ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Диагностика криминалистиканың ілімі ретіндеКриминалистикалық диагностика жеке ілім ретінде кейінірек пайда болды. Ілім ретінде диагностиканың пайда болу тарихы криминалистикалық идентификация теориясының тарихына ұқсас. Бұл бағыттың криминалистика ғылымында қалыптасуы идентификация теориясындай тәжірибелік (эмпирикалық) материалдардың ұзақ жылдар бойы жиналуынан тұрады. Бүгінгі танда диагностикаға қатысты криминалистикалық техника, тактика, әдістеме, сот сараптамасы, сот-медицинасы, психиатрия, психология және т.б. әртүрлі салаларға байланысты өте көптеген материалдар жиналған. Бұл материалдар жалпы талдап қорытуды, жүйелеуді талап етеді. Егер кримина-листикалық идентификация теориясы мазмұны жағынан сәйкестендіру туралы үйлесімді, логика жағынан өз кезектілігімен жүйеленген білім жүйесінен тұрса, диагностика ілім ретінде элі күнге дейін пайда болу, калыптасу кезеңінде екенін көре аламыз. Идентификацияны жүзеге асырудың негізгі формасы сараптама болып табылады. Ол, әсіресе дәстүрлі сараптама түрлерінде қолданылады. Ал диагностика болса сараптаманың барлық түрлерінде жүзеге асырылып, сонымен қатар, жедел-іздестіру, тергеу, сот әрекеттерінде қолданылады. Диагностиканы сарапшылар, тергеушілер, жедел қызметкерлері, мамандар мен соттар жүргізеді. Оның субъектілер шеңберінің кең көлемді екенін байқаймыз. Идентификация, негізінен, дәлелдеу әдісі ретінде қарастырылса, диагностика дәлелдеумен қатар, іздестіру, жедел-іздестіру мэніне ие бола алады. Бірақ та идентификация мен диагностиканың мақсаты бір - тергелетін іс бойынша фактілі мэн-жайларды анықтау. Диагностика тұрғысынан шешілетін мәселелер (жалпы және жеке) шеңбері кеңірек. Диагностика қарастыратын жалпы мәселелерді: дәлелдемелік, іздестірушілік және жедел-іздестірушілік деп үш бағытта қарастыруға болады. Бұл мәселелер өзара тығыз байланысады, сондықтан дәлелдемелік диагностиканы кей уақытта жедел-іздестіру диагностикасынсыз қарастыру мүмкін емес. Идентификация мен диагностика мәселелері бір-біріне қарсы қойылмайды. Оларды алмастыру арқылы, яғни идентификациялык мәселелерге дейін диагностикалық мәселелерді немесе керісінше, диагностикалық мәселелерге дейін идентификациялык. мәселелерді шешуге болады. Мысалы: табылған мәйіттің киімінен бөгде іздердің анықталуы мүмкін. Осы іздерді табу, олардың шығу тегін, пайда болу механизмін анықтау - диагностиканың іздестіру сипатындағы шешетін мәселелері болып табылады. Диагностиканың көмегімен сөзіктіні ұстауға, жэбірленушіні өлтіру құралын аныктауға байланысты міндетті түрде киімде пайда болған бөгде ізге идентификациялык, зерттеу жүргізіледі. Диагностиканың жеке мәселелері өте көп. Оларды жіктеу негізі ретінде қылмыс оқиғасын құ-райтын материалдық дүние объектілерін, қылмыстың өзін және өзге де қылмысты кұрайтын материалдық объектілерді қарастырған жөн. Идентификация объектісі ретінде тек қана материалдық заттар қарастырылса, диагностикада объект ұғымына материалдық заттармен қатар, объектілердің жеке қасиеттері, объектілердің, құбылыстардың күй-жағдайлары, объектідегі процестер, оқиғалар, ситуациялар, оқиға механизмдері де кіреді. Ягни, объектілердің кең ауқымды шеңбері зерттелінеді. Егер объект ретінде материалдық заттар қарастырылса, оларды күй-жағдайына байланысты (қатты, сүйық, сусымалы, газ тәріздес), табиғатына (шығу тегіне) байланысты (тірі, өлі,органикалық органикалық емес табиғи жасанды) сапасы жағынан, қолдану мақсатына байланысты (аспаптар,құрал-жабдықтар, заттар, әшекейлер, ақша және т.б.) құрлымы жағынан (жеке, жиынтық ретінде) жіктеледі. Егер обьект ретінде құбылыстар, процестер зерттеу пәніне жатса, олар техникалық, физиологиялық, психологиялық, биологиялық, био-химиялық, физикалық, сонымен қатар, механикалық, химиялық, радиациялық және т.б. негіздер бойынша жіктеуге жатады. Диагностика объектісі ретінде - оқиғалар, ситуациялар қарастырылса, оларды жол-көлік оқиғасына (соқтығыс, жолаушыны басып кету, аударылып калу және т.о.), кісі өлтіруге (пышақпен, атыс қаруьшен), ұрлыққа (бұзып кіру), тонауға, қаракшылыққа, контрабанда, жарылыс оқиғаларына және т.б. жіктейміз. Құбылыстар, процестер, оқиғалар, ситуациялар қарапайым және курделі болуы мүмкін. Күрделіде - құбылыстардың, процестердің, оқиғалардың, ситуациялардың механизмдері объект болып табылады. Объектілердің, қасиеттердің, құбылыстардың, ситуациялардың әртүрлілігі оларды теориялык жағынан талдау мен жүйелеуді қиындатады. Диагностикалық мәселелер шешетін субъектілерге қатысты жедел кызмет-кермен, тергеушімен және сарапшымен шешілетін диагностикалық мәселелер, болып жіктелінеді. Қазіргі кезде диагностикалық мәселелерді жүйелеу өз көрінісін сараптамалық зерттеу шеңберінен тауып отыр. Сот сараптамасының көптеген түрлері негізінен диагностикалык мәселелерді шешеді. Бұл сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-бухгалтерлік, сот-қаржылық, экономика-лык, товароведтік, технологиялық, автотехникалық, өрт-техникалық, инженер-лік, медицина-әләуметтік және өзге де сараптамалар. Сот сараптамасымен шешілетін диагностикалык мәселелер классифика-циялық, диагностикалык және ситуациялық деп жіктелінеді. Мысалы, сот-медицина сараптамасында негізінен диагностикалык сипаттағы мәселелер қарастырылады: өлімнің себебі, уақыты, құралы, тірі кездегі алған жарақаттары, жарақаттың дәрежесі, қан тобы және т.б. Кейде идентификация қажет ететін жағдайлар да туындайды, мәселен: жэбірленушінің жеке басын, өлтіру құралын, шашын, қанын және т.б. идентификациялау. Дәстүрлі сараптамалардың барлық түрлерінде - трасологиялык, баллистикалык, қолжазбалық, кркаттарды техникалық зерттеу, авторлык, заттар және материалдар сараптамасында диагностика мен идентификацияның атқаратын рөлдері бірдей, бірақ трасологиялық сараптамада идентификацияльщ мәселелердің диагностикаға қарағанда басымдырақ екенін атап кеткен жөн. Бүгінгі таңда сараптаманың барлық түрлері бойынша диагностикалык мәселелерді шешу, әдістемелік жағынан алып қарағанда жеткілікті өңделіп жетілдірілген деуге болады. Диагностика жүргізудің көптеген әдіс-тәсілдері мен әдістемелері бар. Сарапшылар идентификациялық зертгеулер жүргізу кезінде қолданылатын әдістерді диагностикада да қолданылады. Диагностика жүргізу кезінде қандай объектілер зертттелетіндігіне байла-нысты әдістер әртүрлі классификацияланады (жіктеледі). Сарапшылармен өнделген әдістемелерде идентификациялық мәселелер бойынша туындаған сұрақтарды шешу ұшін тергеушілер мен мамандарға диагностикалық объектілерді табу, бекіту және алуға байланысты ү_сыныстар берілген. Мысалы, сот-баллистикальщ сараптамаларында идентификациялық және идентифика-циялық емес мәселелер бірдей шамада қарастырылып шешіледі. Тәжірибеде сөзіктіден алынған қару құралы, мәйіттен алынған оқ немесе оқиға болған жерден табылған гильзалар бойынша идентификация өте жиі жасалады. Бірақ кейбір жағдайларда келесідей диагностикалық: қару өздігінен атылып кетуі мүмкін бе еді; кару қандай қашыктықтан атылған; оқ-дәрілер мен қаруды дайындау тәсілдері қандай; қару құралы атуға жарамды ма; қарудың моделі, жүйесі қандай деген сұрақтарды және басқа да диагностикалық сипаттағы жағдайларды анықтау кажеттілігі туындайды. Сондай-ақ, идентификациялауға қажетті материалдарды дайындау кезінде қойылатын талаптар диагностикада да қойылады. Мысалы, ату арақашықтығының фактісі тек жәбірленушінің ату іздері бар киімдері мен сөзіктіден алынған қару, оқ-дәрі жабдықтары сараптамаға жіберілгенде ғана анықталуы мүмкін. Қарудың өздігінен атылып кету фактісін анықтау үшін тергеуші осы фактіге қатысты қарудың өзін және факті жайындағы акпараттарды сарапшыға жіберуі қажет. Сараптама шеңберінде жүргізілетін диагностикалық зарттеулердің қолданы-латын өзіндік әдістемелері бар. Сарапшы идентификациялық зерттеуле-ріндегідей белгілерді анықтай отырып, оларді бағалайды. Яғни қорытын-дыларды калыптастыру негізінде баға береді, оның дэлдігі жөніндегі қорытындылар категориялық жгяе ықтималды болып келуі мүгмкін. Әдістеме болмаған жағдайларда: ««раптамага жіберілген зерттеу объектілерінің саны жеткіліксіз болған, сондьй-ақ объектілерді дұрыс емес бекіткен, алған жағдайларда және басқа да себептерге байланысты сарапшы тергеушінің қойған барлық сұрақтарына жауап бермеуіне құқығы бар.Сараптамалық диагностика кезінде тек категориялық (дұрыс немесе теріс,) қорытындылар ғана дәлелдемелік маңызға ие бола алады. Диагностика қорытындыларын бағалаудың ерекшелігі, категориялык қорытындылар барлық уақытта жеке фактілік маңызға ие бола бермейтіндігінде және де диагностикалық ситуациялар мен идентификацияны шешетіндігінде. Мысалы, сарапшы оқига болған жерден алынған оқ, гильза Макаров тапанша жүйесімен атылған деп қорытынды береді. Бұл қорытынды сөзіктінің тұрғын-жайына тінту жүргізу мақсатында қолданылады. Дұрыс нәтижелер алынған жағдайларда, табылған тапанша оқ, гильзаларымен бірге сараптамаға идентификациялауға жіберіледі. Диагностика тергеуші мен мамандардың қызметінде өзіндік ерекшеліктерге ие. Нақты айтқанда дигностика тергеушінің болжау құру мен оны тексеру кезінде пайда болады. Ал, мамандар тергеушімен жүргізілген тергеу әрекеті шеңберінде диагностика жүргізу арқылы тергеушіге болжаулар құруға кемегін тигізеді. Тергеуші мен маман диагностикасы көптеген жеке сүрақтарды шешеді және жеке болжауларды құруға мүмкіндіктер береді. Мысалы, оқиға болған жерді қарау кезінде диагностикалау келесідей: не жағдай болды; қылмыс қалай жасалды; қылмыскер кім; ол не істеді; іздер қайда болуы мүмкін деген сұрақтарды шешуден басталады. Егер іздер табылған жағдайларда, мысалы: аяқ киімнің ізі бойынша қылмыскердің жынысын, жасын, жағдайын, бойы мен басқа да іздердің сыртқы белгілерін диагностикалауға (ажыратуга) болады. Тергеуші жауап алу барысында жауап алынушы тұлғаның жағдайын диагностикалауға тырысуы қажет. Тергеуші дұрыс диагностика жасау арқылы іс бойынша алынған мәліметтердің, ақпараттардың дұрыстыгына, дэлдігіне, анықтылығына немесе оның жалғандығына, болмаса оның жартылай, ішінара жалғандығына көз жеткізеді. Тергеушінің диагностикасы өзіндік мэні бойынша сараптамалық диагностикадан ерекшеленеді. Тергеушінің диагностикасы - бақылау, модельдеу, эксперимент, салыстыру, өлшеу, сипаттау дегендей жалпы ғылыми әдістемелерге негізделеді, сонымен қатар криминалистика, психология әдістерін пайдаланады. Ал сараптамалық диагностикада диагностикалық зерттеу әдістемелері негізінде өнделіп жетідцірілген құрал-жабдыктық (инструменталдык) әдістер колданылады. Мысалы, жэбірленушінің киіміндегі қатпарлану фактісі мен оның табиғатын анықтау үшін сарапшы жарыктандыруды әртүрлі жагдайларда жіберу, сондай-ақ химиялык, спектрлік және т.б. талдаулар жасау арқылы визуалды-микроскоптык әдісті (МБС-2) қолданады. Әдістерді қолдану негізінде сарапшы қорытындыны классификациялық сипатта береді. Тергеушінің қызметіндегі субъективтік диагностика барынша кең тараған әдіс больіп табылады. Криминалистикадағы мазмүды мен оның әрі қарай дамуы тергеушінің диагностиканы объективтендіруіне бағытталады. Ill тарау Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|