ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы.Жәбірленушіден жауап алу келесідей сұрақтар шеңберінде жүргізіледі: жәбірленуші алаяқпен қайда, қашан, кім арқылы, кандай жағдайда танысты, танысудың мақсаты неде; алаяқ жәбірленушіге қандай уәде берді, жәбірлену-шіден нені талап етгі және одан нені алды, жәбірленушіге не сатты, кездесу қанша рет, қайда, қандай уакытта, қанша уақыт болды; алаяк жалғыз болды ма, әлде топ қүрылымымен жасалынды ма, әрбір алаяқтық қылмысқа қатысушы-лардың рөлдері қандай; алаяқ өзін калай таныстырды, қандай-да бір кұжаттарды көрсетті ме, жәбірленушіге қандай материалдық зиян келтірілді: жәбірленушінің алаяққа берген заттарының немесе ақшаларының белгілері; алаяқтықтың мән-жайын кім дәлелдеп бере алады. Қылмыскердің жеке басын анықтау барысында: қылмыскердің сыртқы бейне белгілері мен ерекше белгілеріне, әдет-дағдысына, киім кию, сөйлеу мәнеріне ерекше көңіл бөлінуі керек. Алаяқ автокелік қолданған кезде оның маркасына, түріне, нөмеріне, айрықша белгілеріне назар аударылады. Жәбірленушіден жауап алу кезінде сезіктінің жеке басы, оның ерекше белгілері, оған берілген заттар немесе құндылықтардың тізімі, қылмыстық әрекетті көзімен көрушілердің бар-жоқтығы, алаяқтық қылмысын жасау әдісі және т.б. мәселелер анықталады. Куәдан жауап алудың мақсаты: алаяқтықтың жағдайы; алаяктың белгілері, оның жеке басы, немен шүғылданатындығы, өмір сүру жағдайы, жүріс-тұрысы; әрбір қылмыстық топ мүшелері; жәбірленушінің жеке басы; мэмілеге отырудың, алаяққа берілген мүліктің, заттың сипаты; алаяқтық қылмыстарды жасауга мүмкіндік туғызатын жағдайлар мен басқа да мән-жайлар туралы мәліметтерді анықтау болып табылады. Жылжымайтын мүлікке алаяқтықпен жасалған мәміле немесе жеке инвесторлардың қаражаттарды иелену істері бойынша: менеджерлерден, бугхалтерлерден, хатшылардан, кассирлерден, фирма күзетшілерінен; нотариустар мен коммуналды тұрғын-жай шаруашылыгының, көші-қон полициясы және басқа да категориядағы кызметкерлерінен куә ретінде жауап алынады. Алаяқтық қылмыстарын тергеу кезінде оқига болған жерді қарау тергеу әрекеті де жүргізіледі. Бұл категориядагы істер бойынша қарау жүргізудің өзіндік ерекшелігін ескеру қажет. Оқиға болған жерге көптеген жергілікті жерлер мен тұрғын жайлар кіреді: алаяқтың жәбірленушімен танысқан және сеніміне кірген жері, құнды заттарды алған және жасырған жері т.б. осы көрсетілген жерлердің қайсысына қарау әрекетін жүргізу қажеттігі іс жағдайларына байланысты шешіледі. Қарау кезінде тергеуші оқиға болған жерді зерттеп, іске маңызы бар мән-жайларды куәландыратын, сондай-ақ қылмыскерд идентификациялауга немесе оның жеке басы туралы мәліметтерді алуға болатын іздерді іздестіреді. Қылмыскердің қол іздері олардың ұстауы мүмкін заттар мен нәрселерден іздестіріледі. Кейбір жағдайларда алаяқтар қылмыс жасаған кезде кепілдік ретінде ақшалай қаражаттар мен заттарды, сонымен қатар. қолхаттарды қалдырады. Аталған обьектілер мүкият қаралып. қылмыстық іске заттай дәлелдеме ретінде тіркеледі. Окиға болған жерді қарауға жәбірленушіні қатыстырған жөн, Бұл қылмыстьщ жағдайын, алаяқтын қойған талаптарын қылмыстың болған жеріне байланысты арызданушының берген көрсетпелерінің растыгын тексеруге, қылмыскермен қалдырылган жекеленген заттар мен іздерді онай табуга; куә болатын адамдар шеңберін анықтауға мүмкіндік береді. Коммерциялық құрылымдарда алаяктық әрекеті арқылы қылмыс жасалған жағдайда, олардың кеңселері мен өндірістік мекемелерінде, кассалары мен бухгалтерлік кұжаттарына карау әрекеті жүргізіледі. Алаяктармен берілген немесе калдырылған заттарга жедел түрде қарау жүргізіледі. Осындай жагдайда алынган мәліметтер алаяқтарды іздестіруге бағыт береді. Алаяқтық әрекеті жасалып біткен соң жәбірленушіде калған заттар егжеп-тегжейлі каралады. Олар бағалы кағаздар және олардың суррогаттары, жеке меншік жөніндегі куәліктер, келісім-шарттар, мәліметтер, жеке каржылық шоттар мен үй кітапшаларының көшірмелері, анықтамалар мен қолхаттар болуы мүмкін. Құжаттарды (жалған накладнойларды, жолдама және несие кагаздарды, чектерді т.б.) заттай және акшалай «жалған» заттарды қарау кезінде оларды қолдан жасау әдісін анықтап қана қоймай, сонымен қатар, қатаң есептегі құжат бланктерін алу жолдарын, құжатты толтырған қолжазба мен қрлтаңбаны. мэтін басылған машинка мен принтердің түрін, алаяқ қолының іздерін табу және анықтау қажет. Оқиға болған жердегі қол іздерін, микробөлшектер мен құжаттардың жалғандық белгілерін табу және бекіту үшін тергеу қарауына криминалист-маман қатыстырылады. Сонымен қатар, карауға зергерлер, товароведтер, бухгалтерлер сияқты баска да мамандар шақырылады. Алаяқтық қылмыстары бойынша сезіктіні қылмыс үстінде ұстаган тиімді. Бұны анықтама органдары жүргізген жедел-іздестіру шараларының негізінде қылмыстык іс қозғалғанда, алаяққа катысты жәбірленушінің арызы мен көрсетпелері болған кезде, қылмыскер алаяктык қылмысымен жүйелі түрде айналысқан жағдайда жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Қылмыскерді ұстауға дайындық кезінде оган қатысушы топ қүрамын, алаяқ пен оның көмекшілерінің әрекеттерін бейнетаспаға түсіру және кейінгі жүргізілетін тергеу әрекетінін кезектілігі мен тәртібі шешіледі. Жәбірленушінің мүлкі мен ақшалай қаражаттарын алаяқ иемденгеннен кейін бірден ұстау әрекетін жүргізген дүрыс. Сезіктіден жауап алу кезінде тактикалық жағынан дұрыс позиция ұстап жүргізілген тергеу әрекеті нәтижесінің іс үшін маңызы ерекше. Жауап алуға дайындық кезінде қылмыстың жасалу механизмі, қылмыскердің жеке басының ерекшелігі, оның қылмыстық эккілігі, жиналған дәлелдемелердің сипаты, қылмыстық топтағы өзара атқаратын рөлдері мен қызметтері анықталады. Жауап алу барысында егер сезікті алаяқтық қылмысын мойындаса келесідей мәселелер анықталады: алаяқтық қылмысы қашан, қайда және қандай жағдайда жасалғандығы; қылмыскер жәбірленушінің жеке басы туралы қавдай мәліметтерді білетіндігі және онымен қандай жағдайда танысқандығы; қылмысқа қандай дайындық жұмыстары жүргізшіп, алаяқтық қандай әдіспен жасалғандығы және қылмыстың ізін жасыруға қолданылған шаралары; қылмысқа қатысушыларды және олардың қылмыстық ойды жүзеге асырудағы рөддері; жәбірленушіден қандай мүліктер мен бағалы затгардың алынғандығы; сезікті мен қылмыстық топтың басқа да жасаған қылмыстарының бар-жоктығы анықгалады. Алаяқтар өз кінәсін мойындамаған жағдайда, оны жәбірленуші мен куәға тану үшін көрсету мен беттестіру әрекеттері жүргізіліп, сот сараптамасының қорытындылары қылмыскерге көрсетіледі. Тергеу барысында алаяқтық әрекеттерін жасауға қатысқан кәсіпорындарының шоттарына тоқтам (арест) салу қажеттігі туындауы мүмкін. Тергеуші мұндай жағдайда шаруашылық субьектісіне қатысты негізделінген қаулы шығарып, оны коммерциялық банкке жібереді. Банктік есеп шотына арест салынған кәсіпорынның ақшалай қаражаттарымен жүргізілетін барлық қаржылық операцияларды банк тоқтата тұруға міндетті. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|