Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Экономика саласында жасалатын қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы




Қазіргі кезде экономика саласындагы қылмыстар кеңінен тарап өсуде және біршама өзгеріп жаңа түрлері пайда болған. Мысалы, еніп тапсырғаннан мүлікті иеленіп кету немесе ысырап ету, экономикалық контрабанда, жалған кәсіпкерлік, заңсыз банк қызметімен айналасу және т.б..

Қылмыстык-құқықтық көзқараспен қарастыратын болсак экономика саласын­дагы қылмыстарға мыналар тэн: бұл қылмыстың объектісі болып экономикалық маңыздағы коғамдық қарым-қатынастар; экономикалық залалдың болуы және де оның ipi көлемде немесе aça ipi көлемде болуы; ендірісте жасалатын және айналадағы ортага негативті әсер ететін қылмыстардыг коспағанда барлық уакытта ниеттің қылмыстық істен орын алуы.

Экономика саласына байланысты жасалатын қылмысіардын криминалис-тикалық сипаттамасы төмендегідей ерекшеліктерден тұрады.Біріншіден, экономика саласында жасалатын қылмыстар - мүліктік қатынастарға багытталған нақты бір материалдағы (өндірістерге, зауыт, фабрика, рудниктер, теле-радио коммуникациялары, акциялар мен ақшалай қаражаттарына, валюталарға, сондай-ақ жер және жер койнауларына, мұнай мен газ өнімдеріне, астык және дайын өнімдерге) қол сұгушылық болып табылады;

Екінші ерекшелігі, экономика саласына байланысты белгілі бір жоғары білімі бар кез-келген экономикалық қылмыстарды жасаған субъектілер, бұл қылмыстарды көбінде осы салага байланысты бір лауазымды құзіреттілік берілген тұлғалар жасайды;Үшінші ерекшелігі, экономикалық қылмыстарды жасау жағдайларына байланысты. Бұл қылмыстар міндетті түрде нақты бір шаруашылық ортасында, атап айтқанда: өнеркэсіптік немесе ауылшаруашылық, сонымен қатар сауда орындарында, кәсіпорын немесе офис, банк, фирмаларда және т.б. жасалады. Бұл жерде міндетті түрде мынандай операциялар жүргізіледі - каржылық және материалдық есеп-шоттар, м^нда міндетті түрде мамандар, кызметкерлер және сол сияқты басқа да түлғалар болуы тиіс.

Төртіншіден, барлық шаруашылық және қаржылық операциялар тиісті құжаттармен рэсімделеді. Сондықтан да қылмыскердің экономикалық қылмыстардан көрініс табатын кез-келген әрекет немесе әрекетсіздіктері әрқашан да жазбаша ресми кұжаттарда электрондық түрде немесе мәлімет беретін құжаттың алғашқы нұсқасында бекітіледі. Мұнда қылмысқа катысты кез-келген құжаттар нақты дәлелдемелер болып табылады.

Бесіншіден, экономикалық қылмыстар негізінен жасырын (латенттік) сипатта жасалады. Қылмыскердің білімділігі - қылмыстың ізін жасыруға байланысты әртүрлі шараларды ойлап табуына, оларды қамтамасыз етуге алдын ала әртүрлі айла-әдістерді, әрекеттерді жасауына мүмкіндік береді. Сондықтан да қылмыстық істі қозғауға байланысты нақты әрі толық негіз алу үшін көп жағдайларда тергеу әрекеті жүргізілмес бұрын алдын ала тексеру жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Экономикалық қылмыстарға тэн ерекшеліктердің тағы бір түрі, яғни алтыншы ерекшелігі, қылмыскердің жасаған әрекеттері бірнеше қылмыс түрлерімен байланысты болуында. Мысалы: несиені заңсыз алу қылмыстары жалған кәсіпкерлік қылмыстарымен байланысты болуы мүмкін.

Ал өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп кету қылмыстары бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу; жалған банкроттық қылмыстары аукцион-дарды өткізудің белгіленген тәртібін эдейі; пара алу қылмыстары қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану және сол сияқты басқа да қылмыстармен байланысты болуы мүмкін. Экономикалық контрабанда қылмыстары көбінде қылмыскерлердің салық төлеуден (кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден) бас тартуыса байланысты жасалады. Жетіншіден ерекшелігі, экономика саласындағы қылмыс сипаты көпшілі-гінде ұйымдасқан түрде жасалатындығында. Қылмыстық әрекетке коғамдағы әртүрлі әлеуметтік топ, сонымен қатар мемлекеттік қызмет деңгейіндегі қүқық қорғау қызметкерлері де қатысады. Кейде экономика саласындағы қылмыс-тарды ұйымдасқан топ болып жасауға жоғары қызметтегі шенеуніктер қатысады. Олар бұл қылмысты Қазақстан Республикасынан тыс жақын және алыс шетел азаматтарымен байланыста бола отырып ұйымдасып жасаулары мүмкін. Экономикалық қылмыстарға тэн соңғы ерекшеліктерге қылмыскердің көп көріністік және ұзақ уақыт аралығындағы әрекеттері жатады. Экономика саласына байланысты бір факт бойынша бір күн немесе апта ішінде жасалған қылмыс түрі тэжірибеде әлі кездескен жоқ.

Осы ерекшеліктер экономика саласындағы қылмыстарды тергеудің қиындығымен, тергеушінің өзге де қызметтермен тығыз байланысымен, тергеу процесінің материалдық-техникалық жағынан қамсыздануымен және тергеушінің кәсіби дайындығымен байланысты.

Экономикалық қылмыстарды тергеу әдістемесі құрылысы жағынан - ұрлық, адам өлтіру, жол-көлік оқиғасы қылмыстарын және басқа да қылмыстарды тергеу әдістемесінен айырмашылығы айтарлықтай көп емес. Басқа қылмыстардағыдай элементтер экономикалық қылмыстарынан да көрініс табады, яғни қылмыстық-құқықтық, қылмыстық-процестік актілер ескеріледі, сол схемалар бойынша ұсыныстар жасалады.

Барлық жеке әдістемелер алдымен экономикалық қылмыс түрінің накты бір қылмыстық-құқықтық сипаттамасына сүйенеді. Қылмыстық-процесуалдық негіздер - тексеру әрекеті кезеңінен бастап қылмыстық істі қозғауга дейінгі және айыптау қорытындысын жасау кезеңін аяқтай отырып жеке әдістеменің барлық кезеңдерін өткізеді.

Экономикалық қылмыстардың әрбір түрінің типтік белгілері, қылмыстың нақты бір түрі мен тобына байланысты криминалистикалық маңызды ақпараттар жүйесі криминалистикалық сипаттама сияқты жеке әдістеме элементтерінде беріледі. Бұл ұғым қылмыстық әрекеттердің негізгі элементтерін қамтиды. Мұнда қылмысты жасаған түлгаға байланысты типтік мәліметтер, қылмысты жасау тәсілдері, қылмысты жасауға дайындық әрекеттері мен оның ізін жасыру әдіс-тәсілдері жалпы қорытылған түрде беріледі. Экономикалық қылмыстар бойынша қылмыскердің жеке басы және қылмысты жасау тәсілдерімен байланысты қылмыстың механизмі туралы мәліметтер криминалистикалық. сипаттамалардан көрініс табады.

Қылмыс жасау тәсілі міндетті түрде қылмыскердің қызметтік және өндірістік-шаруашылық қызметіне кіреді. Ол мемлекетгік кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық құжаттарынан, мекеме, банктердің рэсімдеу, орындау құжаттарынан, цех, қойма, офистер мен көлік және компьютерлік-техниканы пайдалану туралы жазбаша құжаттардан көрініс алады. Экономикалық қылмыс механизмінің ерекше белгілері қылмысты жасауға дайындалу, оны жасау мен ізін жасыру тәсілдері, мысалы: салық төлеуден бас тарту кезінде жасалған қаржылық есеп жасаумен байланысты болуы мүмкін. Қылмыстың барлық түрінің механизмі қылмыскердің көптеген куәлерді -күзетшілер, хатшы, машинист, программист, жүргізуші, қоймашы, жұмысшы, технолог, бухгалтер, инженер, инспектор, аудитор, ревизор және баска да түлғаларды қылмыстық әрекеттерді (немесе көбінде әрекетсіздіктерді) жасауға итермелейтіндігімен сипатталады.

Экономикалық қылмыстардың барлық түрлері бойынша қылмыскердің жеке басының типологиялық қасиеттері, оның жоғарғы әлеуметтік жағдайынан, мамандығынан, іскерлігінен, қогамдағы көптеген әлеуметтік топтармен тамыр-таныстық байланыста болуынан көрініс табады. Көбінде олар өздерін қылмыскер ретінде санамайды. Оларға тергеу процесіне қарсы әрекет етуге мүмкіндіктер беретіндей қаржы жағынан тиімді жағдайлар, еркіндік, суық қандылық тэн.

Экономика саласына байланысты жасалатын қылмыстық әрекеттердің өзіне тән ерекшеліктері криминалистикалық сипаттамадағыдай жеке әдістеменің ұғымы мен элементінен көрініс табады. Барлық жеке әдістемелердің құрылысында тергеу әрекетінен басталуы мүмкін жағдайдың сипаты мен варианттары міндетті түрде айқындалады. Субъективтік факторлардың ықпал етуіне қарамастан, бұлар объективтік жағдай болып табылады.Осы немесе басқа да экономикалық қылмыстарды тергеу кезінде болуы мүмкін типтік ситуациялар жөнінде сөз қозғалып отыр. Шын мәнінде тергеушілер нақты бір қылмысты тергеу кезінде тэжірибеде айқындалатын әртүрлі ситуацияларға байланысты басқа да жағдайларға кезігуі мүмкін.

Типтендіру үшін барлық факторларды қамту мен олар бойынша ұсыныстар жасау мүмкін емес. Экономика саласында жасалатын қылмыстык әрекеттін өзіндік қасиеті келесідей әрекетгерді жүргізуден тұрады - қылмыстық әрекеттің белгілерін қарастыру киын болғандықтан алдын ала тексеру әрекеттерін жүргізу қажеттілігі туындайды, содан кейін ғана тергеудің алғашқы, кейінгі және корытынды кезендері басталады. Барлық жеке әдістемелердегі ұсыныстар алғашқы шараларды жүргізу мен басқа да кезендері бойынша шектеледі.

Тергеудің бастапқы кезеңінде кейінге қалдыруға болмайтын және жедел әрекеггер жүргізіледі. Жорамалданған қылмыскерді анықтағанша тергеуші қызу түрде жұмыс жасайды. Кейінгі кезеңінде негізгі жұмыс оның кінәлі екендігін дэлелдеуге байланысты жүргізіледі. Қорытынды кезең айыптау қорытындысын жасаудан тұрады.

Экономика саласына байланысты жасалатын қылмыстарды тергеу барысында әртүрлі формадағы арнайы білімдерді пайдалануға тура келеді. Сондықтан да тергеу (құжаттарды карау, компьютерлік техникаларды карау, тінту, жауап алу және т.б.) әрекеттерін жүргізуге мамандарды катыстыру: ревизия, аудит тағайындау; сот-сараптамасын тағайындау; мамандармен кеңес жасау талап етіледі.

Тәжірибелер көрсетіп отырғандай тергеушінің - жедел-іздестіру кызметкерлерімен, экономикалық және сыбайлас жемкорлықпен күрес жүргізу бойынша агентствамен, кеден комитетімен, статистика агентствасымен, Ішкі Істер Министрлігі, Бас прокуратура, ҚР Ішкі Істер Министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық Іюросы және т.б. ақпараттық орталық кьтзметтерімен өзара карым-қатынасыссыз экономикалық қылмыстарды жылдам әрі толық ашу мүмкін емес.

Жеке әдістеменің құрылысы келесідей элементтерден тұрады:

- қылмыстық-кұқықтық негіздерден;

- экономикалық қылмыстардың криминалистикалық сипаттамаларынан;

- типтік ситуациялардан және тергеудің алғашқы кезеңінен;

- тергеудің кейінгі кезеңінен;

- экономикалық қылмыстарды тергеу кезінде арнайы білімдерді қолданудан;

- тергеушінің әртүрлі қызметтермен өзара қарым-қатынас жасауынан. Экономикалық қылмыстар бойынша өңделген әрбір жеке әдістемелерден аталған барлық элементтер көрініс табады.

Бөтеннің мүлкін ысырап ету немесе талан-таражға салу қылмыстарын қарастырып өтейік.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных