Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып 12 Адам өлтіруді және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі.




1. Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты

2. Адам өлтіру кылмысының криминалистикалық сипаттамасы

3. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспарлануы

4. Күш колдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері

5. Келесі тергеу кезендерінің міндеттері (мақсаты).

 

Сабақтың мақсаты: Адам өлтіруді және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесін сипаттап студенттерге жеткізу.

Әдебиеттер:

1. Аверьянова Т.В., Белкин Р.С., Корухов Ю.Г. Криминалистика Учебник-М., 1999.

2. Белкин Р.С. Курс криминалистики в 3 т., -М.: "Юристь",1997.

4. Виницкий Л.В. Осмотр места происшествия: организационные, процессуальные и тактические вопросы.-— Караганда, 1986.

8. Возгрин И.А. Криминалистическая методика расследования преступлений. — Минск, 1983.

1. Адам өміріне қылмыстық қол сұғушылықпен күрес жүргізудің маңызы, қылмысты дер уақытында ашу мен оны жан-жақты тергеуде ерекше орын алады. Адам өлтіру бойынша істің ашылмай қалуы, көбінде кылмыскерлердің қылмыстық әрекет жасау немесе оның ізін жасыру кезінде өте айлалы әдіс-тәсілдер қолдануларына байланысты, әсіресе тергеу барысында тергеушінің жіберген кемшіліктерінің, нақты айтқанда: оқиға болған жерге дер уақытында шықпауының (келмеуінің) немесе сол жерді қарау жұмыстарын толық немесе мұқият жүргізбеуінің, ғылыми-техникалық құралдар мен тактикалық тәсілдерді дұрыс қолданбауының салдарынан.

Адам өлтіру қылмысын нәтижелі тергеудің міндетті шарттарына: жедел-тергеу жұмыстарын тез, әрі дер уақытында жургізу; заттай дәлелдемелерді, сондай-ақ қылмыскерлердің оқиға болған жерлерде қалдырған іздерін - іздеп табу, бекіту, алу және зерттеу үшін ғылыми-техникалық кұрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану; іс бойынша құрылған болжауларды толық әрі жан-жақты тексеру; жұмыс жасау кезектілігін сақтай оты-рып, колданылатын тәсілдерді дұрыс тандап алу; оларды тергеу әрекеті барысында пайдалану шеберлігі жатады.

Адам өлтіру қылмыстарын тергеу мен ашу, тәртіп бойынша күнделікті әрекет ететін топ құрамының қызметкерлерінің топтық тәсілдерімен немесе арнайы құрылған жедел тергеу топтарының үздіксіз жұмыс жасауларына байланысты жүзеге асырылады. Үздіксіз әрекет ететін жедел-тергеу топ құрамына барынша тәжірибелі тергеушілер, маман-криминалистер, дәрігерлер, жедел-іздестірушілер кіреді. Қасақана адам өлтіру бойынша жасалған қылмысты ашуға байланысты топ кұрғанда міндетті түрде әр бір қызметкерлердің мамандандырылу деңгейі, білік-тілігі оньщ тәжірибелік стажы мен ептілігі ескеріледі. Жедел-тергеу топтарының жұмыстарындағы әдетте кетіп жатқан (кездесетін) кемшіліктер, олардың құрамының әлсіздігі мен тұрақсыздығына, топ құрамы мүшелерінің қасақана адам өлтіру қылмысымен байланысы жоқ басқа шаралармен айналысуына, сонымен қатар қажетті техникалық құралдармен, жүмыс жасау үшін ғимарат орындарымен, көлік құралдарымен қамтамасыз етілмеулеріне байланысты.

Үздіксіз (күнделікті) әрекет ететін жедел-тергеу топтары оқиға болған жерге шыққан сәттен бастап қылмыскер анықталғанға дейін жұмыс жасаулары тиіс. Қылмыстық әрекеттер анықталғаннан кейін, ары қарай кылмысты ашу жұмыстарын (әрекеттерін) тергеушілер жалғастыруларына болады. Қылмыс қоғамдық ортаны дүрліктіретіндей ауырлататын жағдайда жасалған кездерде, тергеуді толық көлемде жүргізулері қажет.

Адам өлтіру қылмысын тергеуде «ізі суымаған» қылмыстар бойынша жедел-іздестіру топтары қылмыс болған жерлерге, пәтер-аулаларға жаппай тексеру жұмыстарын жүргізу жолымен іздестіру шараларын жүзеге асырады. Арнайы кұрылған кестеге байланысты шешілетін сұрақтар тізімін тексеру кезінде жиналған мөліметтер мен іздестірудегі тұлғаның жүрген жері бойынша құрылған кестені көзделген мақсатқа сәйкес талдау қажет. Қажет болған жағдайларда жәбірленуші мен қылмыскд сезікті (қылмыс жасауы мүмкін деп жорамалданған) түлғаның іс-әрекеттеріне (хронаметраж әдісімен) бақылау жұмыстарын жүргізу керек, оқиға болған жердегі ауданда куәлар мен оқиғаны көзімен көрушілердің жүру мүмкіндігін ескеру қажет.

 

2. Адамның жеке басына қарсы жасалатын қылмыстың ішінде ең ауыры адам өлтіру қылмысы болып табылады.

Адам өлтіру қылмысын жасаудың және жасырудың тәсілдерінің әртүрлілігі, олардың себептері және мақсаттары, қылмыскердің пайдаланылатын карулары және амалдардың ерекшеліктері, қылмыстарды жасаудың орны және уақытының ерекшеліктері оларды тергеудің жалпы әдістемесінде адам өлтірудің әр түрлі түрлерін тергеудің ерекшелігін көрсететін біркатар жеке әдістеменің бар болуымен байланыстырылған. Соңғыларына қылмыстың типтік ситуациясына байланысты: атыс-қаруларын, жарылғыш заттарды, кесіп-жаншитын заттарды пайдаланып жасалған адам өлтірулер, мәйітті белшектеумен, бүркемеленген (инсценировка) адам өлтірулер; пайдақорлық, бұзақылық ниетпен және т.б. көлікте, төбелесте жасалған адам өлтірулер жатқызылуы мүмкін.

Қылмыстық істі қозғау кезіндегі тергеушінің қолындағы алғашкы мәліметтердің сипаты мен келеміне байланысты қылмыстарды шартты түрде мынандай үлкен екі топқа бөлуге болады:

1) адам өлтіру анық жағдайда жасалған;

2) адам өлтіру анық емес (белгісіз) жағдайда жасалған.

Бірінші топқа, тергеудің басында-ақ адам өлтіруші тұлға белгілі болған айқын деректерді жатқызамыз.

Мүндай кылмыстар әдетте «тұрмыс-тіршіліктік» катарына жатады, олар көбіне, күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі болатын отбасындағы, сондай-ақ көршілердің, болмаса туысқандардың тағы басқа да жақын танитын адамдардың бір-бірімен ұрыс-керістері, өзара келісе алмаушылықтарынан туындаған жанжалдар мен жеке бастық араздар.

Белгісіз жағдайларда жасалған адам өлтіру кылмыстарын - күш қолдану белгілері бар мәйіттің табылуына байланысты немесе хабар-ошарсыз кеткен адамдардың өлгендігін куәландыратын мәліметтер бойынша қылмыстық іс қозғауға байланысты тергеу әрекеттері жүргізілетін қылмыстарды жатқызамыз. Мұндай жағдайларда қылмыстық іс қозғау кезінде тергеушіде адам өлтіру қылмысының жасалу жағдайы (қылмыскердің, көбіне жәбірленушінің жеке басы туралы; қылмысты жасау ниеті мен мақсаты) туралы ешқандай мәліметтер болмайды. Бұл жерде қылмыс көп жағдайларда алдын ала ойластырылып, әрекет ету бағыты мен кезектілігі мұкият қарастырыла отырып жоспарланып, қылмыстың ізін жасыру мақсатында қолайлы әдіс-тәсілдерді таңдап алып, арнайы адам өлтіру немесе ол қылмысты жасауға қатысу ниеті мен мақсатында жасалады.

Адам өлтіруге байланысты қылмыс жасау тәсілдері әр түрлі болып келеді және ол жәбірленушінің жеке өміріне қол сұғып тікелей өмірінен айырылуға бағытталатын келесідей белсенді әрекеттерден тұрады: дене жарақатын салу, жылжып келе жатқан поездың астына қарай итеріп жіберу т.б. Кейбір жекеленген жағдайларда әрекетсіздік жолымен де мұндай қылмыстар (жаңа туған нәрестелер мен өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарды тамақтандырмай қою арқылы) жасалуы мүмкін.

Адам өлтіру қылмыстарын жасауда қолданылатын тәсілдердің кеңінен тараған түрлеріне келесілерді жатқызуға болады:

-әр түрлі кұралдарды, заттарды қолдану арқылы жәбірленушіге дене жарақатын салу;

-жәбірленушіні дәрменсіз күйде қалдыру, болмаса осы жағдайды пайдалана отырып оған дене жарақатын салу, оны қылғындыру, т.б.

- жәбірленушіні өте биік жерден лақтырып жіберу;

- жәбірленушіні жылжып келе жатқан көлік кұралдарынан (поезд, автокөлік, теплоход) лақтырып жіберу;

- жәбірленушінің ағзасына улы заттарды жіберу және т.б. Қылмыскер жекеленген жағдайларда езінің кінәсіздігін нақтылайтындай жалған дәлелдемелер кұру үшін, жасалған әрекет пен жәбірленушінің өлуінің арасындағы белгілі бір уақыт өтуін есепке ала отырып қылмысты жасау тәсілін тандап алады. Қылмыстарды жасаудың мұндай тәсілін - баяу әсер ететін жарылғыш, болмаса улы заттарды пайдалану аркылы колдануды тергеу барысынан кездестіруге болады.

Алдын ала ойластырылып және жоспарланып жасалған адам өлтіру қылмыстары белгілі бір дайындықтар жасаудан тұрады: адам өлтіру үшін кылмыс құралын, қаруын алдын ала іздейді, көздеген мақсатын жүзеге асыруға байланысты кездесетін кедергілердің алдын алу жағдайлары жасалады, сонымен қатар қылмыстың ізін немесе оған езінің катысқандығын жасыруды қамтамасыз ету әрекеттері жасалады. Егер қылмыскердің кылмыс жасауға таңдап алған тәсілдері қандай да бір ерекше құрылғыларды, жарылғыш, улы заттарды дайындап жасаумен немесе басқа да арнайы таным білімдерімен байланысты жағдайларда, қылмыскерлер - техникалық, медициналық, химиялық, физикалық және басқа да арнайы әдебиеттерді зерттеп оқиды.

Адам өлтіру қылмыстарын жасау кезінде, тергеліп отырған оқиға жөнінде күш қолдану әрекеттерін және басқа да жекеленген мән-жайларды куәландыратын, атап айтқанда: қылмыстың механизмін, құралын, оған қолданған тәсілдерді және қылмыскердің жеке басының ерекшеліктері мен әрекет-мақсаттарын, қылмыстың ізін жасыру әдістерін сипаттайтын әр түрлі іздер пайда болады.

Мүндай іздерге қылмыскердің: кол саусақ іздері, тісінің, тырнағының, аяқкиімінің іздері; көлік және бұзу құралдарының іздері; қылмыс болған жердегі, айналадағы заттарда кдлған іздер, арпалыс іздері, мәйіттегі дене жарақат іздері, табиғи биологиялык іздер.

Сезіктіні ұстау кезінде оның денесінен, киімдерінен, одан алынған кылмыс құралдарынан қылмыстың іздері табылуы мүмкін.

Қылмыскерлер адам өлтіру кылмысын жасыру тәсілдерін тандап алуына қылмыс жасалатын жер (орын) және қылмыскер мен жәбірленушінін өзара арақатынас сипаты әсер етеді. Бұл жасалған әрекеттің сипаты мен кезектілігі қылмыскердің жеке басы туралы мәліметтер мен қылмыс жасау жағдайларына байланысты анықталады.

Қылмыс жасауға себеп болатын жағдайларға - айыпкер мен оның құрбанының арасындағы жеке бас араздығы, бұзақылық, кек алу, көре алмаушылық, қызғаншақтық, пайдақорлық ниет, сонымен қатар басқа қылмыстың ізін жасыру немесе оны жасау жолдарын жеңілдету жатады.

Нақты қылмысты, адам өлтіру қылмысын жасау ізін жасыру үшін қылмыскер алдын ала, күні бұрын арнайы дайындалып, өзінің және жәбірленушінің әрекетінің кезектілігін анықтап жоспарлап алады.

Жәбірленуші. Адам өлтіру қылмысын криминалистикалық сипаттауда жәбірленушінің өзінің жүріс-тұрысын виктимологиялық аспекті тұрғысынан карастыруға болады. Яғни, ол дегеніміз кылмыстың жасалуына, қылмыс құрбанының өзі себеп болады. Олар алкоголь ішімдіктерін кездейсоқ адамдармен бірге ішіп, мас болып кездейсоқ адамдарды немесе айналасындағы адамдарды балағаттап өздері тиісіп, соның негізінде ұрыс, жанжал, төбелес шығып, қылмыстың жасалуына бірден-бір себеп болады. Көбінде мұндай жағдайларда адам өлтіру бойынша жасалған қылмыстың жәбірленушісі ер адамдар болады. Ал әйел адамдары кылмыстың кұрбаны болуына - жыныстық қатынас жасау, пайдакүнемдік ниет, сондай-ақ қызғаныштың пайда болуы себеп болады.

Қылмыскер мен жәбірленушінің жүріс-тұрысында белгілі бір байланыс болады. Жәбірленушінің жеке басы мен оның өлер алдындағы мінез-құлқын жақсылап тексеру қажет.

Көп жағдайларда мұндай қылмыс құрбандарының мінезі — шайпау, ашуланшақ, жеңілтек-алаңғасар, сондай-ақ арандатып-азғырушылық қасиеттеріне бейім болып келеді.

Қылмыскер. Адам өлтіруге байланысты қылмыстарды әдетте 18-бен 50 жас аралығындағы алкогольдік ішімдікке немесе нашақорлыққа кұмар ер адамдар жасайды. Олар, қоғамдағы басқатұлғалардан өздерінің: дөрекеліктерімен, қатыгездіктерімен, жыныстық құштарлығы жоғарлығымен, әйелдерді сыйламай-тындығымен, бұрын қылмыстық жазаға тартылғандығымен ерекшеленеді.

 

3. Типтік ситуациялар - тергеу әдістемесінің ерекшеліктерін (типтік тергеу болжауларының, типтік мәселелерді, сондай-ақ оларды шешу құралы мен тәсілдерін) алдын ала анықтауға мүмкіндіктер беретін, тәжірибеде барынша жиі кездесетін тергеу ситуациялары.

Нақты ситуацияны тексере отырып, тергеуші типтік мәселелерді шешу жөніндегі білімді қолданады, шындықты ескере отырып, оларды жаңа жағдайға сәйкес өзгертеді (модернизациялайды). Тергеу ситуациясын, бағалау кезінде заңмен қарастырылатын екі жағдай туындайды - шешім қабылдауға дайындалу кезінде тергеудің бағыты бойынша және тергеу әрекетін жүргізу бойынша. Жекеленген тергеу ситуациясы тергеу жағдайы (ретінде) сияқты қолда бар немесе жоқ ақпараттарға, адам өлтіру қылмысы жөніндегі көмекші мәліметтер мен дәлелдеулерге, мәліметтердің күшіне, тергеушінің өзінің мүмкіндігі мен құралдарына, қоршаған ортадағы жағдайларға және т.б. қатысты анықталады.

1-ситуация - қылмыс анықталған (ашылған), қылмыскер ұсталған және оның жеке басы анықталған. Кейде тергеудің бастапқы кезінде шынайы мақсаты мен ниеті, ал кейде оның кінә формасы да анық емес болады. Қылмысқа қатысушылар да анықталмауы мүмкін. Жәбірленушіні өлтірген кездегі әрекет құқыққа қайшы болып табылатындығы немесе табылмайтындығы алғашқыда айқын болмайды (мысалы, қажетті қорғану кезінде).

2-ситуация - қылмыс анықталмаған (ашылмаған), бірақ мәйіт бар (жасырылмаған), ешқандай инсценировка жасалмаған және ол бірден табылған немесе қылмыс біте салып көпке ұзамай табылған. Қылмыскер белгісіз. Қылмыскердің ізіне түсу мен оны ұстау бойынша жедел-іздестіру әрекеттерін ұйымдастыруға мүмкіндіктер бар. Сондықтан да типтік болжаулар да осындай ұқсас ситуацияларда болып келеді. Бұл қылмыскердің жеке басы (немесе сезіктінің араласатын ортасы) жөніндегі болжаулар, мүмкін болатын дәлелдемелер туралы болжаулар және қылмыскердің жасырынған жері женіндегі іздестіру болжаулары.

Болжауларды тексеру үшін қылмыстық істі талдау нәтижесінде келесідей көрсеткіштердің қолдануы мүмкін:

• 21-жасқа дейінгі ер адамдарды касақана өлтіру қылмыстары тұрғын-үйлерден тыс жерлерде олардың таныстары мас күйінде жеке бас араздыктарына байланысты өшін (есебін) алу, жанжалдасу немесе төбелесу кезінде жасалған;

• 5 жастан 16 жасқа дейінгі ұл балаларды қасақана өлтіру қылмыстары түрғын-үйлерде немесе оның жанында, олардын өз әкелерімен, өгей әкелерімен, болмаса шешесімен бірге тұратын адамдармен жасалған;

• 23 жасқа дейінгі ер жынысты адамдарды өлтіру қылмыстарының 75 % жаппай демалу кезінде 17—22 жас аралығындағы оқиға болған жерден 1,5 км-ге дейінгі қашықтықта тұратын ер (адамдармен (көбінде жәбірленушінің таныстарымен) жасалған;

• 28-ден 57-ге дейінгі жастағы әйелдерді өлтіру қылмыстарының 50 % тұрғын жайлардан тыс жерлерде жасалған, бұл қылмыстарды олардың күйеулері немесе ашыналары мас күйінде жыныстық қатынасқа түсуге байланысты жасаған.

3-ситуация - қылмыс ашылған, жақын арада жасалған, бірак оның механизмі белгісіз. Мәйіт табылып, оныңжеке басы анықталған. Өзін-өзі өлтіргендігі, немесе бақытсыздық жағдайдан өлгендігін, немесе өзінің табиғи өлігі жөнінде көрсететін мәліметтер бар, бірақ қьшмыстың ізін жасыру үшін исценировка жасау мүмкіндігі туралы күмән бар. Мұндай ситуацияларда болжаулар тергелетін оқиғаның механизмі жөнінде құрылады, содан кейін қылмыстың ниеті мен кылмыскердің жеке басы бойынша болжаулар жасалады.

4-ситуация - қылмыс ашылмаған, танылмаған мәйітті тауып алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Мәйіттегі жарақаттар кылмыстың жасалғандығын керсетеді, бірак мәйіт адам танымастай жағдайда болғандықтан, оны сыртқы бейне белгілері бойынша тану соншалықты қиын. Мұндай ситуацияларда болжаулар алдымен қылмыс құрбанының жеке басы бойынша құрылады және тексеріледі.

5-ситуация - қылмыс ашылмаған және бұрын жасалған (жасалғанына көп уақыт болған), қылмыс жасалған деп жорамалдауға болады. Себебі адам басының және басқа да мүшелерінін сүйектері киімдерінің қалдықтарымен табылған, бірақ өлімнін себебі белгісіз (тергеудің бастапқы кезінде), қылмыс жасалған деп болжауға болады, сондай-ақ қылмыс жасалмаған, өлімнін себептері басқа да жағдайларға байланысты болған деп те болжауға болады.

6-ситуация — қылмыс ашылмаған, мәйіт бөлшектелген және бұл бөлшектер жасырылған. Қылмыстың барлық элементтерінің ішінен тек қылмыстың ізін жасыру тәсілі мен мәйіттің бөлшегі табылған жер ғана белгілі. Ең алдымен болжаулар кылмыстың механизмі мен оның құрбанының жеке басы бойынша құрылады және тексеріледі. Қылмыс кұрбанының жеке басын анықтау кезінде кылмыс жасалады деп болжанылған кылмыскер жөніндегі қажетті болжаулар ғана емес, сонымен катар оның ізін жасырғандағы туралы болжаулар құрылып тексерілуі тиіс.

7-ситуация - адам жоғалған. Қылмыс ашылмаған, оның жоғалғанына көп уақыт болған, мәйіттің табылмауына байланысты, ол өлді деп жорамалданады. Өлді деп жорамалданған құрбанның жеке басы белгілі, бірақ оған қатысты барлық басқа мәліметтер, деректер (жағдайлар) анықталмаған. Жоғалу себептері жөнінде келесідей алғашқы типтік болжаулар жасалады: біреу өлтіріп кеткен, өзін-өзі өлтірген, қылмыс жасап туыстарынан және соттан бой тасалап тығылып жүр, өліп қалды немесе ауруханада басқа біреудің атымен емделіп жатыр және т.б. Қылмыс жөніндегі болжау дәлелін тапқан кезде басқа болжаулар өздері-ақ шығып қалады. Құрбанның жеке басын, оның өмір сүру жағдайы мен басқа адамдармен карым-қатынасын анықтау - қылмыстың жасалған жері мен уақыты, мақсаты мен ниеті, сондай-ақ қылмыскердің жеке басы туралы болжаулар кұруға мүмкіндіктер береді.

8-ситуация - жаңа туған нәрестенің мәйіті табылған. Қылмыс нөрестенің шешесімен немесе оған жақын басқа да адамдармен жасалуы мүмкін. Алғашқыда анықталатын мәселелер, өлімнің болу механизмін анықтау, яғни нәресте дүниеге тірі болып келді ме және оның өлімінің себебі неде (қандай). Бұл мәселелерді анықтаудан кейін міндетті түрде нәрестенін, шешесін іздестіру шараларын ұйымдастыру кажет.

Адам өлтіру қылмыстарын тергеуді жоспарлаудың ерекшіліктері -тергеушілердің алдын ала тергеу барысында әр түрлі формалардағы арнайы танымдарды пайдаланулары мен жедел-іздестіру органдарымен өзара тығыз байланысынан түрады. Жоспардың нақты мазмүны көптеген тергеу ситуациясына байланысты анықталады. Мөселен, күш қолдану белгілері бар мәйіт табылған кездердегі уакыттың тығыз кезінде тергеушінің міндеті - қылмыстың іздерін бекіту мен қылмыскерді ұстауға бағытталған тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру. Мұндай жағдайларда ең алдымен оқиға болған жерді және мәйітті қарау, қылмысты көзімен көрушілерді аныктау мсп олардан жауап алу, сот-медициналық сараптама тағайындау, кылмыскерді «ізі суымаған» қылмыстар бойынша іздестіру, бөгет, тосқауыл кою шараларын жүргізу, сезіктіні ұстау кезінде одан жауап алу, куәландыру, киімдерін алу және қамау, оны тануға көрсету әрекеттері жоспарланады.

Бөлшектелген мәйіттін бөлшектері табылған жағдайларда тергеудің бастапкы кезеңіндегі тергеушінің жоспарлау шаралары қылмыс құрбанының жеке басын және қылмыстың жасалған жерін анықтау мәселелеріне тәуелді болып табылады. Жоспарда келесі мәселелер қарастырылады: мәйіттің бөлшектері мен оның табылған жері; мәйіттің мүшесі бойынша жетпеген (жоқ) бөлшектерін іздестіру; сот-медициналык,, криминалистикалық және басқа да зерттеу түрлерін жүргізу; мәйітті тануға көрсету; қылмыс қүрбанының, сезіктінің жеке басын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізу.

Адамның жоғалуына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеуді жоспарлау қылмыстың жасалу уақыты мен ол бойынша қылмыстық іс қозғалған уақыт арасындағы кеткен уакыттарды, сондай-ақ кылмыстың жасалған жеріне байланысты мәліметтерді қылмысты жасау және оның ізін жасыру тәсілдерін, айыпкердің жеке басы туралы мәліметтердің жоқтығын ескере отырып жүзеге асырады. Мұндай ситуацияларда тергеу жоспары адамның жоғалуына байланысты түскен арыздарды алдын ала тексеру нәтижесі есепке алына отырып құрылады. Істің мән-жайына байланысты тергеу жоспарына - хабар-ошарсыз кеткен адамның тұрғын-жайлары мен жұмыс орындарын карауға, оның туысқандарынан және таныстарынан жауап алуға, жоғалып кеткен адам мен оны қоршаған адамдардың жеке басын зерттеуге және мәйітті іздестіруді ұйымдастыруға бағытталған шараларды кіргізуге болады.

4. Оқиға болган жерді тексеру. Адам өлтіру ісі бойынша оқиға болған жерді караудың ерекшеліктері, қылмыстық ситуацияның ашылуымен және қылмыс жасалған жердің сипатымен қамтамасыз етіледі. Атыс қаруын қолдануға байланысты жасалған адам өлтіру ісі бойынша оқиға болған жерді қараудын уландыру және т.б. жолмен жасалған адам өлтіру қылмысын қараудан айырмашылығы ерекше. Бұған қарамастан, адам өлтіруге байланысты іс бойынша оқиға болған жерге қарау жүргізудің жал-пы тактикалык ұсыныстары бар.

Адам өлтіруге байланысты іс бойынша қараудың негізгі объектісі — мәйіт және оның табылған жері, себебі көп жағдайларда оның табылған жері қылмыстың жасалған жері болып келеді. Мұндай қарау әрекетін жүргізуді тергеушінін өзі жетекші бола отырып кұрған топ жедел-іздестіру кызметкерлері, маман-криминалист, сот-медицина саласының мамандары, яғни жедел-тергеу тобымен жүзеге асырылады.

Оқиға болған жердің және нақты бір қылмыс жағдайының ерекшеліктеріне байланысты топ құрамына басқа да мамандар кіргізілуі мүмкін.

Тергеуші окиға болған жерге келген соң бұрынырақ келген полиция қызметкерлерінің алған мәліметтері негізінде қылмысты көзімен көрген тұлғалардан сұрау алады және коршаған жағдайды өзі қарай отырып — жедел-іздестіру шараларын жүргізуге нұскаулар береді, қаралатын жердің шекарасы мен қылмыстық іздің негізгі шоғырланған жерін анықтайды, іске қатысушылардың өзара атқаратын міндеттерін белгілейді.

Мәйіт қаралады, кылмыстың ізі табылу мүмкіндігіне байланысты ол табылған жер мен оның аумағы қаралады. Мәйіт табылған жерден едәуір ара қашықтықтан іске қатысты іздер мен басқа да объектілер табылған жағдайларда, оларды қарау өзінше жекеленген тергеу әрекетін құрайды (әрекеттерінен тұрады).

Мәйітті қарау барысыңда оның: жынысы, шамамен жасы, дене бітімі, бойы; оқиға болған жердегі жылжымайтын объектіге қатысты мәйіттің орналасу жағдайы анықталады; мәйіттің орналасу жай-күйі, сондай-ақ басының және аяқ-қолдарының орналасу жағдайлары мен ерекше белгілері бекітіледі. Қарау кезінде мәйіт танылмаған жағдайларда ауызша суреттеу әдістемесі бойынша хаттамаға толық сипаттамаланып бекітіледі.

Судан шығарылған мәйітті қарау кезінде, оның денесіндегі жарақаттарды бекітуден басқа да, мацерациялардың, сондай-ақ мәйіттін аузы мен мұрнының айналасында көбіктердің болуына көңіл аудару қажет.

Оқиға болған жердегі қан іздерінің сот-медициналық кана емес, сонымен қатар криминалистикалық маңызы бар екендігі міндетті түрде ескерілуі тиіс. Оларды зертеу негізінде тергеу жағдайына маңызды мынандай мән-жайлар: қылмыстың жасалған жері, оның механизмі, жөбірленушіге дене жарақатын салу кезіндегі оның күй-жайы және т.б. анықталады. Табылған қан іздері, олардын саны, мөлшері, көрінісі, олардың сипаты, аққан қаннан калған із, қанның жиналуы, қанның тамшысы, шашы-рауы, жағылуы, пішіні және жиектерінің формасы, толық көрсетіле отырып хаттамаға бекітіліп жазылады. Бұл іздерді тасушы көп жағдайларда жәбірленушінің киімі, мәйіттің денесі және кылмыс құралы болады. Мәйіттің киімі мен денесінен қылмыскердін киімінің талшықтары, тырнақтарының арасынан қылмыскердің терісінің ұлпалары (тканьдері), шаштары, мәйіттің жарақаттарынан - қылмыс құралынан бөлініп қалған шыны, металл, ағаш бөліктері т.б., ал қылмыс құралдарынан - мәйіттің ішкі органдарының іздері табылуы мүмкін, Сонымен қатар, қылмыстың жасалған жерін, болмаса мәйітті жасырған жерді, жәбірленушінің мамандығын анықтауға мүмкіндіктер беретін микрообъектілер мәйіттің денесі мен киімдерінен табылуы ықтимал.

Танылмаған мәйіттін жеке басын анықтауда жүргізілетін әрекеттер. Егер, мәйітті карау барысында оның жеке басын куәландыратын қүжаттар табылмаса және оқиға болған жердегі түлғалармен танылмаған жағдайларда, тергеуші мәйіттің жеке басын анықтауға байланысты шаралар колданады.

Осындай мақсатпен мәйіт жеке тұлғаларға (пәтер иелерінің кооперативі (КСК) қызметкерлеріне, учаскелік полиция инспекторына, жақын аумақтың түрғындарына) тануға көрсетілуі мүмкін. Егер бұл шараларды жүргізу нәтижесінде жәбірлену-шініңжеке басы туралы мәліметтер алынған жағдайларда, мәйіт оның туыстарына, таныстарына, бірге жұмыс істейтін қызметтес әріптестеріне Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің баптарының талаптары мен тәртіптері бойынша тануға көрсетіледі. Берілген тергеу әрекетін жүргізудің бірқатар ерекшеліктері бар. Мәселен, мәйітті тануға көрсету әрекеттерін жеке ғимараттарда, яғни мөйітханада жүргізу шаралары ұсынылады. Мәйітті тануға бірнеше адамдар келген жағдайларда, олардың арасынан бұл ауыртпалықты барынша көтере алатын адамға ғана көрсетілуі қажет.

Егер жоғарыда көрсетілген әрекеттер ешкандай нәтиже бермесе және мәйітті бұдан әрі сақтау мүмкін емес жағдайда, оны жерлемес бұрын келесі әрекеттер жәбірленушінің жеке басын идентификациялау мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Осындай мақсатпен мәйіт дактилоскопияландырылады, тануға түсіру фототүсірім ереже тәртібі сақталына отырып фотосуретке түсіріледі және оған танылмаған мәйіт бойынша карта құрылады. Сот-медициналық сарапшы көмегімен мәйіттің шашы, денесінің терісі татуировкасымен (егер болса) бірге алынады және олар сот-медицина мекемелерінде сақталынады. Мәйіттің үстіндегі киімдері мен басқа да заттары сақтау бөліміне жіберіледі.

Куәлардан жауап алу. Адам өлтіру кылмыстық ісі бойынша куәлар ретінде - қылмысты көзімен көрушілерден, туысқандарынан, таныстарынан, бірге жұмыс істеген (қызметгес) тұлғалардан сондай-ақ, сезіктілерден жауап алынады.

Көзімен көрушілерден жауап алудын, негізгі мақсаты - олардан қылмыстың жасалу жағдайы мен кылмыскердің белгілері туралы мәліметтер алу. Мұнда: оқиғаны көзімен көруші оқиға болған жерге қандай жағдайлармен тап болғандығы; оның болған окиғаға назар аударуына қандай себептер болғандығы; оқиғаның пайда болу механизмі мен кезектілігі; қылмыскердің саны; олардың аты-жөндері және (сол кездегі қылмыскерлердің өзара атаған) лақап аттары; олардың әрқайсысының жасаған әрекеттерінде кұрал ретінде пайдаланған қарулары мен басқа да заттары; жәбірленушінің мінез-қүлқы мен қарсыласу сипаты; айыпкердін, қылмыс жасап болғаннан кейінгі әрекеттері анықталады.

Сот-медищшалық сараптама. Кейінге калдыруға болмайтын тергеу әрекеттерінің ішінде адам өлтіру қылмыстары бойынша өлімнің болу себептері мен дене жарақаттарының сипатын анықтауда сот-медициналық сараптаманың алатын орны ерекше. Сонымен қатар, сот-медициналык сараптаманың шешіміне бұл жалпы сұрақтардан басқа да мән-жайларды анықтауға бағытталған сұрақтар жатады, яғни олар іс бойынша тергеу әрекетіндегі құрылған болжауларға байланысты келесідей:

Жасалған қылмыс жағдайы бойынша: өлімнің себебі мен болу уақыты; мәйітге дене жарақатының болуы немесе болмауы, олардың саны, пайда болу механизмі мен сипатын; қандай жарақат тірі кезінде, ал қайсысы өлгеннен кейін келтірілгендігін; дене жарақатын салудың кезектілігі, жарақат келтіру кезінде жәбірленуші қандай күйде бодды; дене жарақатынан кейін оның қозғалып-жылжуға, қарсы әрекет етуге қабілеті болды ма; дене жарақатының кайсысы өміріне қауіпті болды; соккы кавдай күшпен берілді; мәйітте қорғану немесе арпалысу белгілері бар ма;

Оқиғадан бұрын болған жағдайларға байланысты: жәбірленушінің қанында ішімдік құрамы бар ма және жиналған ішімдік құрамына оның мас болу дәрежесі сәйкес келе ме, жәбірленуші өлер алдында тамақ ішкен бе, тамақтанған уақыты қашан және қандай тамақ түрін ішіп-жеген, жәбірленуші қайтыс болар алдында жыныстық қатынаста болған ба;

Қылмыс құралы бойынша: жәбірленушіге дене жарақаты бір өлде бірнеше қару құралын қолдану арқылы салынған ба; бұл құралдардың түрі, формасы, өлшемі кандай; дене жарақаты сараптамаға ұсынылған қүралдардан болған ба;

Жәбірленушінің жеке басын анықтауға байланысты: бөлшектенген мәйіттің белшектері аталып отырған нақты бір түлғанікі ме, жәбірленушінің жынысы, шамамен жасы қандай; жәбірленуші тірі кезінде қандай аурулармен ауырған;

Сезіктінің жеке басына қатысты: жәбірленушінің жыныстық мүшесінен табылған қан дақтары мен ағза іздері қандай топқа жатады; мәйітті белшектеген тұлғаның анатомия саласынан және техника бөлімінен тәжірибесі болған ба; мәйітті бөлшектеген адам солақай емес пе;

Қылмыстың ниеті мен мақсаты бойынша: мәйіттің денесінде күш қолданып жыныстық қатынасқа түсуді сипаттайтын іздер бар ма; түсік тастау белгілері жоқ па; келтірілген дене жарақаттары қинау арқылы салынғандығын сипаттайтын белгілер бар ма; олар жәбірленушіні ерекше азаптаумен жасалған жоқ па;

Тергелетін оқиғаны бүркемелеуге байланысты: мәйіт калпы өзгеріске ұшыраған ба; жәбірленушінің денесіндегі жарақаттар оның өзіне-өзі кол жұмсауы арқылы келтірілмеген бе; жәбірленушідегі дене жарақаттары оның киіміндегі зақымдармен сәйкес келе ме; егер сәйкес келсе оны немен түсіндіруге болады; жәбірленушінің мойнына ілмек, жіп байланған ба; мәйіт табылған жер кылмыстың жасалған жері ме, жоқ па және т.б. сұрақтарды анықтауға бағытталуы тиіс.

Сезікті мен айыпкерден жауап алу. Мұндай жауап алуды жоспарлау мен оны жүргізудін тактикасы тергелетін қылмыс жағдайына, түлғаның жеке басы туралы жиналған мәліметтер мен дәлелдемелерге қарамастан құрылады және тандалып алынады.

Кылмысты жасау үстіндегі немесе оны біте салып ұсталған сезіктілер мен айыпкерлерден жауап алу кезінде, олар қылмыс-тың жасалуына өзінін, кінәлі екендігін жоққа шығармайды. Мүндай жағдайларда жауап алудың мақсаты жасалған қылмыстың ниеті мен басқа да жағдайларын анықтау болып табылады.

Адам өлтіру қылмыстары белгісіз жағдайларда, қылмыс жасалған кездерде сезіктілерден жауап алу барысында, олар көбінде осы қылмысқа қатыстылығы жөнінде тергеушілерде қандай дәлелдемелердің болуы мүмкіндігін анықтауға тырыса отырып, соған байланысты өздерінің кінәсін мойындап, болмаса мойындамай жауап береді. Тергеу кезінде әр түрлі факторлардың ықпал (әсер) етуіне байланысты сезіктілер (айыпкерлер) бұрын өздері берген жауаптарынан бас тартып, болмаса бүрын жоқкд шығарған факторларды мойындап немесе езара сөз байланысқандықтарын мәлімдеп жүріс-тұрыс бағыттарын өзгертулері мүмкін.

5. Тергеу барысында айыпкер ретінде қылмыстық іске тартылатын тұлға анықталған жағдайларда тергеудің жаңа кезеңі басталады. Тергеудің бұл кезенінің міндеті қылмыскерді әшкерлеу және олардың кінәлілігін дәлелдеу.

Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау. Сезіктінің берген жауаптары мен көрсетпелері дәлелдеменің негізі болып табылады. Жауап алу кезінде дәлелді жауаптар алудын маңызы ерекше. Қылмыстың әрекеті орындаушы тұлғаға ғана мәлім фактілер дәлелдеме болып табылуы мүмкін. Сондықтан да олар мұқият тексерілуі қажет. Тексеру әрекеттері қатарына тергеу эксперименті, керсетпені оқиға болған жерде тексеру және басқа да әрекеттер жатқызылуы мүмкін. Қылмыскер өзінің кінәлілігін өкінішпен мойындауы, болмаса мойындамауына карамастан келесі мәселелердің көмегімен оны әшкерелеу қажет.

Қылмыскерді әшкерелеу оқиғаны көзімен көрген-куәлердіқ берген жауаптары мен көрсетпелерінің көмегімен оларға қылмыскерді тануға көрсету және қажет болған жағдайларда беттестіру әрекетін жүргізу арқылы; сондай-ақ қылмыскердің түрғын-жайларына, жұмыс орындарына және т.б. жерлерде тінту жүргізу; қылмыскерді куәландыру, олардың киімдеріне және бұл шараларды жүргізу кезінде табылған объектілерге қарау әрекетін жүргізу; бұл объектілерді тануға көрсету мен заттай дәлелдемелерді идентификациялық зерттеу нәтижелері көмегімен жүзеге асырылады.

Қылмыс жасауда нақты бір кінә түрі мен белгілі бір ниеттің болуын міндетті түрде дәлелдеу қажет. Келесідей мән-жайлар анықталуы тиіс:

• Қылмыс жасаған тұлға өзінің жасаған әрекеттерінің зардабы қандай болатынын алдын ала білді ме, әлде жок па, қандай мақсатты көздегені.

• Айыпкердің жәбірленушімен карым-қатынасы, жеке бас араздығының болуы немесе болмауы (өштесудің, жанжалдың, қорқытудың және т.б.), жәбірленушінің өліміне байланысты пайдакүнемдік ниеттің немесе басқа да жеке басына қатысты мүдденің болуы;

• Жәбірленушінің өлер алдындағы және қылмыс жасалу кезіндегі жүріс-тұрысы мен мінез-құлқы (жәбірленуші жағынан балағаттаудың, шантаж жасаудың, арандатудың және т.б. болу, болмауы). Тергеушінің қорытынды кезеңіндегі басты мәселесі қылмыстық істі кейінгі сот-тергеуіне жіберуге байланысты негізді, әрі дұыс шешім қабылдау болып табылады. Бұл шешімді қабылдау алдын ала дайындық жұмыстарын қажет етеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных