Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тергеу әрекеттерінің тактикасы. Жәбірленушіден жауап алу кезінде тонау немесе қарақшылық шабуыл ол үшін әр уақытта кенеттен болған




Жәбірленушіден жауап алу кезінде тонау немесе қарақшылық шабуыл ол үшін әр уақытта кенеттен болған жағдай екенін ескеру керек. Қарсы алдынан қылмыскерді, әсіресе қаруланған қылмыскерді көргенде, жәбірленуші сасқалақтап қалады. Кейбір жәбірленушілер қоркыныш сезімінен белгілі бір уақытқа есінен танып қалады, ал есін жинап бұл жағдайда не істеу керектігін: көмекке шақыру керек пе, қарсылық көрсету керек пе, қылмыскерге затты ешбір қарсылықсыз беру керек пе, әлде қашу керек пе екендігін ойлағанша біраз уақыт өтеді, ал бұл уақыт қылмыскердің қажетті құндылықтарды алып жасырынуына жеткілікті болып табылады. Жәбірленушінің есінен танып қалуы және өзінің кейінгі әрекетін ойластыруы айналасында болын жатқан оқиғаның мән-жағдайларына көңілін жинақтап карауға кедергі жасайды. Сол себептен де, жәбірленуші іс үшін маңызы бар мән-жайларды есінде сақтай алмайды.

Бұл психикалық жағдай жауап алу кезінде міндетті түрде ескеріліп, сәйкесінше бағалануы керек. Жәбірленушінің сасқалақтау нәтижесінде қылмыскердің ерекше белгілерін, қару түрін және езге де қылмыс оқиғасының мән-жайларын көре алмауы мүмкін. Сондықтан қанша сұрақ қойылса да нәтижесіз болады. Жәбірленуші инсценировкаланған кылмыстың ұйымдастырылуында сезікті болып қалуы да мүмкін. Сондықтан да жәбірленушінің керсетпелеріне баға беруде ол шын мәнінде болған мән-жайды барлық уақытта қабылдап және оны айтып бере алмайтындығын ескеру керек. Мысалы, шабуыл қылмыстық топпен жасалғанда, жәбірленушіге қылмыскерлер көп болып көрінуі мүмкін. Қылмыс құралдарын сипаттауда кателіктер жиі жіберіледі. Қылмыскердің қолынан көрінген кез келген жылтыраған затты атыс кдруы немесе пышақ деп кабылдау жағдайлары жиі кездеседі. Қылмыскерлер тапаншаның орнына ағаш макеттерін, ойыншық тапаншаларын немесе езге де каруға ұқсайтын заттарды қолданған жағдайларда кателіктер кетуі мүмкін.

Көп жағдайларда жәбірленуші қылмыскер оған шабуыл жасалғандығы туралы бірден хабарлайды. Сондықтан алғашқы жауап алу кезінде жәбірленуші өзіне-өзі келе алмайды: жылайды, қылмыскердің дөрекілігіне ашуланады, қоркыныш сезімінде болады, ұрланған қүндылықтардың жоғалғанына көне алмайды, алынған дене жарақаттарынан ауырсынады. Осы психологиялық жағдайды ескере отырып, жәбірленушіні жауап алар алдында жұбату керек, оған қауіптің өткендігін және барлық көңілін болған мән-жайды, әсіресе қылмыскерді іздеу мен әшкерелеуге маңызы бар мән-жайларға аса назар аударып есіне түсіру керектігін түсіндіру қажет.

Жәбірленушіден жауап алу барысында келесілер анықталады: тонау немесе қарақшылық шабуыл қай уакытта және кай жерде (қала, ауыл, көше) жасалды; жәбірленуші ол жерде қандай жағдайлармен жүргендігі және қай жерде шабуылға ұшырады; қандай жағдайда ол қылмыскерді көрді, оның артынан біреудің аңдып келе жатқандығын байқамады ма; қылмыскердің іс-әрекеті қандай болды, құнды заттарды беруді талап етті ме, әлде жұлып алды ма, егер қылмыскерлер бірнешеу болса, онда олардың арасында қандай әңгіме болды, олар бір-бірін аты-жөндері бойынша немесе лақап аттарын атаған жоқ па, кандай заттармен қорқытты, бұл заттардың белгілері; қандай заттар тоналды, олардың жекелеген белгілері немесе зауыттық нөмірі қандай еді.

Киімді қарау мен жәбірленушіні куәландыру. Тонау және қаракшылық шабуылдары кезінде жәбірленуші мен кылмыскер арасында төбелес болуы мүмкін. Тебелес нәтижесінде қылмыскер киімінің талшықтары жәбірленушінің киімінде қалуы ықтимал. Олардың табылуы қылмыскерді әшкерелеуде маңызды рөл атқаруы мүмкін, сондықтан жәбірленушінің киімін мүмкіндігінше тезірек тексеруге жіберу керек. Қарау өте күшті үлкейткіштер немесе микроскоптың көмегімен жүргізіледі. Қарау кезінде ешнәрсе табылмаса, киімнің сыртқы жағын ішке қаратып, целлофанға салып, сараптамаға жібереді. Сараптамада микроталшыктарды арнайы аппараттарды қоддану арқылы іздеу жұмыстары жүргізіледі.

Киімді қарау кезінде денеге келтірілген жарақат құралдарының түрін анықтау мәселесін де ұмытпау керек.

Жәбірленушіден жауап алынғаннан кейін, ал кей жағдайарда оған дейін, оқига болған жерді қарау жүргізіледі. Оны өткізу тактикасы көбінесе ұрлық істері бойынша жүргізілетін оқиға болған жерді қарау тактикасына ұқсас болып келеді.

Сот-медициналық сараптаманы тағайындау және жүргізу жәбіренушіден мұқиятты түрде жауап алғаннан кейін қайта жауап алу; анықтама оргавдарының жедел-іздестіру мүмкіндіктері.

Қылмыскерді ұстау және жеке тінту. Тонау және қарақшылық шабуылдарын жасаған тұлғалар анықталса, оларды ұстау тез арада жүзеге асырылады. Мұндай қылмыстарды жасайтын қылмыскерлер көбінесе, қаруланған болып келетінін полиция қызметкерлері ескеру керек. Қаруланған қылмыскерлерді ұстауда кинологтердің қатысуының да маңызы зор.

Ұсталғандарға тез арада жеке тінту жүргізіледі. Тінту кезінде қарулар мен оның макеттері жәбірленушіні қорқыту үшін немесе оны ұрып соғу үшін колданылуы мүмкін өзге де заттар алынады. Сонымен катар, тінту кезінде жәбірленушіден ұрла-ған заттар немесе бағалы заттар (сағат, ақша, құжаттар, әмиян, қолғаптар, шарфтар және т.б.), шабуыл жасалған немесе жаңа кылмыстың дайындалып жатқанын көрсететін ғимарат, үй-жайдың немесе жолдардың жобалары, жеке құжаттар алынады. Қылмыскерлер жеке басын анықтауды қиындату мақсатында немесе жалған құжаттардан кұтылу үшін тінту алдыңда оларды лақтырып тастауға тырысады.

Жеке тінтуден соң сезіктінің киіміне қарау жүргізіледі. Мұнда жәбірленуші киімінің микроталшықтары ізделініп, төбелестін іздері тіркелінеді: киім бөлшектері мен үзілген түймелер, толығымен немесе жартылай жұлынған қалталар, жағалар.

Сезікті мен айыпталушыдан жауап алу. Қылмыскерлер тонау немесе қарақшылық шабуылын жасамас бұрын алдын ала алибиін дайындайды: кино немесе өзге де көрініс мекемелеріне билет сатып алады немесе жұмыс уақыты кезінде жұмыс орнын қалдырып қылмыс жасаған кездерде кездеседі. Кейде қылмыскерлер туысқандарымен, таныстарымен, басқа қылмысқа бірге қатысушылармен шабуыл жасаған кезде басқа жерде болған деп көрсетпе беру туралы алдын ала келісім жасайды. Осындай қылмыскерлер тарапынан жалған жолға түсіру үшін жасалатын әрекеттері сезіктіні әшкерелеуге қиындық туғызады. Сондықтан жауап алуға дайындықты егжей-тегжейлі дайындауды талап етеді.

Сезіктіден жауап алуды қылмыс жасаған кезде кайда болғанын аныктаудан бастау керек. Егер сезікті өзінің болған жерін, көрген, сол кезде араласқан адамдарын атап керсетсе, олардың алдын ала келісіп айқындап алулары мүмкін емес детальдарға көңіл белу керек.

Қылмысқа катысқандығын мойындамайтын кейбір қылмыскерлердің берген көрсетпелерін тексеру кейде киындыққа соғады. Мысалы, сезіктінің қылмыс жасалған уақытта далада, сая-жайда серуендеген кезде, мұз айдынында немесе басқа жерде шаңғы тепкен кезде ез таныстарынан ешкімді көрмедім, куәларды атап бере алмаймын деп көрсетпе берген жағдайларда. Мүндай жағдайларды оқиға болған жерді қарау және басқа да тергеу әрекеттерін жүзеге асыру кезінде жиналған заттай немесе өзге дәлелдемелер арқылы анықтауға болады.

Осы қылмыстар бойынша заттай дәлелдемелердің көптілігі тағайындалатын сот сараптамалардың ерекшелігін анықтайды.

Криминалистикалық сараптамалардың ішінен көп жүргізілетінтердің қатарына жататындар: баллистикалық - қарудын түрін, жүйесін, калибрін аныктау үшін, оның атуға жарамдылығын, жүзеге асырылған атудың бағытын және ара қашықтығын, атыс қаруын идентификациялау үшін; суық қаруына жүргізілетін сараптама; трасологиялық - аяқкиімнің, көліктің іздерін зерттеу үшін, бүтінді бөлшек арқылы анықтау үшін; дактилоскопиялық - қол саусақтарының іздерін зерттеу үшін.

Сот сараптамасының езге түрлерінің ішінен көбінесе наркологиялық, сот-медициналық - дене жарақатының сипаты мен ауырлығын, оны келтіру уақытын және жарақат салған құралдың түрін, келтірілген жарақаттың кіру және шығу жерлерін, жарақаттың пайда болу механизмін анықтау үшін тағайындалатын сараптамалар жүргізіледі. Сонымен қатар, заттай дәлелдемелердің (кан, шаш, сілекей) сот-медициналық сараптамасы, химиялық, товартанымдық жөне айыпталушының есі дұрыстығы туралы сүрақты шешетін сот-психиатриялық сараптамалар да тағайындалады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных