Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






АЗАҚСТАНДА КРИМИНАЛИСТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ




Атақты австриялық заңгер Ганс Гросс 1893 жылы "сот тергеушілеріне арналған нұсқау криминалистиканың жүйесі ретінде" атгы еңбегін жарыққа шығарды, онда: қылмысты тергеудің техникасы туралы жаңа бөлек ғылы-мының пайда болғаны және оны «криминалистика» деп атағанын жария етті.

Криминалистиканы құқықтық пән деп жариялай келе, Гросс оны нақ осы ғылым негізінде табиғи-техникалық ғылымды дәлелдеу процесінде көптеген қолдаулар табады деп пайымдады.

Жылдар өте ғылымның міндетгері кеңейе түсіп, қылмысты дер кезінде тергеу мен ашуға бағытталған, тергеудің тактикалық және әдістемелік мәселелерін құрастыратын жаңа тараулар пайда болды. Криминалистикалық ғылымның басқа салалары (қылмыстық құқық, криминология, қылмыстық іс жүргізу құқыгы) сиякты криминалистиканың жалпы міндеті қылмыспен күресу болып табылады.

Сондықтан да Криминалистика пәні басқа да қылмыстық құқықтық пәндер сияқты негізгі пән болып, барлык заң саласындағы оқу орындарында оқытылады.

Қазақстанда криминалистиканы оқыту 1935 жылы Алматы мемлекеттік заң институтының ашылуымен тығыз байланысты. Ол кездері криминалистика пәні қылмыстық құқық кафедрасының оқу пәніне кірген. Кафедраны М.Т. Шаламов басқарды, кейін ол Бүкіл одақтық сырттай заң институтыныда (қазіргі Ресейде) профессор болып қызмет етті.

1947 жылы осы кафедрадан "Қылмыстық іс жүргізу мен криминалистика" кафедрасы бөлініп шықты, оны республика мен кеңестер одағында белгілі криминалист ғалым, заң ғылымдарының кандидаты, доцент В.А. Хван басқарды, ол Қазақстандағы сараптама криминалистикальщ мекемелерінің құрылуы мен жұмыс істеуіне үлкен ықпал етті. Осы кафедрада криминалистика пәнімен қатар қылмыстық іс жүргізу, сот медицинасы, сот ісін жүргізу, сот психиатриясы, бухгалтерлік есеп пен сараптама пәндері оқытылды.

1939 жылы оқу базасы ретінде сабақ жүргізуге қолдану үшін кафедра жанынан криминалистикалық лаборатория ашылды. Криминалистикалық лаборатория сабақ жүргізумен қатар, тергеу және сот органдарының нұсқауы бойынша әртүрлі криминалистикалық сараптамаларды жүргізді. Осындай сараптамалық зерттеулерді құқық қорғау органдары үшін Қазақстан, Кыр­гызстан мен Ресей, Алтай өңірлерінде алғаш per жүргізген институттың оқыту-шылары - заң ғылымдарының кандидаттары В.А. Хван мен Д.Я. Мирский (кейін Ресей федерациясының Москва жоғары мектебінде профессор болып, Бүкілодақтық ҒЗИ сот сараптамасында қызмет атқарды) жүмыс істеді.

Сараптама мекемесінің функциясын криминалистикалық лаборатория республика Әділет министрлігі жанындағы жеке ғылыми-зерттеу сот сараптама лабораториясын ашқанға дейін, яғни 1951 жылдың сэуіріне дейін орындады.

Осы жылдары оқыту жұмысы мен криминалистикалық сараптама жүмыстарын біріктіріп жасаған кафедра доценттері A.M. Агушевич, В.А. Хван, Д.Я. Мирский, А.Д. Жоров, Ш.М. Жоров, Ш.М. Мажитов, Н.А. Жангельдин болды. Сот сараптамасы ғылымын ары карай дамыту қажеттігі үшін және Республика құқық қорғау органдарына көмек корсету: сараптама жүргізу, кеңестер беру, тергеу әрекеттеріне маман ретінде қатысу, сондай-ақ тергеушілермен әдістемелік жұмыс жүргізу үшін Алматыдаш сот сараптамасыньщ ғылыми-зерттеу институты құрылды, онда да сараптамашы ретінде қылмыстық процесс пен криминалистика кафедрасының оқытушылары жүмыс істеді.

Институттың директоры болып доцент Хван В.А. тағайындалды, ол криминалистика мен қылмыстық процесс кафедрасын меңгеруді жалгастыра берді. Доцент В.А. Хван сот сараптама институтына директор болып ауысканнан соң, он жылдай кафедраға заң ғыльшдарының кандидаты, доцент Ш.М. Мажитов басшылық етті. Кафедрада жақсы материалдық-техникалық база болуына көп көңіл бөлінді, криминалистика мен сот сараптамасынан сабак беру үшін фототехника, микроскоптар, қажетті ғылыми-техникалық құралдар, арнайы мақсаттағы құралдар алынды. Оқытушылық жүмысқа атақты ғалымдар мен өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлер шақырылды. Сот-медицинасы курсынан Қазақстанда осы ғылымның негізін қалаған проф. С.М. Сидоров, сот-психиатриясы курсын - атакты профессор А.П. Штесс, сотта сөз сөйлеу өнерінің курсын Ф. Малевич, сот сараптама курсын профессор А.Ф. Аубакиров оқыды.

Кафедра өндіріспен үнемі тығыз байланыста болды, яғни криминалистика, сот-медицинасы мен психиатриялық пәндері сараптама мекемелері мен сот-тергеу органдарының қызметтерінің базасымен және олардың талаптарын ескере отырып жүргізілді.

Алғаш рет соғыстан кейінгі жылдары ғылыми-педагогикалык кадрларды даярлауға көп көңіл бөлінді және ғылыми деңгейге сай кафедра оқытушыларын толықтырды. 1953-1956 жылдары криминалистика ғылымы бойынша канди-даттық диссертацияларын A.M. Агушевич, Н.А. Жангельдин, Ш.М. Мажитов өте жақсы қорғап шықгы. Республикадан тыс жерлерден мамандар шақырылды: В.И. Попов (1958 ж.), И.А. Сапожников (1959) және Н.М. Карацев (1961 ж.).

Оқьітушылық жұмысқа әртүрлі жылдары сот сараптама институтынан з.г.к. Б.М. Мұқашев, Е.Ғ. Жәкішев, Г.А. Мозговых, А.А. Исаев, Р.Б. Тапалова, Р.Д. Гомозовалар ауысып келді, олар тергеу және сараптама жүмыстарында үлкен тәжірибелері бар оқытушылар. Лабораториялық және тәжірибелік сабақтарды жүргізгенде техникалық оқыту кұралдарын кеңінен қолданады. Кримина-листикалық лаборатория - тергеу портфелі мен басқа да криминалистикалық құрал-жабдыктармен, құ_ралдарымен, криминалистік-техникалық зерттеу құрал-дарымен қамтамасыз етілген.

1966 жылы қылмыстың алдын алу мен оның себептерін зерттеудегі одақтық институтта тергеушінің іздестіру қызметінің проблемалары туралы доқторлык диссертацияны, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының доценті В.И. Попов қорғады. Бір жылдан кейін оған профессорлык атак берілді. Осы 1967 жылы кафедрада «сот-психологиясы» деген жаңа курс енгізілді. Алғашқы жылы курсты проф. В.И. Попов оқыды, ал 1968 жылдан кафедракың аға оқытушысы Г.Г. Досполов оқыды, ол «Жауап алу психологиясы» туралы кандидаттық диссертациясын қорғады. Жоғары деңгейлі ғылыми-оқытушылық кадрлар артып криминалистикадан студенттердің дайындық деңгейін жоғарылатты, осы салада ғылыми проблемаларды жоспарлауды терендетіп, өрісін кеңейтті.

Криминалистика курсының оқу пәні ретінде дамуы, оның криминалис-тикалық проблемалары мен әдістерін және болашақ мамандарды оқыту негізінде жедел-тергеу жұмыстарын оқыту үшін 1971 жылы қылмыстық процесс кафедрасынан криминалистика жеке кафедра болып бөлініп шықты.

Кафедраға заң ғылымдарының доқторы, профессор В.И. Попов меңгеруші болды. Осы жылдары кафедрада 7 заң ғылымдарының кандидаты, доценттер жұмыс істеді: A.M. Агушевич, Н.А. Жангелдин, Е.Ғ. Жэкішев, Г.Г. Досполов, М.Ш. Мажитов, Г.А. Мозговых, В.Е. Розенцвайг. Кафедра аспиранттар дайындауды да дүрыс жолға қойды Г.М. Мүқашев, А.В. Попов кандидаттық диссертацияларын қорғап шықты. Кафедра ғалымдары әртүрлі ғылыми диссертацияларды талқылауға, жалпы Одақтық конференцияларда тергеу жағдайлары туралы мәселелерді талқылауға оелсенді түрде қатысты. Кафедрада «Жедел-іздестіру шаралары мен тергеу әрекеттерін дамытудың проблемалары» деген тақырыпта Одақтық конференция өткізілді. Польша, Болгария, Германияның криминалист ғалымдарымен бірге кафедра оқытушысы Еркін Ғазизұлы Жәкішев «Экономикалық-криминалистік құралдарымен тонауды зерттеу» М., 1980 ж., «Экономикалық анализ арқылы жасырын тонауды ашу» атты еңбектерін 1981 жылы жазды (Москва).

Барлық тергеу әрекеттерінің тактикалық негізін құрастыра отырып, кафедра ғалымдары мынандай: «Тергеу әрекеттерінің тактикалық негізі»; «Оқиға болған жерді қарау» (В.И. Попов); «Криминалистикадан арнайы практикум жүргізу» (В.А. Хван, 1964 ж.); «Қылмысты тергеуді жоспарлау» (1957 ж.); «Жауап алудың психологиясы» (Г.Г. Досполов, 1976 ж.); «Алдын ала тергеудің мәселелері» (В.И. Попов, Е.Ғ. Жэкішев, 1984 ж.); «Криминалистиканың тонау қылмыстарымен күресудегі рөлі» (1991 ж.); «Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және методологиялық негіздері» (1991 ж.) т.б. оқу құралдарын шығарды.

Соңғы жылдары көптеген әдістемелік оқу құралдары жарық көрді. Профессор В.И. Попов қү-рметті демалысқа шыққан соң 1984 жылдан 1987 жылга дейін кафедра меңгерушісі қызметін доцент Е.Ғ.Жэкішев атқарды, ал қазіргі уақытта 2000 жылдың қыркүйек айынан бастап профессор А.А. Исаев меңгеріп келеді.

 

 

Бөлім






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных