Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып 14: Алаяқтық қылмысын тергеу




1.Алаяқтық қылмысының криминалистикалық сипаттамасы

2. Алғашкы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және

тергеу болжауы мен жоспары

3. Алғашкы тергеу әрекеттерінің тактикасы

4. Кейінгі тергеу әрекеттері

 

 

1. Алаяқтық, яғни бөтен мүлікті ұрлау немесе мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу меншікке бағытталған қылмыстар қатарына жатады.

Меншікке қарсы қылмыстардың ішінде алаяқтық қылмысы сирек кездесетін, бірақ кейінгі жылдары оның есу қаркыны бірден көзге түседі. Алаяқтың қоғамға қауіптілігі күннен-күнге өсуде: бүл тектес қылмыстық әрекетгер мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге, коммерциялык құрылымдарға және азаматтарға үлкен материалдық зиян келтіріп, саяси тұрақсыздандыруға апаратын факторға айналып отыр. Көбінесе алаяқтық әрекетті жүзеге асырғанда қылмыстық кол сұғушылық заты болып ақша табылады. Кейбір жағдайларда алаяқтар өндірістік тауарларды, валюталарды, бағалы қағаздарды, мүлікті, зергерлік бұйымдарды, өнер тауарларын иемденеді.

Алаяқтық қылмысы әр түрлі тәсілдерімен жасалады. Алдау немесе сенімді пайдалана отырып зиян келтірудің кептен келе жатқан тәсілдеріне мыналар жатады: карта, басқа да әуесқой, құмар ойындарды («рулетка», «сүйек-бөтелке» айналдыру т.б.) ойнағанда әр түрлі айла қолдану; жасанды асыл бұйымдарды сату; жасанды ақша мен заттарды пайдалану; жалған ақша купюраларының эквивалентті емес түрлерін айырбастау; өздерін бақылау және құқық қорғау және т.б. органдарының қызметкерлері ретінде таныстыру жолымен әрекеттер жасау.

Алаяқтар жоғары кәсіпкойлығымен, техникалық, жағынан толық жабдықтануымен ерекшеленеді. Карта ойнайтындар ойынға қатысушылардың картасын көру үшін телеқондырғыларды қолданған жағдайлар да кездеседі.

Алаяқтар қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалык өзгерістерге жылдам назар аударып, қарапайым тұрғындар мен коммерсанттардың жеткілікті кұқықтық білімінің және нарықтық қатынастарға сәйкес тәжірибелерінің жоқтығын ескере отырып, нарыктағы бағалы қағаздармен, шетелмен коммерциялық байланыстарды жүргізуге, жекешелендіруге толық инвестициялармен, несиелік-банктік қызметпен байланысты әр түрлі алдау әдістерін ойластырып тәжірибеде қолдануда. Казіргі кездегі алаяктық әрекетінің өзіне тән ерекшелігі, олар занды тұлғаның атынан азаматтық-құқықтық мәмілелер жасап және қаржылық-шаруашылық операцияларды жүзеге асыруында.

Кейінгі жылдары алаяқтык қылмыстарының төмендегідей тәсілдері өте кең тараған: банктік несиелерді жалған құжаттар арқылы алу; жалған фирмалар құрып кейіннен халықтың қаражатын иелену; тұрғын үйлерді алу (сату, айырбастау, арендаға, кепілге беру) үшін жалған құжаттар жасау; банкоматтан ақша немесе сауда кәсіпорындарынан тауарлар алу үшін, біреудің немесе қолдан жасалған пластикалық карточкаларды колдану; валютаны айырбастау, шетелдік куәліктерді, визаларды рәсімдеу кезіндегі, қамтамасыз етілмеген акцияларды және құнды қағаздарды сату барысында жалған құжаттарды қолдану және т.б.

Басқа тәсілдерге тоқталатын болсақ: 1) мемлекеттік және коғамдык материалды қүндылыкты қоймалардан, базалардан және басқа да объектілерден жалған құжаттарды пайдалану арқылы алу; 2) жалған құжаттарды пайдалана отырып мемлекеттегі құжаттарды, мемлекетгік зейнетақыларды немесе әлеуметтік қамсыздандыру органдарынан басқа да төлемдерді заңсыз жолмен иелену; 3) мемлекеттік және коммерциялық банктерден әр түрлі жалған чектік құжаттарды қолдану жолымен көп мөлшердегі каражаттарды иелену; 4) мемлекеттік мүлікті жалған құжат арқылы несиеге алу немесе калған қарызды төлеуден жалтару.

Алаяқтардың ақшалай қаражаттармен жасаған қылмыстық тәсілдері банктік есеп айырысуда толық құрылымды және күрделі болып келеді. Алаяқтар қылмыстық іске кіріспес бұрын, міндетті түрде дайындық жұмыстарын жүргізеді. Олар алдымен қатаң есептегі банк қүжаттарын қолға түсіріп, ұрланған ақшаны аударатын ұйымдарды анықтайды және кұжаттарды жеткізу (жіберу) әдістерін шешеді. Басқа да қажетті мәліметтер мен банк кодтарын, шифрларын, т.б. алдын ала анықтап біледі. Сонымен қатар, дайындық жұмысына қылмыскердің көздеген тиісті коммерциялық банктердің қызметкерлерімен алдын ала сөз байласып келісулері жатады. Ұрлық қылмыстары құжаттарды белгіленген жерге жіберіп, оның банкке өтуін қадағалау мен есеп бойынша аударылған ұйымнан түскен ақшаны алу жолымен жүзеге асады. Мүндай кылмыстық іс ақша айналымын құрайтын құжаттарды (жалған мәміле, шарт, келісімдер және т.б.) тексеру арқылы ашылады.

Азаматтардың жеке мүлкіне қол сұғушылық кезінде алаяк-тар әр түрлі тәсілдерді қолданады: ақшаны жоғары пайызбен қарызға алу және оны кдйтармау; сатылатын заттың өзін емес оған ұқсас затты беру; сауда жасағавда, акшаны айырбастағанда, майдалағанда алдау; алтын бұйымдардын орнына мыстан жасалған бұйымдарды сату; жалған ақша беру; көмек көрсетемін деп ақша алу немесе белгілі бір кызмет көрсетуге тауарларды алу; пал ашу, тәуіпшілік, емшілік жасау арқылы акша алу; тауарларды және басқа да материаддық құндылыктарды алу мақсатында басқа адамның атын иеленіп жалған шарттар жасау нәтижесінде ақша алу; жалған мәмілелер жасау.

Алаяқтық кылмысын жасау тәсілдерінің кеңінен тараған түрлері: алаяқтар бір бума ақшаға ұксас жалған ақшаларды жолға тастап, оны бөлген кезде жәбірленушінің шын ақшаларымен ауыстырып алу, сонымен қатар алаяқтардың бөтеннің мүлкін иелену мақсатымен некеге тұру; атақты әншілердің аты-нан концерттер қою, өнер туындыларын қолдан жасау және сату сияқты тәсілдері жиі кездеседі.

Жәбірленушілерді алдау, олардың тікелей байланысқа түсулері арқылы жүзеге асыратыдықтан, соңғылары барлық уақытта өздерінің қылмыстық іс-әрекетінің ізін жасыруды ойластырады. Осындай мақсатта картадан ұтылған жәбірленушіге ақшаның жартысын ұтып алуына, жалған құжат жасауына, жалған алиби құрастыруына, шетелге қашуына мүмкіндіктер беріп, сырт көзге занды болып көрінетіндей барлық шараларды қолданады.

Алаяқтық қылмысы қолданылатын тәсілдері мен басқа да жағдайларға байланысты көшеде, жеке пәтерде, дүкен, фирма мекемелерінде жасалады. Алаяқтардың жеке басын зерттеу кезінде олардың жоғары кәсіби деңгейі, кұқыктық білімдері, ой-өрісінің жетіктілігі анықталады.

Алаяқтардың ішінде рецедивистер кеп, соның 30 пайызын әйелдер қүрайды.

Соңғы жылдары қылмыстың жекеленген түрлері бойынша мамандандырылып ұйымдасқан топтарды қүру кеңіңнен таралуда. Бұл топтардың ішінде кылмыскерлер атқаратын рөлдерін өзара бөліседі. Әдетте әр түрлі әуесқой ойындарды өткізген кезде біреулері азаматтарды ойынға тартады, ал басқалары ойын үстінде жәбірленушіге психологиялық әсер етеді, үшіншілері ойынды жүргізеді, төртіншілері операцияның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Топтың мұндай түрі техникалық жабдыктылығымен, шапшандығымен, басқа топ қылмыскерлерімен тұрақты байланысымен ерекшеленеді. Олардың ішінде кейбіреулері нақты белгіленген, танымал ұлттық-аумақтық атаққа ие.

Жәбірленушілердің ішінде қасақана занды бүзатын адамдар көп кездеседі. Оларды көбівде алаяқтар пайдаланады. Мұндай тұлғалар тәртіптен тыс визалар, шетеддік паспорттарды алуға, банктік несиелерді пайдалануға, шетелдік келісім шарт жасауға, шетел азаматтарынан келіп түскен жүктерді кеденнен өткізуге, өздерінің мүлік-заттарын валютаға сатуға тырысады.

Занды мүлтіксіз орындайтын азаматтардың көбісі алаяқтардың алдауына үшырап, кылмыс құрбаны болуда. Алаяқтар қылмыстық әрекеттерін көбінесе түрғын үйі бар жалғыз басты қарт-тар, психикалық аурумен ауыратын адамдар, көп балалы жанұялар, кәмелетке жасы толмағандарға жасайды.

Алаяқтық қылмыстарын жасау тәсілдері туралы мәліметтерді олардың қалдырған іздері ғана арқылы ала аламыз. Олардың қатарына: жәбірленушілер мен баскд да адамдардан алаяқ және оның әрекеті жайында мәліметтерді алу; жәбірленушіде қалған қылмыс құралдары (жасавды ақша, қолхат, жалған күжатгар мен бағалы қағаздар, жасанды зергерлік бұйымдар, заттар және т.б.); кылмыскерлердің алаяқтық әрекетіне дайындығын нақты көрсететін тұпнұсқалық құжаттарды (телеграмма, келісім-шарттар) және т.б. жатқызуға болады.

 

2. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, алаяқтык әрекеті анықтама органдары жедел-іздестіру шараларьш жүргізген кезде анықталады немесе олар жайлы мәліметтер азаматтардың арыздары мен занды тұлғалардың хабарлауы арқылы белгілі болады.

Алаяқтык қылмыстары азаматтық қүқықтық мәмілелермен немесе қаржы-шаруашылық операциялармен бүркемеленіп жасалған жағдайларда анықтама органдары тергеуге дейінгі келесідей тексеру жұмыстарын жүргізеді: кұжаттар мен нормативтік актілерді талап ету және тексеру, жәбірленушіден, сезіктіден және т.б. түсініктемелер алу, ревизия тағайындау, мамандармен кеңес жүргізу. Осы жұмыстармен қатар жедел-іздестіру шараларын да жүргізеді.

Алаяқтық кылмыстарды тергеудің алғашқы мазмүны бастапқы тергеу ситуациясына байланысты құрылады. Қылмыскердің жеке басы туралы мәліметтерді негізге ала отырып, тергеу ситуациясын төрт категорияға бөліп карастыруға болады.

1. Алаяқ белгілі, ол алаяктык әрекет жасау үстінде немесе оны жасап біткен соң ұсталды. Мұндай жағдайларда тергеу әрекеті келесідей кезектілікпен жүргізіледі: сезіктіні жеке тінту және одан жауап алу; тінту кезінде алынған заттай дәлелдемелерге қарау жүргізу; оқиға болған жерді карау; жәбірленуші мен куәлерден жауап алу.

2. Алаяқ белгілі, бірақ ол тергеуден бой тасалап жүр. Бұл тергеу ситуациясындағы негізгі мәселелердің бірі - алаяқты іздестіру. Жәбірленушіден, куәдан жауап алу, заттай дәлелдемелерді карау-тергеу әрекеттерінен басқа да келесідей әрекеттер жүргізіледі: ішкі істер органдары бөлімшелерінің сезіктіні іздестіруге байланысты бағыты анықталады; жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылады; сезіктінің жеке басын және оның болуы мүмкін жерлерді аныктауға байланысты шаралар колданылады.

3. Алаяқ белгілі, бірақ оның әрекеттері бүркемеленіп занды мәмілелер ретінде көрсетілген. Мұндай ситуацияларда сезікті жүргізген әрекеттердің сипаты мен құқықтық негіздерін анықтай отырып, төмендегідей зерттеулер жүргізіледі: алаяқтық арқылы жасалған келісім туралы құжаттарды қарау және алу, осыған қатысты лауазымды адамдарды анықтау мен олардан жауап алу, бұл операцияларды реттейтін зандарды қарастыру.

Алаяқтық әрекеттерін жасыру мақсатымен заңды түлғалардың (акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектелген серіктестіктер, жеке кәсіпорындар және т.б.) шаруашылық қызметін тексеру керек. Сонымен қатар, тексерілетін фирманың жарғы-лық және езге де құжаттарын алу және зерттеу; инвентаризация мен ревизияны тағайындау; жұмыс орындарын қарау немесе тінту; салымшыларды анықтау жөне олардан жауап алу (жеке адамдардан инвестиция ретінде жиналған ақша қаражаттары орынсыз жұмсалса); фирманың мүлкін, қаражатын және құнды заттарын іздеу; банктік есептеріне тыйым салу.

4. Алаяқ белгісіз. Мұндай жағдайда тергеуші: жәбірленушіден, куәлардан жауап алады; субъективті портрет кұрастырады; криминалистикалық тіркеу аркылы ашылмаған алаяқтык қылмыстарын жасалу тәсілі бойынша және осыған ұқсас жолмен жасалған кылмыстарды жасаған қылмыскерлерді аты-жөні бойынша іздестіру шараларын жүргізеді; жедел-іздестіру шараларын жүргізуді ұйымдастырады.

Тергеудің бастапқы кезеңінде келесідей жалпы типтік болжаулар ұсынылады:

• алаяқтың кылмысы арызданушының хабарлаған жағдайларындағыдай жасалған;

• алаяқтық қылмысы орын алмайды, кылмыстың басқа түрі (корқытып талап ету, шабуыл жасап тонау және т.б.) жасалған;

• азаматтық-құқықтық мәміле занды түрде жасалған (заем, айырбастау, сату-сатып алу).

Осы үш ситуацияның акпараттық негізін талдау нәтижесінде жалпы болжаулар құрып оны тексеру қажеттілігі туындайды, яғни алаяқтық кылмысы шынымен бастапқы алынған мәліметке байланысты жасалған ба, сондай-ақ алаяқтылықты инсценировкалау әрекеті болуы мүмкіндігін анықгау. Жеке болжаулар әдетте, міндетгі түрде қылмыскердің жеке басын, оның жүрген жерін анықтау мен бұрынғы ашылмаған ұрлық кылмысын жасаулары мүмкіндігі жайлы мәліметтер алумен, мүлкі үрланған мекеме-лердің қызметкерлері мен қылмыскерлердің байланысын, қылмыс жасаған жері мен оған келтірген зиянның мөлшерін анықтаумен байланысты құрылады.

Төртінші ситуация негізінен алаяқтың жеке басын анықтау мақсатында, оның бұрыңғы кылмыска қатыстылығы және оның осыған ұқсас жолмен жасалған ашылмаған кылмыстарына катысының болу мүмкіндігі анықталады.

Аталған санаттағы қылмыстық істер бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлар: 1) алаяқтық қылмысы жасалды ма (орын алған ба); 2) қылмысты жүзеге асыру орны, уақыты, жағдайы, тәсілі; 3) қылмыстық ниеттін болуы; 4) қылмыстык, кол сұғылған зат (нені иеленіп алды), алаяқ қанша мөлшерде ақша заңсыз алды; 5) алаяқтық кімге қатысты жасалған (мемлекеттік немесе қоғамдык ұйымдарға, коммерциялық кұрылымдарға, жеке түлғаларға); 6) қылмыскерлердің жеке басы туралы мәліметтер (жұмыс орны, еңбек ету сипаттамасы, сотталғандыгы, кылмыс жасау ниеті мен тәсілі, бүрын жасалған қылмыстығы, қылмыстық топтағы рөлі); 7) алаяктық топ және басқа да қылмыстық әрекетке қатысушылар туралы мәліметтер (құрамы, саны, техникамен және қарумен қамсыздандыруы, сыбайлас жемқорлармен байланысы, мамандавдырылуы); 8) жәбірленушінің жеке басы, алаякпен байланысқа түсу жағдайы туралы мәліметтер; 9) алаяқтық жасауға себеп болған мән-жайлар.

Алаяктык қылмысы занды тұлғалардың инсценировкалауымен жасалған жағдайда келесі мән-жайлар аныктауға жатады: мұндай тұлғаның күқыктык мәртебесі және үйымдасқан-құқықтық формасы, мәміле мен операцияны жүргізетін лицензиясының бар-жоқтығы; бағалы қағаздар шығару тәртібі мен валюталык, кедендік және басқа да зандылықтардың сақталу тәртібі және т.б.

Алаяқтық жолымен мүлікті талан-таражға салу қылмыстарының бастапкы және кейінгі тергеу кезеңінің жоспарында біреудің мүлкін иелену және ысырап ету арқылы талан-таражға салу қылмыстарының негізгі мәселелері қарастырылуы қажет. Тек бірінші жағдайда тергеудің ұйымдық мәселелерінен гөрі тактикалық-әдістемелік мәселелеріне ерекше көңіл бөлу керек. Сонымен қатар алаяқтык қылмыс жоспарының негізіне қылмыстық оқиға емес, іздестіру мәселелері кіреді (алаяқты, ұрланған мүлікті т.б.). Осындай жоспарда тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының тығыз қарым-қатынасына аса көңіл бөлінуі тиіс.

Тергеудің кейінгі кезеңіндегі типтік тергеу ситуациясының мазмұны әдетте талан-таражға салу қылмыстарының ашылу дәрежесіне байланысты (алаяк, іздестіріліп ұсталды ма, оның барлық қылмыстық әрекеті анықталды ма, алаяқтық жасаған адамның кінәсі дәлелденді ме, сезіктінің, айыпкердің баскд қылмыстар жасағандығы жөнінде қосымша ақпараттар бар ма).

 

3. Жәбірленушіден жауап алу келесідей сұрақтар шеңберінде жүргізіледі: жәбірленуші алаяқпен қайда, қашан, кім арқылы, қандай жағдайда танысты, танысудың мақсаты неде; алаяк, жәбірленушіге қандай уәде берді, жәбірленушіден талап етті және одан нені алды, жәбірленушіге не сатты, ксздесу қанша рет, кайда, қандай уақытта, канша уақыт бодды; алаяқ жалғыз болды ма, әлде топ құрылымымен жасалынды ма, әрбір алаяк,-тық кылмысқа қатысушылардың рөлдері қавдай; алаяк өзін қалай таныстырды, қандай-да бір кұжаттарды көрсетті ме, жәбірленушіге қандай материалдық зиян келтірілді; жәбірленушінің алаякқа берген заттарының немесе акшаларының белгілері; алаяқтықтың мән-жайын кім дөлелдеп бере алады.

Қылмыскердің жеке басын аныктау барысында: кылмыскердің сыртқы бейне белгілері мен ерекше белгілеріне, әдет-дағдысына, киім кию, сөйлеу мәнеріне ерекше көңіл бөлінуі керек. Алаяқ автокөлік колданған кезде оның маркасына, түріне, нөміріне, айрықша белгілеріне назар аударылады.

Жәбірленушіден жауап алу кезінде сезіктінің жеке басы, оның ерекше белгілері, оған берілген заттар немесе құндылық-тардьщ тізімі, қылмыстык әрекетті көзімен көрушілердің бар-жоқтығы, алаяқтық қылмысын жасау әдісі және т.б. мәселелер анықталады.

Куәдан жауап алудың мақсаты: алаяқтыктың жағдайы; алаяқтың белгілері, оның жеке басы, немен шұғылданатындығы, өмір сүру жағдайы, жүріс-тұрысы; әрбір қылмыстықтоп мүше-лері; жәбірленушінің жеке басы; мәмілеге отырудың, алаяққа берілген мүліктің, заттың сипаты; алаяқтық қылмыстарды жа-сауға мүмкіндік туғызатын жағдайлар мен басқа да мән-жай-лар туралы мәліметтерді анықтау болып табылады.

Жылжымайтын мүлікке алаяктықпен жасалған мәміле не-месе жеке инвесторлардың қаражаттарды иелену істері бойынша: менеджерлерден, бухгалтерлерден, хатшылардан, кассир-лерден, фирма күзетшілерінен; нотариустар мен коммуналды тұрғын-жай шаруашылығының, көші-қон полициясы және басқа да категориядағы қызметкерлерінен куә ретінде жауап алынады.

Алаяқтык қылмыстарын тергеу кезінде оқиға болған жерді қарау тергеу әрекеті де жүргізіледі. Бүл категориядағы істер бойынша карау жүргізудін әзіндік ерекшелігін ескеру кажет. Оқиға болған жерге көптеген жергілікті жерлер мен түрғын жайлар кіреді: алаяқтың жәбірленушімен танысқан және сеніміне кірген жері, күнды заттарды алған және жасырған жері т.б. осы көрсетілген жерлердің қайсысына қарау әрекетін жүргізу қажеттігі іс жағдайларына байланысты шешіледі. Қарау кезінде тергеуші оқиға болған жерді зерттеп, іске манызы бар мән-жайларды куәландыратын, сондай-ақ қылмыскерді — идентификациялауға немесе оның жеке басы туралы мәліметтерді алуға болатын іздерді іздестіреді. Қылмыскердің кол іздері олардың ұстауы мүмкін заттар мен нәрселерден іздестіріледі. Кейбір жағдайларда алаяқтар қылмыс жасаған кезде кепілдік ретінде ақшалай каражаттар мен заттарды, сонымен катар, қолхаттарды қалдырады. Аталған объектілер мұқият қаралып, қылмыстық іске заттай дәлелдеме ретінде тіркеледі. Оқиға болған жерді қарауға жәбірленушіні катыстырған жөн. Бұл қылмыстың жағдайын, алаяқтың қойған талаптарын кылмыстың болған жеріне байланысты арызданушының берген көрсетпелерінің растығын тексеруге, қылмыскермен қалдырылған жекеленген заттар мен іздерді оңай табуға; куә болатын адамдар шеңберін анықтауға мүмкіндік береді.

Коммерциялық құрылымдарда алаяқтық әрекеті аркылы қылмыс жасалған жағдайда, олардың кеңселері мен өндірістік мекемелерінде, кассалары мен бухгалтерлік құжаттарына қарау әрекеті жүргізіледі.

Алаяктармен берілген немесе калдырылған заттарға жедел түрде қарау жүргізіледі. Осындай жағдайда алынған мәліметтер алаяқтарды іздестіруге бағыт береді.

Алаяктық әрекеті жасалып біткен соң жәбірленушіде қалған заттар егжей-тегжейлі қаралады. Олар бағалы қағаздар жөне олардың суррогаттары, жеке меншік жөніндегі куәліктер, келісім-шарттар, мәліметтер, жеке қаржылық шоттар мен үй кітапшаларының көшірмелері, анықтамалар мен қолхаттар болуы мүмкін.

Құжаттарды (жалған накладнойларды, жолдама және несие қағаздарды, чектерді т.б.) заттай және акдналай «жалған» заттарды карау кезінде оларды колдан жасау әдісін анықтап қана қоймай, сонымен қатар, қатан, есептегі қүжат бланктерін алу жолдарын, құжатты толтырған қолжазба мен колтаңбаны, мәтін басылған машинка мен принтердің түрін, алаяқ қолының іздерін табу және анықтау қажет.

Оқиға болған жердегі қол іздерін, микробөлшектер мен құжаттардың жалғандық белгілерін табу және бекіту үшін тергеу карауына криминалист-маман қатыстырылады. Сонымен қатар, қарауға зергерлер, товартанушылар, бухгалтерлер сияқты басқа да мамандар шақырылады.

Алаяқтық кылмыстары бойынша сезіктіні қылмыс үстінде ұстаған тиімді- Мұндай әрекетті аныктама органдары жүргізген жедел-іздестіру шараларының негізінде қылмыстық іс қозғалғанда, алаяққа катысты жәбірленушінің арызы мен көрсетпелері болған кезде, қылмыскер алаяқтық қылмысымен жүйелі түрде айналыскан жағдайда жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Қылмыскерді ұстауға дайындык кезінде оған катысушы топ құрамын, алаяқ пен оның көмекшілерінің әрекеттерін бейнетаспаға түсіру және кейінгі жүргізілетін тергеу әрекетінің кезектілігі мен тәртібі шешіледі. Жәбірленушінің мүлкі мен ақшалай қаражаттарын алаяқ иемденгеннен кейін бірден ұстау өрекетін жүргізген дұрыс.

Сезіктіден жауап алу кезінде тактикалык жағынан дұрыс позиция ұстап жүргізілген тергеу әрекеті нәтижесінің іс үшін маңызы ерекше.

Жауап алуға дайындық кезівде кылмыстың жасалу механизмі, қылмыскердің жеке басының ерекшелігі, оның кылмыс-тық әккілігі, жиналған дәлелдемелердің сипаты, кылмыстық топтағы өзара аткаратын рөлдері мен қызметтері анықталады.

4. Алаяқтық қылмысын тергеудің кейінгі кезеңінде тергеуші кылмыстық іс бойынша жиналған материялдарды жүйелейді және оған талдау жасайды, жоспар құрып, қажетті схемалары мен кестелерін сызып, сот сараптамасын тағайындайды, айыпкерден қосымша жауап алады және олардың қатысуымен беттестіру жүргізеді, куәгерлердің санын көбейтуге шаралар қолданады, тану үшін көрсету әрекеттерін және тергеу эксперименттерін жүргізеді. Осы аталған кезенде тергеуші: алаяқтың кінәлілігі туралы алынған мәліметтерді тексеру; жаңа дәлелде-мелерді жинау; бұрын қылмысқа қатысқан белгісіз кейіпкерлер мен алаяқтарды анықтау; қашып жүрген қылмыскерді іздестіру; алаяқтық нәтижесінде алынған ақшалай қаражаттарды, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған мүліктер мен құндылықтарды іздестіру; айыпкердің жеке басын анықтау; алаяқтық қылмы-сын жасауға себеп болған жағдайларды анықтау әрекеттерін жүргізеді.

Тергеудің кейінгі кезеңіндегі тергеушінің жүргізетін тергеу және басқа да әрекеттерін нактылап қарастырып еткен жөн.

Қарастырылып отырған қылмыстық істердің категориясы бойынша жүргізілетін сот сараптамасының шеңбері - алаяқтың қолданылған тәсілі мен анықталуға жататын жағдайларға байланысты өте кең.

Алаяқтарды әшкерелеу үшін, олардың қылмыс жасау кезінде қалдырған қол, аяк іздеріне дактилоскопиялык, трасологиялык сараптама жүргізіледі. Бүтінді белшек бойынша анықтау кажет-тігі туывдаған жағдайда трасологиялық сараптама тағайывда-лады. Жасанды қүнды бүйымдарды сатқан кезде гемологиялық сараптама жүргізеді. Қаржы-шаруашылық операциялармен бүркемеленіп жасалған аляқтық әрекеті кезінде сот-бухгалтерлік сараптама жүргізілуі мүмкін.

Қолжазба сараптамасына колжазуды және жекеленген жаз-баларды, қосып жазуды, жалпы мәтінді жазған орывдаушыны анықтау үшін қүжаттар жіберіледі. Мүндай жағдайларда кәсіпорындардың құрылтай шарттарына (келісімге), мәмілеге, қолхаттарға қойылған қолдары, кіріс және шығыс күжаттарындағы қосып жазу жазбалары зерттеледі.

Машинкамен басылған, баспаналық және баска да әдістер мен басылған құжаттардьщ қолдан жасалғандып.ш анықтау үшін құжаттарды техника-криминалистік зерттеу сараптамасы тағайындалады.

Құжаттарды техника-криминалистік зерттеу сараптамасы құнды қағаздардың, лицензиялардың, сертификат сараптамасының, төлем карточкаларының, банктік және қаржылық-бухгалтерлік құжаттардың, паспорттар мен куәліктердің жалғандығын және оларды жинау әдістерін анықтайды. Жалған құжаттарды жасаған кезде немесе оны пайдаланған жағдайда техникалык құралдарда (ксерокстер, факс-модемдер, принтерлер) зерттеудің объектісі болуы мүмкін.

Әр түрлі ақпараттарды жинау, жүйелендіру үшін автомат-тандырылған құралдарды, бухгалтерлік есепті басқару жүйесіне енгізіп ЭЕМ-ді (ЭВМ) қолдану кеңінен таралып отыр. Занды тұлға атынан жасалатын әрекеттерде ЭЕМ-ді жиі қолданады, сондықтан да алаяқтык, қылмысын тергеу үшін акционерлер мен салымшылардың компьютерге енгізген қаржы операциялары мен жиналған ақша қаражаттары жөніндегі мәліметтерді тек-серу кажетгілігіне байланысты компьютерлік-криминалистикалық сараптама тағайывдалады. Сараптаманың бүл түрі ЭЕМ қол-данушысын және программисті аныктауға, ақпараттық өзгерісті қалпына келтіруге, рүқсат етілмеген әдісті қолдана отырып ком-пьютер жүйесіне кіру фактісі мен әдісін анықтауға мүмкіндік береді.

Айыпкерден қосымша жауап алу тергеудің алғашқы кезінде бүрын белгісіз болған көріністер бойынша берген түсінікте-мелерін нақтылау және аныктау мақсатында алғашқы ұсынған қүжаттары туралы түсініктерді, сондай-ақ сот сараптамаларының қорытындысы бойынша түсініктер алу үшін жүргізіледі.

Айыпкер мен іске катысқандардың берген жауаптарында қарама-қайшылык туындаған жағдайда беттестіру әрекеті, сонымен қатар басқа да тергеу әрекеттері жүргізіледі.

Тергеу эксперименті кезінде айыпкердің алаяқтық механизмі құрамына кіретін әрекеттерді және басқа да операцияларды жасау мүмкіндігі тексеріледі. Оларға: жалған қүжаттар мен көмекші техникалық қүралдарды дайындау; жәбірленушінің жеке мүлкін иеленуге байланысты жасалған айла әрекетті т.б. әрекеттерді бақылау мүмкіндігі жатады.

Келтірілген материалдық шығынның орнын толтыру және мүлікті тәркілеуді кдмтамасыз ету мақсатында тергеуші тінту жүргізіп, мүлікке және почта-телеграф жөнелтілімдеріне тоқтам салады, мекемелер мен ұйымдарға сұраулар жіберіледі.

Айыпкердің иелігіне жататын тұрғын-жайларды іздестіруші қатарына, тұрғын-жайларды бөлетін және оларды тіркейтін бөлімдер, техникалық инвентаризация бюросы, нотариалды кең-селер, жылжымайтын мүлікті, түрғын-жайларды жекешелендіру қорының бөлімдері кіреді. Ауыддық жердегі жеке меншік үй, саяжай, коттедж, жер учаскелері жергілікті атқару органдары-мен анықталады. Көлік құралдарын сату, сатып алу, иелену, пайдалану жөніндегі мәліметтер МАИ арқылы анықталады. Ал келік кұралдарын шетелден әкелу жайлы мәліметтерді Кеден комитетінен анықтап білуге болады.

Акционерлік коғамдар өздері шығаратын акциялар мен олардың сертификаттарын, банктік-чектер мен жинақ кітапшаларын, депозиттік сертификаттар мен несиелік карточкаларды, вексельдерді есепке алады.

Салық инспекциясы арқылы айыпкердін жылдық табысы туралы декларацияны еткізгендігі және ол қандай мүлікке немесе көлік құралына байланысты салық төлегені жөніндегі мәліметтер анықталады.

Айыпкердің шетелде жылжымайтын мүліктері және шетелдік фирмалар мен банктерде салынған салымдары бар, не жоқ екендігі туралы мәліметтерді тергеуші Қазақстан Республикасы ІІБ Интерполынің Ұлттық орталық бюросы арқылы анықтайды.

Айыпкерге тиесілі мүлік анықталған жағдайда сот шешімі шыққанға дейін, оның сақталуына шаралар колданады.

Бағалы заттар мен ақшалар Ішкі істер органдарының қаржылық-белімшелеріне сактауға беріледі, автокөліктер жол полициясының арнайы түрактарына қойылады. Тұрғын-жайларындағы жиһаздар мен өзге де заттар, мүлікке тоқтам салу туралы тізімге тіркеледі. Бағалы кағаздар, оларды шығарған эмиттерге міндетті түрде айыпкердің есептік пластикалық карточкасы бойынша тоқтата тұруды хабарлай отырып алынуға тиіс.

Айыпкердің есептік карточкасы бойынша банктік және қаржылық ұйымдарға «стоп листі» арқылы төлемдерін тоқтатуын талап етуі мүмкін.

Банктік есебінде ақшалай немесе валюталай қаржысы болса оларға тоқтам салу туралы қаулы жіберіледі.

Сонымен қатар, алаяқтық басқа да заңды және жеке тұлғаларға жалға берген мүліктері мен кепілдікке берудің объектілеріне, яғни заттарға да тоқтам салынады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных