ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сот-зерттеу фотографияларыньщ әдістеріМикрофотография - зерттеліп отырған объектілердің микроқұрылымы мен микробедерін анықгау және бекіту мақсатында қолданылатын сот-зерттеу әдістерінің бір түрі. Бұл әдіс құжаттарды зерттеу барысында кеңінен қодданылады, атап айтқанда: қиылысатын штрихтардың басып жазылу кезектілігін анықтау кезінде, қарындаш штрихтары мен көшірме қағазының бояуын ажырату кезінде; трасологиялық зерттеулерде, мысалы: бұзу құ-ралдары мен құрал-саймандарынан қалған іздерді идентификациялау үшін; атыс қаруларын атылған оқтар мен гильзалары арқылы идентификациялау; криминалистік зерттеу барысында яғни, лакпен боялған заттарды, талшықтарды, өсімдік бөлшектерін және есірткі заттарының құрамын, шыны, металл үгінділерін идентификациялау, сондай-ақ идентификациялық емес мәселелерді шешу кезінде қолданылады. Микрофотография келесідей екі түрлі әдіспен жүзеге асырылады: а) объектіні кішкене ғана үлкейтіп түсіру, арнайы қысқа фоқустық объективтермен және микрообъективтермен қамтылған фотоқамералар арқылы орындалады. ә) объектіні едэуір үлкейтіп түсіру жарықтандырғыш, электронды микроскоппен жабдықталған фотоқамералар арқылы жүзеге асырылады. Микротүсіру кезінде жарықтандыру жеткілікті түрде күшті және бірқалыпты болуы керек. Микрофототүсірілім жоғары шешу қабілеттілігі бар қарама-қарсы түсті фотоматериалдарда орындалады. Жарық сәулелі, растрлы-электронды, электронды микроскоптардың көмегімен әртүрлі ұлғайту дәрежесінде өткізгіштік қабілеті жоғары фотосурет шығаруға мүмкіндік беретін фотоқамералар бар. Жарық сәулелі микроскоптар арқылы тоқ күшіне байланысты әртүрлі ұлғайту еселігімен (20х, 50х, ЮОх, 200х және т.б.) фотосуретке түсіруге болады. Электронды микроскоптарда шағын мөлшердегі еселіктен 50 ОООх дейін және одан да жоғары еселікте фотосуретке түсіруге болады. Жарықфильтрмен фотосуретке түсіру әдісі. Жарықфильтрмен түсірілетін түсірілім түс ажыратқыш деп аталады. Оның мақсаты - белгілі бір зерттелетін объектінің немесе оның бөлшектерінің түс өзгешеліктерін (айырмашы-лықтарын) анықтау, ол әртүрлі жарықтықтарда бір уақытта үлкейтілген немесе кішірейтілген өзгешеліктермен жүзеге асырылады. Бұл тәсіл нашар көрінетін (немесе байқалатын) мэтінді, кркаттағы қосып жазуды анықтауға, қандай да бір бояу жағылған көрінбейтін жазуды оқуға мүмкіндік береді. Қолданылатын жарықфильтрі тікелей объективтің эйнегіне кигізіледі немесе ұстағыш арқылы объективтің алдына орнатылады. Фильтр - түсірілетін объектінің сипатына және зерттеу мақсатына сәйкес іріктеліп алынады. Бұл жағдайда спектрді бейнелейтін түстердің диаграммасын қолдану пайдалы болып қалуы мүмкін. Диаграмма бөліміндегі қарама-қарсы орналасқан түстер қосымша болып табылады (оптикалық қосылыстар кезінде ақшыл түс береді). Егер түрлі-түсті бояғыш заттарын қолдана отырып орындалған жазудың көрінісін күшейту қажеттілігі туындаған жағдайларда фотосурет фильтрмен түсіріледі, оның түсі штрихтердің түсіне қосымша болып табылады. Мысалы, ақ қағаздың бетіндегі сары штрихтерді көк, көгілдір немесе күлгін түсті фильтрлермен түсіру қажет. Сү.р немесе қара фонда орналасқан түсті деталь үлкейту мақсатында сол тұстегі фильтрмен немесе онымен диаграммада жақын орналасқан түстердің біреуімен фотосуретке түсіріледі, ал контрастіні кішірейту мақсатында фотосуретке түсіру қосымша түс фильтрін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Егер түсті детальды түсті фонда түсіру және контрастіні күшейту кажет болса, онда деталь түсіне немесе фонның түсіне қосьшша түс фильтрі қолданылады. Түсі бірдей екі детальды ажырату қажет болған жағдайда, салыстырылатын детальдердің түсіндей фильтрлер қолданылады. Салыстырылатын детальдердің реңінде кішкене өзгешеліктердің болуының өзі, олардың суреттегі бейнесі тығыздығы бойынша бірдей емес екенін көрсетеді. • Түсірілім іріктеліп алынған фильтрден өткізілетін сәулелерге сөзімтал фотоматериалдарда жүргізіледі, Контрастылы түсірілім. Контраст негізінде объектілердің түс айырмашылықтары бойынша, яғни көлеңкелі контрастыларды коса алғанда, бедердің беткі қабатындағы көлеңкелердің бедер детальдерінен екендігін; көрсететін байланыстардың болуын анықтайтын түсірілімдер контрастылык i деп аталады. Мүндай түсірілім құжаттардағы көрінбейтін және нашар байқалатын (тазарту, өңдеу, қырып өшіру және т.б. жолымен өзгертілген) мэтіндерді анықтауға мүмкіндіктер береді. Контрастылы, ерекше контрастылы және өте жоғары контрастылы; материалдарды пайдалану және оларды контраст негізінде жұмыс істейтін айқындауыш құрылғыда өндеу арқылы бейне-көрінісін шығару суретке түсірудің ең қарапайым жолы болып табылады. Контрастылық түсірілімнің ең күрделі тәсілі бірнеше негатив пен диапозитивті бірінен кейін бірін әзірлеу кезектілігімен, яғни контратиптеу жолымен жүзеге асырылады. Объектіні контрастылы, ерекше контрастылы немесе өте жоғары контрастылы материалдарды пайдалану арқылы суретке түсіріп, оны контраст негізінде жүмыс істейтін айқындауыш құрылғыда орта немесе аздап төмендетілген тығыздыкқа жеткенге дейін ұстай отырып шығарады. Алынған негативтен контраст штрихталған, репродукцияланған немесе диапозитивтік фотопленкада диапозитив басып шығарады, оны да контраст негізінде жү_мыс істейтін айқындауыш құрылғыда өңдеуден өткізеді. Диапозитивпен контакт жасау тәсілі арқылы екінші негативті басып шығарады, одан - екінші диапозитивті әзірлейді, сөйтіп әрі қарай жалғасады; операцияны қажетті көлемдегі контраст пайда болғанша қайталайды. Қайта көшіру кезінде объектіге жарықтың біркелкі түспеуіне байланысты, негативтің жекелеген учаскелеріндегі тығыздық ерекшелігі шамалы күшейтіліп берілетіндіктен, фототүсірілімді кемінде екі қарама-карсы жактан қойылатын жарық беру қондырғысын пайдалану арқылы, жарықтың біркелкі түсуін қадағалау қажет. Контрастылы түсірілім тәсілдерінің біріне объектінің біріктірілген екі негативтегі кескіндемесін шығару жатады. Екінші негативті алу үшін фотоқамераға фотопластинканы салу кезінде эмульсияны объективке қаратып емес, керісінше қарама-қарсы жаққа қаратып қою керек. Бұл ретте камераның кассеталық бөлігін дэлдігі көзделгеннен (тураланғаннан) кейін пластинканың қалыңдығына тең келетін қашықтыққа артқа жылжытады. Негативтердің эмульсиясын бейнені толық қамтитындай және шеттері бекітілетіндей етіп бір-біріне сәйкестендіреді. Түсірілім біріктірілген негатив арқылы суретті ұлгайту құралының көмегімен шығарылады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|