Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу.




1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы

2. Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі

3. Ұрлық істері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің сипаттамасы

4. Тонау және қарақшылық шабуылдарының криминалистикалық сипаттамасы

5. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау. Тергеу әрекеттерінің тактикасы.

 

1. Ұрлық дегеніміз - бөтеннің мүлкін жасырын түрде алу болып табылады. Үрлықтың криминалистикалық сипаттамасын келесідей жағдайлар құрайды:

• ұрлық қылмыстардың ең кең тараған түрі;

• ұрлык құпия түрде жасалынады, кылмыскер көп жағдайларда белгісіз болып табылады;

• осы қылмыстың сипатты белгісі болып тікелей касақаналықтың болуы танылады, ұрлық касақана кейде аддын ала дайындықтан кейін жасалынады;

• ұрлық жасау тәсілі әр түрлі;

• ұрлықтың заты болып кез келген мүлік танылады (ақша, заттар, өзге де материалдық құндылықтыр).

Ұрлықтың кең таралуына қарай осы қылмысты тергеудің жеке әдістерінің көптүрлілігін көруге болады. Оларға әр түрлі криминалистикалық сипаттамалар сәйкес келеді. Ұрлықты тергеу әдістемесін салалық белгілер бойынша қарастырған дұрыс. Әдістеменің бірінші тобына — сауда және қоғамдық тамақтану объектілерінде, кәсіпорындарда және мекемелерде, көлік және ауылшаруашылық объектілерінде жасалынатын қылмыстар жатады. Екіншісіне — азаматтардың жеке үйлері мен пәтерлерінен, сондай-ақ қалтадан ұрлау қылмыстары жатады.

Ұрлықтың қауіптілігі меншік иесінің экономикалык тәуелсіздігіне қол сұғатындығынан көрінеді және оны ашу мен тергеу кезінде айтарлықтай қиындықтар туындайды. Осы қылмыстық іс-әрекеттердің көпшілігін тәжірибелі қылмыскерлердің материалдық кұндылықтарды тауып, оларға кірудің және іздерді жасырудың тиімді тәсілін колдануларымен жасайтындығын тәжірибе көрсетеді. Шамамен қылмыстардың әр бір бесіншісі рецидивистермен және бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған адамдармен жасалады.

Пәтерден және материалдық кұндылықтарды сактайтын басқа да жерлерден ұрлау: есік құлыптарын ашқыштардың көмегімен, ригельді кысу, ілмелі құлып имегін кесу арқылы, желкөз арқылы кіру, есіктер мен терезелерді сындыру, торларды автогенді аппаратпен кесу, қабырғаны немесе төбені тесу, шатырды көтеру, түтін жүретін құбырларды ашу арқылы, қоймаларды бұрғылау немесе шабу жолымен ашу, сейфтерді және басқа да шағын көлемді бүйымдар сақтайтын нәрселерді ұрлау, тауарларды сатып алу кезінде ұрлау жолымен жасалынады.

Қылмыскерлер ұрлыкты ашу мен тергеуді киындату мақсатында қылмыстың іздерін жасыруға ұмтылады.

Ұрлық жасайтын қылмыскерлердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін қарастыратын болсақ, оларды екі негізгі топқа бөле аламыз.

Бірінші топқа ер адам және әйел адамдар ішінде жұмыс жасағысы келмейтін бұрын сотталған, алдын ала өз әрекеттерін егжей-тегжейлі ойластыратын, қылмыс жасау дағдысы, тәжірбиесі бар адамдарды жатқызамыз.

Екінші топтағы адамдар қатарына - жұмыссыз қалғандар, тұрақты мекен-жайлары, отбасылары жоқтар жатады.

 

2. Ұрлык бойынша қылмыстық істерді қозғау үшін тек себептер ғана емес, сонымен қатар жеткілікті негіздер болуы қажет. Себептер қатарына жәбірленушілердің және ұйым өкіддерінің ұрлық туралы арыздары жатады. Қылмыстық іс, сонымен қатар, ұрлықтың жасалғандығы туралы жедел-іздестіру сипатындағы мәліметгерді алу арқылы да қозғалуы мүмкін. Ұрлық жөніндегі істерді қозғау негіздеріне — ұрлықтың болғандығын куәландыратын мәліметтер және ұрлық фактісі бойынша тергеу жүргізу керек екендігін сипаттайтын мәліметтер танылады. Осындай мәліметтерді алу үшін жәбірленушіден, ұйым өкілдерінен және басқа да түскен арыздарды тексеру қажет. Тәжірибелер көрсеткендей, ұрлық туралы арыздар мен хабарларды тексеру - қылмыстық істерді қозғау туралы сұрақтарды дұрыс шешудің, осы қылмыстарды тез арада және толық ашу мен тергеудің міндетті шарты болып табылады. Ұрлық туралы арыздарды дұрыс тексермеу қылмыстық істі негізсіз қозғауға немесе қозғаудан негізсіз бас тартуға әкеп соғады.

Казақстан Республикасының ҚІЖК-нің баптарына сәйкес ұрлық туралы арыздарды тексеру үшін: жасалынған ұрлық туралы мән-жайларға қатысты толық түсініктеме алу керек (нақты қандай зат жоғалды, олардың жоғалғандығы қандай жағдайларда анықталды, жәбірленушінің ұрлық жасауы мүмкін деген адамдар туралы пікірлері бойынша).

Тексеру шараларын жүргізу нәтижесінде ұрлықтың жасалғандығын куәландыратын мәліметтер алынса, қылмыстық іс қозғалады және тергеу жүргізіледі.

Тергеу жоспарының негізін мазмұны ұрлықтын сипатымен, оны жасау тәсілдерімен және тергеу жүргізушіде бар мәліметтермен анықталатын болжаулар құрайды.

Ұрлық қылмыстарын тергеу мен ашудың нәтижелігі тергеушінің осы іс бойынша жұмыс істейтін криминалдық полицияның жедел кызметкерінің жұмыс сапасына, тергеу әрекеттерінің жедел-іздестіру шараларымен сәйкес келуіне бай-ланысты. Сондыктан тергеу жоспарында тергеу әрекеттерімен қатар жедел-іздестіру жолымен анықталатын мән-жайлар көрсетіледі. Осы мән-жайларды аныктауға бағытталған нақты әрекеттер тергеу жоспары мен іс бойынша жүргізілетін жедел-іздестіру шараларының жоспарларында өзара келісілініп керсетіледі. Бұл жоспарды құру мен жүзеге асыру криминалдық полиция қызметкеріне жүктеледі. Ұрлық қылмыстарын тергеу барысында төмендегідей ситуациялар байқалынады:

1 -ситуация — ұрлық жасауда сезікті адам ұсталған. Ол оқиға болған жерде немесе тікелей қылмыс жасалғаннан кейін ұсталуы мүмкін;

2-ситуация - қылмыскер ұсталмаған, дегенмен ол туралы мәліметтер бар, мысалы, жәбірленушінің туысы немесе танысы болып табылады;

3-ситуация - қылмыскер жөнінде ешбір мәлімет жоқ.

Тергеу ситуациясына байланысты тергеу жоспары келесідей мәселелерді қарастыруы керек:

• сезікті болмаған жағдайларда - ұрлық және үрланған заттардың белгілері туралы мәліметтерді полиция органдарына хабарлау; ұрланған заттарды тіркеуге алу және оларды өткізу жолдарына мүмкіндігінше жол бермеу; жасалынған ұрлық туралы мәліметтерді білетін тұлғаларды және ұрлық жасаған адамдарды анықтау; кылмыс жасалынған жерден табылған іздерді аныктау және оларды тіркеу бойынша тексеру; ұрлықтың мән-жайы мен оны жасаған адамдар туралы (ұрлық объектісіне кім қызығушылық танытты, қылмысты жасау үшін қолданылған құрал-жабдықтарды колдануға кімнің мүмкіндігі болды және т.б.) қосымша мәліметтер алу; кылмыскерді іздестіру мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізу, ұрлық жасалынған мекеменің сезікті қызметкерлеріне жедел тексеруді жүргізу; инсценировкаланған ұрлықты ашуға бағытталған шараларды жүргізу;

• егер ұрлықты жасаған адам туралы мәліметтер болса — қылмыскердің ерекше белгілері туралы жедел-қызметкерлеріне, базар қызметкерлеріне, темір жол және өзен вокзалдарындағы, аэропорт және медициналық айықтырудағы полиция қызметкерлеріне мәліметтер беру; қылмыскердің портретін жасау; жеке іздестіруді жүргізу; автоматтандырылған ақпаратты-іздестіру жүйесі (АИПС) бойынша кылмыскердің тұлғасы туралы мәліметтерді тексеру және тіркеуге алу.

- Сезікті белгілі болған жағдайларда жоспарланған тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларының негізгі міндеті — сезіктінің орналасқан жері мен оның қылмысқа қатыстылығы туралы дәлелдемелерді анықтау болып табылады. Осы мақсатта сезіктінің туыстарына, көршілеріне (оқиға болған жерде қалдырылған, жоғалтылған) заттарды тану үшін керсету; сезіктінің тұрғылықты жері мен жұмыс орнында тінту жүргізу; тінту кезінде табылған заттарды алу және тану үшін керсету; қылмыскерді әшкерелеу максатында сараптама тағайындау және жүргізу; сезіктіні ұстау мен жауап алу әрекеттері жүргізіледі. Мекемеде жасалынған ұрлық істері бойынша міндетті түрде инвентаризация және аудит жүргізу жоспарланады.

Ұрлықты тергеуді жоспарлау көбінесе калыптасқан тергеу ситуациясына және ең алдымен тергеудің алғашқы кезеңінде сезікті адамдардың бар-жоғына байланысты.

Тәжірибелер көрсеткендей қылмыстың осы категориясын тергеу кезінде аныктама органдары қылмыскерлерді қылмыс жасау үстінде ұстау жағдайлары (пәтерде, дүкенде, дәріханада, қоймаларда және өзге де материадды құндылықтарды сақтайтын орындарда орнатылған күзет сигнализациясының қосылуы нәтижесінде), «ізі суымаған қылмыстар» бойынша немесе жәбірленушіден, куәдан, кезімен көрушілерден немесе көршілерден жауап алу кезінде ұрлық жасауы мүмкін кылмыскерлерді нақты керсетуі арқылы ұстау жағдайлары кездеседі. Осындай жағдайларда тергеуді жоспарлау ұсталған сезікті адамдардың тергеліп жатқан оқиғаға қатыстылығын көрсететін дәлелдемелерді анықтау мен жинауға және де ұсталған адамдардың бұрын жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруге бағытталады. Бұл істер бойынша жоспарлау болжауларды ұсынуға, тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, оларды тексеруге бағытталады.

Бұларды есепке ала отырып, жоспарда келесі тұлғалармен ұрлықтың жасалу мүмкіндігін қарастыратын болжаулар ұсынылуы тиіс:

• сәйкес қылмыстар үшін сотталғандар, күмәнді өмір сүретін (маскүнемдер, шығу тегі белгісіз заттарды сату арқылы өмір сүретіндер, үйінде қонбайтындар және т.б.) бұрын сотталмаған түлғалар;

• қылмыс жасау мақсатында қалалар мен облыстар арасында көшіп жүретіндер;

• бас бостандығынан айыру орындарынан қашқандар;

• көршілес территорияларда осыған ұқсас кылмыстар.

Тергеу жоспарында куәлардың көрсетпелерін, табылған іздерді және басқа да заттай дәлелдемелерді қолдану мәселелері маңызды орын алу керек. Егер өз көзімен көрген куәлар қылмыскердің түрін есінде сақтап қалса, онда криминалист-мамандарға фоторобот жасап көбейтіп, оларды барлық жедел-іздестіру белімдеріне, учаскелік инспекторларға, патрульды қызмет қызметкерлеріне тарату тапсырылады. Егер де қылмыскерлер маскіде болып немесе қандай да бір жағдайларға байланысты олардың түрлерін көру мүмкін болмаса, онда өз көзімен-керген куәлардың сипаттауы бойынша ұқсас киімдерді тандап оны манекенге кигізіп суретке түсіру (мүмкіндігінше түрлі-түсті фотосурет колдану) және барлық белгілерін сипаттау арқылы оны іздестіру кезінде қолдану ұсынылады.

Қылмыскерлердің ерекше белгілері туралы куәлардың көрсетпелері табылған іздерді және заттай дәлелдемелерді зерттеу жолымен толыктырылуы мүмкін. Криминалистік бөлімшелерде бар әдістемелер аяккиім іздері бойынша қылмыскердің бойының ұзындығын және жынысын, жүру ерекшелігін, аяқ-киім түрін, типін, фасонын, көлемін, оның киілу және жөнделу ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Қолдардың іздері бойынша олар бойының ұзындығын, жасын, із калдырған тұлғаның алақанының және саусақтарының ерекшеліктерін анықтай алады. Ұрлық жасау кезінде қалдырылған бұзу іздері арқылы қылмыскердің бойы, дене бітімі, кәсіби дағдылары және физикалық ерекшеліктері анықталады.

Тергеу әрекеттерінің кезектілігі ұрлықшының қылмыс үстінде ұсталғандығына немесе оның жеке басын тергеу барысында анықталатындығына байланысты. Егер қылмыскер ұрлық жасау үстінде ұсталса, ең алдымен жеке тінту жүргізіледі, ұстау орнына қарау жүргізіледі, жәбірленушілер мен куәлар анықталады, қылмыскердің жеке басы мен тұрғылықты жері анықталады. Қылмыскерден жауап алынады, іс үшін маңызы бар заттар алынуға жатады және оларға карау жүргізіледі, олар іске заттай дәлелдеме ретінде тіркеледі. Одан кейін кылмыскердің тұрғылыкты жері мен үрланған заттар жасыруы мүмкін жерлер тінтіледі. Ұрлықшы ұсталған кезде жеке тінту яғни қылмыс жасау кезінде қолданған құрал-саймандарды, атап айтқанда үстара, ашқыштар, фомкалар, үшкірленген тиын ақшаларды, табу мақсатында жүргізіледі. Ұстау кезінде ұрланғандығы езіне мәлім емес жәбірленушілер де болуы мүмкін, сондықтан оларға өздерінің заттарын тексеру ұсынылуы керек.

Қылмыскер ұрлық үстінде үсталынбаса, белгісіз болса, ең алдымен жәбірленушіден жауап алынады, куәлар мең өз көзімен көрушілер анықталынып олардан жауап алынады, ұрланған заттар жатқан жерлер қаралады, қажетті жағдайларда оқиға болған жерге қарау жүргізіледі.

Ұрлықты тергеу тәжірибесі осы қылмысты инсценировкалау жағдайларының кездесуін көрсетеді. Ұрлықты инсценировкалау мүмкіндігіне байланысты болжаулар окиға болған жерді қарау барысында негативті жағдайларды анықтаған кезде-ақ пайда болады: қажетсіз есікті бұзу белгілерінің болуы, үй-жайының сыртқы жағында сынған әйнек бөлшектерінің болуы, кесілген ілмелі құлып табылған жағдайларда металл ұнтақтарының болмауы және сол сияқты. Мұндай болжаулар арызданушыдан жауап алу кезінде де пайда болуы мүмкін. Арызданушы ұрланған заттың көлемі, сақтау орны туралы, ұрланған заттың белгілері туралы көрсетпелер беру кезінде шатасып, қандай да бір мән-жайларды көңілге қонымсыз түсіндіруінен көрінеді.

Ұрлық қылмыстарын тергеу барысында қылмыскерлерді және ұрланған заттарды анықтау үшін жедел-анықтамалық және криминалистикалық тіркеулердің қолданылу мүмкінділігін қарастыру керек. Мысалы, егер қолдың іздері табылса, оларды тіркеудегі қолдың іздері бойынша тексеру (ішкі істер органдарының криминалистикалық бөлімшелерінде) жоспарлануы қажет. Бұл сонымен қатар, осы қылмыскерлердің бұрын жасаған қылмыстарын ашуға мүмкіндік береді. Бір тұлғамен жасалынған кылмыстар бойынша қылмыстық істерді бір өндіріске біріктіру олардың тезірек ашылуына және толық ақпарат алуға мүмкіндік туғызады.

 

3. Үрлық істері бойынша алғашқы тергеу әрекеттері ретінде оқиға болған жерді қарау, жәбірленушіден, ез көзімен көрген куәлардан жауап алу, сезіктіні ұстау және жауап алу, тінту әрекеттері жүргізіледі.

Оқиға болған жерді қарау — кажетті тергеу әрекеті ретінде сапалық жағынан кылмыстың дұрыс ашылуына өз септігін тигізетін тергеу әрекеті. Қарауды жәбірленуші немесе материалды жауапты тұлғаның қатысуымен жүрі пісіі дұрыс. Ал ұрлык істері бойынша жүргізілетін оқиға болған жерді қарау тергеу әрекетіне криминалист-маманның міндетті түрде қатыстырылуы қылмыс іздерінің жиі кездесіп анықталуымен байланысты.

Қылмыскерлерді және ұрланған заттарды ізін суытпай тұрып тез арада табу үшін іздестіру кызметіндегі иттерді қолдану жақсы нәтиже береді.

Техникалык құрал-саймандар және әдістердің көмегімен жүргізілген қарау әрекеті тергеуді жүргізуші түлғаға басқа жолмен анықтауға мүмкін болмайтын дәлелдемелерді алуға жол береді.

Қарау барысында:

• ұрлық объектісі болып не табылады;

• ұрлық орнына кылмыскер қай жақтан кіріп, қай бағытта жасырынды;

• тауарлы-материалды қүндылықтар орналасқан жерге кіруде қылмыскер қандай әдіс-тәсілдер мен техникалық құрал-саймандар колданған;

• техникалық құралдар ретінде қандай саймандар мен құралдар колданылған;

• қылмыскер қандай әрекеттерді және қавдай кезектілікпен қолданған т.б

Жәбірленушіден жауап алу кезінде келесі мәселелер анықталады: қылмыс қайда және қашан жасалғаны, нақты не ұрланғаны, ұрланған заттардың айрықша белгілері кандай; отбасының мүшелері және олардың үрлық болған кезде кайда болғаны; ұрлық кезінде пәтер жабық тұрды ма (жабық түрса қалай), кілттер қайда түрды; олар түрған жер туралы кім біледі, үйде ешкімнің жоқ екенін кім біледі; ұрланған заттарға кім кызығушылық білдірді; жәбірленушілер ұрлық жасады деп кімді ойлайды. Жәбірленушіден жауап алу кезінде жоғалған заттарды отбасы мүшелерінің бірі немесе оның кдйда түрғанын білетін және пәтерге кіре алатындардың біреуі алды ма деген негіз жоқ па екенін анықтау керек.

Мемлекеттік және қоғамдық мүлікті ұрлау істері бойынша материалды жауапты тұлғалардан (дүкеннің, қойманың, базаның меңгерушісі, сатушылар), сонымен катар ұрлық жасалынған объектіні күзеткен адамдардан жауап алынады. Материалды жауапты тұлғалардан ұрлық болғаны кашан анықталды, оны кім және қалай анықтағаны; нақты қандай құндылықтар ұрланған, олардың құны және ерекше белгілері; құндылықтар қай жерде сакталынған және оның орналасқан жері туралы кім білгені; объект күзетілді ме, егер күзетілсе қалай; полиция келгенге дейін объектіге өзгерістер енгізілген жоқ па; объектіні сұрастырған немесе ұрлық болғанға дейін, ұрлық болған кезде жанында адамдардың болған-болмағанын; жұмыс тәртібі және одан ауытқушылықтардың болғанын; бұрын ұрлық немесе үрлыкка оқталу болған-болмағаны анықталып сұралады.

Ұрлықты өз көзімен көргендерден өздері куә болған мән-жайлар және ұрлықты ашу үшін маңызы бар мән-жайлар бойынша жауап алынады. Сезіктілерді аныктаған және ұстаған жағдайда бірден жеке тінту жургізіледіі сонымен қатар, тұрғылықты және жұмыс орны бойынша тінту жүргізіледі.

Сезіктіден жауап алу ол ұсталғаннан кейін және ұстау негізін тексеретін және ұрлыққа қатыстылығын керсететін жағдайларды анықтауға мүмкіндік беретін тінту әрекеттерінен кейін жүргізіледі.

Кейбір тергеу ситуацияларында ұрлық істері бойынша ал-ғашкы тергеу әрекеті ретінде тану үшін көрсету жургізіледі. Мұндай жағдай сезіктіні қылмыс үстінде немесе ұрлық жасағаннан кейін бірден ұстағанда болуы мүмкін. Тану үшін осы қылмыс бойынша сезікті деп танылған адам немесе одан табылған заттар мен қүндылықтар көрсетілуі мүмкін.

Үрлық істері бойынша кейінгі тергеу әрекеттеріне айыпталушыданжауап алу, беттестіру, тергеу эксперименті, тану ушін көрсету, сараптама тагайындау және жургізу, айгақтарды оқига болган жерде тексеру мен нақтылау жатады.

 

4. Тонау - бұл бөтеннің мүлкін ашық түрде үрлау, яғни осы мүлікті иемденуші тұлғалардың және басқа азаматтардың көзінше ұрлау. Мүлік иелері және басқа тұлғалардың катысуын ұрлаушы түсінеді, бірақ саналы түрде ескермейді.

Қарақшылық - бұл бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау.

Тонау мен қарақшылық бір объектіге, яғни меншік иесінің мүліктік құқығына қол сұғу. Қарақшылық кезінде, сонымен қатар қол сұғу объектісі болып, иелігіндегі мүлікті иемдену мақсатымен шабуыл жасалатын тұлғалардың өмірі және денсаулығы табылады.

Тонау да, қарақшылық та жай (қарапайым) және сараланған болып бөлінеді. Тонаудың жай формасында мүлікті ұрлауда күш қолданбайды. Ал сараланған түрінде күш көрсетумен немесе оны қолданамын деп қоркыту әрекеттерін жасауы мүмкін. Алайда қарақшылықтан айырмашылығы, бұл күш көрсету жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті болып табылмайды.

Қарақшылықпен шабуыл жасау кылмыстарының ауырлататын жағдайларда жасалуы: адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы; қару немесе қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданумен; тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға немесе қоймаға заңсыз кірумен жасалған қарақшылық; үйымдасқан топпен; денсаулыққа ауыр зиян келтірумен абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соккан қаракшылық. Сонымен қатар, қарақшылык аса қауіпті рецидивиспен жасалған және қайталап жасалынған қарақшылык, мүлікті ірі мөлшерде ұрлау жатады.

Занда аталған тонау мен қарақшылық белгілеріне талдау жасау осы қылмыстарды бір-бірінен ажыратып қарастыруға негіз ғана болмай, сонымен бірге тергеу барысында шешілетін мәселелер шеңберін анықтауға негіз болады.

Ең алғаш шешілетін мәселеге - қылмыстың барлық болған жағдайларын анықтау жатады. Қарастырылып отырған қылмыстарға қатысты бұл ең алдымен қарау жүргізіліп жатқан себепке байланысты қандай оқиға орын алғанын (тонау немесе карақшылық па, жай немесе сараланған түрі ме және т.с.с), бұл оқиға қандай нақты көрініс тапқанын анықтау керек.

Аталған мәселелерге сәйкес, алдын ала тергеудің алғашқы іздестіруге, бекітуге және алынуға жататын іздердің анықталады. Оларға мына іздер жатады: тонауды немесе карақшылық шабуылын анықтайтын немесе жоққа шығаратын іздер, сонымен бірге, оқиға болған жерді қарау кезінде инсценировкаланған қылмыстың ұйымдастырылғанын көрсететін іздер; қылмыскердің әрекет жасау тәсілін, ашық түрде мүлікті ұрлаудың немесе карақшылық шабуылдың мазмұнын сипаттайтын; қылмыстық іс-әрекет жасау кезінде күш қолданғаны немесе қолданамын деп қорқытуын сипаттайтын; тонау немесе қарақшылық шабуыл жәбірленушілерге қатысты жасалғанын сипаттайтын және жәбірленушінің тонау мен шабуыл кезінде жасаған іс-әрекеттерін сипаттайтын; тонаудың немесе қарақшылық шабуылдың мақсаты болып нақты не табылды, қандай заттар мен күндылықтар тоналды, олардың кейінгі тағдыры қандай екенін анықтауға мүмкіндік беретін жағдайларды анықтау қажет. Мұндай мәліметтер қылмысқа кінәлі айыпталушының жалған алибиін әшкерелеуге маңызды болып есептелінеді.

Тонау мен қарақшылық шабуылдары қылмыстарын ашуға мүмкіндік туғызатын дәлелдемелермен қатар, осы қылмыстардың жасалуына әсер еткен себептер мен жағдайлар туралы қорытынды жасауға негіз болатын дәлелдемелерді және оларды болдырмау шараларын анықтау керек.

Басқа кылмыстармен салыстырғанда тонау мен қарақшылық шабуылдың бірқатар ерекшеліктері бар:

• әдетте бұл қылмыстар топпен жасалады;

• алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі;

• жылдам, дөрекі және қатаң түрде жасалады;

• оқиға болған жерде заттай дәледдеме ретінде танылатын заттардын көлемі шектеулі болып келеді.

Қарақшылық шабуылдың бір топ адамдармен алдын ала дайындалып жасалуы осы қылмыстарды ашу мен алдын алу мақсатында жедел-іздестіру шараларын белсенді түрде колдануға мәжбүр етеді. Қарақшылық кенеттен, қару-жарақ колданып жасалғандықтан жәбірленушілер көбінесе қылмыскерлерді толық аныктап, көре алмайды, бүл кейіннен оларды іздестіру мен тану үшін көрсету кезінде қиындықтарды туғызады. Осыған байланысты тонау мен қарақшылық қылмыстарын тергеу бірқатар талаптарға сәйкес жүргізілуі тиіс:

• тергеудегі жылдамдық пен жеделділік;

• тергеу барысындағы тергеу әрекеттері мен жедел шаралардың өзара байланыстылығы;

• криминалистикалық техника тәсілдерін белсенді қолдану;

• қылмыстық тіркеу мүмкіндіктерін кеңінен қолдану. Тонау және қарақшылық шабуылды жасау кезінде қылмыстық қол сұғушылықтың тікелей объектісі болып мемлекеттік, қоғамдық және азаматтардың жеке және өзіндік меншіктері табылады.

Алдын ала дайындық жүмыстарын жүргізу - аталған кылмыстардың көбісіне тән қасиет. Қылмыскерлер алдын ала қылмыс жасау орнын (дүкен, қойма, пәтер) немесе шабуыл жасауға ниеттенген түлғаны белгілейді (инкассатор, сатушы, күзетші), қылмыс жасауға қажетті құралдарды дайындайды (бүзу құралдарын, атыс немесе суық қаруларды), көлік құралдарын дайындайды, өзара рөлдерді беледі, ұрланған заттарды жасыру мен өткізу жерлерін іздестіреді.

Тонау және карақшылық шабуылдар, тәжірибе керсеткендей, көбінесе екі-үш немесе төрт адамнан түратын топпен жасалады. Қарақшылықпен жасалатын топтар көбінесе тұрақты болып келеді және олармен бірнеше кылмыстар жасалады. Бүл топтарды бұрын сотталған трасологияның, дактилоскопияның, баллистиканың мүмкіндіктерін, ауызша суреттеудің маңызын білетін кылмыскерлер басқарады.

Дүкен, банк кызметкерлеріне, инкассаторларға шабуыл жасауға мұқият дайындалады.

Пәтер тұрғындарына немесе күзетшілерге шабуыл жасауда олар үй-жайға кедергісіз кіру мақсатымен ездерін жеке меншік пәтерлер кооперативтерінің (КСК), газ қызметкерлері, энергия жабдықтау, полиция, өрт пен сақтандыру кызметінін екілі ретінде, жәбірленушінің отбасы мүшесі жүмыс істейтін өнеркәсіптің екілі ретінде атайды. Егер қылмыс ашық жерлерде жасалынса, шабуыл кенеттен артқы жағынан немесе торуылдан (құрылыстың бүрышынан, бұталардан немесе жекелей түрған ағаштардан) жасалады. Жәбірленушіге күдік тудырмай қасына келу үшін қылмыскерлер шылым тұтатып алуға, жолды көрсетіп жіберуді немесе өзге де назарын аударатын сұрақтарды қояды. Әңгіме басталып кеткен уақытта олар жәбірленушіге жақындап, шабуыл жасайды.

Тонау және қарақшылық шабуылдын құрбандары көбінесе әйелдер немесе мас күйінде болып қарсылық көрсете алмайтын ер адамдар болады.

Тонау және қарақшылық шабуылдарда әдетте теріден жасалған бүйымдар, бағалы заттар, ақша, хрусталь, суреттер, антиквариатты бұйымдар, тұрмыстық техника және жоғары сұраныстағы заттар мен құндылықтар ұрланады.

5. Тонау және қарақшылық шабуылдары бойынша қылмыстық іс көбінесе жәбірленушінің езінің арызымен, ал егер шабуыл кәмелетке толмағандарға немесе әйелдерге қарсы жасалса және олар қорқыныш сезімінде болып жасалынған қылмыс туралы өздері арыз бере алмаса, туысқандарының, көршілерінін арызы бойынша қозғалады. Күзетшілерге шабуыл жасалынған кезде қылмыстық іс олардың арызы немесе лауазымды тұлғалардың хабарлауы бойынша козғалады. Жәбірленушілердің емдеу мекемелеріне келіп түсуінен анықтама және тергеу органдары қарақшылық шабуылы туралы есту жағдайлары да кездеседі. Егер жәбірленушінің нашар хал жағдайына байланысты жауап алу мүмкін болмаса және іс бойынша куәлар жоқ болса, қылмыстык іс емдеу мекемелерінен алынған хабарламаларының немесе оқиға болған жерді қарау нәтижелері негізінде қозғалады.

Тонау және қарақшылық шабуыл істері бойынша алғашқы тергеу әрекеттерінің кезектілігі, көбінесе, кылмыс жасау үстінде ұсталған қылмыскерге қатысты немесе жасалған қылмыс фактісі бойынша қылмыстық істің козғалуымен тікелей байланысты.

Тергеудің алғашқы кезеңінде мынадай жалпы болжаулар ұсынылуы мүмкін: тонау және қарақшылық шабуыл шынымен жәбірленуші хабарлаған жағдайларда жасалынды; шабуыл шынымен жасалынған, бірақ оқиғаның мән-жайлары арызданушымен бұрмаланған; басқа кылмыс орын алған (бұзақылық, біреудің өміріне қастандық жасау); тонау және карақшылык, шабуылы болған жоқ, тек шабуыл инсценировкаланған.

Тергеу ерекшеліктерінің қатарына уақыт факторын есепке алу маңыздылығын және осымен байланысты жедел-тергеу тобының оқиға болған жерге шығуға жоғарғы деңгейдегі дайындығын қамтамасыз ету қажеттілігін жатқызуға болады. Тонау және қарақшылық шабуылы тез арада жасалынатын қылмыстар қатарына жататынын ескеру керек.

Тергеудің алғашқы кезеңіндегі тергеу ситуациясы тергеушінің іс-әрекетінің алгоритмін анықтайды.

Тонау және қарақшылық шабуылдарын тергеудің алғашқы кезеңіндегі біртектес тергеу ситуацияларына келесілер жатады:

• тонауды немесе карақшылық шабуылды жасаған тұлға қылмыс үстінде немесе оны жасағаннан кейін бірден ұсталса;

• тергеушіде қылмыстық жазаланатын іс-әрекетті жасаған тұлға жөнінде жеткілікті мәліметтер бар, бірақ ол әлі ұсталынбаса;

• қылмыс жасаған тұлға жөнінде мәліметтер болмаса. Егер тонау немесе қарақшылык шабуылы туралы хабар жәбірленушіден тез арада түссе, тергеу әрекеттерінің тәртібі келесідей болу керек: ізін суытпай сезіктіні ұстау, жәбірленушіден жауап алу, тану үшін көрсету, жәбірленушіні және сезіктіні куәландыру, оқиға болған жерді қарау.

Жәбірленуші мен өз көзімен көрген-куәлардан жауап алу кезінде шабуылдың жағдайлары, қылмыскердің ерекше белгілері, сонымен катар, ұрланған заттардың белгілері мен бағасы анықталады.

Егер кылмыстық іс қылмыстың жасалу фактісі бойынша қозғалып жатса, онда тергеу әдетге, жәбірленушіден жауап алудан, оқиға болған жерді қараудан, киімді қарау және жәбірленушіні куәландырудан, жәбірленушіге сот-медициналық сараптама тағайындаудан, ез көзімен көрген-куәгерлерден жауап алудан басталады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных