Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






CVD анықтауыш факторлары




Буландырғышта ұшқыш прекурсорлардың (Прекурсор (лат. — бастамашы; жол салушы; негізін қалаушы) — белгілі мақсаттағы зат алу реакциясына қатысатын зат) қызу температурасы пленканың түзілуіне қатты әсерін тигізеді, өйткені реакторға парды жіберу жылдамдығына себепші болады.

Екінші фактор реактордағы қысыммен газды айдау жылдамдығы. Қысымды арттырғанда төсеніш үстінде карбонилдердің ыдырауы баяулайды және пленканың өсуі тоқтайды, сонымен қатар қысымды және прекурсорды жіберу жылдамдығын азайтатын болсақта пленканың өсуі баяулайды.

Шінші фактор металы бар қосылыс концентрациясы. Прекурсор концентрациясын арттыруда реактор көлемінде оның ыдырауы туындайды және аэрозольді әдістегідей металлдың жеке кластерлері түзіледі. Прекурсор буының араластыру пленканың түзілу жылдамдығын түсіреді. Катализ қоспаларының әсері карбонилдердің ыдырау температурасын түсіреді және пленканың түзілу жылдамдығын арттырады. Молекулярлы қабатша әдісі беттік химиялық реакциядан тұрады. Мысалы, золь-гель әдісі бойынша бірнеше қабаттан тұратын наноөлшемді пленкалар алуға болады.

Нанопленкаларды коллоидты ерітінділерді тұндыру және буландыру жолымен алуға болады.

Бұнда жоғары ұйымдасқан пленкаларды алуда оның беріктілігінде үйлесімсіздік туындайды. Мысалы, төсенішке кластерлердің еркін түсуінен ұйымдасқан болып келеді, бірақ төзімді емес, ал кластерлерді лигандалармен біріктіру ( Лигандалар (аффинанттар) — ерімейтін тасымалдаушымен байланысқан антигендер мен антиденелердің функционалды белсенді молекулалары. ) және оларды беріктік қылып жасау олардың ұйымдастығын жояды.

16. Нанопленкаларды алудың эффективті әдісі Ленгмюра–Блоджетт технологиясы. Нанопленкаларды алудың эффективті әдісі Ленгмюра–Блоджетт технологиясы.

Бұл әдіс Нобель сыйлығының лауреаты Ленгмюрмен 1920 жылы ұсынылған және 1935 жылы оның коллегасы Блоджетпен ары қарай дамытылған. Ленгмюр-Блоджет ваннасының көмегімен сұйық фаза бетіндегі пленканы қатты бетке ауыстырады. Нәтижесінде, молекулярлы қабаттар саны реттелген ұйымдасқан нанопленка алынады.Судың беттік қабатында металл иондары мен оның комплекстері кіре алатын Беттік Активті Зат моноқабаты қалыптасады. Судың бетіне амфифильді қоспадағы (БАЗ) ерітнндіні бұркиміз. Амфифильді қоспа – сулы және сулы емес ерітінділерде ассоциаттар түзе алатын молекулалары полярлы және неполярлы топтарға ие. Амфифильді қоспалар – әр түрлі бет деңгейлерінде активті болып келеді және ерітіндіде агрегаттар түзе алады. Бұл БАЗ қа сай, көптеген процестерде кең қолданылады. Заттың мөлшері оның моноқабатының ауданы Ленгмюр ваннасының жұмыс бетінің ауданынан аспау керек. Моноқабатты сұйықкристалды күйге ауыстыру үшін және оны қатты төсеніштің бетіне көшіру үшін жүзбелі тосқауыл арқылы беттік қысым беріледі. Бұл қысым арнайы таразылармен бақыланады. Ары қарай микрометрлік өлшем бойынша моноқабықша жанынан см/мин тен см/сек ке дейінгі жылдамдықпен төсеніш төмен түсіріледі немесе жоғары көтеріледі. Әр қабықшаны төсеу алдында бұл пленкада қысымды ұстап тұру үшін тосқауыл автоматты түрде солға қарай жылжиды,. Моноқабықшаларды төсенішке тұндыру ерітінді температурасына және рН көрсеткішіне тәуелді. Төсеніштің орнын жылжыту бағытына қарай Л-Б пленкасы әр түрлі молекулярлы ориентациямен түзіледі. Төсенішті төменге қарай жылжытқанда Қатты гидрофобты бетте төсенішке БАЗ гидрофобты хвосттарымен бағытталған монослой қалыптасады, бұл Х-типті құрылымды түзеді (а), ал гидрофильді төсенішті жоғары қарай жылжытұда Z –типті құрылым қалыптасады (б).

Гидрофобтылық — заттың (материалдардың) суды бойына сіңірмеу, су жұқтырмау қасиеті. Оған жататындар: көптеген металдар, органикалық қосындылар және бір сыпыра минералдар. Гидрофобтылық материалдармен металл бұйымдардың сыртын қаптау оларды коррозиядан сақтайды..

Гидрофилділік — заттың (материалдың) суға шыланғыштық қасиеті. Мұндай қасиет маталарды жылдам бояу, жуу және ағарту жұмыстарында пайдаланылады. Л-Б пленкаларының мономерлі сондай ақ полимерлі түрін алуға болады.

Полимерлі пленкаларды алудың үш түрлі варианты келтірілген:

1)Сұйық бетінде полимер моноқабаттарының қалыптасуы және оларды қатты төсенішке көшіру,

2)Мономерлерден моноқабаттардың түзілуі кейінгі полимеризациясымен, содан кейін қатты төсенішке көшіру,

3)Мономерлерден моноқабаттардың түзілуі оны қатты төсенішке көшіру, содан кейін Л-Б пленкасында полимеризация.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных