ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттеріҚорқытып алу қылмысын тергеудің кейінгі кезеңі сезікті мен айыпкерден жауап алу, тану үшін көрсету, беттестіру, сот сараптамасын тағайындау әрекеттерінен тұрады. Қылмыскер қылмыс үстінде немесе талап етілген затты ала салысымен ұсталған жағдайда сезіктіден жауап алу жасалған қылмыс жайщнда оқиғаны басынан аяғына дейін рет-ретімен айтып беруден басталады. Қылмыстық қасаканалықтьщ туьшдауы туралы, қылмысқа дайындық әрекеттері, жәбірленушімен қарым-қатынасы, қүрбан болған адамның табысы туралы мәліметтерді қайдан алғандығы және оның өмір сүру жағдайы мен тұрғылықты жері туралы сұрақтар қойылады. Ұсталған адамнан қару-жарақ табылса, оның шығу тегі мен кімдікі екендігі жөнінде сұрақтар койылады. Егер қорқытып алушының денесінен немесе киімінен қандай да бір жарақат, зақым табылса, оның пайда болу механизмі, себебі және уақыты анықталады. Ұсталғанның алибиі болған жағдайда оның және ол нұсқаған куәларының көрсетпелері нақтылау жолымен тексеріледі. Кэмелетке толмаған қорқытып алушылардан жауап алу кезінде ересек адамдардың азғыру мүмкіндігі жөнінде мәселелер анықталады. Қорқытып талап етуді тергеу барысында көбінде айыпкер (сезікті) мен жәбірленушінің көрсетпелеріндегі қарама-қайшылықтарды анықтау мақса-тында беттестіру әрекетін жүргізу қажеттілігі туындайды. Қылмыс тобына катысушылардың біреуі немесе олардың бірнешеуі шынайы көрсетпелер беріп, ал басқалары жалған көрсетпелер беруді жалғастырған жағдайда беттестіру әрекетін жүргізу жақсы нәтиже береді. Бұл кезде тергеушінің жәбірленуші мен кінәсін мойындаған қылмысқа қатысушылардың қорқып өз жауаптарын өзгертуіне күмәні болмауы тиіс. Ал егер күмәнданған жағдайда беттестіру әрекетін жүргізудің еш кажеттігі жок. Корқытып талап ету қылмыстарын тергеуге тэн сот сараптамаларына: трасологиялық (сонымен қатар дактилоскопиялық), қолжазбалық, құжаттарды криминалистикалық зерттеу, қарутану, сондай-ақ микрообьектілерді зерттеу жатады. Сот-фоноскопиялық сараптамасының маңызы ерекше. Оны тагайындау кезінде сарапшылар қарауына даулы фонограмма (телефон байланысын тыңдау және басып алу нәтижесінде алынған), сонымен бірге кажетті түлғаның фонограммада бекітілген ауызша сөзінің еркін немесе эксперименталды үлгілері жіберіледі. Еркін үлгілер қатарына қылмыстык іске катысы жоқ магнитті лентаға басылған ауызша сөздер ғана емес, сонымен қатар егер тергеу әрекетіне қатысушылар Бұл фонограммалардың кейіннен фонскопияльщ сараптаманың зерттеу обьектісі болатынын білмеген жағдайда жауап алу мен беттестіру әрекеті кезіндегі фонограммалар да жатады. Эксперименталды үлгілер - бұл арнайы сараптама жүргізу мақсатында ҚІЖК-ң баптар талаптарын сақтай отырып фонограммаға басылған ауызша сөз. Мұндай үлгілер зерттеу кажеттілігі туындаған жағдайларда фонограммаларда басылған белгілі бір сөздер, сөз тіркестері немесе екі фонограммадагы мэтіні бойынша сәйкес келетін жазбалар эксперименталды үлгілер ретінде қолданылады. Сараптамадағы даулы фонограммамен бірге осы фонограмманы жазу кезінде қолданылатын магнитофонды да жіберген жөн. Сарапшыға фонограммада басылған дауыстың нақты бір адамға тиістілігі, сондай-ақ фонограммаға дыбыс жазу кезінде немесе одан кейін енгізілген өзгерістер мен монтаж жасау мүмкіндігі жөніндегі мәселелер қойылады.
IX тарау Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|