Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сарапшылардың қолданатын ғылыми-техникалық құралдары




Сараптамалық тәжірибеде әртүрлі әдістер қолданылады. Әдістердің қандай қасиеттерді зерттеуіне байланысты оларды бірнеше топқа болеміз: 1. объектінің морфологиясын зерттейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар; 2. объектінің физика-химиялық қасиетін зерттейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар; 3. объектінің жекелеген қасиеттерін зерттейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар; 4. ақпаратты өндейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар.

Бірінші топтағы әдістерге, негізінен, жарықтандырғыш және электронды микроскопия, сонымен қатар, интроскопия және профилография әдістері кіреді.

Сараптамалық тәжірибеде кең түрде тараған әдістерге жарықтандырғыш микроскопия әдісі жатады. Барлық сараптамалық мекемелерде биноқулярлы стереоскопиялық микроскоп МБС-2, әртүрлі модификациялы биологиялық микроскоптар, салыстырмалы микроскоптар және металографиялық микрос-коптар бар. Заттай дәлелдемелердің көптеген түрлерінің морфологиясын зерттеуде стереоскопиялық микроскоп универсалды құралға жатады. Ал, биологиялық микроскоптың көмегімен, негізінен, талшықтардың, топырақ жердің, өсімдік объектілерінің, есірткі және психотропты заттардың бөлшектері

зертгелінеді.Салыстырмалы микроскопта көбінесе сот баллистикасының (оқтар, гильзалар), кейде трасологияның объек-тілері зерттеледі. Металдар мен корыт-палардың (сплав) беткі қабатының құрылымын зерттеуде металлография-лык микроскоптар қолданылады. XX-ғасырдың аяғында сараптамалық мекемелерде электронды микроскопия-ның әдістері қолданыла бастады. Электронды микроскопияның көмегі-мен көзге көрінбейтін объектілердің -талшықтар, қан, шаш, металл, қорыт-палар және басқа да заттардың морфо­логиясын зерттеу мүмкін болды.

 




 

Сурет 2,2-1. Растрлы электронды микроскоптағы полиамид талшыктарының көлденен және бойлық қималары



Интроскопияның әдістері, негізінен, кедекдік бақылауда қолданылады, оны сараптамалық тәжірибеде де пайдалануға болады.

Профилография әдістері арқылы - щуптық және оптикалық профилографтың көмегімен объектінің беткі қабат бедерінің сандық сипатгамасын алуға болады.

Сараптамалық тәжірибеде қолданылатын екінші топтағы әдістер көп және әртүрлі болып келеді. Бұл әдістер арқылы заттардың элементтік құрамын, оларда химиялық қосындылардың бар-жоғын, объектінің фракциондық құрамын және физика-химиялық қасиетгерін анықтай аламыз. Бұл эмиссионды спектралдық, микроспектралдық рентгеноспектрлік, нейтронды-активациялык талдаудың, ядерлі-магниттік (ЯМР) және парамагниттік резонанстың (ПМР), инфрақызыл спектрометрияның, абсорбциялы спектроскопияның, жүкд кабатты хроматографияның, газды пиролитикалык хроматографияның, газдысұйық хроматографияньщ және т.б. әдістері.

Үшінші топтағы әдістер де алуан түрлі болып келеді, олар объектінің қандай қасиеттерінің зерттелетіндігіне байланысты болады. Сараптамалық тәжірибеде олардың көмегімен кұжаттардың шынайы немесе жалғандығы анықталады. Көрінбейтін сәуле (инфракызыл, ультракүлгін, рентген сәулелерінде) спектірінде бояу және инфра люминесценция зерттелінеді. Зерттеу барысында фотоқұрылғылар, оптикалық квантты генераторлар (лазерлер), қаттылықты өлшегіш (твердомеры), диффузиялық-көшірме әдістері (диффузно-копировальный), түсажырату (цветоделение) әдістері қолданылады.

Төртінші топтағы әдістер, негізінен, алынған нәтижелерді түсіндіру үшін күрделі құралдар мен жабдықтарға қосымша тіркеледі.

Дәлелдеу құралы болып табылатын сараптаманың қолданылу тиімділігі, шешілетін мәселелердің деңгейі сараптамалық мекеменің техникалық жағынан жабдықталу дәрежесімен тікелей байланысты.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных