ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңіҚоркытып талап ету қылмыстарын қозгауға көбінесе жәбірленушілердін арызы, керек жағдайларда құқық қорғау органдарының қылмыс белгілерін тікелей ездерінің анықтауы себеп болады. Қорқытып талап ету қылмыстары туралы жалған арыздардың түсу мүмкіндігіне байланысты Бұл мәліметтерді ҚІЖК-ң баптарына сай тексеру керек. Қорқытып талап ету қылмыстары бойынша түскен арыздарды тексеру кезінде жәбірленуші мен барлық мүмкін куәлардан сұрау әрекеттері (отбасы мүшелері, кызметтестер және осы мән-жай туралы білуі мүмкін өзге де тұлғалардан), сонымен қатар, сәйкес жедел-іздестіру шаралары жүргізіледі. Тексеру жұмыстарын тергеуге кедергі келтірмейтіндей және жәбірленуші мен куәларға қауіп тумайтындай (қылмыскер білмейтіндей) жағдайда жүргізілуі тиіс. Тергеудің алғашқы кезенінің типтік ситуациялары келесі жағдайлармен анықталады: қорқытып талап ету - бірақ рет жасалды ма, әлде жүйелі түрде бола ма; қылмыскер қорқытып талап еткен мүлкі берілді ме және жәбірленуші жаңа талап етушіні тани ма. Осыларды ескере отырып, мынандай екі типтік ситуациями көрсете аламыз: 1. Қүқық қорғау органына қорқытып талап етуге ұшыраған, бірак талап етілген заттарды әлі бермеген жәбірленуші арызданады. Ең алдымен тексеру әрекеттерін жүргізіп, қылмыстық іс қозғау туралы шешім кабылдаганнан кейін: арыздйнушыдан егжей-тегжейлі жауап алу; қылмыскерді үстағанга дейін берілетін қорқытып талап ету затына карау жүргізу; телефонмен сөйлесулеріне тыңдау жүргізу және оны жазып алу; қорқытып талап етушіні қылмыс үстінде ұстау әрекеттері жүргізіледі. Егер қылмыскер жәбірленушіге таныс болса, осы түлғаның араласатын адамдарын анықтауға, оның қылмыстык ниетін және де қылмыс үстінде ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіледі. 2. Талап етілген затты қылмыскерге бергеннен кейін жәбірленушінің арыздануы. Бұл ситуацияның үш нұсқасы болуы мүмкін. Бірінші нұска қылмыскерді жәбірленуші таниды және қорқытып талап ету жүйелі сипатка ие Екінші нұсқа - қылмыскерді жәбірленуші таниды, бірақ қоркытып талап ету қылмысы қайталанады деген мәлімет жоқ. Мұндай жағдайларда қылмыстык іс қозғалып арызданушыдан жауап алынғаннан кейін, жедел-іздестіру шараларын жүргізу қажет. Олардың нәтижесіне байланысты телефонмен сөйлесуді тындау және жазып алу, қылмыскерді ұстау (басқа адамдардан қорқытып талап ету кезінде немесе басқа қылмыс үшін), одан жауап алу, сезіктінің түрғылықты жері мен жұмыс орнында тінту жүргізу, жәбірленуші мен куәлармен беттестіру жүргізу туралы мәселелер шешіледі. Үшінші нұсқада - қылмыскерді жәбірленуші танымайды және оның қорқытып талап ету қылмысын тағы қайталауы мүмкін туралы мәліметтер жоқ. Мұндай жағдайда тергеуші тек қана жәбірленушіден жауап алумен шектеледі. Қоркытып талап етуші ұсталғаннан кейін тергеудің бастапқы кезеңінде қылмыскерден жауап алынады, тшту, оқиға оолған жерді қарау әрекеттері. әртүрлі сараптамалар жүргізіледі, соның ішінде фоноскопиялық сараптама.Тергеудің бастапқы кезеңінде, жалпы ереже бойынша, екі жалпы типтік болжау қарастырылады: -жәбірленушінің арызында көрсетілгендей қорқытып талап ету қылмысы жасалған; - жалған мәлімет беріліп отыр. Сонымен қатар, жеке болжаулар да қарастырылады. Ен алдымен қылмысқа қатысты тұлғалар туралы: қылмыс бір адаммен; қылмыс тобымен; жәбірленушінің табысы туралы хабардар тұлғамен; жәбірленушімен араздық қатынастағы адаммен жасалған деп және т.б. болжаулар жасалады. Қоркытып алу қылмысы бойынша алғашкы тергеу әрекеті әдетте қүкык коргау органдарына келген арызданушылардан жауап алудан басталады. Жауап алу алдында тергеуші арызданушыға оның қүқық қорғау органдарына жүгіну фактісі мен беретін көрсетпелері белгілі бір уақытка дейін құпия гүрде сакталатындығы жөнінде және өзі мен туыстарының кауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік береді. Жауап алу кезінде талап ету жолдары кандай жағдайда және қалай талап етілгендігі: талап етуші қанша акша немесе кандай құнды заттарды беруді талап еткендігі; арызданушыны немен коркытқандығы; арызда-нушы қылмыскердің талабын орындады ма, орындаған жагдайда канша көлемде акша немесе кұнды затты және оны қашан, қайда, кандай жағдайда бергендігі; жәбірленушінің талап етушіні білетіндігі, оның ерекше белгілерін атап беру мүмкіндігі; егер қылмыскермен байланыс телефон-жүйесімен жүзеге асырылса, оның сөйлеу мен дауыс ерекшеліктері; бұрын арызданушыга байланысты корқытып талап ету жағдайының болғандыіы немесе баска адамдарға байланысты талап ету фактісін білетіндігі: қоркытып талап етуде кімді күмәнға алатындығы анықталады. Егер жәбірленуші талап етушімен таныс болған жағдайда, олардың танысуы кашан, қай жерде және кандай жағдайда, танысуға кімнің мүмкіндік жасағандығы; қылмыс жасағанға дейін қылмыскер мен жәбірленушінің қандай карым-катынаста болғандығы қосымша түрде анықталады. Жәбірленушіден оның табыстары туралы, өмір сүру жағдайы туралы кім және кашан сүрастырғандығын, арызданушыда ақшалар мен құнды заттардың болуы қылмыскерге қайдан мэлім екендігін міндетті түрде жауап алушы анықтауы тиіс. Мақсатты түрде келесідей сұрақтар қойылуы тиіс: жәбірленуші қылмыскердің іс-әрекетін бекітуге қандай да бір әрекеттер жасауға тырысты (талаптанды) ма. Сондай-ақ жауап алу кезінде жәбірленушінің корқытып талап ету туралы кімге, кашан және кандай жағдайда хабарлағандығы, осы жағдайда не істеу керектігі жөнінде кіммен ақылдасқандығы, кімнен және қанша көлемде ақша алғандығы, қарыз алу жагдайының себептерін қалай түсіндіргендігі женінде де анықтау қажет. Қорқытып алушының алғашқы тергеу кезеңіне тэн әрекетгерінің біріне телефон жүйелерімен сөйлесуді тындау және жазып алу жатады. Бұл тергеу әрекетін коркытып алушылар жәбірленушімен телефон арқылы байланыс жасауға әрекет ету жөнінде негіздер болған жағдайда міндетті түрде жүргізу керек. Тергеуші жәбірленушіге алдымен Бұл тергеу әрекетінің мәні мен маңызын түсіндіріп, одан жұмыс орны немесе үйінің телефонымен қорқытып алушымен сөйлесуін тындауы және жазып алуы жайында жазбаша түрде арызын алады және анықтама органдарына жеке тапсырма береді. Жеке тапсырма бойынша телефон жүйесімен сөйлесуді тывдау мен басып алу үшін міндетгі түрде маман (әдетте ішкі істер органдарының жедел-техникалық қызметкерлері) шақыртылады. Тергеуші Бұл тергеу әрекетін жүргізу барысында орындаушылардан процесуалдық тәртіптің және заңның қатаң түрде сақталуын талап етеді. Тергеуші телефон жүйесімен сөйлесуді тындау мен басып алуга қатысушы-ларға мэлім болған мәліметтерді жариялағаны үшін жауапқа тартылатындығы туралы ескертіп, хаттамаға қол қойғыздыруға міндетті. Фонограмманы кассетасымен және тындау хаттамасын алғаннан кейін тергеуші куәгерлердің қатысуымен фонограммаларды қарай отырып, оның түп-нұсқалығын, жарамдылығын (бүтіндігін), дұрыс буып-түйілуі мен сақталуын тексереді. Фонаграмманы кассетасымен тыңдап және қарау жүргізілгеннен кейін ол заттай дәлелдеме ретінде іске тіркеледі. Тергеуші тергеу ситуациясына байланысты қорқытып алушыларды қылмыс үстінде ұ_стау туралы шешім қабылдайды және жәбірленушіден қылмыскер талап еткен затына алдын ала қарау жүргізеді. Талап етілген зат жалпы тәртіп бойынша қаралады (ақша купюраларының нөмірлері, әрбір купюралардың немесе берілетін заттардың жеке белгілері, олардың қалай буып-түйілетіндігі көрсетіледі және т.б.). Ақша немесе басқа да нәрселер арнайы химиялық заттармен өнделіп, ол жөнінде хаттамада көрсетіледі; егер талап етілген зат қағазға оралып берілетін болса, кейін сараптаманың көмегімен екі бөліктің бір бүтін екенін анықтау үшін ораған қағаздың бір бөлігін жыртып алады (бұл да хаттамада көсетіледі). Қорқытып талап ету жәбірленушіге күш қолдану арқылы жүргізілген жағдайда, міндетті түрде жәбірленушінің өзіне куәландыру, ал киімдеріне қарау жүргізу керек. Күш қолдану әрекеті үстінде жәбірленуші мен қылмыскердің киімдері бір-біріне үйкелсе, байланысқа түскен заттар алынып микрообьектілер сараптамасына жіберіледі. Қорқытып талап етушілерді ұстау үшін алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу керек. Тергеуші ұстау әрекетіне дайындық кезінде жедел-іздестіру қызметкерлерімен бірігіп жоспар құрады. Операцияға басқа да орган қызметкерлері (Ерекше Бағытталған Милиция Жасағы - ОМОН, МАИ) қатыстырылуы мүмкін. Ұстау жоспары жағдайдың және қылмыскердің жүріс-түрысының өзгеруін ескере отырып қүрылады. Қатысушыларды міндетті түрде жоспар бойынша белгіленген ұстау орнымен таныстырып, мүмкіндігінше жоспарланған операцияның жеке кезендері бойынша жаттығу жұмыстары (қорқытып алушыларды сескендірмеу үшін жаттығу жүмыстарын басқа жерде) жүргізіледі. Сонымен қатар, ұстау әрекетіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі алдын ала шешіледі.Қылмыскерлер ұстауға қатысушыларға қарсы әрекет етіп, талап етілген заттың көзін тез арада жойып жібермес үшін ұстау әрекеті кенеттен, жылдам және оңтайлы түрде жүргізілуі шарт. Қорқытып талап етушілердің тұрғын-жайын тінтудің мақсаты (кейде олардың жұмыс орны тінтіледі) талап етілетік заттарды: қару-жарақты, хаттарды, жазба кітапшаларды, фотосуреттер мен басқа да құжаттарды табу және олардың көмегімен сезіктінің кіммен араласатындығын анықтау. Қорқытып талап ету қылмыстары бойынша оқиға болған жерде іздер мен басқа да заттай дәлелдемелердің табылуы мүмкін жағдайда оқиға болған жерге қарау жүргізіледі. Көбінесе қорқытып талап ету күш қолдану, сондай-ақ, мүлікті зақымдау немесе жою әрекеттері арқылы жасалса, оқиға болған жерді қарау кажеттілігі туындайды. Қарау әрекетін жәбірленушінің қатысуымен жүргізген жөн. Ол қажетті түсініктемелер беріп, нақты оқиғалардың қай жерде болғандығы және іздердің (қолдың, аяқ киімнің және т.б.) қай жерде болуы мүмкін екендігі жөнінде анықтамалар бере алады. Қылмыскерлер ұстаған заттар микрообъектілердің нағыз көздері немесе олардың тасымалдаушылары бола алады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|