Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сот-жеделдік фотографияльщ әдістер




Сот-жеделдік түсіру әдісі әртүрлі сипаттағы объектілерді суретке, атап айтқанда: жергілікті жер, ғимарат, тұрғын-жай, су және эуе кеңістіктерін, адам, мэйіт, заттар мен құ-жаттарды және олардың бөлшектерін; объектілердің сыртқы бейнесі мен ерекшеліктерін бекіту мақсатында материалдық іздерді, сондай-ақ қандай да бір іс-әрекет немесе олардың үзіндісін дәлелдейтін жағдайларды толық немесе бөлшектеп түсіруді қамтиды. Криминалистикалық фототүсірілімнің объектілері мен түсіру мақсатының ерекшелігін ескере отырып бейнелейтін фотографияның келесі әдістері қолданылады:

1.қарапайым

2.панорамалық

3. сигналитикалық немесе тануға көрсету үшін

4. өлшеп түсіру

5. репродукция

6. ірі масштабта (макро түсіру)

7. стереоскопиялық түсіру әдістері.

1. Қарапайым түсіру әдісі - бір кадрге ғана фототүсірілім жасау арқылы жүзеге асырылады.

2. Панорамалык түсіру - сот фотографиялық түсіру әдістерінің бірі, яғни үлкен кеңістіктегі не үлкен көлемді объектіні, сондай-ақ ғимараттың ішіндегі немесе тар жердегі мэйітті бөлшектеп түсіріп, кейін ол бөлшектерден бір
панорамалық фотосурет шығару. Мысалы: кейбір ұзыннан-ұ-зақ созылып жатқан немесе биік объектіні түсіру қажет болған жағдайда (бір кадрға симайтын) объектіні бөлшектеп түсіріп, кейін ол бөлшектерден бір
панорамалық фотосурет шығаруға болады. Панорамалық түсіру сызықты және шеңберлі болып екі түрге бөлінеді.

1-сурет. Панорамалық түсіру әдісінің схемасы: а) сызықты; ә) шеңберлі.

а ) Сызықты панорамалық түсіру кезінде объект бөлшектеп түсіріледі, бірақ мұнда фотоаппаратты тізу сызықтың бойьшен кезектілікті сақтай отырып, қарама-қарсы орналасқан объектілер бірнеше нүктелерден түсіріледі.




 


Ал көлденең түсіру әдісіне мысалы ретінде: автоқөлік жол оқиғасы болған жерді түсіруді айтуға болады. Панорамалық түсіру кезінде ұстау (выдержка) мен диафрагма сақталынатын ереже бойынша өзгеріссіз бір қалыпты болуы тиіс. Дегенмен де объектілердің кейбір бөліктерін, учаскелерін әртүрлі жарықтандыруда түсіру қажеттілігі туындайды, мұндай жағдайларда керегінше тиісті түзетулер жасалады.

э ) Шеңберлі панорамалық түсіру барысында алдыңғы кадрдың соңғы жағын келесісі 10-15% көлемінде жауып тұратындай етіп, фотоаппаратты бұ.рып айналдыра жылжыта отырып объектілер бір нүктеден түсіріледі. Түсіретін объектіні толық бейнелеп бекіту үшін қанша кадр керек болса, сонша рет түсіріледі.

3. Тануға түсіру әдісі - іздеуде жүрген және қылмыстық тіркеуде тұрған қылмыскерлерді тануға көрсету үшін, сондай-ақ тергеу кезінде адамдардың, мэйіттің жеке басын анықтау және оларды қылмыстық тіркеуге алу мақсатында қолданылады. Тануға түсіру әдетте екі түрлі әдіспен жүзеге асырылады: 1. қарсы алдынан (фас), бетпе-бет; 2. оң жақ қырынан (профиль). Суретке түсіру барысында келесідей шарт талаптары міндетті түрде сақталуы қажет. Танылушы адам бас киім, сырт киім, көзілдіріксіз, шашы мандайын, қүлағын


жауып тұрмайтындай ашық болып, тік отырып немесе түрегеліп тұруы тиіс. Сонымен қатар, танылатын адам басын белгілі бір қалыпта тік ұстап отыруы және суретке түсіру кезінде объектив оның көзінің

сыртқы бұрышы мен күлақ қалқанының үстіңгі бөлігін тігінен қиып өтуі қажет. Суретке түсірілетін адамның көз жанары (көзі) тіке, алдыға объективке қарап (ол көзін ашық, қозғалт-пай жыпылықтатпай, күліп-жымыйып, ауызын ашып кал-май) отыруы керек. Ерекше белгілері болған жағдайда, сол жақ (профиль) қырынан суретке түсіріледі. Егер фотосуретті куәлерге көрсету арқылы тану үшін түсіретін жағдайда, таны­латын адам қарсы алдынан (фас), оң жақ қырынан (про­филь), жартылай қырынан отыр-ғызылған, беліне дейін 3x4, не

түрегеліп тұрған күйінде барлық бойын алып 1:7 қатынастағы масштабымен түсірілуі тиіс. Мұндай жағдайларда танушы адам қылмыс жасаған кезде қандай киімде болса, сол киіммен түсіріледі. Егер оны куә бас киім, сырт киім немесе көзілдірігімен көрген жағдайда, сол киімдер мен заттарды шешпей суретке тұсіреді. Тануға 1:7 - катынастағы масштабымен тұсіру кезінде тануға түсірілетін тұлғаның сыртқы бейнесін сипаттайтын барлық белгілері анық көрініп тұруы шарт. Ол үшін жарықтандыру жағдайын міндетті түрде жақсарту қажет. Танушы тұлғаның сыртқы бейнесі нақты және объективті түрде түсірілуі тиіс. Сондыктан да тану үшін суретке түсіру барысында суреттегі бейнені жақсартуга бағытталған (мысалы: танушының бетіндегі, үстіндегі жара, жарақат, тыртық және сол сияқты т.б. да кемістіктерді жасыру үшін «ретуш» -химиялық жолмен өндеу, әртүрлі жарықтандыру) әдістерді қолдануға болмайды.

Мәйітті тану үшін түсіру, тірі адамды тануға түсіру әдіс-тәртібі бойынша жүзеге асыралады. Мэйіттің беті адам көріксіз жағдайда болса, оның бет-бейнесін (элпетін) жақсарту үшін сот-медицина саласының маман-сарапшысы тергеушінің басшылығымен мэйітке арнайы әрлеу жү_мыстарын жүргізеді. Мәйіт табылған кезде оның үстінде қандай киім болса, суретке сол киімімен түсіріледі. Егер мэйіттің үстінде ешқандай киім болмаған жағдайда тануға көрсету үшін оны киіндіріп суретке түсірудің қажеті жоқ. Мұндай жағдайларда мәйіттің денесін матамен жауып түсіреді. Мәйітті суретке отыргызып түсіру мүмкіндігі болмаса, оны жатқан күйінде түсіреді. Мэйітті үстелдің үстіне бетін жоғары қаратып, тігінен жатқызып, фас, профиль (оң жақ, сол жақ қырынан) және басының 3/4 бұрыльшында түсіріледі. Фотосуреттегі мэйітгің бейнесі отырған адамға ұқсатылып түсірілуі қажет. Бұл талап-тәртіптерді сақтап суретке түсіру әдісі мэйітті фотосуреті бойынша дү_рыс тануға көмегін тигізеді. 4. Өлшеп түсіру әдісі тергеу әрекеттерін жүргізу барысында кейбір объектілердің ұзындығын, көлемін немесе олардың арақашықтығын анықтап білу қажеттілігі туындауына байланысты қолданылатын криминалистикалық

техника бөліміндегі сот-жеделдік түсіру әдістерінің бірі. Өлшеп түсіру әдісі масштабты және метрлік болып екі түрге бөлінеді:

а) Масштабты түсіру әдісі - бұл идентифика-циялауға қажетті (іздердің, белгілердің, жеке заттардың және т.б.) объектілердің көлемін анықтап бекіту үшін қолданылатын әдіс. Суретке ъізғыш (сантиметрлік немесе ı сызғыш) қойып түсіріледі. р: біріншіден, суретке түсіру мен фотоаппарат объектив! з болуы қажет; екіншіден, > жазықтықта жатуы керек; үшіншіден, қолданылатын масштабты сызғыштың санти-метрге, миллиметрге белінген сызықтары міндетті түрде болуы тиіс.

Масштабты түсіру эдетте тегіс беттегі іздер мен көлемі үлкен емес басқа да объек-

тілерді (аяқ киім іздерін, бұзу құралдарынан қалған есіктегі іздерді және т.б.) детальды

түсіру әдісі ретінде қолданылады.

Ірі көлемді затты суретке түсіру барысында, көп бейнедегі әрбір іздің жанына масштабты сызғыш қойып жеке-жеке түсіріледі. Бұл кезде масштабты сызғыштың астына бір нәрсе қойып ipi көлемді заттың жазықтығымен теңестіріледі.

э) Метрлік түсіру - объектілердің тереңдігін, орналасуы және өзара қашықтығын аныктап білу мақсатывда қолданылатын әдіс.

Оқиға болған жерді қарау кезінде тергеуші көбінде іс бойынша объективті шындықты анықтау үшін бір объекті мен екінші объектінің арақашыктыгын өлшеп суретке түсіреді. Оқиға болған жерді қарап болғаннан кейінгі жұргізілетін тергеу процесінде кейбір объектілердің ұзындығы мен олардың қоршаған ортаға қатысты орналасу жағдайы, ара қашықтығы жөнінде қосымша мәліметтер хаттамада тіркелмей қалған жағдайларда метрлік әдіс тәртібімен түсірілген фотосуреттерді қолдану тергеушінің жіберген кемшіліктерінің орнын толтырады. Мүндай әдіс көмегімен бейнеленген объектінің нақты ұзындығын, орналасу жағдайын, бір объекті мен екінші объектінің арақашықтығын еш қиындықсыз анықтауға болады. Суретке түсірілген жердің немесе ғимараттың жоспарын құру үшін оқиға болған жерді қайта қарау әрекеті мен елшеу жұмыстарын жүргізбестен, қажет болған жағдайда, осы әдіспен түсірілген фотосурет қолданылады. Метрлік түсіру әдісі объектілерді шолып және түйінді түсіру барысында кеңінен қолданылады. Көбінесе бұл әдіс адам өлтіру, жол-көлік оқиғасын және сол сияқты басқа да қылмыстарды тергеу кезінде қолданылады. Метрлік түсіру әдісінің бірнеше түрі бар.

5. Репродукциялық түсіру - құқық қорғау органдары қызметінде әртүрлі құжат, схема, мәтіндер мен сызбалардың, дактилоскопиялық карталардың және басқа да тегіс беттегі объектілердің фотоқөшірмелері кажет болған жағдайда тіке үстінен түсіру арқылы жүзеге асырылатын әдістің бір түрі.
Репродукциялық әдіспен түсіру кезінде (түсірілетін объектінің көлеміне байланысты) сақина кигізілген немесе кигізілмеген жай айналы фотоаппарат «Зенит» тәрізді және т.б. арнайы репродукциялық құрылғылар қолданылады.

Жақсы сапалы репродукция алу үшін түсірілетін объектіге фотоаппаратты үстінен тік (паралелль) және жарықтандыру объектісінің бір қалыпты болуын орнықтыру, сондай-ақ фотоаппарат объективінің осі суретке түсіретін объектінің ортасы арқылы өтуін қалыптастыру қажет.

Репродукциялау - арнайы рефлекстік қағазды қолдану көмегімен де жүзеге асырылуы мүмкін. Рефлекстік қағаз эмульсиялық жағымен суретке түсірілетін бейне көрінісінің бетіне қойылып, астыңғы жағынан жарықтандырылады. Рефлекстік қағаз арқылы жарық түпнұсқаның кара бөліктерімен сіңіріліп, ак бөліктерінен көрініс табады.

6. Ірі масштабта немесе макротүсіру кішкентай объектілердің табиғи өлшемін түсіру немесе микроскопты қолданбай-ақ тікелей үлкейтіп түсіретін әдіс болып табылады. Ол тергеу әрекеттерін және сараптамалық зерттеу жүргізу барысында жүзеге асырылады. Егер оқиға болған жерден қандай да бір ұлкен емес іздер немесе басқа да объектілер табылып, оны бекіту қажеттілігі туындаған жағдайда макротүсіру әдісі қолданылады (мысалы: бұзу құралдарының іздері, қылмыскермен қалдырылған ұсақ заттар). Бұл әдісті қолдану көмегі арқылы сарапшы нақты бір қорытындыға келуге мүмкіндік беретін белгілерді анықтайды. Сонымен қатар, бұл белгілерді көрнекі түрде бейнелеп бекіту үшін қолданады.

Макротүсіру әртүрлі фотоаппараттарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Мұндай мақсатта бұрын көбінесе: «ФМН-2», «УЛАРУС-2», «МСК-1» тәрізді арнайы қу-рылғылар және т.б. қолданылған. Оқига болған жерде макротүсіру әдісі көріністі үлғайтуға мұмкіндіктер беретін үлғайтылған сақина кигізілген «Зенит» тәріздес айналы фотоаппараттар көмегімен орындалады. Қазіргі кезде тәжірибеде цифрлы фотоаппараттар және арнайы үлкейтетін объективтер кеңінен қодданылуда.

Макротүсіру «Зенит» фотоаппаратына арнайы қондырғы орнату көмегімен де жүзеге асырылуы мүмкін, ол арасында терімен бекітілген екі тіреуіштен тұрады, Алдыңғы тіреуішке объектив, ал артқысына - фотоаппарат корпусы орнатылады. Тіреуіштерді крзғалту нәтижесінде фотоаппараттың артқы қақпағы мен объективтің арасындағы арақашықтық өзгеріп, ол түсірілетін объектінің бейне көрінісі масштабының өзгеруіне әкеп соқтырады.

Егер «Зенит» фотоаппараты «Индустар-50» объективімен жабдықталған жағдайда макротүсіруге арналған қондырғының көмегімен объектінің бейнесін үш ece үлкейтуге болады. «Гелиос-44» және «Мир-1» объективтері 2,64 және 4,2 есеге дейінгі үлкейтуге мүмкіндік береді.

Аз масштабты алуға қарапайым түсірілім түрі колданылады, ал ipi көлемді масштаб микроскоптың оптикалық жүйесі көмегімен алынады.

Макрофотография әдісін: биология, археология, геология, металлургия саласындағы әртүрлі ғылыми және техникалық мәселелерді шешу кезінде пайдаланады. Ал криминалистер оны бұзу құрал-саймандарының іздерін, оқ, гильза, басқа да ұсақ заттарды - заттай дәлелдемелерді, оқига болған жерден табылған іздерді және т.б. суретке түсіру үшін қолданады.

Макрофотография трасологиялық және баллистикалық сараптама жүргізу, сондай-ақ құжаттарды соттық-техникалық зерттеу кезінде қолданылуы мүмкін. Ол фотосуретке түсірудің - репродукциялық, контрастылық, инфрақызыл және ультракүлгін әдістерінің құрама бөлігі болып табылады.

Макрофотография кез-келген фотоаппараттармен жүзеге асырылады. Макрофотография жалпы фотосуретке арналған аз форматты камераларда, сондай-ақ арнайы стационарлық құрылғыларда орындалады.

§3, Тергеу әрекетін жүргізу барысында фотографияны қолданудың

Ерекшеліктері

Тергеу әрекетін жүргізу барысында фототүсірілімдер өте жиі қолданылады. Фототүсірілім объектілеріне: оқиға болған жердің жалпы жағдайы мен оның бөлігі, мэйіт, іздер және басқа да заттай дәлелдемелер жатады.

Тергеу қарауын жүргізу кезінде оқиға болған жерді суретке түсіру. Оқиға болған жердің жағдайын және ол жерден табылған қылмыстық іздер мен басқа да заттай дәлелдемелерді дұрыс әрі толық бекіту тергеу әрекетінде қойылатын негізгі талаптардың біріне жатады.

Оқиға болған жерді суретке түсіру келесідей тәртіпте орындалуы тиіс:

а) оқиға болған жер және оның жекеленген бөлігінің жағдайы жөнінде тольщ мағлүмат алатындай көрнекі түрде түсірілуі шарт;

ә) оқига жағдайы барынша толық, әрі дәлме-дәл түсірілуі қажет;

б) қажет болған жағдайда түсірілген объектілердің көлемі жөнінде мшіімет бере алатындай етіліп (метрлік және масштабты) түсірілуі тиіс.

Оқиға болған жерді түсіру келесідей әдіс түрлері арқылы жүзеге асырылады: бағдарлап, шолып, түйінді және детальды түсіру әдістері.

Багдарлап түсіру - оқиға болған жердің өзін ғана түсіріп қоймай, сонымен қатар айналадағы оған жақын тұрған объектіні де қамтып түсіруге арналған әдіс. Оқиғаның нақты қай жерде болғандыгы жөнінде бағдарлап білу мақсатында қолданылатын, яғни оқиға болған жердегі жылжымайтын объектіні оқиғаға, қылмысқа еш катысы болмаса да айналамен қамтып қоса түсіру әдісі. Мысалы: жол-көлік оқиғасы болған жағдайда оқиға болған жердегі жол белгілерінің қоршаулары, оған жақын орналасқан жылжымайтын объектілер қосатүсіріледі.

Шолып түсіру - бұл оқиға болған жерді қоршаган айналасынсыз тек өзін ғана түсіру әдісі. Бұл әдісті қолдану кезінде фотоаппарат оқиға болған жердің толық көрінуіне немесе оның көпшілік бөлігінің көрінуіне мүмкіндік беретін нүктеге қатысты орналастырылады. Шолып тұсіру арқылы оқиға болған жердің жағдайын анықтауға және орналасқан заттар туралы дұрыс түсінік алуға болады. Түйінді түсіру - оқига болған жердің жеке учаскілерін және ондағы қылмыстық материалдық белгілерінің барынша көп шоғырланған жерлерін ipi масштабта түсіру әдісі (мысалы: қылмыстың материалдық басым бөлігі, яғни мәйіттің жатқан жері, өрт ошағы және т.б. көрсетіледі).

қажетгі бөлігі ғана кадрға сиятындай қа-шықтықта орналастыру қажет. Жергілікті жерде детальды түсіру бары-сында күн сәулесі түсі-рілетін объектінің алды-на немесе артына емес, тек жанына тұскен кезде ғана нақты, әрі айқын фотосуреттер алынады. Қысқы уақыт-та фотосуреттер алу үшін сары және қызғылт-сары жарық-фильтрлері қолданыла-ды.


Детальды түсіру - бұл жеке іздерді және заттарды өлшеу масштабымен тусіру әдісі. Заттай дәлелдемелер мен іздердің сыртқы белгілерін бейнелеп көрсету үшін детальды түсіру әдісі қолданылады. Детальды түсіру әдісінің объектілеріне: қару-жарақ, оқ, гильза, қылмыс құралдары мен олардың іздері, қол, аяқ, келік-құралдарының іздері, ұрланған заттар мен өзге де объектілер жатады. Детальды түсіру кезінде фотоаппаратты объектінің тек өзі немесе оньщ

 

Ғимарат, тұрғын-жай және т.б. жабық жер-лерде детальды түсіру кезінде күн сәулесі терезеден түсіп тұрған жағдайда терезеге мата іліп, қараңғы жерлерді түсіруге есептелген ұстау (вьщержка) қолданылады.

Оқиға болған жерді түсіру көп жағдайларда электрлік тұтану шырағы арқылы жарықтандырылады.

Мәйітті түсірудің де өзіндік әдістері бар. Алғашқыда мәйітті коршаган ортамен қамти отырып бірнеше жағынан түсіреді. Кейіннен мэйіт қоршаған ортасыз тек өзі ғана түсіріледі. Оны түсіру барысында орналасу жай-күйі жағдайьш, денесінің ашық жерлерін және киімін толық бейнелеп көрсетуге аса көңіл белінуі керек. Мэйіт қоршаған ортасыз екі қарама-қарсы жағынан түсіріледі. Түсіру кезінде фотоаппарат объективінің негізгі оптикалық осі мэйіттің ү.зына бойлық осіне перпендикулярлы болатындай етіп орналастыру қажет. Сонымен қатар, аппарат объективін төмен қаратып мэйітті жоғарғы жағынан вертикальды түсіру әдісі ұсынылады. Мэйіт табылған ғимарат, үй-жай және т.б. жерлер өте тар болған жағдайда, ол панорамалық әдісті немесе кең бұрышты объективті қолдану арқылы түсіріледі.

Панорамалық түсіру әдісі мэйітті бас жағынан беліне дейін, содан соң белінен аягыиа дейін жеке-жеке түсіріп, одан бір фотосурет шығаратын екі немес үш, төрт үзіндіден тұ.рады.

Жарақат, күйік, қан іздері, киімінің бұлінуі сияқты сипаттағы ерекшеліктер миллиметрлік масштабней ipi көлемде суретке жеке түсіріліп бекітіледі. Мэйіт табылған кезде қандай жағдайда (үсті-басы кір, лас, қатып калган және т.б.) болса, суретке алғашқыда сол күйінде түсіріледі, содан соң мәйітке әрлеу жұмыстары (сот-медициналық, мэйітті ерітіп қалпына келтіру және т.б.) жүргізгеннен кейін де суретке түсіріледі. Танылмаған мэйітті түсіру тануга көрсету үшін түсірілетін әдіс-тәртібімен жүзеге асырылады. Танылмаған мәйіттің суреті картамен бірге қылмыстық тіркеу органына жіберіледі.

Іздер мен заттар - яғни заттай дәлелдемелер олардың табылған жерлері мен орналасу жағдайы, сыртқы құ-рылысының жалпы және жеке белгілері көрсетіле отырып суретке түсіріледі.

Бастапқьща оқиға болған жердің белгілі бір учаскесінде шоғырланған барлық іздер мен заттар тобы түсіріледі. Елеулі ұ.зындықтағы учаскедегі іздер тобы (мысалы: аяқ киім, көлік кұралдарының іздерінің жолы) панорамалак әдіспен түсіріледі. Содан соң біртекті іздердің ішінен толық әрі нақты түскен іздер іріктелініп алынып, миллимертлік масштабты сызғыштың көмегімен жеке-жеке суретке түсіріледі.

Нашар көрінетін қолдың майлы іздерінің фототүсірілімі (эйнек, пластмасса, жылтыр бетті заттарда қалдырылған) қараңғы бөлмеде күңгірт әйнекті фотоқамерамен 1:1 масштабымен жүзеге асырылады. Қолдың іздері аз форматты аппаратпен («Зенит») ұзартқыш сақиналарды пайдалану арқылы түсіріледі. Күн сәулесінің зиянды әсерін жою үшіи, затқа із үшін кесілген кескіні бар қара қағаздың парағын салу қажет. Ізді жарықтандырғыш рефлекторына жарық өткізбейтін қара қағаздан жасалған конусты кигізу арқылы алынатын сәулені қырынан түсіру жолдары ұсынылады. Егер із түссіз материалдарда орналасса, онда оған қарама-қарсы жағынан белгілі бір қашықтықта қара түсті мата немесе қағаз қою қажет. Әйнекте орналасқан із өтпелі жарықтықпен түсірілуі мүмкін. Бұл жағдайда тік тұрған ұстағыш аркылы әйнекті бекітеді және оның үстін із үшін кесілген «маскамен» жабады.

Із жағынан әйнекке қарсы фотоаппарат қояды, қарама-қарсы жағынан қара экран, ал қырынан жарықтандырғыш орналастырылады. Жарық (сәуле) эйнекке 45-60 - бұрышта бағытталады.

Қолдың көрінбейтін майлы іздері, оларды ұнтақтармен бояғаннан кейін немесе репродукциялық түсіру тәртібіндегі әдістермен суретке түсіріледі.

Аяқтыц колемді іздерін, көлік күралдарынын, бұзу қуралдарының іздерін түсіруге жарықтандырудың екі қайнар көзі қоланылады. Біреуі фотоаппаратпен қатар, ал екіншісі іздің қырынан орналастырылып түсіріледі. Біріншісі - іздің нақты формасын, екіншісі - ізді қалдырушы заттың құ.рылысының ерекшеліктерін көрсетуді қамтамасыз етеді. Қырынан түсірілетін жарықтың көзі іздің сызықтық ерекшеліктеріне байланысты перпендикулярлы түрде бағытталады. Ең қолайлы жағдай тәжірибелі жолмен тандалады. Өзіндік ерекшеліктердің әртүрлі бағытта орналасуына байланысты жарық көздерін әртүрлі жағынан қою жолымен суретке түсіру керек. Ізді жарықтың бір ғана қайнар көзін пайдалану аркылы да фотосуретке түсіруге болады. Терең іздерде кездесетін артық көлеңкелерді жою үшін ак қағаздан немесе матадан жасалған жарықтандыргыш экрандарды пайдаланып түсіреді. Экрандар жарык көзіне қарама-қарсы жағынан орналастырылады. Қардағы іздерді сары немесе сарғыш-күңгірт жарық фильтрлерімен қырынан жарықтандыру жолымен түсіруге болады.

Заттар - яғни, заттай дәлелдемелер - біріншіден табылған жерінде, ал одан кейін қарама-қарсы (контрастылы) түстегі ортада түсіріледі. Заттың айналасында көлеңкелердің пайда болуын болдыртпау үшін мата немесе қағазды төсеп, мықты қондырғылардың көмегімен түссіз эйнектерді белгілі бір арақашықтыққа орналастырады. Суретке түсірілетін объект әйнектің бетіне қойылады. Жазықтықта түсірілетін заттың жанына миллиметрлік масштаб қойылып фотосуретке түсіріледі. Заттарды түсіру кезінде екі жарықтандыру көздерін қолдану қажет, тікелей - объектінің жалпы контурын керсетіп және қырынан бедерлі белгілері көрінетіндей етіп түсіру керек. Заттай дәлелдемелердің жалпы түрін түсірумен қатар олардың белгілері (шығарылған фабрика маркасы, оның иесінің атауы, нөмері, зақымданған жерлері және т.б.) ipi масштабта түсіріледі.

Құжаттардьщ фототүсірілімі көбінде ұлғайтқыш сақина көмегімен және қосымша жарықтандыру көздерін пайдалану жолымен жүзеге асырылады. Егерде құжатгарда - тазарту, қосып жазу, химиялық реактивтер қолдану арқылы өңдеу іздері мен басқа да жалған құжат жасау белгілері болған жағдайларда: микроскопты, ультракүлгін және инфрақызыл - сәулелерінде түсіру, сондай-ақ түсті жарықфильтрді және т.б. қолдану аркылы арнайы түсірілім әдістері қолданылады.

Фототүсірілім адамдар мен заттарды тануға үсыну кезінде қолданылады. Алдымен тануға ұ_сынылатын адамдар мен заттардың жалпы тобы, ал одан кейін танылған адам (фас, профиль) немесе зат (ipi масштабта сызғышпен) жеке-жеке түсіріледі.

Тануга көрсетілетін тұлғалардың немесе заттардың фототүсірілімі, топ мүшелерінің сыртқы түрлерінде ерекше өзгешеліктерді болдырмау туралы заң нұсқаулары талаптарының орындалуын тексерудің бірден-бір тиімді тәсілі болып табылады.

Егер тірі адамды, яғни адамның өзін тануға көрсетуге мүмкіндік болмаған жағдайларда, тану фотосурет арқылы жүргізіледі. Танылатын түлғаның фотосуреті оған ұқсас басқа түлғалардың фотосуретімен бірге үсынылады. Танута көрсетілетін фотсуреттер саны үштен кем болмауы қажет. Тануға ұсынылатын адамның басы әртүрлі жағдайларда (фас, профиль) бірнеше рет түсіріледі. Сондай-ақ көрсетілетін фотосуреттер де осындай жағдайларда орындалуы тиіс. Әрбір тұлғаның фотосуреті бөлек қағаз беттеріне жабсы-рылады, ал алынған кесте реттік нөмірлермен белгіленеді.

Егер қандай да затгы тануға көрсету қажеттілігі туындаса, сол зат басқа да көрсетілетін біртектес заттармен қатар орналастырылып түсірілуі (саны үшеуден кем болмауы) тиіс. Түсірудің алдында әр заттың қасына нөмірмен белгіленген қағаз немесе картон қойылады.

Тінту нәтижесінің бейнесін нақты сақтап қалу және сипаттау үшін тінту жүргізу барысында фототүсірілімдер жасалады. Дэлірек айтқанда, табылған құпия орындар тінту арқылы алынған заттай дәлелдемелер, олардың ерекше белгілері, құнды, бағалы заттар мен қағаздар және т.б. фотосуретке түсіріледі.

Іздестіріліп отырған зат табылған құпия орын, оқиға болған жерді суретке түсірудің ереже тәртібіндегідей: бағдарлап, шолып, түйінді және детальды түсіру әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін алдымен құпия орын орналасқан жер - қоршаған ортамен қатысты заттарды қамти отырып, содан соң қүлшя орынның өзі толығымен, ал қажет болған жағдайларда оның жеке бөліктері (мысалы: кұпия орынньщ құрылыс бөлігі) фотоға түсіріледі. Кейбір жағдайларда детальды түсірілімдер де (мысалы: құпия орынның механизмінің ұсақ бөлшектері) қажет болады. Аталған түсірілімдер тінту нәтижесін объективтендірудің қажетті құралы болып табылады.

Фототүсірілім тергеу экспериментін жүргізудің жағдайын, оның негізгі кезендері мен нәтижесін көрнекі түрде көрсету үшін қолданылады. Бұл дәлелдеу процесін объективтендіруге мүмкіндік туғызады. Тергеу экспериментін жүргізу арқылы тергеліп отырған оқиганың механизмі, қандай да бір әрекетгі жасау мүмкіндігі және т.б. анықталады. Тергеу эксперименті барысында фототүсірілімді қолдану оның нәтижесінің ақиқатгылығын куәландырып, дәлелдемелік күшін арттырады. Тергеу экспериментін жүргізу кезінде багдарлап, шолып және түйінді фототүсірілім әдіс түрлері қолданылады. Мысалы, адамның объектіге қабырғаның тесіп жарылган тесігі арқылы кіру мүмкіндігін тексеру кезінде - жарылған тесікті жан-жагындағы қоршаған ортамен қосып, содан соң тесіктің өзін ipi масштабта түсіру керек. Түйінді түсіру тәртібімен эксперименттің жеке кезендері бекітіледі. Мысалы: тергеу экспериментіне қатысушы түлға қабырғаның тесігіне кіру, содан соң ол тесіктен өту кезінде суретке түсіріледі. Ал шолып және түйінді түсіру кезінде эксперименттің түпкілікті нәтижесі, яғни нақты жағдайларда іс-әрекеттердің жасалу немесе жасалмау мүмкіндігі көрсетіледі. Мысалы: тесіктен өтіп шығу кезеңдері түсіріледі. Қажет болған жагдайларда эксперимент жүргізілетін жерлерді байырғы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілсе, ол жұмыстар жүргізілмес бұрын және жүргізілгеннен кейін де суретке түсіріледі.

Айгақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау кезінде белгілі бір оқиға болған жер учаскелерін немесе жауап алынған түлғалардың берген көрсетулеріндегі жеке объектілердің бейнесін көрнекі түрде бекіту және жұргізіліп отырған бұл тергеу әрекетінің нәтижесін объективтендіру мақсатында фототүсірілімдер жасалады. Объектілерді жергілікті қоршаған ортаны қамти отырып және жауап алынған түлғалардың берген көрсетулеріндегі жеке көріністерін кадрға сиятындай етіп ipi көлемде фотосуретке түсірген жөн.

Жауап алынған түлғаның көрсеткен қозғалыс бағытын немесе оның көрсетулер беру кезіндегі қозғалысын жеке бөлшектеп панорамалык әдіспен бекіту қажет.

Бірнеше адамның бір жер бойынша берген көрсетулерін сол оқиға болған жерде тексеру кезінде жылжымайтын объектілерді кадрға бекіте отырып бір және сол нүктеден фототүсірілімдер жасау қажет. Бұл алынған көрсетулердегі сәйкестік пен айырмашылықтарды барынша дәлелдеуге мүмкіндік бере отырып, жүргізілген тергеу әрекетінің нәтижесін дұрыс бағалауды жеңілдетеді. Әрбір түлғаның көрсетулерін тексеру барысындағы түсірілім нүктелері хаттамаға бекітіліп, схемада көрсетілуі тиіс. Көрсетулерін оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында алғашқыда тергеу экспериментін жүргізу және оның нәтижелерін бекіту кезіндегідей қолданылатын: бағдарлап, шолып, түйінді және детальды түсіру әдістері міндетті түрде қолданылуы кажет, ал содан соң - метрлік фототүсірілім жасалуы тиіс.

Сезіктіні устау кезінде түсірілетін фототүсірілімдер: сөзікті тұлғалар қылмыс жасау үстінде немесе қылмыс жасап біте салып ұсталған; қылмыстың қалай жасалғанын көрген куәлер, соның ішінде жәбірленушілер көрсеткен нақты бір адамдар болған; оның денесінен немесе киімінен, болмаса ту_рғын-жайынан қылмыс іздері табылған жағдайларда жүзеге асырылады.

Ұстау кезінде келесідей нақты жағдайларға байланысты: ұстау барысындағы объектілердің (тү.рғын-жайдың, ғимараттың, жергілікті жердің, көлік құралдарының және т.б. сыртқы көрінісінің) жалпы жағдайы; ұсталған кездегі олардағы заттар (оның түрі және киімдері мен денелеріне орналасу жағдайы); трғаны ұстау кезінде оның лақтырып жіберуге әрекетгенген заттары; ұсталған субъектінің денесіндегі, киіміндегі іске маңызы бар іздер; ұсталған тұлғаның ұстіндегі киімдері (олар ұрланған болуы, болмаса оны куәлер мен жэбірленушілер қылмыс жасау үстінде сол киімімен көруі мүмкін) фотосуретке тұсіріледі. Аталған объектілер міндетті түрде шолып, түйінді және детальды әдістермен түсіріледі.

Куәландыру әрекеті барысындағы фототүсірілім. Куәландыру -айыпкерге, сөзіктіге және куә мен жәбірленушіге жүргізілуі мүмкін. Фототүсірілімге міндетті тұрде олардың денесіндегі ерекше белгілері мен жарақаттары, олардың орналасуы, сондай-ақ киімдері мен денелеріндегі балшык, топырақ т.б. (оқиға болған жердің бөлігі екендігін куәландыратын) және басқа да іздер бекітіледі. Куәландырылатын түлға тәртіп бсйынша, ұзына бойын ала отырып және беліне дейін, содан соң үлғайтқыш сақинаны қолданып ipi масштабты әдіспен анықталған барлық ерекшеліктері көрсетіле отырып фотосуретке түсіріледі. Мү_нда барлық түсірілімдер түсті материалдарда жүзеге асырылады.

Тергеу кезінде қолданылған фототүсірілімдер тиісті тергеу әрекетінің хатгамасында бекітіледі. Хаттамада келесідей мәліметтер қамтылып көрсетіледі: түсірілім объектісінің атауы, фотоаппарат моделі, объективтің маркісі, жарықтандыру түрі, жарықфильтрі, фотосуретке түсіру тәсілдері және т.б.

Түсірілім кезінде фотоаппарат орналасқан нүктелердің реттік нөмірін түсірілген фотосуреттердің кезектілік нөмерімен сәйкес етіп, жасалған жоспар немесе кестеде көрсете отырып хаттамаға бекіткен жөн.

Тергеу барысында қателіктер кетіп, түсірілген фотосуреттерді кейіннен шығару мүмкін емес болған жағдайларда, ол туралы анықтама жазылады және тергеушінің қолымен куәландырылып, іске тіркеледі.

Түсірілген фотосуреттер хаттамада түсіндірме мэтінмен жазылып баяндалады. Мәтінде - түсірілім объектісі жүргізілген тергеу әрекетінің атауы, уақыты (айы, күні, жылы), фотосурет тіркеліп отырған тергеу әрекетінің хаттамасы көрсетілуі кажет.

Егер түсірілім кезінде ерекшелік белгісін сипаттау үшін сандық кестелер қолданылған жағдайларда, түсіндірме мэтінде қандай сан белгіленгендігі көрсетілуі тиіс. Мұндай түсіндірмелер әсіресе тушьпен немесе сиямен жазылған мэтіндегі ерекшеліктер стрелкамен белгіленген жағдайда өте қажет. Түсіндірме мэтін түсірілген суреттің артқы бетіне немесе фотосурет жапсырылатын қағазға жазылады. Олар мөрленіп, тергеуші немесе анықтама жүргізушінің қолымен куәландырылады. Егер суретті мамандар түсірсе, олар өз қолдарын қояды. Мүмкіндігінше куәгерлердің қолдарымен де куәландырылады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных