асқазан-ішек жолының эрозиялы-жаралы зақымдалуындағы;

Ø бүйрек және бауырдың ауыр сырқаттарында;

Ø анамнезінде геморрагиялық инсульт бар болса;

Ø өкпе туберкулезінің белсең түрінде;

Ø сәулелік ауруда;

Ø фибриногенопенияда;

Ø жоғары қан қысымында;

Ø жаңадан болған жарақаттарда;

Ø жеке жағымсыздықта.

Эндотелиопротекторлар

Пентоксифиллин (агапурин, трентал) – тор қабық веналары тромбозын комплексті емдеуі үшін қолданылатын қостас әсерлі препарат.

Бұл препарат: тромбоциттер, эритроциттер ұйылуын шектетеді, олардың икемділігін жоғарылатады;

Ø фибринолиді күшейтеді;

Ø плазмадағы фибриноген деңгейін азайтады, сол себептен қан ұйымдылығын төмендетеді;

Ø микроциркуляцияны және тіндерді оттекпен қамтуын жақсартады;

Ø әлсіз миотропты, тамыр кеңейткіш әсер етеді;

Пентоксифиллин тор қабық веналарының тромбозы мен тромбоздан соң дамитын ретинопатия емінде, тор қабық едәуір ісінуі болмағанда ғана қолданылады.

Антиагреганттар препараттарының үш ұрпағы:

§ Бірінші ұрпақ антагреганттары:

Ø ацетисалицил қышқылы;

Ø аспирин, тромбоАСС, аспирин-кардио;

Ø стероидты емес қабынуға қарсы заттар (СЕҚЗ).

§ Екінші ұрпақ антиагреганттары:

Ø клопидогрель (плавике)

Ø тиклопидин (тиклид).

§ Үшінші ұрпақ антиагреганттары:

Ø абсиксимаб.

Оны ТАП қоса қолдануы 62,5-82% жағдайда миокардтың жедел инфарктінде коронарлы тамырлардың өткізгіштігін қалыптастырады. Бұндай комбинация тор қабық веналары тромбозын емдегенд де сай болады.

Ø Тор қабық веналары тромбозының емінде тік антикоагулянттарды қолдануы бәсекелі, өйткені, олардың мүмкіндік мөлшерден көп кетіп қалуында, геморрагиялық асқынулар қатері жоғары.

Ø Кәзіргі уақытта рекомбинантты гирудин-дезуридин жасап шығарылған, бірақ оның офтальмологияда қолдану тәжірибесі жоқ.

Ø Комплексті емге гирудотерапияны қосу емдеу нәтижесін тездетеді, әсіресе науқаста полицитемияға байланысты қан ұйымдылығы жоғары болса.

Ø Тромболитиктер мен антикоагулянттарды қолдану, мұқият зертханалық бақылауыға қарамастан, сирек емес жағдайларда ауыр геморрагиялық диатезімен қосталады, әсіресе бас ми тамырларының таралған атеросклероздық зақымдалуы бар жасы кексе адамдарда және асқасан-ішек қанталауларында.

Ø Тромбқа қарсы емде мұқият зертханалық, клиникалық бақылау қажет.

Ø Клиникалық тесттерге несеп тынығын эритроцитурияға зерттеу (аптасына 2 рет) және үлкен дәретті жасырын қанға зерттеу жатады.

Ø Тромбқа қарсы ем гемостатикалық заттар тобы болуында өткізілуі мүмкін.

Ø Тромбқа қарсы препараттардың дозасы асып кетуінде ең әсерлісі фибринолиз ингибиторлары: ε-аминокапронды қышқылы, парааминбензойлы және аминометациклогексан қышқылдары.

Ø Гепариннің белгілі антидоттары – протаминсульфат және полибрен – гепариннің антикоагулянтті әсерін тез арада жояды.

Ø Қандағы прокоагулянттар деңгейін қалыптастыратын ең жақсы тәсіл конакаин (К1 витамины) енгізу болып табылады.

Ø Жақсы проагреганттық қасиеттерге дицинон (циклонамин, этамзилат) және фибринолиз ингибиторлары ие.

Гемодилюция – трансфузиялық ем тәсілі, қанды плазмаорнын басатын ертінділермен мөлшерлеп сұйылту.

Гемодилюциядан тиімді әсер, гематокрит деңгейі 30-35% түскенде байқалады.

Ø Гемодилюцияның ең қатерсіз, пайдалануы қарапайым және тиімді тәсілі тамыр ішіне 200-400 мл реополиглюкин немесе төменмолекулярлы плазма орнына қолданылатын ертінді енгізу болып табылады.

Ø Екі аптадан бергі тромбоздың емінде ең жақсы нәтиже байқалады.

Ø Тор қабықтың ишемияланған аймағында микроциркуляциясы жақсаруы анықталады.

Ø Бұндай әсер капиллярларда ұйылу жойылуына, қан, плазма қоюлығы төмендеуіне, ұйылу факторлар мөлшерінің төмендеуіне, тромбоциттер мен эритроциттер агрегациясына байланысты.

Ø Гемодилюцияға қарсы көрсеткіштер: ауыр дәрежелі тыныс алу, бүрек, жүрек жетіспеушліктері, бұрын болған инфаркт немесе инсульт жөнінде ескертулер, компенсацияланбаған артериалды гипертензия; қан аурулары, аллергиялық реакцияларға бейімділік.

Симптоматикалық ем –глюкокортикоидтар.

Тор қабық веналары тромбозының емдеуіндегі глюкокортикоидтарды қолдануға негізгі көрсетілм - тор қабықтың ісінуі.

Көбінесе дексаметазон ертіндісі қолданылады, ол келесі тәслдер арқылы енгізіледі:

Ø ретробульбарлы;

Ø конъюнктива астына;

Ø шынытәрізді дене ішіне (тек қана көрсетілімдер бойынша).

Бұл тәсілге көрсетілім: көп уақытқа созылған макула ісінуі және неоваскулярлы глаукома.

Гипотензивті ем

Ø тор қабық веналары тромбозын емдеуінде көз ішкі қысымын максималды төмендеткенде капиллярлы перфузия жақсарады.

Ø Бұл әсер сақталу үшін тромбоз пайда болғанынан кейін бірінші аптада келесі тағайындаулар жасалады:

ü көз тамшылары ретінде β-блокаторлар

ü карбоангидразаның ингибиторы – диакарб.

Ø Диакарб келесі схема бойынша тағайындалады: 1 таблеткадан (0,25г) күніне бір рет таңертен аш қарынға 3 күн бойы, соң 3 күн дем алу, және қайтадан 3 күн қабылдау.

Ø Басқа емдеу схемасы: 1 таблеткадан күнара.

Ø Препаратты қабылдау 5 күннен аспау қажет. Емдеу аспаркам немесе панангин қабылдауымен қоса өту қажет.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных