Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары




Тәжірибе көрсетіп отырғандай, алаяқтық әрекеті анықтама органдары жедел-іздестіру шараларын жүргізген кезде анықталады немесе олар жайлы мәліметтер азаматтардың арыздары мен занды түлғалардың хабарлауы арқылы белгілі болады.

Алаяқтық қылмыстары азаматтық қудықтық мәмілелермен немесе қаржы-шаруашылық операциялармен бүркемеленіп жасалған жағдайларда анықтама органдары тергеуге дейінгі келесідей тексеру жұмыстарын жүргізеді: құжатгар мен нормативтік акгілерді талап ету және тексеру, жәбірленушіден, сезіктіден және т.б. түсініктемелер алу, ревизия тағайындау, мамандармен кеңес жүргізу. Осы жұмыстармен қатар жедел-іздестіру шараларын да жүргізеді.Алаяқтық қылмыстарды тергеудің алғашқы мазмұны бастапқы тергеу ситуациясына байланысты құрылады. Қылмыскердің жеке басы туралы мәліметгерді негізге ала отырып, тергеу ситуациясын төрт категорияға бөліп қарастыруға болады.

1. Алаяқ белгілі, ол алаяқтық әрекет жасау үстінде немесе оны жасап біткен соң ұсталды. Мұндай жағдайларда тергеу әрекеті келесідей кезектілікпен жүргізіледі: сезіктіні жеке тінту және одан жауап алу; тінту кезінде алынған заттай дәлелдемелерге қарау; оқиға болған жерді қарау; жәбірленуші мен куәлерден жауап алу.

2. Алаяқ белгілі, бірақ ол тергеуден бой тасалап жүр. Бұл тергеу ситуациясындағы негізгі мәселелердің бірі алаяқты іздестіру. Жәбірленушіден, куәдан жауап алу, заттай дәлелдемелерді қарау-тергеу әрекеттерінен басқа да келесідей әрекеттер жүргізіледі: ішкі істер органдары бөлімшелерінің сезіктіні іздестіруге байланысты бағыты анықталады; жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылады; сезіктінің жеке басын және оның болуы мүмкін жерлерді анықтауға байланысты шаралар қолданылады.

3. Алаяқ белгілі, бірақ оның әрекеттері бүркемеленіп занды мэмілелер ретінде көрсетілген. Мұндай ситуацияларда сезікті жүргізген әрекеттердің сипаты мен құқыктық негіздерін анықтай отырып, төмендегідей зерттеулер жүргізіледі: алаяқтық арқылы жасалған келісім туралы құжаттарды қарау және алу, осыған қатысты лауазымды адамдарды анықтау мен олардан жауап алу, бұл операцияларды реттейтін заңдарды қарастыру.

Алаяктық әрекеттерін жасыру мақсатымен занды тұлғалардың (акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектелген серіктестіктер, жеке кәсіпорындар және т.б.) шаруашылық қызметін тексеру керек. Сонымен қатар, тексерілетін фирманың жарғылық және өзге де құжаттарын алу және зерттеу; инвентаризация мен ревизияны тағайындау; жұмыс орындарын қарау немесе тінту; салымшыларды анықтау және олардан жауап алу (жеке адамдардан инвестиция ретінде жиналған ақша қаражаттары орынсыз жұмсалса); фирманың мүлкін, қаражатын және құнды заттарын іздеу; банктік есептеріне тыйым салу.

4. Алаяқ белгісіз. Мүлдай жағдайда тергеуші: жәбірленушіден, мүмкін куәлардан жауап алады; субьективті портрет құрастырады; криминалистикалық тіркеу арқылы ашылмаған алаяқтық қылмыстарын жасалу тәсілі бойынша және осыған ұдсас жолмен жасалған қылмыстарды жасаған қылмыскерлерді аты-жөні бойынша іздестіру шараларын жүргізеді; жедел-іздестіру шараларын жүргізуді ұйымдастырады.

Тергеудің бастапқы кезеңінде келесідей жалпы типтік болжаулар ұсынылады:

• алаяқтың қылмысы арызданушының хабарлаған жағдайларындағыдай жасалган;

• алаяқтық қылмысы орын алмайды, қылмыстың басқа түрі (қорқытып талап ету, шабуыл жасап тонау және т.б.) жасалған;

• азаматтық-құқықтық мэміле заңды түрде жасалған (заем, айырбастау. сату-сатып алу).

Осы үш ситуацияның ақпараттық негізін талдау нәтижесінде жалпы болжаулар құрып оны тексеру қажеттілігі туындайды, яғни алаяқтық қылмысы шынымен бастапқы алынған мәліметке байланысты жасалған ба, сондай-ақ алаяқтылықты инсценировкалау әрекеті болуы мүмкіндігін анықтау. Жеке болжаулар әдетте, міндетті түрде қылмыскердің жеке басын, оның жүрген жерін анықтау мен бұрынғы ашылмаған ұрлық қылмысын жасаулары мүмкін-дігі жайлы мәліметгер алумен, мүлкі ұрланған мекемелердің қызметкерлері мен қылмыскерлердің байланысын, қылмыс жасаған жері мен оған келтірген зиянның мөлшерін анықтаумен байланысты құрылады.

Төртінші ситуация негізінен алаяқтың жеке басын анықтау мақсатында, оның бұрыңғы қылмысқа қатыстылығы және оның осыган ұқсас жолмен жасалған ашылмаған қылмыстарына қатысының болу мүмкіндігі анықталады.

Аталған санаттағы қылмыстық істер бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлар:

алаяқтық қылмысы жасалды ма (орын алған ба);

2 қылмысты жүзеге асыру орны, уақыты, жағдайы, тәсілі;

3 қылмыстық ниеттің болуы;

4 қылмыстық қол сұғылған зат (нені иеленіп алды), алаяқ қанша мөлшерде ақша заңсыз алды;

5 алаяқтық кімге қатысты жасалған (мемлекетгік немесе қоғамдық ұйымдарға, коммерциялық құрылымдарға, жеке түлғаларға);

6 қылмыскерлердің жеке басы туралы мәліметтер (жұмыс орны, еңбек ету сипаттамасы, сотталғандығы, қылмыс жасау ниеті мен тәсілцбұрын жасалған қылмыстағы, қылмыстық топтағы рөлі);

7 алаяқтық топ î және басқа да қылмыстық әрекетке қатысушылар туралы мәліметтер (құрамы, саны, техника-мен және қарумен қамсыздандыруы, сыбайлас жемқорлармен байланысы, мамандандырылуы);

8 жәбірленушінің жеке басы, алаяқпен байланыска түсу жағдайы туралы мәліметтер;

9 алаяктық жасауға себеп болған мән-жайлар.

Алаяқтық қылмысы занды тұлғалардың инсценировкалауымен жасалған жағдайда келесі мән-жайлар анықтауға жатады: мұндай түлғаның құқықтық мәртебесі және ұйымдасқан-қүқықтық формасы, мәміле мен операцияны жүргізетін лицензиясының бар-жоқтығы; бағалы қағаздар шығару тәртібі мен валюталық, кедендік және басқа да зандылықтардың сақталу тәртібі және т.б.

Алаяқтық жолымен мүлікті талан-таражға салу қылмыстарының бастапқы және кейінгі тергеу кезеңінің жоспарында біреудің мүлкін иелену және ысырап ету арқылы талан-таражға салу қылмыстарының негізгі мәселелері қарасты-рылуы қажет. Тек бірінші жағдайда тергеудің ұйымдық мәселелерінен гөрі тактика-әдістемелік мәселелеріне ерекше көңіл бөлу керек. Сонымен қатар алаяқтық қылмыс жоспарының негізіне қылмыстық оқиға емес, іздестіру мәселелері кіреді (алаяқты, ұрланған мүлікті т.б.). Осындай жоспарда тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының тығыз қарым-қатынасына аса көңіл бөлінуі тиіс.

Тергеудің кейінгі кезеңіндегі типтік тергеу ситуациясының мазмұны әдетте талан-таражға салу қылмыстарының ашылу дәрежесіне байланысты (алаяқ іздестіріліп ү-сталды ма, оның барлық қылмыстык әрекеті анықталды ма, алаяқтық жасаган адамның кінәсі дэлелденді ме, сезіктінің, айыпкердің баска қылмыстар жасағандығы жөнінде косымша ақпараттар бар ма).






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных