ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Істі козғау кезеңіндегі тексеру әрекеттеріҚылмыстық істі қозғау кезеңі көп жағдайларда тексеру әрекетгерінен басталады. Тексеру әрекеттерінің нәтижелері келесідей жағдайларда қылмыстық істі қозғауға негіз бола алады. а) мемлекеттік мекемелерде құжаттамалық ревизия жүргізілген және олардың қорытындыларына байланысты материалдар құқық қорғау органдарына жіберілген жағдайларда; э) жекешелендіру объектілеріне немесе жыл сайын аудиторлық тексеріске жататын субъектілерге аудиторлық тексерулер жүргізілген және олардың қорытынды материалдары тиісті органдарға жіберілген жағдайларда; б) экономикалық және коррупциялық қылмыстар бойынша күрес жүргізу бөлімшелері тексеру әрекеттерін жүргізген жағдайларда тексеру әрекеттерінің нәтижелері қылмыстық істі қозғауға негіз бола алады). Ревизиялық, аудиттік тексерістер көбінде жоспарлы түрде жүргізіледі, тексерудің құрама бөлігін экономикалық және коррупциялық қылмыстармен күрес жүргізу бөлімшелері жүзеге асырулары мүмкін. Кейбір жағдайларда тергеу барысында тергеушілердің тапсырмалары бойынша ревизиялық және аудиттік тексерістер жүргізіледі. Тексерілетін әрекеттер қылмыстык істі қозғауға немесе оны қысқартуға сәйкес негіздер беруі қажет. Жоғарьща көрсетілген негіздер болған жағдай-ларда қылмыстық істі қозғауға жеткілікті негіздер алу үшін көбінде тергеу әрекеттері жүргізілмес бұрын, тергеуге дейінгі тексеру жұ_мыстары жүргізіледі. Бұл тексеру әрекеттері - ашық немесе жабық түрде жүргізілуі мүмкін. Ашық тексеру жұмыстарын - экономикалық және коррупциялық қылмыстармен күрес жүргізу бойынша жедел-іздестіру қызметкерлермен бірлесе отырып мамандар, ревизорлар немесе аудиторлар жүргізеді. Оларға мынандай құзіретгіліктер берілген: меншік түріне қарамастан кез-келген ғимараттарға еш кедергісіз кіру; меншік иесінің және куәгерлердің қатысуымен өндірістік ғимараттарға (көлік құралдарына, цех, қойма және т.б.) қарау әрекеттерін жүргізу, куәгерлердің қатысуымен қаржы-несие операцияларына, тауарлы - ақшалай операцияларға, технологиялық процедураларға қатысты қажетті құжатгарды алу; ғимараттарды, кассаларды, қоймаларды, сақтау орындарын мөрлеп жауып кету; материалды жауапты адамдар мен лауазымды және басқа да тұлғалардан түсініктеме алу; инвентаризация, сондай-ақ ревизия немесе аудит жүргізу талаптарын қою құқықтары берілген. Инвентаризация дегеніміз (латын тілінде "инвентариум" - "мүлікті қаттау") - мүліктің, ақша қаражатының сақталуын, өзара есеп айырысудың дұрыстыгын тексеру. Инвентаризация - бұл бухгалтерлік есептің тәсілдерінің бірі болып табылады. Дегенімен де ол тергеу тәжірибесінде кеңінен қолданылады. Ұрлық және шабуыл жасап тонау қылмыстарын, сондай-ақ экономикалық қылмыстарды тергеу кезінде міндетті түрде инвентаризация жүргізіледі. Инвентаризация ұрлық және шабуыл жасап тонау қылмыстарына байланысты оқиға болған жерді қарап біткеннен кейін, дереу түрде жүргізіледі. Ал экономикалық қылмыстар бойынша инвентаризация - тексеру әрекеттері кезеңінде, болмаса тергеудің бастапкы немесе кейінгі кезеңдерінде де жүргізілуі мүмкін. Инвентаризация жүргізу арқылы тауарлы - материалдық құндылықтардың жағдайы және олардың сапасы, ақшалай қаражаттар мен қүлды қағаздардың бар-жоғы анықталады. Инвентаризация жүргізу үшін комиссия құрылады, олардың қүрамына міндетті түрде материалды жауапты тұлғалар, экімшілік өкілдері, бухгалтерлер кіреді, құрам қатарына, сонымен қатар жедел қызметкерлері де кіргізілуі мүмкін. Инвентаризация тергеушінің талабы бойынша жүргізілген жағдайларда міндетті түрде оның қатысуымен жүргізіледі. Инвентаризация жүргізбес бұрын келесідей дайындық жұмыстары жүргізіледі: - инвентаризациялық тексеріске түсетін актілер, журналдар зерттеледі; - кассалар, қойма және сақтау орындары мен ғимараттар пломбіленіп бекітіледі; - материалды жауапты тұлғалардан түсініктеме алынады; - кажетті өлшеуіш және басқа да техникалық құралдар іріктеліп алынады. Инвентаризация жүргізген кезде міндетті түрде барлық тауарлы-материалды құндылықтарды және т.б. есептеп қарап, таразылап, өлшеп тексеру қажет және оларды инвентаризациялық есептеу актісін құрып сонда белгілеп көрсету керек. Инвентаризация қорытындысы бойынша хаттама жазылады. Тексеру кезінде жедел-қызметкерлері бухгалтерлік кркаттамалар мен шаруашылық - қызметтерді мұқият тексеру қажет деп тапқан жағдайларда, ревизия немесе аудит жүргізу талаптары қойылады. Ревизия немесе аудит меншіктің түріне (формасына) байланысты жүргізіледі. Ревизия дегеніміз (латын тілінде «ревизо» - «қайта қарау») - қаржы -шаруашылық кызметгі тексеру; халықаралық шартты тараптардың келісімімен қайта қарау. Ревизия тек мемлекеттік меншіктерді тексеру кезінде ғана жүргізіледі, ал аудит қалған меншік формаларының барлық түрін тексеруді жүзеге асырады. Ревизия немесе аудит жүргізу үшін дэлелді каулы шығарылады және ол ревизия органдарының немесе аудиторлық компанияның басшысына жіберіледі. Ревизия - ҚР-ның Қаржы министрлігінің Қаржылық Бақылау Комитетімен жүзеге асырылады. Олардың негізгі міндеттерінің біріне - экономикалық және сыбайлас жемкорлық қылмыстарымен күрес жұргізетін құқык қорғау органдарымен бірлесе отырып мемлекетке келтірілген шығындардың орнын толыгымен толтыруды, сондай-ақ көзделген мақсатқа сәйкес емес пайдаланылған бюджеттік қаражаттарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету. Ревизия жүргізу және тексеру кезінде ревизорлар барлық ғимараттарға еш кедергісіз кірулеріне және оларға қарау жұмыстарын жүргізуге, кассалар мен ғимараттарды мөрлеп бекітуге, қаржы-шаруашылық кркаттарды карап тексеруге, қажет болған жағдайда ол алуға құкықтары бар. Құжаттарды алу кезінде міндетті түрде құжатты алу туралы акт жасалады. Сонымен қатар, ревизорға - ревизия және тексеру жүргізу барысында туындаған сү-рақтар бойынша материалды жауапты тұлғалардың басшыларынан жазбаша түрде түсініктеме алу; қарсы тексеру жұмыстарын жүргізу; ревизиямен байланысты басқа мекемелердің кұжаттарымен танысу құкыктары беріліен. Ревизия және тексеру жұмыстарын жургізу кезінде ревизорлардың инвентаризация жүргізулеріне қүқыктары бар. Ревизия жүргізу барысында анықталған құқық бүзушылықтар прокурорға жіберуге міндетті актілерден көрініс табуы қажет. Құқық қорғау органдары мемлекеттік меншікті ұрлау қылмыстарына байланысты тиісті шаралар қолданбаған және прокурордың гарапынан эділетсіздіктер болған жағдайларда Қаржылық Бақылау органдары жоғары прокурорға жүгінеді. Ревизорлар құкық корғау органдарының бастамасы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізген кезде құжаттар, инвентаризациялық актілер мен басқа да құжаттамалар қосымша тіркелетін тексеру қорытындысы туралы есеп (рапорт) жібереді. Құкык корғау органдарының талап етуі бойынша ревизор тексеріс корытындысы жөніндегі инвентаризациялық актілер мен баска да құжаттар тіркелген есепті (рапортты) жібереді. Аудиттің ревизиялық тексеріспен ұксастығы көп. Бірақ, аудит қаржылық есептілік пен тіркеуге байланысты тексеріс әрекетін субъектілермен шартка түсу негізінде жүргізетін коммерциялық ұйым. Аудит Бұл қызметті құкык корғау органдарының экономикалық қылмыстарды тергеу кезінде жүзеге асырады. Аудит - міндетті және бастамашылық аудит болып екі түрге бөлінеді. Міндетті аудит кызметіне - зейнеткерлік каржы қорларының, сақтандыру компанияларының, коммерциялық банктердің есептілігі мен баска да қаржылық және шаруашылық тіркеулерді тексеру әрекеттері жатафы. Құқык қорғау органдарының бастамасы бойынша жүргізілетін тексеріс міндетті аудит қатарына жатады. Аудиторлардын қажетті құжаттаманы талап етуге және тексеруге; шартка түсу негізінде мамандарды тексеріп отырған іске тартуға; аудит жүргізу әдістерін өз бетімен анықтап белгілеуге қүқықтары бар. Аудитор тексеріс нәтижелері бойынша жасаған корытындыларын шартқа отырған субъектілерге немесе аудитті тағайындаған құқык корғау органдарына жібереді. Қүқық қорғау органдарының бастамасы бойынша жүргізілетін ревизиялық және аудиторлық тексерістер қылмыстық істі қозғау, сондай-ақ тергеудің бастапқы және кейінгі кезендерінде де жүргізілуі мүмкін. Істі қозгау кезеңінде жүргізілетін ревизия және аудит қылмыстық істі қозғау немесе тоқтатуға байланысты нақты бір шешім қабылдаудың негізі болып табылады. Тексеріс әрекеті кезеңінде және тергеудің бастапқы, кейінгі кезеңдерінде ревизия және аудиттің көмегімен алынған мәліметтер дәлелдеме ретінде қолданылады. Құқық қорғау органдарының бастамасымен жүргізілетін ревизия, аудит -бастапқы, қайталама, қосымша болуы мүмкін. Тергеудің барысында жүргізілетін бастапқы ревизияны тағайындаудың негізіне төмендегілер жатады: • тергеліп отырған іс бойынша жоспарлы ревизияның жүргізілмегендігі туралы мәліметгердің болуы; • айыпкердің негізді (дәлелді) өтініштерінің болуы; • айыпкердің басқа ұйымдармен қылмыстық байланысының (ашылуы) мәлім болуы. Қосымша ревизия және аудит бастапқыда анықталмай калған сұрақтар бойынша жүргізіледі. Қосымша ревизия және аудиторлық тексеріс тағайындаудың негізіне келесілер жатады: бастапкы ревизия мен аудиторлық тексеріс қаулысындагы бір және сол объектілер бойынша қосымша сұрақтар коюға немесе олардың туындауына байланысты қосымша объектілерді жіберу. Жедел-іздестіру қызметкерлері ревизия, аудит тағайындау кезінде бухгалтерлік құжаттамалардың өзгертілуі туралы мәліметтерге аса көңіл бөле отырып қылмыс жөнінде негізгі болжаулар жасаулары тиіс. Қайталама ревизия мен аудит жүргізу үшін қандай да нақты бір негіз болуы тиіс. Қайта жүргізу себептеріне - құзыреттілігі жоқ маманның қатыстырылуы, зерттеу жұмысының үстірт жүргізілуі, қорытындылардың тергеу және жедел тексерістер материалдарына сәйкес келмеуі, т.б. жатады. Жабық түрде жүргізілетін тексеріс әрекеттері зан талаптарына сәйкес жургі-зілуі тиіс. Экономикалық қылмыстарды, соның ішінде, бөтеннің мүлкін иелену немесе ысырап ету қылмыстарын тергеу мен ашу үшін жедел сипаттағы әртүрлі, атап айтсақ, сұрау психологиялық жағынан анықтамалар жүргізу, жасырын камералф арқылы бақылау жасау, телефон жүйелерін, пошта байланыстары мен факстік акпаратгарды, интернеттерді бақылап тындау әрекеттері қолданылуы мүмкін. Мұндай тексерістер жүргізу аркылы талан-тараждың жасалу әдістерін анықтауға мүмкіндіктер туады. Егер жүргізілген тексеріс әрекеттері нәтижесінде материалдық құндылық-тардың жеткіліксіздігі немесе артыктығы туралы; тауарсыз келісім-шарттар жасау; қаражатты көзделген мақсаттан тыс жұмсау; еңбек ақыларын төлемеу; бухгалтерлік есептің бұзылуы; бухгалтерлік және басқа да кұжаттардың жалғандығы жөнінде мәліметтер алынса, Бұл жағдайлар қылмыстық істі қозғаудың негізі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, азаматтардың табатын табыстары олардың өмір сүру жағдайына сәйкес келмеуі де қылмыстық істі қозғаудың негізі бола алады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|