Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Криминалистиканың пәндік сипаттамисы




Соңғы жылдарда елімізде қылмыстың өршуі, оның ішінде аса қауіпті қылмыстардың жасалу саны одан әрі өсуде.

Бұл жай құқық қорғау, атап айтқанда, тергеу органдарының жұмысының жақсартылуын, олардың қылмысты ашуда тергеудің нәтижелі жүргізілуін және тиімді тәсілдерді жан-жақты пайдаланылуын талап етеді.

Жасалған қылмысты тез арада ашып, қылмыс жасаған адамдарға тиісті жаза тағайындау, қылмысқа қарсы күрестің нәтижелілігін арттырады, сондай-ақ қылмыс жасаудан кейбір адамдарды алдын ала сақтандырады.

Криминалистика тергеу және басқа құқық қорғау органдарының жұмысының іскерлігін арттыруға үлкен әсер етеді, өйткені криминалистика тергеу тәжірибесін талдап, қорыту арқылы, қылмысты ашуға бейім тәсілдерді тауып, оларды қолдану үшін керекті техникалық құралдарды тергеу қызметкерлеріне дайындап береді.

Қылмыстық оқиға бір адамның, немесе бірнеше адамдардың белгілі бір әрекет қимылдарынан тұрады. Сондықтан қылмыс қандай жедел жасалса да ол айналадағы ортаға әсер етіп, сол қылмыс жасалған жерде көптеген іздер қалдырады.

Криминалистикада іздер деген түсінік екі мағынада қолданылады. Тар мағынада із деп бір объектінің таңбасы, келбеті айтылады (қолдың ізі, аяқтың ізі т.с.с.). Ал жалпы криминалистикалық мағынада қылмыстың ізі деген ұғымға оқиға болған жерде қалған жеке заттар, қираған, сынған нәрселер және қылмысқа байланысты айналада болған өзгерістердің бәрі жатады. Мысалы: жол-көлік оқиға болған жерде көліктердің аварияға ұшырауына (соқтығысу, аударылуына) байланысты олардың жеке бөлшектері, авариядан сынып, опырылып қалған детальдар оқиға болған жерде қалса, олардың бәрін жалпы криминалистикалық мағынада іздер деп атаймыз.

Осы іздерді, оқиға болған жерден табылған заттай дәлелдемелерді салыстырып талдау, тексеру арқылы қылмыстың қалай жасалғанын анықтап оның тетігін болжап білуге болады.

Әрине қай тергеуші болса да, жасалған қылмысты өз көзімен көруі мүмкін емес. Бірақ болған оқиғаны жан-жақты және объективті түрде анықтау үшін тергеуші өткен оқиғаны дұрыс болжап, жасалған қылмыс әрекетінің механизмін ойымен модельдеуі тиіс. Ал жасалған қылмыстың үлгісі тергеушінің ойында дұрыс қалыптасуына қажет заттай дәлелдемелердің толық табылуы оларды терең талдауға үлкен әсер етеді.

Бірақ заттай дәлелдемелерді, іздерді (әсіресе көзге көрінбейтін) анықтау өте қиын, әрі күрделі жұмыс. Оларды іздеп тауып, дұрыс бекіту үшін арнаулы әдістер мен қү-ралдарды пайдалану қажет. Осы іздерді, заттай дәлелдемелерді табу, бекіту, алу мен зерттеу әдістерінің және ол үшін керекті техникалық құралдардың қолдану тәсілдерін криминалистика пәні оқытады.

Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдайтын болсақ, криминалистика адамдардың іс-әрекетін зерттейді. Ол қылмыс жасаған адамның криминалдык қылмысты іс-әрекетін және тергеушінің қылмысты ашуға байланысты жүргізетін криминалистикалық тәсілдер мен әдістерді қолдануға байланысты жұмысы.

Заң әдебиеттерінде криминалистикаға әртүрлі пәндік сипаттама беріледі. Көп жылдар бойы бұл мәселеге үлкен назар аударылып, кеп пікір таластар болды. Олай болуы орынды да, әр пәннің мағынасын терең түсіну арқылы ғана оның маңызын біліп, негізгі қағидаларын дұрыс және орынды пайдалануға болады.

Авторлардың криминалистикаға берген пәндік сипаттамаларын қорыта келгенде, оларда негізінен тек редакциялық өзгерістердің бар екені аңғарылады. Қай автор болса да, криминалистиканың қылмысты ашуға және тергеуге керекті деректерді, заттай дәлелдемелерді іздеп тауып, бекіту, алу және зерттеу үшін пайдаланатын әдістер мен тәсілдер, оған қажет техникалық құралдарды оқитын ғылым екенін баяндайды.

Сонымен қатар, криминалистикада пайдаланатын техникалық құралдар, әдістер мен тәсілдер тек қылмыстық-процесуалдық заңға сәйкес болуы атап айтылады.Кейбір авторлар криминалистикалық әдістер мен тәсілдер тек қылмысты ашуда ғана емес, қылмысты болдыртпауға бағытталғанын да айта кетеді.

Авторлардың бір тобы криминалистикалық әдістер мен тәсілдер, тек алдын ала тергеуде ғана емес, сот мәжілісінде, сот әрекетін жүргізгенде пайдалануға болатынын баяндайды.Сонымен айтылғандарды тоқырымдай келіп, криминалистикаға мына төмендегідей пәндік сипаттама беруге болады.

Криминалистика - қылмысты ашуға және тергеуге керекті заттай дәлелдемелерді процесуалдық заңға сүйене отырып, іздеп табу, алу, бекіту, зерттеу үшін пайдаланатын техникалық құралдар, тактикалық тәсілдер мен тергеу әдістемелері жөніндегі ғылым.

Қылмысқа қарсы күрестің нәтижелігі және табысы тергеуші мен тергеу мекемесінде (бөлімінде) жедел-іздестіру органдарының өзара қарым-қатынасының дұрыс қалыптасуына да көп байланысты. Бұл көрсетілген екі органның өзара қарым-қатынасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің тиісті баптарына негізделеді. Атап айтқанда, жүргізіліп жатқан іс бойынша тергеуші анықтама жүргізетін органдарға, (былайша айтқанда жедел-іздестіру органдары) іздестіру және тергеу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар беруге, кейбір тергеу әрекеттерін жүргізген кезде анықтама жүргізетін органдардан қолқабыс талап етуге құқылы. Тергеушінің мұндай тапсырмалары мен нұсқаулары анықтама жүргізетін органдарға міндетті болып табылады. Осы келтірген заңның мазмұнына қарағанда, тергеуші мен анықтама жүргізуші органның арасында қарым-қатынас тергеу жургізу үстінде қалыптасады. Бірақ тергеу тәжірибесіне қарасақ, кейде бұл екі органның арасындағы қарым-қатынас іс қозғалмай тұрып-ақ қалыптасады, себебі істі қозғауға керекті деректер мен кейбір жағдайларды жедел жолмен алуға болады. Қозғалған іс бойынша анықтама жүргізуші орган тергеушіге мына төмендегідей жағдайларды аныктауға жәрдемдеседі: іс бойынша керекті куәлерді тауып алуға, ұрланған заттардың тығылған жерін анықтап және ол заттарды дер кезінде алуға, қылмыс жасаған адамды іздеуге және оны ұстауға, тінту жүргізілетін объект жөнінде алдын ала мәлімет жинауға т.б. Сонымен қатар анықтама жүргізуші органдардың қызметкерлері тергеушіге аса ауыр және күрделі тергеу әрекеттерін жүзеге асыруға жәрдемдеседі.

Криминалистика басқа да өзі тектес заң ғылымдарымен тығыз байланысты, өйткені криминалистиканың көп

тәсілдері мен әдістері көп ғылымдардың қағидаларына негізделеді.

Криминалистика ең алдымен Қылмыстық іс жүргізу заңымен тығыз байланысты. Себебі криминалистиканың зерттеп дайындаған тәсілдері мен әдістері қылмысты ашуға, тергеу әрекеттерін тиімді жүргізуге негізделсе, Қылмыстық іс жүргізу заңы тергеу әрекеттерінің жүргізілу тәртібін занды түрде реттейді. Атап айтқанда екі пәннің де зерттейтіні бір объект - тергеу әрекеті. Бірақ олардың процесуалдық әрекеттерді оқып, тексеру аспектісінің мазмұны әр түрлі. Криминалистикалық тәсілдер мен әдістер тергеу әрекеттерінің тиімді және нәтижелі жүруіне бағытталған. Олар Қылмыстық іс жургізу заңында көрсетілмеген, заң қалпының мазмұнымен қамтылмаған. Бірақ криминалистика ұсынған қандай әдіс, тәсіл, не құрал болса да ол Қылмыстық іс жүргізу заңының шеңберінен шықпауы тиіс және заңға қайшы болмауы керек.

Криминалистиканың қылмыстық құқық ғылымымен де тығыз байланысы бар. Қылмыстық құқық ғылымында қоғамға қауіпті қандай әрекеттердің қылмыс қатарына жататынын көрсетіп, әр қылмыстың құрамындағы белгісін талдап баяндайды. Бұл қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының белгілерін негізге ала отырып, криминалистикалық талдау жүргізіп, қылмысты ашуға керекті белгілерді нақтылап, қылмыстық іс бойынша дәлелденуге тиісті мән-жайларды, шешетін сұрақтарды белгілеп және қылмыстарды тергеу тәсілдерін ұсынады.

Криминалистика тектес ғылымдардың бірі - криминология. Бұл ғылым қылмыстың болу себептерін, оның әләуметтік негіздерін және белгілі жерде тарауын, оған қарсы сақтандыру шараларының қолдану тәсілдерін зерттейді. Криминологияның қағидаларын негізге ала отырып, криминалистика тергеушінің жеке істерді жүргізгенде қылмыстың болуына ықпал еткен жағдайларды толық тауып, бұл себептер мен жағдайларды жою жөнінде қандай әрекеттер жүргізу керектігін айтады.

Криминалистиканың келтірілген ғылымдар мен пәндерден басқа да криминалдық ұғымға кіретін сот-медицинасы, сот-психиатриясы, сот-психологиясы пәндерімен де көп байланысы бар, өйткені қылмысты ашу, оны тергеуге арналған криминалистикалық тәсілдер, тергеу әрекетін жүргізу әдістері жоғарыда айтылып отырған пәндердің қағидаларын пайдаланады.

Криминалистика тек заң ғылымдары ғана емес, басқа ғылымдармен де, атап айтқанда: физика, химия, математика, педагогика, психология ғылымдарымен де байланысы бар, себебі криминалистика қылмысты тез арада ашу үшін, өз тәсілдерінің нәтижелігін арттыру үшін, жоғарыда айтылган ғылымдарда қолданылатын тәсілдер мен әдістер, техникалық құралдарды өз қажетіне бейімдеп пайдаланады.

Криминалистикада қолданылатын тәсілдер мен әдістер, заттай дәлелдемелерді іздеп табу, оларды бекіту, алу және зерттеуге бағытталады. Сондыктан криминалистикада жиі қолданылатын іздеп табу, бекіту, алу және зерттеу деген ұғымдардың мазмұнын талдап оларға түсінік беру қажет.

Заттай дәлелдемелерді іздеп табу дегеніміз - ол тергеу органдарының қылмысты ашуға, керекті дәлелдерді іздеуге байланысты жүргізілетін жұмыс әрекеті. Заттай дәлелдемелерді іздеуге арнаулы әдістер мен тәсілдер жеке криминалистикалық құралдар қолданылады, себебі кейбір іске қажет дәлелдер, атап айтқанда: іздер, өте кішкентай заттарды жай көзбен қарап тауып алуға болмайды (майлы тер шығу арқылы пайда болатын қол іздерінің үлгісі).

Бекіту және алу дегеніміз - криминалистикалық аспектіде іздеп тауып алынған заттай дәлелдемелерді, іздерді сол күйінде сақтап қалу үшін, оларды арнайы криминалистикалық тәсілдермен белгілеу және алу. Тауып алынған заттай дәлелдемелер, іздер іс жүргізу құжатында толық сипатталып жазылады, суретке түсіріледі, арнаулы жабыстыру пасталарын дактопленкаларын гипс қолдану арқылы үлгісі алынады т.б. іс бойынша жиналып заңды түрде бекітілген заттай дәлелдемелер жан-жақты зерттеледі. Криминалистикалық зерттеу үстінде заттай дәлелдемелерді калайша пайда болғанын, оның тергеліп отырған қылмыстық оқиғаға қандай қатысы бар екендігі анықталады. Сонымен қатар жеке іздерді, кейбір заттай дәлелдемелерді тексеруге арнаулы білім қажет болған кезде, олар күрделі криминалистикалық техниканы қолдану арқылы сараптамалык зерттеуден өткізіледі. Сараптамалық зерттеуде дәстүрі басқа да күрделі физикалық, химиялық әдістер (спекторлық талдау, газды хромотографиялық зерттеу), оған сәйкес техникалық құралдар пайдаланылады.

Әр ғылымның пәндік сипаттамасы, мазмұны ол ғылымның міндеттерімен тығыз байланысты. Жоғарыда талданған криминалистиканың пәндік сипаттамасы оның арнаулы міндетгерін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен криминалистиканың мына төменде көрсетілгендей негізгі міндеттері бар:

1) криминалистиканың ғылым ретінде дамуы;

2) заттай дәлелдемелерді, іздерді тауып, бекіту, алу және зерттеу үшін керекті жаңа криминалистикалық әдістер мен тәсілдерді одан әрі еңдеп жетілдіру және осы әдістерді пайдалануға лайықты техникалық құралдар жасау;

3) алдын ала тергеудің ұйымдық, тактикалық негіздерін жетілдіру. Әрбір тергеу әрекетінің тактикалық әдістерін өндеу арқылы оның нәтижелігін арттыру;

4) жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемелерін өндеп жетілдіру үшін жаңа ұсыныстар енгізу;

5) қылмысты болдыртпау үшін криминалистикалық сақтандыру шараларын құқық қоргау органдарына ұсыну

6).






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных