Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Идентификация корытындыларын процеске қатысушылардың багалауы




Криминалистикалық идентификация процесуалды түрде тергеушімен (аныктаушымен), сарапшымен және сотпен жүзеге асырылады.

Криминалистикалық идентификацияның негізгі процесуалдық түрі бұл тану үшін көрсету, сот сараптамасын жүргізу болып табылады. Бірақ, тендестірудің қарапайым актілерін жүргізу кезінде кркаттар мен заттарды қарау, куәландыру т.б. сол сияқты тергеу әрекеттері жүргізілуі мүмкін. Мысалы, тергеу барысында тергеуш! құжаттардың жыртылған парақ кесшділерін немесе жүзі, ұшы зақьімдалып бөлініп қалған қанжар т.б. табады. Мұндай жағдайларда тергеуші екі куәгердің қатысуымен аталған объектілерге бүтінді бөлшек бойынша құрастырып қарау әрекетін жүргізе алады.

Куәландыру әрекеті кей жағдайларда сөзіктінің жеке басын идентифи-кациялау үшін де жүргізіледі. Тергеуші куәландыру процесі негізінде татуи­ровка, туа біткен (мең, қал) дақтарды және басқа да жеке идентификациялык белгілерін аныктайды. Бұл аныкталған сыртқы белгілердің жиынтығы тергеушіге сөзіктінің жеке басын анықтауға мүмкіндіктер береді.

Идентификация қорытындыларын дәлелдеме ретінде нәтижелі пайдалану, жүргізілген процесуалдық әрекеттің сапасына ғана емес, сонымен қатар іс бойынша процесуалдық шешім қабылдайтын субъектілердің дұрыс бағалануымен де байланысты.

Идентификация нәтижелері басқа да дәлелдемелермен қатар істің жағдайына байланысты, оларды жинақтап, толық, жан-жақты және объективті түрде қарау арқылы ішкі сенім негізінде бағаланады.

Идентификация қорытындыларын дәлелдеме ретінде бағалау төмендегідей екі кезеңнен түрады:

• бірінші кезең, сарапшының қорытындысы негізінде процесуалдық және ғылыми бағалау;

• екінші кезең, сараптама шеңберіндегі идентификация көмегімен анықталған дәлелдемелік маңызы бар жағдайларды бағалау.

Бағалаудың бірінші кезеңінде - сарапшының берген қорытындысынын мазмұнына; мамандандырылу деңгейіне; зерттелетін объектіге сәйкес тәжірибесіне; алған үлгілері мен басқа да зерттеуге қолданылған қаулыда немесе анықтамада көрсетілген материалдарына талдау жасалады. Сарапшының қолданылган тәсілдері, олардың саны мен кезектілігі, сондай-ақ пайдалану жағдайлары мен сарапшымен бағаланған қорытындылары, оның қорытындысының логикалық дұрыстығы талданады.

Идентификациялық зерттеулер жүргізу кезіндегі сарапшының қорытындысы бірнеше нұскада болуы мүмкін:

1. іздестірілетін объектінің тепе-тендігін анықтау мүмкіндігінің болмауы идентификациялау үшін алынған іздердің жарамсыздығына байланысты, мысалы, есіктің тұтқасындағы қол іздері кіммен қалдырылғанын аныктау мүмкін емес.

Идентификациялауға мүмкіндік бермейтін себептер мен негіздер міндетті түрде көрсетілуі тиіс;

2. ықтимал (болуы мүмкін): мысалы, оқиға болған жерден табылған гильза сөзіктіден алынған нөмірі жоқ тапаншадан атылуы мүмкін; оқига болған жердегі шегелер мен сөзіктінің күртешесінің қалтасынан табылған шегелер бір шеге жасау мэшенкесімен дайындалып шығарылуы мүмкін; жэбірленушінің денесіндегі жарақат сөзіктіден алынған пышақтан түсуі мүмкін және т.б.

Мұндай нұскаға келесідей қорытынды түрлерін жатқызуға болады:

• жэбірленушінің көйлегінен табылған талшықтар мен сөзіктінің шалбары материалының жалпы топтық қатыстылығының болуын;

- жэбірленушінің аяқ киімі табанындағы қатпарланған топырақ пен H. Үйінің учаскесіндегі топырақ жалпы топтық қатыстылығының болуы мен олардың бір топырақ түріне жататындығын;

- суық қару жүзі мен Н-ның үйінен табылған металл бөлшектерінің бір топқа жатуын;

Ыктималды қорытындылар бойынша сарапшы объектілердің жалпы белгі-лермен қатар жеке белгілерін де анықтайды, бірақ анықталған жеке белгілер саны аз болғандықтан олардың идентификациялық деңгей маңыздылығы төмен болып табылады;

3. мақүлданбаған тұжырым (қорытынды): мысалы, кепілдеме қағазындағы мвртаңба - "Каспий" банкісінің мөрімен басылмаған; мэйіттен алынған оқ, тінту барысында алынған "Наган" револьверімен атылмаған; жэбірленушінің қолы байланған темір мен Н-нің үйінен табылған темір бұрын бір бүтінді құрастырмаған; К-дан алынған мариуахуанасы бар пакет пен ұшақ салонынан алынған мариуахуанасы бар пакеттің шығу көздері бір жерден емес және т.б.

Сарапшының мақұлданбаған тұжырым қорытындысы әртүрлі жалпы белгілердің негізінде немесе жалпы белгілер сәйкес келгенімен де жеке белгілер бойынша анықталады;

4. мақүлданған тұжырым: мысалы, бас бухгалтердің атынан берілген кепілдеме қағазындағы қойылған қол Н-нің өзімен орындалған; жэбірленуші мәйіттен және сөзіктіден алынған бытыра бүрын бір бүтінді қүраған; жәбірленуші мен сөзіктінің киімдеріндегі қатпарланған лак-бояу бөлшектерінің шығу кайнар көздері бір; "фомиктен" табылған лак-бояу кабатгарының үгінділері Өтепов көшесіндегі 8-ші үйдің кіре беріс есігінің бояу қабатына жатады.

Дұрыс шешімді қорытындылар беру үшін сарапшы жалпы белгілердің сәйкес келуіне ғана емес, сонымен қатар қайталанбайтын жүйені қүрайтын жеке тұрақты белгілердің де сәйкестігіне көңіл аударуы қажет.

Сарапшының құзыретіндегі процесуалдық ереже талаптарын дұрыс орындауына және сараптамалық зерттеудің әдістемелік талаптарымен сәйкес жіберілген материалдардың толықтығына тергеуші (проқурор, сот) коз жеткізе отырып, бағалаудың келесідей кезендеріне өтеді.

Сарапшының қорытындысын бағалаудың екінші кезеңі дәлелдемелік маңызы бар идентификацияларды анықтаудан тұрады.

Жоғарыда көрсетілген қорытынды нұсқа түрлерінен шыға отырып, дәлелдемелік маңыз - ол тек мақүлданған тұжырым түрде берілген, яғни, дұрыс немесе дұрыс емес деген сияқты қорытындыларды көрсетеді. Дегенімен де басқа да, нақты айтқанда: қорытындының ықтималды түрі жанама дәлелдеме ретінде бағаланады деген пікірлер де бар. Ықтималды қорытындылардың дәлелдемелік маңызы болмағанымен де, олардың қандай да бір дәрежеде пайдасы бар. Олар тергеушінің ұстанған бағытының дұрыстығын бекітетін белгілі бір дәрежеде болжаулар жасауға мүмкіндік береді. Ықтималды қорытындылар көмегі арқылы ақиқатқа жету жолы ашылуы мүмкін.

Тәжірибеде кеңінен тараған кемшіліктердің біріне сарапшыньщ тектік және топтық қатыстылық бойынша берген қорытындысын тергеушілердің (сот, проқурордың) іздестірілетін объектінің тепе-тең деп пайымдауы саналады. Мысалы, сарапшының пышақ жүзінен табылған талшық пен жэбірленушінің көйлек матасының жалпы топтық қатыстылығы бір және олар мақта мата түріне жатады деп берген қорытындыларын тергеушілер бағалауда, олар пышақ жүзіндегі талшықтар жэбірленушінің көйлегінікі деп санайды.

Сарапшының бұл тұжырымдары бір жагынан объекттің оқиғаға қатыстылығын жоққа шығармайды, екінаіі жағынан алып қарастыратын болсақ қылмысқа қатысты басқа да объектілер болуы мүмкін.

Шын мәнінде бұл қорытындылар ықтималдық сипатқа ие, олар кемшіліктерді болғызбай қоймайды және де ақиқатқа жетудің кепілдігі бола алмайды. Идентификациялық тұжырымдарды мақүлданған және мақүлданбаған түрде бағалау - дәлелдеменің барлық процесін сипаттайтын келесідей қағидаларды сақтауы керек: біріншіден

маңызды, мэнді дәлелдемелер (соның ішінді сарапшының тұжырымының мәні мен маңызы) басқа дәлелдемелермен байланысты болуы тиіс; екіншіден, барлық дәлелдемелер (соның ішінде сарапшының қорытындысы) бір жүйені құруы қажет; үшіншіден, бір жүйедегі дәлелдемелер бір-бірімен өзара үйлесімді болуы, сондай-ақ олар басты дәлелдемемен сәйкес келуі тиіс; төртіншіден, әр дәлелдеме негізді болуы және жоқка шығарылмауы керек; бесіншіден, қарастырылып отырған болжауға негізделген барлық дәлелдемелер жиынтығы басқа әртүрлі болжауларды болғызбауы тиіс.

Басқа процесуалдық формада яғни, тану жолымен жүргізілетін идентификация қорытындыларын бағалаудың өзіндік ерекшеліктері бар.

Идентификацияның барлык кезендерін толығымен, яғни ойдағы бейне бойынша идентификациялауды түгелдей тергеушінің өзі жүзеге асырады. Атап айтқанда: танылатын идентификацияланатын тұлғадан жауап алуды; дублерларды, куәгерлерді іріктеп алу мен басқа да дайындық әрекеттерін және тануды (идентификацияны) жүргізуді, сондай-ақ тану корытындыларын бағалауды, сол сияқты идентификациялық процестердің барлығын тергеушінің өзі орындайды.

Негізінде бағалау қызметі танылушы тұлғалардан жауап алу көзінен басталады және тану әрекетін жүргізу қажет пе, элде қажет емес пе деген мәселеге байланысты бір шешімге келуге ықпалын тигізеді.

Тану жүргізу бойынша дұрыс шешімге келу кезінде оның қорытындыларын бағалау теңдестіру фактісін анықтау қажеттілігін тудырады. Тану әрекетін жүргізуге байланысты қабылданған шешімдер тендестіруді мүлдем жоққа шығармайды

.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных