Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Криминалистикальщ фотография, беине- және дыбыс жазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі




Тергеу әрекеті мен жедел-іздестіру шараларының барысын, оның жеке кезеңдері мен нәтижелерін және криминалистикалық-сараптамалық зерттеулерді бейнелеп бекіту арқылы дәлелдемелік, жедел-іздестіру және сараптамалық ақпараттарды дәлме-дэл алуға болады. Бекітудің мұндай кең тараған әдістері мен құрал-жабдыктарына криминалистикалық фотосурет, бейне- және дыбысжазбалары жатады. Осыған сәйкес аталған құрал-жабдықтар мен әдістердің жиынтығы, яғни фотография, бейне- және дыбысжазбалары криминалистикалық техниканың бір топтық тарауларын құрады. Аталған тараулардың ішінде криминалистикалық фотография бөлімі бұрынырақ пайда болып калыптасқан. Ал бейнежазбалары кейіннен пайда болып қолдана бастады. Тергеу барысында дыбысжазбаны қолданудың криминалистикалық аспектілері элі жеке бөлім ретінде қалыптаспаған. Ол бейнежазбамен бірге қарастырылады.

Криминалистикалық фотография - фототүсірілімдердің жалпы және арнайы түрлерін қолданудың құрал-жабдықтары мен әдістеріне, оларды криминалстиклық мақсатта қолданудың ғылыми негЬделген мәліметтеріне, сондай-ақ криминалистикалық зерттеулердің сәйкес нәтижелеріне негізделеді. Криминалистикалық техниканың бөлімі ретінде, ол қылмысты ашу мен тергеуге байланысты әртүрлі криминалистикалық қызмет барысында қолданылатын фототүсірілім құралдары мен әдістерінің жетілдірілигн ғылыми жуйесін құрайды.

Осыған сәйкес фотографиялық құрал-жабдықтарға: криминалистер ойлап тапқан барлық жаңа түсірілімдік және проекциялық аппаратураларды, фото-жабдықтар мен фототүсірілімдердің арнайы құ-рылғыларын, фотоматериал-дарды және оларды өндеу үшін қолданылатын химиялық реактивтерді жатқызамыз. Аталған кұрал-жабдықтардың ішінде кейбір фотоқұрылғылар тек қана криминалистикалық мақсатта қолдануға арналған. Мысалы: оқтың үстіңгі цилиндрлік қабатын фотоға түсіру үшін, фотографияға түсірудің осы берілген құрал-жабдықтарын криминалистикалық қызмет барысында қолдануға байланысты өндеп жетілдірілген ережелер мен ұсыныстардың жиынтыгы фотографиялық әдіс болып табылады.

Криминалистикалық фототүсірілім жекеленген тергеу зрекеттерін, жедел-іздестіру шараларын, кей жағдайларда сараптамалық зерттеулерді жүргізу барысы мен нәтижелерін көрнекі түрде бекітудің тиімді әдіс-құралы. Ол іс ұшін маңызы бар қылмыстың іздерін, жеке затгарды және басқа да материалдық объектілер мен заттай дәлелдемелерді көрнекі түрде бейнелеудің сенімді әдіс-құралы болып табылады. Осыған сәйкес көрсетілген фототүсірілім тергеуші, жедел-іздестіру қызметкерлері, маман және сарапшылармен орындалуы мүмкін.

Криминалистикалық мәселелер мен криминалистикалық қызмет түрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, сот фотографиясын екі түрге бөліп көрсетуге болады:

1) сот-жеделдік фотография;

2) сот-зерттеу фотографиясы.

Сот-жеделдік фототұсірілімдер оптикалық құралдарды қолданбай-ақ көзге көрінетін әртүрлі іздер мен объектілерді бекіту мақсатында қолданылатын әдіс, ал зерттейтін фототүсірілімдер көзге керінбейтін іздер мен объектілердің бөлшектерін, түс айырмашылықтарын анықтап бекітуге негізделген әдіс болып табылады. Криминалистикалық бейнежазба, бейнежазбаның құралдары мен әдіс-тәсілдері тергеу барысындағы мәселелерді криминалистикалық мақсатта ғылыми талдап қорытындылау мен криминалистикалық-ғылыми жетістіктерге сәйкес пайдалану негізінде қалыптасады. Аталған түсірілім және бейнежазба түрлері криминалистикалық техниканың бір тарауы ретінде криминалисти-калық әрекет жүргізу барысында дәлелдемелерді жинау мен бекіту үшін қолданылатын бейнежазба құралдарының ғылыми әдістемелік өңделіп жетілдірілген жүйесінен тұрады.

Фото- және бейнежазба құралдарына қарағанда дыбысжазба техникасының ерекшелігі - ол жеке тергеу әрекеттерін жүргізу барысын дыбыстай көрнекі түрде бекіту құ_ралы ретінде ғана емес, сонымен қатар тергеушінің қылмыстық оқиғаға байланысты алғашқы жедел ақпараттарын бекіту жұмыстарын жеңілдететін техникалық құрал болып табылады. Мысалы: қү_жаттарды толтыру кезінде (кейбір тергеу әрекеттерін жүргізгенге дейінгі бағдарламалық ақпаратты алу құралы ретінде, оқиға болған жерді қарау кезінде хаттамаға бекітетін

21.

ақпаратты басып алу құралы ретінде, жауап алу барысын жазып алу құралы ретіңде) қолданылады.

Дыбысжазба жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында да кеңінен қолданылады. Әсіресе ол тыңдалатын телефондагы және басқа да сөйлесулерді жазып алу кезінде пайдаланылады. Осыған сәйкес жаңадан қалыптасып келе жатқан криминалистикалық техниканың бір бөлімі ретінде дыбысжазбалары тергеулік және жедел-іздестірушілік деп шартты түрде екіге бөлінеді.

 

 




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных