ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ОРҚЫТЫП АЛУШЫЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫН ТЕРГЕУДІСТЕМЕСІ §1. Қорқытып алушылық, қылмыстарының криминалистнкалық Сипаттішасы Қоркытып алушылық, ягни бөтен мүлікті немесе мүлікке кұкыкты беруді немесе күш қолданумен не бөтен мүлікті жоюмен немесе Бұлдірумен қоркыту аркылы мүліктік сипаттағы баска да іс-әрекеттерді жасауды Іалап ету. Сол сияқты жәбірленушіні немесе оның жакындарын маскаралайтын мәліметтерді таратумен, не жәбірленушінің немесе оньщ жакындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді жариялау. Қорқытып алу кезіндегі қылмыстық қол сұғушылықтың заты болып қолма-қол акшалар. ал кей жағдайларда басқа да мүліктер немесе оған деген күкыктар жатады. Мемлекеттік мүлікті қорқытып алу жағдайлары тіпті кездеспейді. Көбінде қылмыскер;: азаматтардың жеке мүліктерін немесе коммерциялық кұрылымдардың мүліктерін иеленуді көздейді. Қорқытып алушылық қылмыстарының басты элементтерійің біріне қылмыс жасаудың тәсілдері жатады. Әдетте қоркытып алу қылмыстары - қылмыска дайындалуға, қылмыстык ойды жүзеге асыруға және қылмыстың ізін жасыруға бағытталған іс-әрекеттер жиынтығынан түрады. Қорқытып алуға дайындық кәсіпорынның қызметі (кооперативтік, арендалық және т.б.) және жоғары табыс табатын адамдар жөнінде мәліметтер алудан көрініс табады. Қоркытып алушыларды Бұл тұлғалардың: табыс көлемі, түрмыс-тіршіліктері, олардын қолма-қол акшалары мен кұнды мүліктері, жеке өмірінің жағдайлары және мінез-қүлық ерекшеліктері кызықтырады. Қылмыскерлер қорқытып алушылық қылмыстарына дайындық кезінде атыс және суык кару-жарақтарын иемденеді, қару макеттерін (үлгілерін) жасайды, көлік кұралдарын карастырады және т.б. Қорқытып алу кезіндегі бір нәрсені талап ету жолдары авторы көрсетілмеген хаттармен, байланыс жүйелерімен. тікелей қатынаспен, сондай-ақ үшінші жақтың (делдалдардың) катысуымен жүзеге асырылады. Қоркытушылар келесідей тәсілдер қолдана отырып талап ету хатын дайындайды: қол жазуын өзгерту, өзіне тиесілі емес басу машинкасында жазу, керекті әріптер мен сөздерді газет, журналдардан қиып алып кұрастыру арқылы. Телефон жүйесімен сөйлесу кезінде дауыс ырғактарын, интонациясын өзгертіп, сондай-ақ басқа үлттардың дауысына ұқсастыра акцент келтіру аркылы қорқытып талап етеді.Көбінесе қылмыскерлер талап еткен затты алудың уақытын, жерін, әдісін өздері белгілейді. Талап етілген зат қолдан-қолға берілу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Мү-ндай жагдайда қоркытып алушылар: адамдар аз жүретін жерді, қараңғы уакытты тандай отырып, түрлі көліктерді пайдаланады. Сонымен қатар, талап етілген затты делдалдардың көмегін қолдану арқылы да алады. Кейде қылмыскерлер талап етілген заттарды тастап (жасырып) кететін нақты жерлерді керсетеді. Бұл жерде жасырын бақылау жүргізе отырып, біраз уақыт өткен соң қалдырылған ақшалар мен құнды заттарды қорқытып алушылардың өздері немесе басқа біреулер арқылы алуға әрекет етеді. Қорқытып алу қылмысы жүйелі түрде, көп көріністегі сипаттамада жасалады. Қорқытып алушылық қылмысынан қалатын әртүрлі іздер мен заттай дәлелдемелер қылмыстың жасалу сипатына, тәсіліне және басқа да жағдайларға байланысты. Қылмыстың материалдық іздеріне: қорқытып алушылардың жәбірленушіге өз атын жасырып жазган хаттары; дене жарақаты, қан дақтары, аяқ, қол, көлік құралдарының іздері; қылмыскерді ұстау кезінде лақтырып жіберілген заттар және т.б. жатады. Осы санаттағы қылмыстар бойынша өз көзімен көруші куәлердің болмауы себебінен Бұл іздер мен заттай дәлелдемелер аса маңызды мәнге ие болады. Жәбірленушінің есінде қалган қорқытып алушылардың сөз саптаулары мен сөз мәнерлері арқылы қылмыскер жайында басты ақпарат аламыз. Қорқыуып алу кезінде қажетті іздер өте аз қалдырылатындықтан, қылмысты тергеу қйынға түседі. Қылмыскерді қылмыс үстінде қорқытып алу кезінде затымен ұсталудың маңызы өте зор. Епті жүргізілген ұсгау әрекеті көбінде тергеу нәтижелілігін қамтамасыз етеді. Қорқытып алушының жеке басы - сарандық, өзімшілдік, қатыгездік, азғындық пен шектен шығушылық қасиеттерімен сипатталады. Басым көпшілік жағдайда қорқытып алу қылмыстары ер адамдармен жасалады. Ал, әйел адамдары тек топ құрамына кіру аркылы қылмыс жасауға қатысады. Әдетте қорқытып алу қылмысын көбінесе 16-35 жас аралығындағы бүрын сотталган қылмыскерлер жасайды. Қоркытып алу қылмысын ұйымдасқан қылмыстық топ қүру жолдары арқылы жасау жиілеп кетті. Мұндай құрылған топқа қылмыскерлердің өзара атқаратын қызметтері мен міндеттерін бөлу, қылмысқа барынша дайындалу, атыс қаруын, автокеліктерді қолдану және т.б. әрекеттер тән. Ұйымдасқан топ құрып қорқытып алу қылмысын жасау тәсіліне: қылмыскерлердің коммерциялық ұйым басшыларына олардың қауіпсіздігін қорғағаны үшін ақы төлеуін талап ету, кәсіпорын қызметіне кажет емес мүліктерді алу немесе баска фирманың есеп шотына белгілі бір соммадағы ақшалай қаражаттарды аудару талаптарын нығайта түсуі жатады. Қойылған талаптардан бас тартқан жағдайда қылмыскерлер олардың мүліктерін Бұлдіріп немесе жойып жібереміз деп қорқытады. Қорқытып алу қылмыстарының жәбірленушілері көп жағдайда барынша бай; талап етушілердің ойынша, табыстары жоғары (мысалы, коммерсанттар, кәсіпорын басшылары); сондай-ақ заңсыз немесе жартылай заңды қызметпен айналысатын адамдар. Қорқытып талап етушілер жәбірленушінің жеке басының қорқақтық пен еріксіздік қасиетгерін ескере отырып қылмыс қүрбандарын тандайды. Қылмыс жасау тәсілі мен ұйымдасқан топ құру дәрежесіне байланысты қорқытып алушыларды үш топқа беліп көрсетуге болады. 1. Жәй қорқытып алу, қандай-да бір дайындықты қажет етпей жеке ересек адамдармен немесе жасөспірімдермен (жасөспірімдер тобымен) жүзеге асырылады. Қылмыскерлер көбінде кездейсоқ адамдардың мүлкін қорқытып алу үшін қолайлы жағдайды пайдаланады. Бұл ситуациядағы қылмыстар қорқытудың негізгі түрі денеге жарақат салу мен зорлық-зомбылық жасау қаупін төндіру арқылы жасалады. Егер қылмыс жасөспірімдердің тобымен жасалса, ұйымдаскан топтың белгілі бір элементтері болады. 2. Қорқытып алу, ұйымдасу деңгейі темен немесе ұйымдасқан топ кұру белгілері жоқ ересек адамдар тобымен жасалатын қылмыстар. Мұндай топтар бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін құрылып, қылмыс соңында тарқап 3. Қорқытып алу, бірігіп ұйымдасқан топпен жасалып, рэкет атауымен аталатын қылмыс, Бұл қорқытып алу қылмыстарының ішіндегі баю мақсатымен қылмыстық кәсіпшілікті көздейтін ең ауыр түрі Мұндай топтарға қылмыстың жоғарғы дәрежеде ұйымдасуына: қатысушылардың, ұйымдастырушылардың (басшы), бақылаушылардың, барлаушылардың, орындаушылар мен көмекшілердің атқаратын қызметтерінің қатаң түрде бөлінуі; сондай-ақ топ мүшелерінің бағыныштылығы тэн. Олар қылмыстық қызметін жасырын түрде Бұл топтардың қылмыс жасауы барлық уақытта мұқият дайындық жұмыстарын жүргізумен сипатталады, яғни қорқытып талап ету құрбандарының жеке басы туралы мәліметтерді жинауы, топ құрамдарының атқаратын қызметтерін өзара бөліп алуы, келік құралдарын дайындау мен кепілдікке алынатын адамдарды жасыру орындарын және т.б. алдын ала іздестіру. Мүлікті заңсыз беруді талап етудің кеңінен таралған түріне - оны иеленушілер мен меншіктеушілерге ауыр дене жарақатын салу немесе өлтіру қаупін төндіру жатады. Рэкеттер меншік иелерінің сағын сындыру мақсатымен ұрып-соғу, қинау әрекеттерін де қолданады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|