Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бейнежазба дыбыс жазбаларын криминалистикада қолдану




Бейнежазбаға түсіру көбінде тергеу әрекетін жүргізу барысында қолданылады. Бейнежазба күрделі және әртүрлі жағдайдағы зерттелетін оқиғаның жай-күйін, оның жекеленген заттары мен іздерінің байланысын көрсету қажеттілігі туындағанда, қандай да бір жүргізілетін тергеу әрекетін, сондай-ақ жеке әрекеттер мен қосымша процестерді, оқиғаның немесе құбылыстың даму барысын толық бейнелеп көрсетіп бекіту мақсатында қолданылады. Мысалы: қылмысты жасау әдісі мен болған оқиғаның механизмін және т.б. анықтау үшін бейнежазбаға түсіріледі.

Бейнежазбаның өзіндік жетістіктері мен кемшіліктері де болады. Бейнежазбаның кино-түсірім әдісіне қарағанда ерекшелігі түсіру кезінде магниттік лентаға дыбыс пен көріністі бір уақытта (синхрондық) бекітуге және оның сапасын қолдануға мүмкіндік береді. Бейнежазба кино түсірілім сиякты лабораториялық

өндеуді қажет етпейді. Сонымен қатар, кино түсіріліммен салыстырғанда бейнежазба жылдам ағымды оқиғаларды және олардың баяу көрінісін өндіріп жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Криминалистикалық бейнежазбаның әдеттегі фототүсірілімге қарағанда ерекшелігі оның алға қойған мәселесі мен бекіту әдісін қолдану мақсатында. Бейнежазба көзделген мақсатқа сәйкес, композициялық және техникалық жағынан дұрыс болу үшін міндетті түрде бейнежазбаға түсіру жоспарын алдын ала кұрып алу қажет. Жоспарда мүмкіндігінше түсірілетін объектілерді және оларды бекіту мақсатын, қолданып отырған құралдардың кұрылым масштабын, түсіру нүктелерін, оның техникалық тәсілдері мен қосымша жарықтандыру

әдістерін көрсету керек.

Бейнежазба көбінде тергеу эксперименті, тінту, оқиға болған жерді қарау, жауап алу мен беттестіру және тануға көрсету, айғақтарды оқиға болган жерде тексеру мен нақтылау әрекетгерін жүргізу барысында қолданылады. Тергеу әрекеттері қандай тәртіпте жүргізілсе бейнежазбаға түсіру сондай кезектілікпен жүзеге асырылуы тиіс. Бейнежазбаға түсіру кезінде объектілерді - бағдарлап, шолып, түйінді және детальды әдістерді қолдана отырып түсірген жөн. Аталған түсіру әдістерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Бағдарлау әдісімен бейнежазбаға түсіру оқиға болған жердегі қоршаған ортаны түсіруден орталық объектіге өтіп оны ipi масштабта көрсету болып табылады. Осындай түсіру әдісі нәтижесінде объектілер жөнінде толық және динамикалық бағдарлау ақпараттарын алуға болады. Шолып түсіру әдісі арқылы оқиғанын жалпы жағдайы мен оның өзара байланысатын жеке элементтерін қажетті кезектілікті сақтай отырып бейнежазбаға түсіруге болады.

Бейнежазба процесінде алдағы тарауда айтылып кеткен фототүсіру әдістері қолданылады. Сонымен қатар, бұл түсірудің өзіне тән келесідей тәсілдері бар: бір және көпкамералы, бағыты мен бұрышын өзгертіп түсіру, камераны объектіге жақындата және алыстата отырып түсіру, панорамалы-жылжуды қолдана отырып түсіру тәсілдері.

Бейнежазбаның жалпы әдістерін таңдау фотографияға түсіру кезіндегі сияқты мән-жайлармен анықталады. Бейнежазбаға түсірудің арнайы әдістері бейнелеп бекітуге арналған әдіс мақсаты мен динамикалық ерекшеліктеріне қарамастан тандалынады.

Бейнежазба криминалистикалык сараптама жүргізу барысында да қолданылады. Мысалы: дереу микробейнеге түсіру көмегімен сот-баллистикалық сараптама жүргізу кезінде, зерттеліп отырған әртүрлі объектілердегі атудан қалған зақымдардың, іздердің пайда болу механизмін бекіту үшін қолданады.

Тергеу әрекеті барысында дыбысжазбаны қолдану. Тергеу барысында дыбысжазбаны қолданудың негізгі мақсаты, бұл - жеке тергеу әрекеттерінің барысын қосымша түрде дыбыстай бейнелеп бекітуді қамтамасыз ету болып табылады. Әсіресе, жауап алу, беттестіру, айғақтарты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау, тануға көрсету сияқты тергеу әрекеттерін жүргізу барысында кеңінен қолданылады.

Дыбысжазбаны көзделген мақсатқа сай бекітудің қосымша құралы ретінде қолдану жағдайлары жоғарыда аталған тергеу әрекеттерін жүргізу тактикасында анықталады.

Тергеу әрекеттерінің барысын дауыстандыру мақсатында дыбысжазбасын қолдану әрекеттері, криминалистикада өңделген куәландыру сипатындағы процесуалды-криминалистикалық талаптарды кезектілікпен орындау тәртіптерін сақтай отырып жүзеге асырылады. Сонымен қатар, бейнежазбаға байланысты жасалған криминалистикалық ұсыныстар жүйесіндегі техникалық сипаттағы талаптар сақталуы қажет (мысалы: дыбысжазбасына басатын жерлерді бегде шулардан, дыбыстардан сақтандыру қажеттілігі туралы талаптар; микрофонды орналастыру жөніндегі қойылатын және т.б. талаптар).

Тергеушінің жұмысын жеңілдету мақсатында процесуалдық құжаттарды толтыру кезіндегі қолданылатын дыбысжазба тәсілдері (жауап алу, қарау, тануға көрсету хаттамалары және т.б.) мен іс бойынша бағдарлау сипатындағы дыбыстық ақпарат жинау тәсілдерінің әдетте қолданып жүрген кез-келген қызмет саласындағы дыбысжазба құралдары әдістерінен ешқандай айырмашылығы жоқ.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных